Банкрттык туралы зан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 22:53, контрольная работа

Краткое описание

ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Bankrottyk_turaly_KR_zany.doc

— 697.50 Кб (Скачать документ)

Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

2. 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )

3. Оңалтуды және конкурсты басқарушылардың құқықтары мен міндеттері, оның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер көлемi осы Заңмен және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кредиторлар комитетiнің олармен жасасқан келiсiмімен реттеледi.

4. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер оңалтуды және конкурсты басқарушы болып тағайындалады.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Осы Заңда оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларға жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.

5. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркеуден өту үшін мынадай:

1) дара кәсіпкер ретінде тіркелу;

2) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы;

3) білім беру ұйымдарында оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өту;

4) экономикалық, қаржы, есептік-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметі салаларының бірінде не заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы талаптары белгіленеді.

6. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуден өту үшін дара кәсіпкер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі туралы дипломдардың көшірмелерін;

4) оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткенін растайтын, білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмесін;

5) еңбек қызметін, оның ішінде жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмесін;

6) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;

7) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды тапсырады.

Уәкілетті органға құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.

Уәкілетті органға тапсырылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні көрсетіле отырып, өтініш берушіге беріледі (жіберіледі).

Уәкілетті органда тіркелу кезінде ұсынылған құжаттардың дәйектілігі үшін дара кәсіпкер Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Уәкілетті орган тіркеуді осы тармақта бергіленген құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Уәкілетті орган осы тармақта көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге - тіркелгені туралы растауды, ал тіркеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауап жібереді.

7. Уәкілетті орган мынадай:

1) осы баптың 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаған;

2) өтініш беруші осы бапта белгіленген талаптарға сай болмаған;

3) өтініш берушіге қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот актісі болған;

4) өтініш беруші бұрын осы баптың 8-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша тіркеуден шығарылған.

Осы тармақшаның ережелері осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тіркеуден шығарылған өтініш берушіге үш жыл бойы қолданылады;

5) өтініш берушінің заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;

6) өтініш беруші сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайларда тіркеуден бас тартады.

8. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тіркеуден шығаруды уәкілетті орган мынадай:

1) тіркеуден шығару туралы өтініш ұсынылған;

2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасында және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір жыл ішінде бірнеше рет шеттетілген;

3) еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан шеттетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның осы бабы 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 41-1-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттетілген;

4) тіркеу кезінде оның дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталған жағдайларда жүргізеді.

9. Тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректер өзгерген кезде, уәкілетті органда тіркеуде тұрған тұлға уәкілетті органға өзгерістер туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

10. Осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган оңалтуды басқарушыны - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, тиiстi орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша, ал қала құраушы кәсiпорындар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті әкімімен келiсiм бойынша тағайындайды.

11. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар етiп:

1) осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделгендерден басқа жағдайларда борышкер немесе кредитор әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамын;

2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетілген және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сырттай байқау рәсімін жүргізуден шеттетілген сәттен бастап бір жыл өткенге дейін шеттетілген тұлғаны;

3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бір жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адамды.

Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;

4) егер серiктестiк, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсiз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай шаруашылық серiктестiкке қатысушылар, акционерлік қоғамның акционерлерi, кооператив мүшелерi. Осы тармақшаның ережесi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;

5) жұбайы (зайыбы), осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың жақын туыстарын тағайындауға болмайды.

12. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды уәкілетті орган:

1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;

2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;

3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;

4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасалған келісім бұзылған жағдайларда дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетуге тиiс.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен істерін басқарудан бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.

13. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады. Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген олардың қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.

Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушы алдыңғылардың құқық мирасқорлары болып табылады. 

 

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  9-1-баппен толықтырылды

9-1-бап. Оңалту рәсімінде борышкердің мүлкі мен істерін басқару

1. Борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтініші бойынша, кредиторлар жиналысының келісімімен, оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.

Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқықтарын сақтау туралы өтініш кредиторлар жиналысының шешімі қоса тіркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.

Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан өздерінің оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешімі оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.

Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетілген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті.

Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайда, осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердің органдарына заңнамада белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшін көзделген жауапкершілік қолданылады.

Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген міндеттерді бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкердің басқару органдарының мүшелерін ауыстыруға міндетті.

2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.

3. Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындауға міндетті.

4. Кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам мерзімде орындалмаған және (немесе) уәкілетті орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап он бес күн ішінде басқарудан шеттетеді.

Сот ұйғарымында:

уәкілетті органға ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;

борышкердің есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс. 

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді

10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

1. Кредиторлардың талаптарын  қанағаттандыру және олардың  мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне  сәйкес қамтамасыз ету мақсатында  кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.

2. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негізделген деп танылған талаптары енгізіледі.

Борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолданғаннан кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады.

4. Кредиторлардың  талаптарын тізілімге енгізу  не олардың талаптарының сомасы  туралы кредиторлар және оңалтуды  немесе конкурстық басқарушылар  арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайды.

Соттың шешімі талапты  тізілімге енгізу үшін негіз болып  табылады.  

 

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 115-III (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-1-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-1-бап өзгертілді

Информация о работе Банкрттык туралы зан