Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 15:42, курсовая работа
Краткое описание
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Содержание
Кіріспе.....................................................................................................................4 1. Еңбек ақының теориялық негізі 1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер...................................................... 6
2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі 2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі.............................10 2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі........................................................................................................................ 13 2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар.............................................................................................................15 3) Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті 3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті..............................................18 3.2 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау......................................................................................................................26 Қорытынды............................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер......................................................................................
Жұмыскерлердің бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырған
кезде;
Әртүрлі жағдайларда жұмыстан босату кезінде
Демалыстар берген кезде
Еңбек ақысын сақтамай жұмыскерлерді мәжбүрлі демалысқа шығару кезінде (мұндай жағдайларда еңбек туралы заңдылық қалай сақталады)
Келісім шарт бойынша жұмыскерлерді жұмысқа рәсімдеген
кезде. Мұндай жағдайда келісім-шарттың
барлық ережелерін детальді тексеру керек,
олар еңбектік және азаматтық заңдылықтың
әрекет етуші ережелері қарама-қайшы келмей
ме?
Жұмыскерлердің жұмысқа келісімммен толық емес жұмыс күні (толық емес жұмыс аптасы) бойынша
қабылдау кезінде
Кәсіпорын жетекшілері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін бұйрықтардың типтік формалары.
Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар
қатарлы келісім шарттар анықталған
жұмыстармен анықталғаншарттарды
орындауға еңбек келісімдері сияқты жұмыскерлермен
еңбек қатынастары рәсімдеу формасын
қолданады. Мұндай жұмыскерлер кәсіпорынның
штаты жұмыскерлері болып саналмайды
және олардың еңбек қатынастары Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңымен
реттелмейді. Бұл туралы әрбір аудитор
жақсы білуі керек. Осы сұрақтарды тексере
отырып аудитор тексеру кезінде осындай
еңбек келісімдерін қортындыларының заңдылығы
мен мәжділігін талдау керек, нақты орындалған
жұмыс көлеміне және еңбек қоры мен саны
бойынша есеп көрсеткіштерінде көрсетілуін
тексеру.
Жасалып жатқан шаруашылық операцияларды
және есеп қисаптың есеп саясатының қағидаларына
сәйкес болуына жасалатын бастапқы ішкі
бақылау « бас бухгалтерге жүктеледі.
Алғашқы құжаттар мен ведомостер тексерілгеннен
кейін аудитор тексеру жүргізу
қызметінің келісе кезеңдерін іске асыруға
болады:
Еңбек ақы есептелу дұрыстығын іріктеме
тексеру;
Жұмыс шартының өзгеруіне байланысты қосымша еңбек ақы төлеу тәртібін тексеру;
Жұмыстың тоқтап тұруына байланысты еңбек ақы есептеу дұрыстығы мен құжаттау тәртібінің сақталуын
қадағалау;
Жұмыстағы ақауды анықтау және құжаттау тәртібінің сақталуын сәйкесәнше есептелген еңбек ақымен дұрыстығын бақылау;
Түнгі жұмыс үшін төленетін еңбек ақы тәртібінің сақталуын тексеру;
Уақыттан тыс қосымша істелінген жұмыс үшін еңбек ақы көлемінің
дұрыс есептелуін қадағалау;
Мейрам және демалыс күндері істелінген жұмысқа еңбек ақының тура есептелуін бақылау;
Заңмен белгіленген жұмыс істемеген (кезекті
еңбек демалысы және оған есептелген төлем)
уақыттың дұрыс есептелуін және сол уақытқа
төленетін
төлемінің туралығын тексеру;
Уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін
төленетін қосымша ақы немесе жәрдем ақы
есептеу және төлеу тәртібінің сақталуын,
керекті құжаттардың тура толтырылуын
тексеру;
Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталым мен аударылатын аударым сомаларының
заңмен негізделіп, дұрыс есептеліп, ұсталынатынына
тексеру жүргізу;
тексерудің соңғы кезінің де :
еңбек ақы қорына апарылған шығындардың дұрыс негізделуін;
Өнімнің (немесе жұмыс қызметінің ) өзіндік құнының еңбек ақы төлемдерінің дұрыс қосылуы;
Еңбек ақы бойынша бухгалтерлік жазудың
немесе корреспонденцияның дәл құрылуын.
Дұрыс есептеудің салықтарды толығымен
және уақытында төлеудің мәселелерін
тексеріс жүргізе отырып осы саладағы
ережелерді бұзу фактілері анықтай
отырып аудиторлар салық төлеушілерден
салық заңдарының талаптарын және салық
салу мәселесі жөніндегі өз күшіндегі
нұсқалардың талаптарын бұзу салдарларын
уақытында түзетуге көмектеседі сол арқыл
кәсіпорындар салық органдары тарапынан
болатын қатаң қаражатын жазадан құтқарып
қалады.
Көп жағдайда салық салу саласына
қатысты ереже бұзушылықтар шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бухгалтерлерінің
және басқа да қызметкерлерінің салық
заңдарының өз күшіндегі ережелерін білмеуінен
немесе сол ережеледрді дұрыс түсінбеуінен
болады. Алайда, заңды білмеу сол заңды
бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктен
босатпайды. Сол себепті жиі-жиі аудиторларға
сұраныс жасау және оның тарапынан салық
салу мәселелері дәрістерін алу кәсіпорынға
тек қана пайда әкеледі.
Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп
айырысудың алғашқы құжаттар тексергенде
дайындалған жұмыс есебі үшін тиісті
жерлерде жауапты адамның қолдары бар
болуы, толтыру барысында құжаттарда түзетулер,
өшіріп қайта жазулардың бар жоқтығын
анықтау керек.
Аудитор еңбек ақы бойынша есеп
айырысуды тексере отырып әлеуметтік
сақтаныдру және қамтамасыз ету бойынша
есеп айырысуды тексеруге міндетті. Әлеуметтік
сақтандыру және қамтамасыз ету бойынша
есеп айырысудың негізгі міндеті төлем
сомаларының дұрыс есептелгеніне тиісті
сомадағы жарналарды дер кезінде аударылғандығын
және бұл операциялардың есепте дұрыс
көрсетіліп қорытынды есептеу дұрыс жасалғанын
анықтау.
Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды
аудиторлық тексергенде аудит іскерлік
қызметтің бір түрі ретінде шаруашылық
жүргізуші субъектінің жұмыс
істеу ережесіне қатысты фактілер немесе,
сондай-ақ ережелер мен жұмыстар туралы
ақпараттар және тексерумен шұғылданады,
оны өкілетті тұлға жүзеге асырады, әрі
белгіленген нормативтерге сәйкес жұмыстың
ереженің немесе ақпараттың сапалық жағы
туралы тұжырым береді. Осы ереженің төңірегінде
аудиторлық қызметтің мынадай мәселелерін
айтуға болады.
Күшіндегі заң актілерінің еңбектің
және жалақы төлеудің есебін жүргізудің
тәртіптерінің сақталуын тексереді.
Бастапқы құжаттардың (түп нұсқасын)
олардың жалақы есептеу және төлеу
бойынша нормативтік құқықтық актілерінің
сәйкестігін тексеру
Істегеніне қарай кесімді және
мерзімді тарифтік қойылымдар бойынша
еңбек ақы есептеудің дұрыстығын
тексеру
Кәсіпорынның қолданыстағы сый
ақы есептеу жүйесі бойынша кесімді
және мерзіміне қарай сый ақы есептеудің
дұрыстығын және негізділігін тексеру
Уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша
көмек ақы және әртүрлі қосымша
ақы төлеудің дұрыстығын тексеру
Еңбек ақы төлеу бойынша аналитикалық
және синтетикалық есептердің сәйкестігін
тексеру
Еңбек ақы төлеу бойынша жасалған
шоттардың корреспонденциясының дұрыстығын
тексеру
Шаруашылық субъектісінің жұмыскерлерге
еңбек ақы төлеу бойынша есеп
айырысудың есебін жүргізгенде анықталған
ауытқушыларды қалпына келтіру бойынша
ұсыныстар жасау керек.
Аудитор бұл іс-әрекеттерді жүргізгенде
орындалған жұмыс есебі үшін жауапкершіліктегі
лауазымды тұлғалардың қолдарының
қойылғандығын барлық реквизиттердің
дұрыс толтырылғандығын құжаттарды
келтірілген түзетулердің және тазартулардың
жоқтығын анықтайды.
Еңбек ақы бойынша жұмыскерлермен
еңбек ақы төлеу бойынша есеп
айырысуды тексергенде аудитор
төмендегілерді анықтауға міндетті:
Осы кәсіпорындағы еңбек ақы
төлеудің түрлері мен жүйелері қолданылады.
Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу
және ұжымдық еңбек шарттары туралы
ішкі ережелердің бар екендігі
Жұмысқа қабылданған күннен бастап
жұмыскерлердің тізімдегі және орташа
тізімдегі құрамы
Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен
есеп айырысу есептерін кім жүргізгені
туралы
Осы учаскенің бухгалтері қандай нормативтік
құжаттарды басшылыққа алып пайдаланады,
ол кімге бағынады.
Сонымен қатар жұмыстың сапасын
кім тексергенін.
Бастапқы құжаттарды зерттеп тексерген
кезде аудитор жұмыс уақытының есебінің
табелін және нарядтарын оларға «жалған»
тұлғалардың есепке еніп кетпегендігін
тексеруге міндетті. Бұрын төленген бастапқы
құжаттары бірнеше есептеу төлеу ведомостарында
қайталанбаған жағдайлардың жоқтығын
тексеру қажет. Әсіресе, кәсіпорынның
құрамының бір тізімінде жоқ және шамалы
уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған
нарядтарға сондай-ақ ақауды қалпына келтіру
және төменгі сапада орындалған жұмыстарды
қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға
назар аудару керек. Онда жұмыскерлердің
анықтама мәліметтер есептелген және
ұсталған ұсталымдары туралы барлық мәліметтері
жианқталып көрсетіледі.
Ішкі бақылау жүйесінде
тексеру жүргізу кезіндегі аудитордың
негізгі мақсаты-елеулі қателердің
жоқтығына көз жеткізу үшін оның мықты жағын айқындау.Егер
бақылау бірдей болмаса,елеулі қателерді
болдырмауға қандай жыл сайынғы процедуралардың
қажет екендігін анықтап алу үшін оның
осал жақтарын бағалау талап етіледі.Операциялардың
реттілігін зерттеу және бағалау үшін
аудиторлар жалпы процедуралармен,міндеттердің
бөлінуімен және ішкі бақылаумен таныс
болуы керек.
Персоналмен еңбек ақы
есеп айырысуларды тексеру кадрлар
бөлімінде әңгімелесуден басталады.Еңбек
ақы төлеуге бақылау жасау
жүйесінің тиімділігін бағалаудың
ерекше маңызы жоқ.Себебі көптеген кәсіпорындарда
еңбек ақы төлеу бойынша қаржылардың қозғалысына
қатысты операциялар жеткілікті түрде
жүргізілген және де бақылауға алынған.Еңбек
ақы есебіне бақылау жасау жүйесі міндеттердің
бөлінуіне негізделуге тиісті.
Кадр бөлімі. Кадр бөлімінің қызметкерлері жұмысқа
қабылдау, жұмыстан босату бойынша құжаттарды
рәсімдеуге,ставкалардың өзгергендігі
туралы бухгалтерияға хабарлауға тиісті.
Бақылау. Еңбек ақы есептеу үшін қажет құжаттарға
(жұмыс уақыты есебінің табелі,табельдік
номер,жұмыскердің жоқ болуынан,апаттың
кесірінен жұмыстың тоқтап тұрған уақыты)
басшы немесе өкілетті тұлға қол қояды.
Еңбек ақы есебі. Төлем жасауға негіз болған мәліметтер
(жұмыс істеген уақыты,өнімнің бір өлшеміне
анықталған ставка) еңбек ақы есептеу
үшін және ұсталымдардың жүзеге асыру
үшін бухгалтерияға өткізілуге тиісті.
Еңбек ақының берілуі. Банктен ақша алуды және кассадан еңбек
ақы беруді кассир жүзеге асыруға тиісті.
Нақты (қолма-қол) ақшаны банктен алуға
чек жазып беретін бас бухгалтер.Чекке
кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды.
Персоналмен еңбек ақы
бойынша есеп айырысулардағы негізгі
кемшілік-міндеттердің бірдей бөлінбеуі. Егер цех бастығының міндеттері шектен
тыс көп болса (мысалы,жұмыскерлері қабылдау
және жұмыстан босату,ствакаларды бекіту
және жұмыс уақыты есебінің табеліне қол
қою),онда жоқ жұмыскердің,жалған жұмыс
уақытының немесе төлемінің көтеріңкі
ставкасының есепке алыну мүмкіндігі
ықтимал.
