Банк ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:11, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясатын, ұғымы мен құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі екінші деңгейлі банктердің банк ресурстарының жетілу жолдарын және реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың жазылуы барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда мақалалар, маңызды деректер, статистикалықкөрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. БАНК РЕСУРСТАРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы мен құрлымы.............................................5
1.2. Банк ресурстарын құрайтын операциялар...............................................8
1.3. Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі.........................10
2. БАНК РЕСУРСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ.
2.1. Банктің тарылатын қаражаттарын реттеу....................................................16
2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру жолдары..................................................................................................................22
2.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты......................................25
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................32
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

банк ресурстары курсовая.doc

— 201.50 Кб (Скачать документ)

Резервтік талаптар нормативі банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.

Ең төменгі  резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл салынып, ендіріліп алынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталықинтервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған  бағдарларына сәйкес банктердін карыз  алуының жалпы көлемін реттейді.

Банктерге берілетін  карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете  отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады.

Депозиттерді  тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.

Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.

Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта  есепке алу тәртібін және Қазақстан  Ұлттық Банкінің коммерциялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.

Валюталық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы валюталык қатынастарды реттеу туралы».

Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.

Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады.

 

 

 

Қорытынды

 

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

Менің бұл курстық  жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат  керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың  ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп  тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен  бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ  шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.

Екінші бөлімде  мен инвестиция туралы заңдылықтар  мен нармативтік актілерді сараладым.   Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының  аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының    пайда    болуымен    олар    үлкен

компаниялар мен  корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде  ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір  қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Тексты лекций Искаковой З.Д. по курсу "Банковское дело".

2. Б. А. Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.  Алматы «Экономика» 2000 ж. 

3.  Банковское дело. Учебник Под. ред. Г.С. Сейткасимова.

    Алматы: Каржы-каражат. 1999г.

4.  С. Б.  Мақыш, А. Ә. Ілияс  Банк ісі. Алматы «Қазақ университеті» 2004 ж.

5. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. М: ИПЦ "Вазар-фсрро". 1994г.

6. В.В. Иванов. Банктер сенімділігі сараптамасы. М.: Русская деловая литература, 1996. - 320 с.

7. Велислава  Т. Севрук. Банктік қауіптер. - М: «Дело Лтд», 1995. - 72 с.

8. Эдвин Дж. Долан. Ақшалар, банктік ісі және ақшалай-несиелік саясат. СПб.: «Санкт-Петербург ОРКЕСТР», 1994. - 496 с.

9. «Банктер және банктер қызметі жөнінде» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, 1995 г.

10. « Пруденциальді нормативтер жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ережесі, 1995 г.

11. О.И. Лаврушина.  Банктік ісі. М.: Банктік және  биржалық ақпараттық орталығы, 1992, - 432 с.

12.   П. Роуз  Банктік менеджмент. М.: «Дело Лтд.», 1994

13. П. Брук. Банктік ісі және   инвестицияларды қаржыландыру.

14. В.И. Колесникова,  Л.П. Кроливецкой. Банктік ісі. М.: «Қаржы және  статистика», 1996. - 480 с.

 

 

 




Информация о работе Банк ресурстары