Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:12, реферат
Тұтас тәуекелдік шоттар қалдықтарының немесе операциялар сыныптарының тиісті ішкі бақылауды есепке алмай маңызды бұрмалауларға тәуелділігі. Бұл тәуекелдік компанияға нарықтық жағдайдың әсер ету дәрежесі, ақша қаражаттар жағдайы, өндірістік қызметтің тарихы, сипаты және әдеттен тыс операциялар әсерінің өрісі сияқты баптарға байланысты. Мысалы, ақша қаражаттарына қарағанда тауарлы материалдық қорлардың тұтас тәуекелдікке көп ұшырайды. Өйткені айла-шарғы және қатені жіберу үшін мүмкіндік көп. Тұтас тәуекелдік қаржылық қорытынды есептің деңгейінде жеке шоттар қалдықтарының және операциялардың деңгейінде де бағаланады.
Аудиторлық құжаттар – бұл жүргізілген аудиторлық рәсімдердің, аудитордың қол жеткізіп алған дәлелдердің, қорытындылардың жазбаша нұсқасы.
Аудиторлық
құжаттар қағаз, электронды
Аудитті құжаттау – аудиттің кәсіби деңгейде жүргізілуінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.Әлемдік нормалардың тұрғысынан алып қарайтын болсақ, құжаттау жүргізілген аудиттің сапасының бірден бір дәлелі болып табылады. Сонымен қатар құжаттау – аудиторлық фирманың жеке аудиторының қызметінің сапасын бақылау үшін маңызды. Себебі, олқызметкердің жұмысындағы кеткен кемшіліктерді талдауға, нәтижесінде жіберілген қателерді түзетуге мүмкіндік береді.Аудитті құжаттау- аудиторлық тексерудің нақты түрде жүргізілгендігі туралы дәлел болып табылып, аудиторлардың объективті емес қорытынды жасауына тосқауыл қою құралы болып табылады.
«Жұмыс құжаттары» - аудиттің жүргізілуі мен жоспарлануына септігін тигізу мен қатар аудиторлық жұмысты бақылауға көмектеседі. Жұмыс құжаттары аудиторлық пікірдің нақтылығын және дәлелділігін көрсетеді.
«Жұмыс құжаттары» - аудиторлық жоспарлануын, мазмұн-мағынасын, жүргізілген уақыты мен іс-әрекет санын, алынған дәлелдердің талдануын көрсетуі тиіс. Құжаттарды рәсімдеу аудитордың өз еркіндегі кәсіби мәселе болып табылады. Жұмыс құжаттары жеткілікті дәрежеде толық және анық болуы керек.
Жұмыс құжаттарына – аудиторлық қорытындылармен қоса, олар жөнінде маңызды сұрақтарды қамтуы керек. Жұмыс құжаттарының құрылымы, формасы және мазмұны аудитордың алдына қойған мәселенің, тапсырманың маңыздылығына байланысты болады.
АХС нормативтері бойынша аудитордың жұмыс құжаттары мыналарды қамтуы тиіс:
Аудитті жоспарлау және ауқымы
1. Аудиторлық тексерудің стратегиясы мен ауқымы. Аудиттің ауқымын анықтаумен және жоспарлау жан-жақты кешенді дайындықты қажет етеді.Алдымен аудиторлық тексеру стратегиясы мен ауқымын анықтап алуды қажет етеді. Аудитордың алдына қойған мақсатына қарай нақты ақтарап жинақтауды және оны қандай жолдармен жинақтауды анықтайды. Тексерудің тиімді жолдарын белгілеуді талап етеді. Тексеру жолдары аудитордың тәуелсіз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақпаратты алуға қол жеткізетін стратегия ретінде қаралуы мүмкін. Аудиторлық тексеру стратегиясы тексерудің мақсатына қол жеткізетін ең ұтымды жолын таңдауға негізделген және аудитордың біліктілігі мен тәжірибесіне, клиенттің ерекшелігіне, басқа да шешілетін мәселелердің сипатына байланысты болады. Стратегиялық тексеру аудиттің ауқымына тікелей байланысты болғандықтан, аудит жүргізудің ауқымен анықтау кезінде 3негізгі кезеңді бөліп көрсетуді қажет етеді.
2. Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен принциптері. №300 АХС жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді қамтамасыз ету деп көрсетілген. Демек,аудитор жұмысын жоспарлау арқылы аудиттің маңызды саласына қажетті көңіл бөлуге әлеуетті мәселелерді анықтауға және жұмысты уақытында орындауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар аудитке қатысатын топтың мүшелері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сарапшылар орындацтын жұмыстарды үйлестіруге көмектеседі. Нақты қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, тексерудің мақсатына жеткізетін кешенді жоспар құру керек. Яғни құрылған кешенді жоспардың мақсаты:
1. Аудиторлық іс-әрекеттердің қажетті көлемін анықтау;
2. Тексеру жүргізу шығындарын бағалау;
3. Аудит жүргізу сапасын қамтамасыз ету.
Аудитті жоспарлау мақсатына жету үшін мынадай мәселелерді қамтамасыз ету керек:
3.Аудитті жоспарлау кезіңдері. Ұйымды алдын-ала зерттеудің нәтижесінде ғана алдағы атқарылатын жұмыстың көлемін еңбек сыйымдылығын, аудиттің мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін жоспарлауды кезеңге жіктейді.
1. алдын-ала жоспарлау;
2. клиент туралы жалпы ақпарат жинау;
3. маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау;
4. ішкі бақылау жүйесін бағалау;
5. аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу.
Алдын-ала жоспарлау мыналарды қамтиды:
1. клиенттіттаңдау және аудит жүргізу туралы шешім қабылдауды;
2. аудит жүргізуге қатысатын мамандар мен топқа енетін тұлғаларды таңдау;
3. жұмыс жағдайларын келісуді;
4. аудит жүргізуге клиентпен шартқа отыру;
5. клиент туралы жалпы ақпарат жинақтау.
Клиенттерді таңдау саясаты
4.Аудиттің жалпы
жоспары мен бағдарламасын
Тәуекелдікке
негізделген аудит жүргізгенде
клиенттің бизнесін зерттеу
мен жоспарлауға аудиторлық іс-
Сонымен, қатар ұйым басшыларының жұмыс стилі, іскерлігі туралы ақпараттардан тыс көздерде қолданылады.
Ұйымның қаржы шаруашылық қызметі бойынша мынадай мәселелерге назар аударуды қажет етеді:
Аудит жүргізу үшін аудиторлық фирма аудитке қатысатын топты қалыптастырады. Жалпы ілеспе жұмыстарды жүргізетін топтың менеджерін тағайындайды. Аудитті сапалы жүргізу үшін арнайы салалық мамандар шақырылып, олармен алдын-ала шарт жасалады. Жалпы аудитке қатысатын топтың мүшелері біліктілігі де, жауапкершілігі де жоғары тұлғалар болу керек. Жұмыс жағдайын клиентпен келісу негізінде клиенттің қажеттіліктері мен талаптарын, сонымен қатар аудитті жүргізумен байланысты негізгі сұрақтарын анықтау қажет. Осындай мәселелерді қарастыру клиенттің өтініш хатына аудит өткізуге келісім берген фирманың жауап хатына клиентті аудит өткізуге хаты келгеннен кейін жүргізіледі. Аудит жүргізуге өтініштің себептерін анықтау қажет. Егер ұйымды сатуға және ұйымдастыруға дайындап жатса, онда есеп берудің нақтылыған дәлелдейтін материалдарды жинақтау керек. Осындай жағдайда аудит жүргізетін топтың құрамында біліктілік куәләгә бар бағалаушының және аудиторлық ұйымның аудит жүргізуге куәлігі болу керек. Аудит жүргізу үшін клиентпен шарт жасасу керек. Аудиторлық тексеруді жүргізу жөніндегі шарт клиент аудитор арақатынасын реттеуші құжат болып табылады. Шартта тараптардың тапсырыс беруші мен орындаушының келісілген мүддесін заңды түрде көрсетеді.
Шарттың негізгі бөлімдері: