Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттеріннің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 13:32, реферат

Краткое описание

Активтер – кәсіпорындағы өткен периодтардың нәтижелерін бақылаудағы ресурстар, компания олардан болашақта экономикалық пайда түсіреді.
Активтерді жою мерзімі бойынша бөлінеді:
- көп мерзімді (бір жылдан көп);
- қысқа немесе өтпелі мерзімді (бір жылға дейн).
ХҚЕС сәйкес актив қысқа мерзімді болып саналады, егер:
- осы қолданысқа ұйғарса немесе сатуға ұстау немесе операциялық циклда қалыпты жағдайда қолдану;
- ол коммерциялық мақсатта немесе қысқа мерзімде ұсталынады және оны он екі ай ішінде қолданысқа ұйғарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акша каражаттары.docx

— 39.60 Кб (Скачать документ)

Ақша қаражаттары  мен оның эквиваленттеріннің есебі

Активтер – кәсіпорындағы өткен периодтардың нәтижелерін бақылаудағы ресурстар, компания олардан болашақта экономикалық пайда түсіреді.

Активтерді жою мерзімі бойынша бөлінеді:

-       көп мерзімді (бір жылдан көп);

-       қысқа немесе өтпелі мерзімді (бір жылға дейн).

ХҚЕС сәйкес  актив қысқа мерзімді болып саналады, егер:

-       осы қолданысқа ұйғарса немесе сатуға ұстау немесе операциялық циклда қалыпты жағдайда қолдану;

-       ол коммерциялық мақсатта немесе қысқа мерзімде ұсталынады және оны он екі ай ішінде қолданысқа ұйғарады.

Бухгалтерлік баланста өтпелі активтер бөлімінде бес негізгі элементтер көрсетілген: ақша құралы, қысқа мерзімді инвестициялар, дебиторлық қарыздар, тауар – материалды қорлар, өтем-ақымен берілген шығындар. Дұрыс ашылу және ақша құралдары мен олардың эквивалентін сұрыптау компанияның  ликвидті дәл баға беру үшін керек.  Ақша құралдары және олардың эквиваленті. Ақша құралдары көбінесе ликвидті активтер айырбас құралы мен негізгі баға және есеп құралы болып саналады. Ликвидті активтер өтпелі міндеттерді төлеу үшін тез қолданылатынымен мінезделеді.

Ақша құралдары  өтпелі активтер сияқты сұрыпталады. Олар ақша құралдарына қатысты болу үшін өтпелі міндеттерін төлеуге қолайлы болуы керек. Ақша аударымы, клиент чегі банкте берілген кепілдемесімен, кассалық чектер, персоналды чектер мен банктік аударымды вексельдер сияқты қайтымды құжаттар ақша құралдарына жатады. Егер компанияның ақшалай құралдары төленетін өтпелі міндеттерінен көп болса, онда бөл ақшалай құралдарды пайыздық бағалар өскен кезде айналымға түсіру пайдалы. Ол ақша құралын шұғыл депозиттерге немесе депозитті сертификаттарға, мемлекеттік немесе басқа құнды қағаздарға салуы мүмкін. Мұндай салымдар қысқа мерзімді инвестициялар деп аталады және ақша құралына жатпайды.Ақша құралдарын есептеу барысында басшылық екі мәселеге тап болады:

-        жоғары лауазымды адамдар мен жұмысшылардың белгіленбеген операцияларын есепке алмау жөніндегі бақылауды орнату;

-        тұтас ақша құралдары мен ақшалай құралдардың операцияларда болатын басқару үшін берілетін ақпарат.

Ақша құралын  сақтау және олардың есептеу нақтылығы үшін ақша құралдарына тиімді ішкі бақылаудың бар болуы керек.

Ақша құралдардың  ішкі бақылауы келесі қызметтерді орындау тиіс:

-       ақша құралдарын бөлек сақтау мен бөлек есептеу;

-       нақты есептеуден өткен операцияларды есептеу;

-       кассада тек қана керекті қалдықты сақтау;

-       ақша құралдарын қоғамдық бақылау. 

Ақша құралдарын есепке алу кезінде келесі сұрақтарға назар аудару керек:

-        шектелген ақша құралы;

-        банктік овердрафттар;

-        ақша құралдарының эквиваленттері.

