Ақша қаражаттарының аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:00, контрольная работа

Краткое описание

Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................................3
1 Ақша қаражатының аудиті...........................................................................4
1.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы.....................4
1.2 Кассалық операцияларды тексеру............................................................9
1.3 Банк операцияларының аудиті..................................................................14
1.4 Ақша қозғалысын талдау...........................................................................17

2 Ақша қаражаттарының есебі........................................................................20
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі..........................................20
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі......................................................21
2.3 Кассадағы ақшаның есебі.........................................................................24
Қорытынды.......................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 Ақша қаражаттарының есебі.docx

— 75.75 Кб (Скачать документ)

Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Жедел төлем өнім тиелгенге дейін  және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін  бірден төленеді.

Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың  қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.

Есеп айырысу нысаны төлеушімен алушынаң арасындағы өзара келісім  шарт арқылы анықталады. Ал аванстық төлемдермен  есеп айырысу мәміледе қарастырылған  мерзімде және мөлшерде ақша қаражаттарын кезеңдік аудару жолымен жүзеге асырылады.

Жекелеген азаматтардың тиісті ақшаларын  төлеуді (зейнетақы, алимент, жолсапар шығындары, қаламақы) ұйым байланыс мекемелері арқылы орындай алады.

Салық төлеушілерлің төлем тапсырмасы негізінде бюджетке төлемдерді аудару банкке ұсынылған күні алдыңғы кезекте  жасалынуы тиіс. Аталған тапсырманы кешіктіріп орындауға банктің құқығы жоқ. Сондай – ақ есеп айырысу тәртібін бұзған ұйымдар мен банктерге  Қазақстан Республикасында қолма  – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айып пұл салу туралы нұсқауда қарастырылған  шаралар қолданылады.

Жолдағы ақша аударымдарына сатып  алушылармен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне  енгізілген, ұйымның есеп айырысу  шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Ұйымның есеп айырысу шотынан төлемдерді беру кезегін ұйымның жетекшісі  белгілейді.

 Ұйымның операциялық, инвестициялық  және қаржылық қызметі бойынша  ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының  қозғалысы жөніндегі есеп берулерде  ұсынады.

Операциялық қызмет ретінде өнімдерді  өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен  қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сипаттайды.

Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады.

Ақшаның қозғалысы туралы есеп беруді жасаудың екі әдісі – тікелей  жіне жанама ажыратылады. Ұйымда осы  есеп беруді тікелей әдіспен дайындайды.

Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ақшасын банк мекемесіндегі есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері арқылы кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу қолма-қол  ақщасыз есеп айырысу операцияларын  жүргізу кезінде банктер кәсіпорындар арасында төлемдік және келісім-шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Банктердегі есеп айырысу шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:

    • Бекітілген нысандағы өтініш;
    • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
    • Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;
    • Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама қағазы;
    • Ұйым жарғысының көшірмесі.

Бірінші қолды қою құқығы ұйым жетекшісіне, ал екіншісі бас бухгалтерге беріледі.

Есеп айырысу шотына нөмір беріліп. Ұйымға хабарландырылады және операциялар  рәсімделетін барлық құжаттарға сол  нөмір қойылады.

Банк пен шот иесі арасындағы қатынас ҚР Ұлттық банкісінің және нормативті актісімен реттеледі.

Банктегі есеп айырысу шотын  ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізге ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша банк шот иесінің пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару (беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.

Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша  операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 441 шоттың кредиті бойынша  жүргізілетін №2 журнал – ордерге  және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне  қарай жүргізіледі. Жазу кезінде  шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Есеп айырысу шотының жабылуы  ұйым төрағасының арызы бойынша  жүзеге асырылады:

  • ұйым қызметінің сипаты өзгерген жағдайда;
  • ұйымды құрған органның шешімі бойынша;
  • шотта үш ай ішінде жазулар болмаған жағдайда.

 

2.3  Кассадағы  ақшаның есебі

Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға  негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен  қатар, касса арқылы қолма – қол  ақшамен операцияларды да (еңбек  ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға аванстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруашылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.

Ұйымдардың қолма – қол ақшамен  жүргізетін операцилары кассалық операциялар  деп аталады, олар сәйкесті нормативтік  актілермен реттеледі.

Ұйым қолма – қол ақшамен  есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген  үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде  кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме  бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы  қажет. Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай – ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа  ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын  кассада сақтауға тиым салынады.

Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды  өткізу – беру актісі бойынша рәсімдейді.

Кассаға қолма – қол ақшалар  есеп айырысу шотынан ақшалай  чек бойынша келіп түседі. Кассаға  ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады.

Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер  және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.

Ұйымда ақшаны сенімхат бойынша  берген кезде кассалық шығыс ордерінде  сенім алушының аты – жөні қосымша  көрсетіледі.

  Жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына  берілетін жәрдем ақы және  сыйақыларды ұйымның төрағасы  мен бас бухгалтері қол қойған  төлем ведомостары бойынша кассадан  береді. Ақшаны алған кезде жұмысшылармен  қызметкерлер төлем ведомосіне  қолдарын қояды.

Ұйымда кассир құжаттардың дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді  бухгалтерияға тапсырады.

Ұйымда ақшаға түгендеу жүргізу  – бұл активтерді қорғау және қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай – ақ бухгалтерлік шоттарда бейнеленген мәліметтердің шынайылығын  анықтау үшін қабылданған саясат пен іс әрекет болып табылады.

Ақшаны қорғау көптеген ұйымдар  үшін маңызды мәселеге айналатынын  белгілі, өйткені оларды жасыру, алып кетудің өте оңай екендігімен қатар, оларды меншіктену белгілері жоқ.

Түгендеуді жүргізу кезінде  мыналарды тексеру қажет: кассирмен  толық материалдық жауапкершілік  туралы келісім шарт жасалған ба, кассаның жабдықталуы талапқа сай ма, т.б.

Түгендеу кезінде кассадан артық  ақша мөлшері анықталса, кассалық кіріс  ордері толтырылып, кассаға кіріске  алынады. Ал түгендеу кезінде ақшаның  жетіспеушілігі анықталса, мынадай  негізде көрсетілуі мүмкін: жетіспеген сомаға шығыс кассалық ордерін жазу; жетіспеушілік кассирдің мойнына  қойылады; кассир жетіспейтін соманы өтеген кезде кіріс кассалық ордері жазылады.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жалпы қорыта келе, ақша есебінің орны нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты қызмет етуі барысында зор екендігін, оның дұрыс ұйымдастырылуына әрбір ұйымның  қаржы – шаруашылық қызметі тәуелді  екендігін баса айтқанымыз жөн.

Ақша кез келген тауар құнын  білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан кейін ақшаның жаппай өтем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдық мәнін К. Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің  қалтасына салып жүреді»  деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан  айқын көрінеді.

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлардың қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізілді.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өмірдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі, тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
  2. ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы    (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
  3. ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы»  29.10.2002  жылғы № 542 бұйрығы.
  4. Бухгалтерлік есеп стандарттары
  5. Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.
  6. Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
  7. Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
  8. Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
  9. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
  10. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.



Информация о работе Ақша қаражаттарының аудиті