Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:37, доклад
Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын (иеленетiн) қаражаттары. Кәсiпорын капиталы меншiктi (iшкi) және тартылған (сыртқы) көздерден қалыптасады.
Қаржыландырудың негiзгi көзi - меншiктi капитал. Бiрақ меншiктi капитал көлемі шектеулi екенiн ескерсек, қаржыландырудың келесi көзi – тартылған капитал болып саналады. Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.
Алматы Мемлекеттік Энергетика және Электронды технологиялар колледж
Тақырыбы: Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құрамын талдау
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құрамын талдау
Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң
пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын
(иеленетiн) қаражаттары.
Қаржыландырудың негiзгi көзi - меншiктi капитал. Бiрақ меншiктi капитал көлемі шектеулi екенiн ескерсек, қаржыландырудың келесi көзi – тартылған капитал болып саналады. Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.
Меншікті капитал келесі көздерден
қалыптасып, толықтырылып тұрады:
Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған
бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды
сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың
салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға
бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын
қызметінің басталуын қамтамасыз етуі
тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде
оның жарғылық капиталы құрылтайшы құжаттарында
тіркеледі.
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның
құрылтайшыларымен анықталады және тиісті
мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер
де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған
жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі
толық төлемеген болса, онда жарғылық
капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге
алмауы тиіс.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық
капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады.
Жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі,
оның функцияларының үш негізгі категорияға
бөлінуіне байланысты ерекше маңызға
ие болады. Бірінші категориясы – жарғылық
капитал ұйымның құрылуы кезінде кәсіпорын
қызметін іске асырудың материалдық базасы
болып табылады. Жарғыылқ капиталдың екінші
функциясы кепілдемелік сипат алады. Өйткені,
шаруашылық серіктестік кредиторларының
алдында өзіне тиесілі мүлік шегінде жауапкершілікке
тартылады.Жарғылық капиталдың үшінші
функциясы кәсіпорынның әрбір акционерінің
немесе қатысушысының үлесін бекітіп береді.
Акционерлік капитал және эмиссиялық табыс акционерлік
қоғамда шығарылған акцияның атаулы құнына
және атаулы құнынан артық сомаларды қамтиды.
Енгізілген капитал акционерлердің бастапқы инвестициясын
қамтиды.
Акцияның атаулы
құны – бұл акционерлік капитал шотында
көрсетілуі иісті және меншікті капиталдың
сомасын анықтау үшін пайдаланатын әрбір
акцияның атаулы құны.
Капиталдың минималды
бөлігі – номинал.
Акцияның орнына сатып алушыларға сатып
алынған акцияның саны көрсетілген сертификаттар
берілуі мүмкін.
Информация о работе Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құрамын талдау