Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттеріннің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 13:32, реферат

Краткое описание

Активтер – кәсіпорындағы өткен периодтардың нәтижелерін бақылаудағы ресурстар, компания олардан болашақта экономикалық пайда түсіреді.
Активтерді жою мерзімі бойынша бөлінеді:
- көп мерзімді (бір жылдан көп);
- қысқа немесе өтпелі мерзімді (бір жылға дейн).
ХҚЕС сәйкес актив қысқа мерзімді болып саналады, егер:
- осы қолданысқа ұйғарса немесе сатуға ұстау немесе операциялық циклда қалыпты жағдайда қолдану;
- ол коммерциялық мақсатта немесе қысқа мерзімде ұсталынады және оны он екі ай ішінде қолданысқа ұйғарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акша каражаттары.docx

— 39.60 Кб (Скачать документ)

 

 Арнайы есептерде жүргізілетін операцияларға аккредиттеу арқылы, чектермен және басқа төлемдер құжаттары арқылы есептеулер жатады. Банктердегі арнайы есептерде операцияларды есептеу кәсіпорынның 1060 шотында жүргізіледі.

Аккредитивтеу - бұл банктің ақшалай міндеті, клиенттерінің тапсырысы бойынша оның тапсырысшыларының пайдасына келісім шарт бойынша беріледі. Осы келісім шартқа сәйкес аккредитив (банк-эмитент) ашқан банк жеткізушіге төлемдерді көрсетуі мүмкін немесе басқа банкке төлемдерді жасауға рұқсат етеді, егер ол аккредитивте көрсетілген жүктеуші және басқа құжаттарды көрсетіп отырса.

Аккредитив кәсіпорынның қаражатынан немесе банк ссудасынан ашылады.

Әр аккредитив бір жеткізушімен ғана есептеу жүргізуге арналған және адрестелмеуі тиіс. Аккредитивтің әрекет ету мерзімі ашылған күннен беатап жеткізуші банкте 15 күн. Аккредитивті қойған төлеуші оларды 1060 шотында белгілеу керек.

Аккредитивті ашқан кезде банктің жазылған көшірмесі негізінде өтініш бойынша хатшылық тексеріс құрастырылады: Дебет 1060 Кредит 1030 немесе 3010.

Жеткізушілерге қарыздарын өтеуіне аккредитивтен ақша қаражатын жою Дебет 3310 Кредит 1060.

Мерзім өтіп кеткен кезде аккредитивтің қолданылмаған сомасы жабылады: Дебет 1030 Кредит 1060

Банк клиентпен аккредит ашқанда өтініште ұсынылған соманы сақтайды және жеткізушіге қызмет көрсететін банктің бөлімін осы туралы ескертеді. Жеткізуші тауарды алған соң алынған тауардың есебін өз банкінің бөліміне көрсетеді, осы есептің негізінде банк оған аударатын ақша құралын аккредиттан аударады.

Чек - бұл, арнайы бланкте құрылған банк шотынан сатып алушы шотына ақша сомасын аудару туралы клиенттің банкке жазбаша тапсырысы.

Чек алынған тауар - материалды құндылықтар,көрсетілген қызметтерді есептеу үшін қолданылады.

Чектік кітапты алу үшін кәсіпорын орналасқан үлгілі бір экземплярда өтініш көрсетеді. Чектік кітапты беру туралы өтінішпен бірге кәсіпорынға ашылатын есептік шотта қаражатты сақтау үшін төлемдік тапсырыс көрсетеді.

1060 шоты бойынша келесі жүргізулер құрылады.

Чектік кітапша ашу үшін кеткен ақша сомасы: Дт 1060 Кт 1030.

Банкке қайтару кезінде чектік кітаппен қолданылмаған қалдық соманы кәсіпорын шотына аудару Дт 1030, 1010 Кт 1060.

1060 шотында арнайы сақтауды талап ететін қаражаттар белгіленеді: мақсатты қаржыландыру қаражаты, сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік субсидиядан және жергілікті бюджеттен алынған қаражат, демалу лагерлері, күрделі салуларды қаржыландыру қаражаты, инвестордың сұранысы бойынша бөлек шоттан алынатын және шығындалатын қаражат.

1060 шоты бойынша келесі жүргізулер құрылады.

Банктердегі арнайы шоттарға қаражаттың түсуі: есептік шоттан қаражатты аудару кезде: Дт 1060 Кт 1030.

Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражаттың түсуі кезде: Дт 1060 Кт 6230.

Банктерде арнайы шоттардан жеткізушілер алдындағы қарыздарды жабу Дт 3310, 3390 Кт 1060.

Жұмыс істеуі және қызмет көрсетуі үшін ТМҚ-ға жеткізілуіне үстем ақы беру Дт 1610,1610 Кт 1060.

Банктердің арнайы шотынан қаражатты алу Дт 1010 Кт 1060

 


Информация о работе Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттеріннің есебі