Банкрттык туралы зан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 22:53, контрольная работа

Краткое описание

ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Bankrottyk_turaly_KR_zany.doc

— 697.50 Кб (Скачать документ)

Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклі бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.

Зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және басқа кейбір заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгiленуi мүмкiн.

Сот банкті банкрот деп  тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм  қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен реттелмеген бөлігінде жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қолданылады.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )

3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту туралы iстердi сот банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.

4. Табиғи монополиялар субъектілері  немесе тауар нарығында үстем  (монополиялық) жағдайға ие болған  нарық субъектілері болып табылатын,  не Республиканың экономикасы  үшін зор стратегиялық маңызы  бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы.

5. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес олардың қызметіне міндетті экологиялық аудит жүргізіледі. 

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертiлдi және толықтырылды

3-бап. Банкроттықты тану

1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.

2. Банкроттық кредиторлардың  немесе осы Заңмен уәкiлдiк  берiлген өзге адамдардың сотқа  берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр  етiп белгiленедi.

3. Осы Заңда белгiленген  жағдайларда борышкер өзiн банкрот  деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.

4. Егер:

кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;

өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

5. Егер Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексiнiң  (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртібімен таратылуға тиiс.

6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады.

7. Сот тәртібімен  борышкердi банкрот деп жариялауға  оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.

Дәрменсiздiк фактiсiн  анықтау кезiнде борышкердiң орындау  мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға  қабылданған және (немесе) орындалып  жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс. 

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертiлдi; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  4-бап  жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )

4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсімдерін қолдану негіздері

1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.

Егер борышкер мiндеттемені орындау мерзiмi басталған сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлемге қабiлетсiз деп есептеледi.

2. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болмаған кездегі төлемге қабілетсіздігі оның өзiн банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.

3. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болған кездегі төлемге қабілетсіздігі немесе борышкерге таяу он екі айда ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатерінің төнуі оның оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады. 

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi

5-бап. Әдейi және жалған банкроттық

1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк  берген орган), заңды тұлға-борышкердiң  құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе  лауазымды адамдары борышкердi  әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.

Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды  адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң  меншiк иесiне шығындарды өтейдi.

2. Егер банкроттықты  тану туралы өтiнiштi борышкер  сотқа кредиторлардың талаптарын  толық көлемiнде қанағаттандыруға  мүмкiндiгi болған кезде берсе  (жалған банкроттық), кредиторлар  борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.

3. Конкурстық басқарушы әдейі  немесе жалған банкроттық жасау  белгілерін тапқан жағдайда, ол  лауазымды адамдарды Қазақстан  Республикасының заңдарында көзделген  жауапкершілікке тарту үшін құқық  қорғау органдарына жүгінуге міндетті.

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертiлдi

6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану

1. Борышкердiң өзiн банкрот  деп танылғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер болғанда;

2) егер борышкердiң жеке  кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың өтініші бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс.

3) 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Осы тармақтың талаптары жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық басқарушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде берілген борышкердің мүлкін олардың алдындағы міндеттемелері орындалу мерзімі басталардан бұрын басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып орындалған кредиторлардан қайтаруды сот тәртібімен талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның қағидаларымен қамтамасыз етіледі.

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында  көзделген негiздер бойынша банкроттық  туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш  жыл iшiнде шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.

Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап  ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады.

5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған  кезде оңалтуды немесе конкурстық  басқарушы осы бапта көзделгендерден  басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.

6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне  не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi

7-бап. Шартты орындаудан бас тарту

1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:

1) шартты орындау борышкерге  зиян келтiрсе; 

2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;

3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге  жасалса не борышкердiң нәтижеге  жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке  есептелсе; 

4) борышкердiң шартты  орындауы басқа кредиторлар үшiн  жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген  жағдайларда шартты орындаудан  бас тартқан кезде контрагенттiң  шартты бұзу арқылы келтiрiлген  шығындарды нақты зиян мөлшерiнде  өтеудi борышкерден сот тәртібімен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы

Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.

10.07.98 ж. № 283-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен  (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар

1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабілетсіз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.

Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.

Информация о работе Банкрттык туралы зан