Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:11, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясатын, ұғымы мен құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі екінші деңгейлі банктердің банк ресурстарының жетілу жолдарын және реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың жазылуы барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда мақалалар, маңызды деректер, статистикалықкөрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. БАНК РЕСУРСТАРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы мен құрлымы.............................................5
1.2. Банк ресурстарын құрайтын операциялар...............................................8
1.3. Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі.........................10
2. БАНК РЕСУРСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ.
2.1. Банктің тарылатын қаражаттарын реттеу....................................................16
2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру жолдары..................................................................................................................22
2.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты......................................25
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................32
ҚОСЫМШАЛАР
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
а)меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
б)банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;
в)банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезендерден тұрады:
Банктің меншікті каражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ак, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда, болмаған жағдайда резервтік кор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Косымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры. яғни үлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы аиырма нотижесінде қүрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жане банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалыкты жоғары болса, соғурлым банк өтімді болып саналады. Яғыни егерде банк банкротқа ұшыраған жағдайда, тек акционерлер ғана зиян шегеді.
«Капиталдың жеткілігі»
термині банктің жалпы
Банк меншікті капиталын ұлғайтута негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық пормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Банктің меншікті капиталының динамикасы (миллиард тенге)
Баптардың аттары |
01.01.2002 |
01.01.2003 |
өсім, % |
І деңгейлі капитал |
91,1 |
110,6 |
21,4 |
Жарғылық капитал |
76,8 |
77 |
0,3 |
Қосымша капитал |
8,7 |
11,2 |
28,7 |
Бөлінбеген пайда |
8,7 |
15,0 |
72,4 |
ІІ деңгейлі капитал |
36 |
55,7 |
Я,7 |
Ағымдағы пайда |
7,4 |
20,6 |
178,4 |
Субординирленген қарыз |
15,3 |
30,1 |
96,7 |
Барлық меншікті капитал |
122,1 |
161,2 |
32,0 |
Сандық мәліметтер Ұлттық банктің 2002жылғы есебінен алынған
2003 жылдың 1 қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы 32,0% -ға өсіп, 161,2 миллиард теңгені (1 036 млн Америка Құрама Штаттары долларын) құрады. Бірінші деңгейдегі капитал — 21,4% -ға өсіп, 110,6 миллиард теңгені, оның ішінде: төленген жарғылық капитал — 0,2 миллиард теңгеге, өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда — 6,3 миллиард теңгеге, қосымша капитал — 2,5 миллиард теңгеге өскен. Екінші деңгейлі капитал 54,7% -ға өсіп, 55,7 миллиард теңгені, оның ішінде: ағымдағы таза табыс — 13,2 миллиард теңгеге, субординирленген міндеттемелер тізімі — 11,8 миллиард теңгеге өскен.
Банк меншікті капиталының жеткіліктігі жоғарғы деңгейде сақталған. Оның ішінде: 2002 жыл бойына 0,11-ден 0,09-ға дейін (норматив мәні — 0,06 кем емес), 0,19 —дан 0,17-ге (норматив мәні - 0,12 кем емес) төмендеген. Мұндай төмендеу, банк жүйесіндегі жиынтық активтердің өсуі банктердің капиталдану қарқынының өсуінен жоғары болып келуімен сипатталады.
ІІ – бөлім. Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу.
2.1 Банктің тартылатын қаражаттарын реттеу.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозитгер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Банктін депозиттік операциялары
Депозиттік операциялар активті және пассииті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар — банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын калыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде
салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері
кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік
нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға
және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға
ұмтылуына
жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады: