Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 15:42, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................4
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер...................................................... 6

2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі.............................10
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі........................................................................................................................ 13
2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен
аударымдар.............................................................................................................15
3) Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті..............................................18
3.2 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау......................................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қызметкерлер-мен-еңбек-ақы-бойынша-есеп-айырысудың-есебі-мен-аудиті2008.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

Қызметкерлермен еңбек төлем бойынша есеп айырысу  жөніндегі деректердің жиынтығында  әрбір уәсіпорын ай сайын бірнеше  есеп айырысу төлеу тізімдемелері (цехтар, бөлімдер) және кәсіпорын көрсететін қызметтер бойынша жасалады оларды жинақтау қажет.

2.3 Жұмыскерлерге есептеген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар

Заңды тұлғалар (ҚР Ұлттық Банктен  басқа) және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ табыс салығын төлеушілерге резидент емес – заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады.

Егер де жұмыскер календарлық жылдың аяғына дейін қызметтен босатылса, нақты тапқан табысына (еңбек ақысына) салынатын табыс салығы қайта есептеледі, артық (немесе кем) алынған салық сомасы қайтарылады (немесе қосымша ұсталады).

Салық төлеуші есепті жылға жиынтық  жылдық табыс және шегеріс жасау  декларацияны есепті жылдан кейінгі  жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей  табыс етілген күннен бастап 10 күн  өткен соң түпкілікті есеп айырысып табыс салығын төлейді.

Әлеуметтік салық- салық салу объектісі еңбек ақы төлеу қоры болып табылады. Салықты төлеушілер: заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқын заңды тұлғаларды шетелдің заңды тұлғалардың өкілет өкілдіктері мен филиалдарын қоса) Заңды тұлғалар ҚР-ның салық заңдарымен белгіленген тәртіп пен Астана, Алматы қалаларының тиісті бюджеттеріне немесе облыстардың бюджеттеріне өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелер үлкен әлеуметтік салық төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар ҚР-сы азаматтарының сондай –ақ ҚР-сында тұраұты тұратын шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек ақы төлеу қорының ставкасы бойынша төлейді. Әлеуметтік салықты қаржыландыру көздеріне тиісті салықтарды ұстауға дейін есептеледі.

Заңды тұлғалар қызметкерлердің оларға еңбек ақы түрінде төлеуге жататын кірістерін ҚР-да зейнет ақымен қамсыздандыру туралы ҚР-ң заңында белгіленген мөлшерде ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға және оларды табыстарды төлеумен бір мезгілде жинақтаушы зейнет ақы қорына аударуға міндетті. Төлеушілер жинақтаушы зейнет ақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай ставкалар бойынша ұстап қалады. Заңды тұлғалар әр қызметкерлердің зейнет ақы жарналарын есептеу үлгісін қабылданатын кіріспен 10% мөлшерінде. Сондай-ақ заңды тұлға құрамастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өздері үшін зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен 10% мөлшерінде бірақ заң актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшердің 10% кем емес.

Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу құраладрының бірі. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан жеке тұлғалардан ғанан табыс салығы ұсталады. Салық жұмыс орны бойынша бекітілген прогрессивтік төлем мөлшері бойынша ұсталады.

Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:

  • Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома.

  • Табыс салығы.

  • Заң, сот оргондарыүкімі қағазы бойынша ұсталынатын ұсталымдар.

  • Несиеге сатып алған тауарлар, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.

  • Әр түрлі жарналар төленетін төлемдер.

  • Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару.

  • Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.

  • Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерізімді несиені өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар.

  • Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегіүйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне балаларының барғандығы үшін төленетін төлемдер.

  • Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар.

Бұл айтылғандардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақыларынан  өздерінің жазбаша өтініштері бойынша  жинақ кассаларына салатын салымдарды, тағы да басқалар ұсталынады.

*Қызметкердің жұмыс беруші есептеген, көзделген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары толем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.

Сонымен қатар қызметкердің табыстарына:

  • жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстар;

  • жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез – келген табыстар жатады.

*Бюджетпен салықтар бойынша  есеп айырысудың есебі 3110 – 3190 – «Салық бойынша міндеттемелер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. ҚР Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 24.04.95 ж. Жарлығына сәйкес жалпы мемлекеттік салықтар белгіленген.

  1. *«Салық және салық салу» оқулығы (авторлары А.Д.Үмбеталиев, Ғ.Е.Керімбек); 148 бет                   

2)*«Қаржылық есеп» (автор С.Б.Баймұханов); 236 - бет

                    

3. Еңбек ақы бойынша  есеп айырысу аудиті

3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың  аудиті

Аудиторлық тексеру  істердің мақсаты кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтауға ғана болмайды. Дәлірек айтқанда сол істер аудиторлық басты міндетті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.

Сонымен аудиторлар негізінен адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді  дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал, дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу уақытында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор. Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша шығындары болып орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектден екіншісіне қарай қозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар арасындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес фирмаларға ие болған акционерлік компаниялар өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу сол кәсіпорындардың жұмысында орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасап, олардың қызметтеріне жүгінеді. Сондай-ақ, акционерлік компаниялардың қызметіне зерттеу  және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқатығын растау, олардың қызметттеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кейбір жағдайларда компания жетекшілері бұрынды соңды білмеген сол субъектінің жеке қызметкерлерінің бір-бірімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті әдейі кемшіліктерге жол берулерін анықтау мақсатымен компанияның басты ұйымның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді. «Акцоинерлік қоғамдар туралы» жаңа заңда акционерлік қоғамның қаржылық жылының нәтижелеріне міндетті түрде аудиторлық тексеру жүргізу және акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есебіндегі мәліметтердің дұрыстығын аудиторлық тұрғыдан растау ісі қарастырылған. Аудиторлық тексеріс материалдарды кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу нәтижелері және оның болашағы туралы аудиторлар тарапынан берілетін ұсыныстар кәсіпорынның бизнес жоспарын немесе жалпы коммерциялық жобаларды жасау кезінде нәтижелі түрде пайдаланылуы мүмкін. Бизнес жоспарлар коммерциялық жобаларды дайындау кезінде де, сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы процесі кезінде де үлкен маңызға ие болады. Аудитор өз жұмысын жүргізер кезде аудиторлық қортындыдағы ережелер қалыптасуына қажетті, аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санына ие болуы керек. Аудиторлық қортындылар қаржылық есептерге деген сенімді арттырады да сенімділік дәрежесін жоғары деңгейге көтереді. Кәсіпорындағы персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың аудитін реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар.

     Кесте №1

                             Құжаттың атауы

1

ҚР Азаматтық кодексі,47 тарау «Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер» № 409-1,1999 ж.

2

«Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы» ҚР заңы.10.12.1999ж.,№ 493-1.

3

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі 12.06.2001 ж.,№ 209-2

4

ҚР Қылмыстық кодексі,3 тарау «Адамдардың және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандығына қарсы қылмыстар» № 167-1,16.07.1997 ж.

5

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заңы,26.12.1995 ж.,№2732

6

«Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру  туралы» ҚР заңы,25.04.2003 ж.,№405-2

7

«Еңбекті қоғау туралы » ҚР заңы,22.01.1993 ж.,№1914-ХП ҚР Президентінің  заңдық күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен 05.10.1995ж.,№2488 және ҚР заңымен 29.11.1999ж.,№488-1.

8

«Халықты жұмыспен қамту  туралы» ҚР заңы 23.01.2001ж

9

«Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртібін бекіту туралы»  ҚР Үкіметінің қаулысы 21.06.2004ж.,№683

10

«Жұмыскерлердің орташа еңбек ақысын есептеу тәртібі  жөніндегі нұсқаулар» ҚР Үкіметінің қаулысы 29.12.2000ж.,№1942

11

«Жұмыс берушінің қаражаттары есебінен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдем ақыны белгілеу және төлеу тәртібі туралы ережелер».ҚР Үкіметінің қаулысы 11.06.1999ж.,№731

12

«Уақытша еңбекке жарамсыздық  бойынша әлеуметтік жәрдем ақы төлеу  шығыстарының бухгалтерлік есепте көрсетілуі туралы» ҚР Қаржы министрлігінің хаты 15.11.1999 ж.,№23-2-5/282/10949

13

«Жұмыскерлерге еңбек  ақы төлеу мәселелері бойынша  әдістемелік ұсыныстар».ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігнің  бұйрығы 12.06.2003 ж.,№111-П

14

«Жеке табыс салығын есептеу мен ұстау және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің бұйырығы 07.11.2003 ж.,№455


 

   Бақылау процедураларын  зерттемес бұрын аудиторға өзі  тексеруді жүзеге асыруға негіз  болатын ақпараттарды білу қажет. Негізгі ақпарат ретінде төмендегі кестеде келтірілген құжаттар пайдаланылады.

Персоналмен еңбек ақы  бойынша есеп айырысулар аудитінің  негізгі ақпарат көздері.

   Кесте №2

Нысандарының №

                Құжаттың атауы

1

 

Есеп саясаты 

2

 

Қаржылық есеп беру

3

 

Бас кітап,бухгалтерлік есеп регистрлері

4

 

Ұжымдық кеілісім-шарт

5

 

Жұмыскерлерге сый ақы  беру және оларды марапаттау туралы ереже

6

 

Штаттық кесте

7

 

Азаматтық-құқықтық сипаттағы  келісім-шарт,контракт

8

 

Кадрды есепке алу  жеке парағы,беттік карточка

9

 

Жұмыс уақыты есебінің табелі

10

Т-1

Есеп айырысу ведомосы

11

Т-2

Төлем ведомосы

12

 

Наряд,Рапорт,маршруттық қағаз,жол қағазы

13

 

Өнімділік нормасы,өндіру ведомосы,кесімді еңбек ақы бағамы

14

 

Орындалған жұмыстардың  актісі

15

 

Еңбекке жарамсыздық  қағазы

16

 

Орындау қағазы


 

Барлық реквизиттердің толтыру  дұрыстығын жұмысты орындаудың жауапкершілік  есебі қызметкерлердің жалақысының  қолма-қол қоюын және еңбек есебінің алғашқы құжаттарын тексерген кезде  түзетумен құжаттарды тағы басқа түзетулер қолданыла ма?

Тексерілетін кәсіпорын

Аудит кезеңі

Адам (сағат сандары)

Аудит тобының басшысы

Атқарушы

Аудиторлық тәуекелділікті жоспарлау

Тексерілген сұрақтар мен процедуралар тізімі:

1. Істелген жұмыс табелі және жұмысшылардың кешіктірілген еңбек ақының штаттық кестесі. Кешіктірілетін еңбек ақының дұрыс есептелуі

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

2. Еңбек шарттарының нормативті ауытқуына байланысты қосымша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру (демалыс және мейрам күндері, түнгі уақыттағы істегені үшін, мерзімінен тыс уақыттағы істегені үшін

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

3. Кесімді еңбек ақы алушылардың еңбек ақысына нарядтардың нақты және дұрыс толтырылуы. Кесімді баға және тарифтік ставканың дұрыс қолдануды тексеру.

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

4. Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдардың толықтығы мен                                  дұрыстығын тексеру (табыс сомасы, зейнет ақы қорына, орындаушы қағаз бойынша тауарларды несиеге сатылғанда және т.б.)

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

5. Өнімнің (жұмыс қызмет) өзіндік құнына бөлек төлемдердің апарудың дұрыстығын тексеру

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

6. Жұмысшының қосымша төлемдерін жиынтық табысқа қосудың дұрыстығын тексеру (іс сапар шығындарының нормадан тыс артығы, материалдық көмек және т.б.)

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау,  жаппай тәртіп бойынша

7. «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шоты бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін және шот бойынша жазулардың Бас кітаптағы және бухгалтерлік есептеме формаларындағы жазулардың сәйкестігін дұрыстығын тексеру

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

8. Депоненттелген есеп айырысулар бойынша есебінің және депоненттелген сомалардың құжатталуының дұрыстығын тексеру

Процедура: құжатты тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша  есеп айырысу аудиттің құжаттары  мен аудит жүргізу көздері. Аудит жұмыскерлерді қабылдау кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтаудағы Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заң талаптарын тексеруге ғана теріліп қалмауы керек. Жұмыскерлерді тұрақты уақытша және тізімді жұмысқа қабылдау кезінде жетекшінің бұйрықтарын рәсімдеу дұрыстығын тексеру қажет. Жұмыс шарттарына көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар кәсіпорын жетекішісінің қосымша және әрекет етуші заңдылығымен бекітілген, жұмыскерлерге ұсынылған әлеуметтік кепілдеріне:

Информация о работе Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті