Банкрттык туралы зан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 22:53, контрольная работа

Краткое описание

ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Bankrottyk_turaly_KR_zany.doc

— 697.50 Кб (Скачать документ)

3. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлімдеуі мен оларды қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кредиторлардың оңалту рәсiмi қолданылғанға дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.

5. Кепілді кредитор:

1) өзінің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, осы Заңды бұзушылық анықталған;

2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған;

3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құнының өз мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыратындай төмендеуі;

4) егер өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкер-кәсіпорынның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмесе, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы. 

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48-бап. Оңалтушы басқарушы

Осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалтушы басқарушыны оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тағайындайды.  

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49-бап. Оңалтушы басқарушыға сыйақы төлеу

1. Оңалтушы басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Негізгі сыйақының мөлшері мен сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар жиналысы осы баптың талаптарына сәйкес айқындайды.

2. Оңалтушы басқарушыға төленетiн сыйақы:

1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс ағымдағы төлемдердi;

2) оңалту рәсiмiнiң мақсаттарына қол жеткізу мiндеттi жағдайда, оңалтушы басқарушыға кредиторлар төлеуі мүмкін қосымша төлемдердi қамтиды.

Қосымша сыйақының мөлшері:

бірінші, екінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың екі пайызына дейін;

үшінші және бесінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың бес пайызына дейін құрауы мүмкін.

Кредитор қосымша сыйақыны төлеу туралы кредитордың келісімін оның мөлшерін көрсете отырып, жазбаша түрде кемінде екі данада шығарады, оның біреуін оңалтушы басқарушы мұндай шешімді кредитор қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

3. Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған, оңалтушы басқарушының өкілеттіктері борышкердің басшысына жүктелген жағдайларда, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген ағымдағы төлемдердің ең көп сомасын шектеу борышкердің басшысына қолданылмайды, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер жүргізілмейді.  

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50-бап. Оңалту рәсімінің мерзімі

Сот оңалту рәсімін жүргізу мерзімін оңалту жоспарына сәйкес белгілейді. Сот оңалтушы басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.

Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.

Ұйым мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, сот оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсімін жүргізуді тоқтата тұруға құқылы. 

 

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 50-1-баппен толықтырылды

50-1-бап. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы үшін оңалту рәсімін тоқтата тұру және қайта бастау

1. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы өтінішті сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қарауға тиіс.

Оңалту рәсімін тоқтата тұру үшін борышкердің мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алуы және кредиторлар комитетінің шешімі негіз болып табылады.

2. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдарлар басталады:

1) оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі және басқару борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтеді;

2) осы Заңның 43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;

3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;

4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргізіледі.

3. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімін қайта бастау туралы өтінішпен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы. Осындай өтінішпен кредиторлар комитеті уәкілеттік берген тұлға жүгінеді.

Оңалту рәсімін қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.  

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi

1. Оңалтушы басқарушы:

1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;

2) борышкердiң мүлкiне қатысты тиiстi құқықтарға ие болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;

3) өзін уәкiлеттi орган тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады;

4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;

5) оңалту рәсіміне кредиторлар жиналысымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сотқа қолдаухат жібереді;

6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;

7) кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізілетін комитеттің бірінші отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

8) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кредиторлар комитетінің мүшелеріне хабарлама жібереді;

9) осы Заңның 14-3-бабының 7-тармағында белгіленген іс-әрекеттерді жасайды, сондай-ақ кредиторлар жиналысының сырттай дауыс беруді таңдаған қатысушыларына осы Заңның 14-3-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде материалдарды жібереді;

10) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратады және алады;

11) банкроттық туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға ақпараттық жүйені қолдана отырып қатысуға құқылы;

12) оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінеді;

13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

2. Кредиторлар жиналысының шешіміне сәйкес оңалтушы басқарушы:

1) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасасады;

2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;

3) оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінеді;

4) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінеді.

Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген қағидалар оңалту жоспарында көзделген, борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.

3. Оңалтушы басқарушы өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.

Оңалтушы басқарушы өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде беруге міндетті.

4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттік берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтушы басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.

5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтайды және оларды сот тәртібімен жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды. 

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді

52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi

Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн  дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-бап. Оңалту рәсімін тоқтату

1. Оңалтушы басқарушы:

1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілсе;

2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізсе, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.

Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi.

Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді.

2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.

3. Кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Кредитор (кредиторлар):

1) борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін, оңалту жоспарын құру жөніндегі iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне залал келтіретінін растайтын негіздер болған кезде;

2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған кезде;

3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған кезде;

4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне залал келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуі мүмкін.

5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті.

Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.

6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсімін тоқтатады. 

 

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 54-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

54-бап. Оңалту рәсімін тоқтату салдарлары

Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:

Информация о работе Банкрттык туралы зан