Банк қарыз беретін клиенттерінен өтпелі немесе жинақтаушы есеп-шотында минималды ақшалай қалдықтарды қалдыруын талап етеді. Бұл минималды қалдықтар – компенсациялық қалдықтар құнды қағаздар комиссиясымен анықталады. Компенсациялық қалдықтар – бұл кредит беру жөніндегі келісімді қамтамасыз ететін компаниямен сақталатын минималды сома.

Банктік овердрафттың банкке қарыз пайда болған себебі: ақшалай қаражат есеп шотында қалған қалдық берілген чек сомасынан асатын болған жағдайда. Банктік қарыздар көбінесе қаржы іс-әрекеттері сияқты қарастырылады. Бірақ банктік овердрафттар қайтарылуы талап етілгенде компанияның ақша қаражаты басқарудың ажырамас бөлігі болады. Мұндай жағдайда банктің овердрафттар ақша құралы және олардың эквивалентінің компоненті ретінде саналады.

Овердрафттар қысқа мерзімді міндеттер сияқты есептеледі және кредиттік қарыздың сомасына енгізіледі. Егер овердрафттың сомасы өте үлкен болса, онда бұл баптарды бөлек не баланстық есептеуде, не болмаса сәйкесінше түсіндірме хаттарда ашылуы тиіс. Көбінесе овердрафттар компаниясының чек беру кезіндегі жай ғана қателіктерден пайда болады. Банктер компанияда белгілі бір уақытта овердрафттар пайда болғанын күтеді, сондықтан комиссионды төлемді пайда болар овердрафт үшін ұстап қалады. Егер овердрафттар сол банкте бөлек есеп шотта көрсетілген болса, онда өтпелі активтер шотынан овердрафттар жойылмайды.

Ақша құралының  эквиваленті. Ақша құралының эквиваленті – қысқа мерзімді, жоғары ликвидті инвестициялар, келесі шарттарды қанағаттандырады:

-       ақшалай құралдарға аударуға дайын;

-       олардың жабу мерзімі соншалықты аз, олардың пайыздық бағасы шамалы.

Ақша құралдарының эквиваленті қысқа мерзімді ақша міндеттерін қанағаттандыру үшін және инвестиция немесе басқа мақсаттарға арналған. Инвестиция ақша құралдарының эквиваленті ретінде мамандануы үшін ақша қаражатының белгілі бір сомасына ауысуы тиіс және шамалы тәуекелге бағаның өзгеруіне әкеледі. Әдетте, инвестиция ақша құралдарының эквиваленті ретінде тек қана қысқа мерзімде өтеліп, үш ай немесе табыс күнінен аз болғанда бола алады. Ақша құралдарының эквивалентіне жатады: қазыналық вексельдер, қысқа мерзімді комерциялық вексельдер, нарықтық құнды қағаздар, депозитті сертификаттар, ерекше жеңілдетілген акциялар, олардың өтеуінің мерзіміне дейін табысталған және нақты төлеу күнін көрсету үшін.

Типтік жоспарлауда ақша құралын есептеу үшін 4 бөлімнің шоты бөлінген. Шоттар құрылымы мен белгілеуі бойынша активті болып келеді.

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында әрқашанда құралдарды және еңбек заттарын сатып алу, өнімді қолданысқа өткізу жөнінде келісімдер жүргізіледі.

Сонымен қатар бұдан басқа бюджетпен, банктермен, сақтандыру компанияларымен және т.б. есептеулер жүргізіледі. Кәсіпорындар арасындағы болатын барлық төлемдер ақшалай жасалады. Төлеулер екі түрлі жолмен жүреді: банк жүйесіне аударымдар арқылы немесе тұтас ақшалай төлемдері арқылы.

Ақшаны сақтау және есепсіз төлемдер жүргізу үшін әр заңды тұлға банкте есептік шот ашады.

Банкте есептік шот ашу үшін келесі құжаттарды әкелу керек:

-       есептік шотты ашуға өтініш;

-       қол үлгілері бар екі карточка;

-       салық мекемесінің берген құжаты: кәсіпорыннның тіркелуін көрсетеді;

-       юстиция бөлімінен берілген құжат;

-       нотариуспен куәландырылған жарғы немесе келісім көшірмесі.

Ақшаны беру, есепсіз аударуларды кейбір жағдайларда және есептік шотқа түсіру басқарушының және бас хатшының қолдарымен және мөрімен куәландырылған құжаттардың арнайы түрімен жүргізіледі. Заңмен қарастырылған басқа жағдайларда банк есептік шоттан ақшаны ала алады.

Банктерде ақшаны алу және беру немесе есепсіз аударулар жүргізетін құжаттар:

-       есептік шотқа ақша қаражатын енгізу кезінде ақшалай жарнаға хабарландыру хатталады;

-       ақшалай чек – нақты ақшалай сомасы көрсетілген кәсіпорынның есептік шотынан төленуі туралы кәсіпорынның банкке бұйрығы болады;

-       төлемдік тапсыру – кәсіпорыннның есептік шотынан алуының есептік шотына сәйкес соманы аудару жайлы кәсіпорынның банке тапсырысы;

-       төлемдік талап тапсырысы-бұл тапсырыс төлеушіге жазылады, ол онымен танысқанын төлеу туралы шешім қабылдап, қолымен және мөрмен растайды.

Жасалған операциялар жайлы банк кәсіпорынға есептік шоттағы көшірме арқылы хабарлайды, оған есептік шотта жасалған операциялар кезіндегі құжаттар қоса жіберіледі. Кәсіпорын ақша құралдарын сақтай отырып, банк өзінін кәсіпорынның қарызшысы (несиелік қарыз) деп санайды, сондықтан қалған қалдықты және есептік шотқа түскендерді несиелік есеп көшірмесіне жазады, ал өзінің қарызының азаюын дебет бойынша жазады.

Есептік шоттағы ақшалай қаражатты есептеу үшін есептерді типтік жоспарлауда 1030 шоты белгіленеді. Бұл шот активті. Дебеттік сальдо белгілі уақытқа кәсіпорынның ақшалай қаржысының бос қалдығын көрсетеді. Дебет есеп 1030 есептік шотқа түскен ақшалай қаражатты көрсетеді. Бұл шоттың несиемен жеткізушілерге, бюджет подрядчиктеріне, банкке ақша құралдарынының аударымы көрсетіледі, сонымен қатар кәсіпорын кассасына берілген ақшаның сомасы корсетілген.

1030 шотының несиесі үшін айналымды нұсқау бойынша журнал  - ордер № 2 қызмет етеді. Айдың аяғында журнал – ордер жабылып, барлық мәліметтер бас кітапқа енгізіледі.

Есептік шот бойынша операциялар әрекеттегі заңнамамен реттеледі және бос ақша шегінде шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Есептік шот иесінің келісімімен мердігерлер мен тауар жеткізушілердің төлем талап-тапсырмасы бойынша ақша жазылуы жүзеге асырылады. Есептік шоттың иесінің келісімінсіз ақшалай қаржы бюджетке төлемдерді тартып алу, басқа жағдайда талғағыш нұсқаулығы бойынша ақшалай қаржы жазып тасталуы тәртібі орнатылған. Субъектілер шоттары бойынша барлық төлемдер, оның ішінде бюджетке төлемдер мен еңбек ақы төленуі, банкіге есептік құжаттардың түсуінің күнтізбелік кезегі тәртібінде жүзеге асырылады (төлемдер мерзімінің болуы). Банкімен төлем қабілеті жоқ деп есептелген, субъектілер міндеттемелері бойынша төлемдердің кезектілігі банкі мекемесінің жетекшісімен анықталады. Есептік шоттағы есеп бірінші бөлімдегі бухгалтерлік шотта жүргізіледі. Ұйым субъектілерінің шоттары бойынша ашық шоттарды ашады (екі дана). Біріншісі ашық шоттан көшірме болады және шаруашылық субъектісіне беріледі, ал екіншісі – ашық шотқа. Көшірме орындаушының қолымен және банкінің «көшірмелер үшін» мөрімен кепілдендіріледі. Көшірмедегі түзетулер оындаушының қолы, бас бухгалтер мен оның орынбасарының қолымен кепілдендіріледі және банкі мөрімен басылады. Көшірмеге басылатын құжаттарда мөрлер қойылуы мүмкін, онда көшірмеге қол қоятын операциялық жұмыскердің коды және ашық шот бойынша берілген құжаттардың жазылу күнін көрсетумен күнтізбелік штемпель қойылады. Көшірмелар субъектілермен келіскен мерзімде, бірінші немесе екінші қол қою құқығына ие тұлғаға немесе субъектінің сенімхаты бойынша кез келген жұмыскерге беріледі. 1031 теңгемен ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаты шоты бойынша тенгемен есеп айырысу операцияларының есебі жүзеге асырылады.

Тенгемен банк шоты операциялары бойынша шот корреспонденциясы 

Мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

Есеп шотынан ақша түскен

1010

1031

Есеп шотынан бюджетке салықтар есептелген

3110-

3190

1031

Материалдар үшін есеп шотынан әкелушілерге есептелген

3310

1031

Банкке несиелерін жабу бойынша есеп шотынан есептелген

3010

1031

Банктің есеп шотына қысқа мерзімді несие есептелген

1031

3010

Жеткізілген өнімдер бойынша есеп шотына түскен қаражат 

1031

6010


Кесте  – Валютамен банк шоты бойынша шот корреспонденциясы

Мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

Шетел сатып алушылары мен тапсырыс берушілердің алынған аванстары валюталық шотқа есептелген

1032

3510

Валюталық шотқа оң курс айырымдары есептелген

1032

6250

Теріс курс айырымдары ескерілген

7430

1032

Шетел валютасында банк қарызы валюталық шотқа есептелген

1032

3010

Шетел жеткізушілері мен мердігерлерімен есеп айырысулары жасалды

3310

1032

Валюталық шоттан есеп айырысу қызметі бойынша банкке есептелген

7210

1032


 

 Кәсіпорындағы қаражатты сақтау үшін касса құрылады. Кассалық операцияларды кассир жасайды, ол толық материалдық жауапкершілігі бар тұлға болады.

Көп жағдайларда  касса ақша есептік шоттан, валюттік  шоттан сатып алушылардың, есепші тұлғалардың жұмысшылардың және т.б шоттардан түседі. Кірістік кассалық ордер бойынша кассир кассаға ақшалай қаржыны қабылдайды. Кірістік кассалық ордер екі бөлімнен тұрады: ордер және түбіртектің үзбелі бөлімі. Ақшалай қаражатты беру шығындық кассалық ордер бойынша өткізіледі.

Қаржыны қабылдау және беру кассалық ордері арқылы құрылған күні ғана жүргізіледі. Кірістік және шығындық кассалық ордерлерді жазу кезінде хатшы оларды кірістік және шығындық тіркеу журналына тіркейді. Ордерлерді хатшы хазуы тиіс.

Ақшаны берілгеннен және алғаннан кейін кірістік және шығындық ордерлерді көсеткіштері касалық кітапқа жазылады, онда ол нөмірленуі және жинақталуы тиіс. Кассалық кітаптағы жазбалар екі экземплярда көшірме қағаз арқылы жүргізіледі. Екінші экземпляр үзбелі және хатшы есебі ретінде болуы керек. Кәсіпорында бир кассалық кітап болады. Ақшалай қаржыны есептеу үшін тіркеуші боп журнал – ордер №1 мен тізімдеме №1 көрсетіледі. Журнал – ордерін толытру негізі хатшының есебі болып саналады. Журнал – ордерде жол саны қанша болса, хатшы есебі сонша болып толтырылуы керек.

Типтік жоспарлық есепте кассадағы ақша қаражатының есебі мен қозғалысы үшін «Ұлттық валютада кассада болуы» 1010 шоты және «Шетелдік валютада кассада болуы» 1032 шоты белгіленген. Шоттар активті болады. Дебеттік сальдо кәсіпорынның ай басында кассадағы бос ақшаның сомасын көрсетеді. Дебет бойынша айналым кассаға түскен ақша сомасын ал несие бойынша айналым берілген соманы көрсетеді.

Кесте  – Кассалық операциялар бойынша шот корреспонденциясы

Шаруашылық операциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

Банктегі есеп шотынан алынған кассаға ақша қаражатының түсуі (еңбекақы беру, шаруашыдлық шығындар)

1011,1012

1031,1032

Өнімдер, қызметтер мен  қызмет етулер бойынша тапсырысберушілердің сатыпалушыларынан алынған кассаға ақша қаражатының түсуі

1011,1012

1211

Пайдаланбаған есептілік соммаларды кассаға

1011

1251

Жеткізушілер шоттарын қолма-қол ақшамен төлеу

3310

1011

Кассадан есептілікпен берілген

1251

1011

Кассадан ақша қаражаты ағымды банк шотына тапсырылған

1031,1032

1011,1012

Кассадан еңбекақы төленді

3350

1011

Қызмет ету мен қызметті орындау қорларды жеткізуге  қысқа мерзімді авансты беру

1610

1011

Кассадағы ақша қаражатының жетіспеушілігі

7410

1011

Кінәлі тұлғамен жетіспеушілігі жабылды

1011

1253

Информация о работе Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттеріннің есебі