Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:39, реферат
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім.
І КІРІСПЕ.....................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы...............................................................................................4
2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат..................................................................................................................8
2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы.........................................................8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)..................................................................................................................10
3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы...............................................................................................13
3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы..................................................13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі.......................................14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі..............................................15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі.......................................17
4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау..........20
4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік.........................................20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі................................................................................................22
5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру................24
5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)................................24
5.2. Фаворит...............................................................................................25
5.3. СЕӨЖ (СОНО)...................................................................................25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................26
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................27
Үшінші кезеңде(2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы мерейтойына жетті.
Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті.Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді.Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.
2004 жылы ақпанда мерейтойлық
оқиғалардың басы басталды. Ел
Премьер министрі Даниал
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды.
Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді.
Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше «Қазақстан темір жолының 100-жылдығына» арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.
Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.
2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат
2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
Толық атауы: «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «Шаруашылық басқармасы» филиалы.
Қысқартылған атауы: «ҚТЖ»ҰК»АҚ-«ШБ» филиалы
СТТН: 620300217668, сериясы 62 № 0139167
Әділет басқармасында тіркелгені туралы ақпарат: 26.07.2002 күні 2256-1901-Ф-Л нөмірімен мемлекеттік реестірде тіркелген.
Статистикалық идентификациялық код (ОКПО): 39741820859
Мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 100 үй.
Телефон: (7172) 93-80-88
Факс: (7172) 32-82-27
Электронды кілтті қолдануға келісім: 04.04.2008 күні №620312563984.
Обьектіні жасаған тұлға: «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы»АҚ, СТТН 620100210058.
Басшысы: Марков Владимир Юрьевич, СТТН 031411460409
Бюджетпен есеп айырысудағы жауапты тұлға: Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы, СТТН 240210097103
Банктік реквизиттері:
БИК 191801427, СТТН 301700005167, ЖИК 000421251
БИК 195301603, СТТН 031400075489, ЖИК 000421251
ОКЭД: 70320 – Жылжымайтын мүлікпен басқару.
Көлемі: Ірі (жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асады)
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционершлік қоғамының орналасқан жерінен тыс орналасқан, Қоғамның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) қайта тіркелген. Филиал өз қызметін ҚР заңнамасына, Қоғамның бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге де актілеріне, сондай-ақ «Шаруашылық басқарма» туралы ережеге сай жүұмыс істейді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдың дербес балансы, атауы, тауарлық белгісі, және Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы мен бланкілері бар. Қызмет ету мерзімі шектелмеген.
Қоғам қызметінің мәні:
Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:
Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Ал филиалдың ішінде басқару қөұрылымы келесі сызбада көрсетілген:
(1-сызба)
Филиал оған Қоғам
бекітіп берген құралдардан тұратын
мүлікке, сондай ақ Қоғамның теңгеріміне
кіретін ақшалай, материалдық құралдарға,
құнды қағаздарға және жалпы шаруашылық
қызметтің барысында сатып
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының принциптері барлық құрылымдық бөлімшелерге де қолданылады.
Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:
Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.
Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:
Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:
Есеп саясат 2008 жылы 24 желтоқсанда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.
3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы
3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы
Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:
Қолма-қол ақшамен есеп айрысу кассадғы ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.Касса орналасқан ұй жайлары кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай жабдықталады. Кәсіпорын басшылары ақшаның кассада, сондай ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Кассалық операцияларды жүргізуші адамды кассир құжатнамаға да, ақша ға да жауапты болады. Касса операцияларын жүргізу үшін әр түрлі құжаттар қолданылады, оған жататындар:
Кассалық операциялар күн сайын бас бухгалтермен бақыланып күн басындағы қалдық пен күн аяғындағы қалдықтарды есептеп отырады. Егер кассадағы ақша қаражжаттары кәсіпорын жарғысында көрсетілген лимиттен асып кетсе , онда қолма-қол ақша қаражаттары туралы хабарландыру құжаты негізінде ақшаны банктегі есеп айырысу шотына аударады.
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға банктен келген «Выписка банка» деген құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.
1. Төлем тапсырмасы
2. Чек кітапшасы
3. Банк клиент бағдарламасы.
Төлем тапсырмасы есеп айрйысу шотынан басқа да тұлғалармен есеп айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы «Выписка банка» хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады. Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық сипаттамасы баяндалады