Бұл операциялар бойынша
құжаттарды аудиторлар ішінара тексереді.
Мұндай кезде аудиторлардың жетекшісі бақылау тиімділігі жеткілікті
бақылау деңгейде жоғары деген шешім қабылдай
алады.Кейінгі аудиторлық процедуралар
барысында бұл бақылаудың қаралған
құжаттарда бейнеленгендей жұмыс істейтіндігі
туралы мәліметтер жинау керек.Керісінше,бақылаудың
әлсіздігі (оның жоқ болуы немесе бірдей
еместігі) болуы мүмкін елеулі қателердің
қаржылық есеп беру ақпараттарына әсер
етеді деген көзқараспен бағалау қажеттілігін
туындатады.Мұндай жағдайда жыл сайынғы
аудиторлық процедуралар елеулі қателіктерді
болдырмауға бағытталуы керек.
Қорытынды пікірлерге сүйене отырып аудиторлардың
жетекшісі қаржылық қортынды есептерде
елеулі қателердің болмайтындығына жеткілікті
түрде кепілдіктер беру үшін жоспарланған
жыл сайынғы процедураларды қайта қарайды.Егер
клиенттің бақылау жүйесі тиімді болса,онда
жыл сайынғы процедуралардың алдын-ала
жасалынған аудиторлық бағдарламалары
көбінесе клиентке деген сенміге негізделеді,бірақ
егер бақылау деңгейі төмен болса,олардың
мазмұны кеңейтіледі,сонымен бірге аудит
өткізу мерзімі мен масштабы үлкейеді.
Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан
тыс істеген уақыттарға қосымша
есептелген еңбек ақының дұрыстығын
тексеру керек. Жұмыс кестесінен
тыс уақыттағы жұмысқа алдыңғы
екі сағатына 1,5 есе төленуі керек.
Аудитор жұмысшыға қатысы жоқ
тоқтап тұруды шығарылған өнімдердің
ақауын олардың төлеушілердің құжаттарын
дұрыс толтырылуына ерекше назар аударуға
міндетті.
3.2 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы
төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын,
еңбек өнімділігінің деңгейін
пайдалануды талдау еңбек ақыны төлеумен
тығыз байланыста екенін қарастыру керек.
Осы кезде еңбек ақы қаражаттарының еңбек
өнімділігінің өсу қарқыны оның төлеуінің
өсу қарқынынан озып отыруы керек, сол
кезде ғана пайдалануға болады. Бірақ
мұндай жағдайларда қайта өндірудің қарқынын
өсіру үшін мүмкіндіктер туады.
Осыған орай әрбір кәсіпоырнда
еңбек ақыға қаражаттарды пайдаланудың
талдауы кең мағына береді. Процесс
кезінде оны еңбек ақы қорын
пайдалануды жүйелік бақылау
арқылы жүзеге асыруға болады, Еңбек
өнімділігінің өсуі және өнімнің еңбек
сыйымдылығының төмендеуі есебінен қаражаттарды
үнемдеу мүмкіндіктерді шығару керек.
Статистика органдарының нұсқаулықтары
бойынша еңбек ақы қоры өзіне
кәсіпорынның ағымдағы шығындарына
жататын, еңбекке төлеу қорын
ғана енгізбейді, сонымен қатар әлеуметтік
қорға қаражаттарының және таза пайда
есебінен, кәсіпорын қарамағында қалатын
төлемдерді де енгізеді.
Қорытынды
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы
алдындағы міндеттер, алдына қойған
мақсат бұл - әлеуметтік бағыттағы
жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру,
әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық
тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы
құрылымында жоғары технологияны пайдалану
болып табылады. Міне, осыған жетуіміз
үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз
қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып,
нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген
іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ
жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз
қажет.
Нарықтық экономика жағдайында
шаруашылық субъектінің жұмысын
жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік
есепті және аудитті белсенді пайдалану
қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек,
бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық
қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына
септігін тигізеді. Сондай ақ қазіргі
нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден
болмасын күрделі болып отыр. Өйткені,
қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде
өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер
мен қатар кооперативтер орын алуда және
олардың дамуына Қазақстан Республикасының
меншік туралы заңдары арқылы кең өріс
ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық
экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер
арасындағы экономикалық және қаржылық
қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.