Банкрттык туралы зан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 22:53, контрольная работа

Краткое описание

ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Bankrottyk_turaly_KR_zany.doc

— 697.50 Кб (Скачать документ)

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 88-бап өзгертілді

88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау

3. Бұл туралы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне жазба енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.

4. Борышкерді заңды тұлғалардың тіркелімінен алып тастау туралы бұйрықтарды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар сотқа және уәкілетті органға,сондай-ақ борышкердің тұрған жері бойынша салық органына жібереді. 

 

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 89-бап өзгертілді

7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері 

2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 89 - бап өзгертілді

89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы

1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.

2. Сот іс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкінің меншік иесіне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады. 

 

90-бап. Соттың iстi қарауы

1. Таратылатын заңды тұлғаны  банкрот деп тану туралы iс  қозғаған сот бiр айлық мерзiмде  борышкердi банкрот деп тану  және оны тарату туралы шешiм  шығарады.

2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi  бар мүлiк (активтер) кредиторлардың  талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 91-бап өзгертiлдi

91-бап. Борышкердi тарату тәртібі

Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурстық басқарушысы жүзеге асырады.

ҚР 2001.07.11 ж. № 239-II Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 92-бап өзгертілді

92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас тартуының салдары

1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртібімен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.

2. Кредиторлар осы Заңға немесе  өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.

93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша банкроттығы

1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның  құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан  оны тарату шешiм қабылдануы  кредитордың мұндай заңды тұлғаны  банкрот деп тану туралы сотқа  жүгiнуiне кедергi болмайды.

2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы таратудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 94-бап өзгертiлдi

94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы

1. Сот жоқ борышкерге қатысты  банкроттық туралы істі кредитордың,  прокурордың мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.

Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.

2. Сот іс қозғалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоқ борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.

3. Жоқ борышкерді таратуды, осы  баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды  қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын  конкурстық басқарушы жүзеге  асырады. 

4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген қағидалар бойынша кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жібереді.

5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған  жағдайда не егер оның құны  конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.

Мәлімдеуші жоқ борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай  нұсқаулар болуға тиіс:

1) борышкерді конкурстық іс қозғамай  тарату туралы;

2) уәкілетті органға жоқ борышкердің  таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;

3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы. 

 

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 95-бап өзгертiлдi

95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы

1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру  осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекітілген кезге дейiн өз талаптарын конкурстық басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.

2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан  кейін конкурстық басқарушы тарату  балансын және кредиторлардың  талаптары қанағаттандырылғаннан  кейін қалған мүлікті пайдалануы  туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы қорытынды есепті сотқа табыс етеді.

Конкурстық басқарушының қорытынды есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде борышкер қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.

4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкілдік етуге уәкілетті тұлғалар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тізілімі мен қорытынды есептің жасалуын ұйымдастырады.

Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді. 

 

8-тарау. 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың банкротқа ұшырау ерекшеліктері 

 

100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың банкроттығы

1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.

2. Заңды тұлғаларды қала салушы  ұйымдарға жатқызу және олардың  тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 101-бап өзгертiлдi

101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау

1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

2. Борышкердiң өзiн банкрот деп  тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ  борышкердiң пiкiрiне өзге де  тұлғалардың оны банкрот деп  тану туралы өтiнiшiне борышкердiң  қала салушы ұйымға жататындығын  растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

3. Борышкер - қала салушы ұйымның  банкроттық туралы iсiн қарауға  дайындаған кезде судья қала  салушы ұйымдар тiзбесiн көшiрме  сұратып алады.

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 102-бап өзгертiлдi

102-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу

1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.

3. Борышкердiң қала салушы ұйымның  кредиторлар алдындағы талаптарын  Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық  бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн  алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды

9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының ерекшеліктері  

 

103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы

1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып  табылатын борышкер осы тарауда  белгіленген ерекшеліктер ескеріле  отырып банкрот деп танылуы  мүмкін.

2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.

103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар

Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:

1) жердің кадастрлық сипаттамасы; 

2) банкроттық рәсімі қозғалған  жылдың алдындағы жылы табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.

Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне  берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.

Борышкерді банкрот деп таныған  немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған  жағдайда қосымша құжаттар алуға  байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту

Егер табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу

1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі  бойынша кредиторлар комитетінің  келісімімен уәкілетті орган  осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

2. Конкурстық басқарушы кредиторлар  комитетінің келісімімен борышкердің  конкурстық массасының құнын  ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды  жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының жер  заңдарына сәйкес жерді қорғау  жөніндегі іс-шаралар; 

2) егіс және егін жинау жұмыстары,  жануарларды, құстарды, бал арасын  ұдайы молайту және өсіру, өсімдік  шаруашылығы, мал шаруашылығы,  құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;

Информация о работе Банкрттык туралы зан