Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:37, доклад
Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын (иеленетiн) қаражаттары. Кәсiпорын капиталы меншiктi (iшкi) және тартылған (сыртқы) көздерден қалыптасады.
Қаржыландырудың негiзгi көзi - меншiктi капитал. Бiрақ меншiктi капитал көлемі шектеулi екенiн ескерсек, қаржыландырудың келесi көзi – тартылған капитал болып саналады. Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.