Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 23:14, дипломная работа
Бухгалтерлік есеп әдісінің екі жақты белгіленгендіктен бухгалтерлік балансы үшін ғана тән сипат. Бухгалтерлік баланстың екі жақты сипатта болуы қарама- қарсылықтар бірлігі заңының мәні ғана емес, сонымен бірге ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасын анықтау үшін негіз болады. Объектінің экономикалық мәнін жетерлі дәрежеде түсіну мақсатында болыстың құрамдық- оның жеке статьялары мен топтарға бөлінуі бейнеленген. Потенциалды инвесторлар мен кредиторлар бухгалтер балансының актив және пассивтердегі топтар мен кіші топтар арасындағы қатынастарға және оның мағынасына үйренеді және баға береді. Сонымен, диплом жұмысының бірінші тарауында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен оның халық шаруашылығының дамуындағы маңызы айтылады.
Кіріспе.
тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.
тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.
2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі форма.
2.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі.
2.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдауы үшін ақпарат көзі ретінде
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Студенттің қолы
Ғылыми жетекшінің қолы
Жазылған уақыты “ ” 2007ж
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану- бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:
кез- келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
бастапқы құны- активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
ағымдағы құны- активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
сату құны- активтер өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;
дисконтталған құны- активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе қортындыланады);
баланстық құны- актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Кәсіпорын балансы 1 қаңтар 2006 ж.
Ұйымның атауы АШМ “Сервис орталығы” Мекен- жайы Атакент өңірі Өндіріс ұйымының қызмет ету түрі Шаруашылық нысаны Мемлекеттік мүлікті басқару органы Өлшем бірлігі Берілу мерзімі Нақты берілген мерзімі
|
Басшы_________________________ Бас бухгалтер_____________________ |
Қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық- шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:
өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;
өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
жалпы табыс- өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;
кезең шығыстары- өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздары төлеу бойынша шығыстары;
негізгі қызметтен түскен табыс (зиян)-
жалпы табыс пен кезең
негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян)- кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидий т.б.).
салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табыс- негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;
табыс салығы бойынша шығыс- 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;
салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);
төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны)- есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;
“АШМ «Сервис» Орталығы”(атауы) Атакент өңірі. (мекен- жайы)
ҚАРЖЫЛЫҚ- ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ 1 қаңтар 2006ж (мың теңге)
|
таза табыс (зиян)- есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.
Сонымен, қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижелеі: 70- “Негізгі қызметтен түскен табысы”, 72- “Негізгі емес қызметтен түскен табысы”, 80- “Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны”, 81- “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында жұмсалған шығындары”, 82- “Жалпы және әкімшілік шығындары”, 84- “Негізгі емес қызмет бойынша шыққан шығындары”, 85- “Табыс салығы бойынша шыққан шығындары”, 71- “Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай- ақ баға шегерімдері”, 86- “Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан келген табыстары (зияндары)”, 87- “Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны)” шоттарының деректерінің негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда, есеп беруге қажетті барлық деректерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан мәліметтерден тікелей алынады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай- ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
№ 4 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестциялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатыр алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеіс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражатының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен
түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын
ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы
мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай
түсім қаражаттары мен
Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсіммен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік- дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер- бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай- ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректр) жасалады. Бұл әдісте баланс мәлісеттері мен қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Таза табысты түзететін операциялар |
Түзетуді жүргізудің тәртібі |
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы |
Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді |
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар (запастар), болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т.б. |
Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды да, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетеді |
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері (қысқа мерзімді банкі несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер |
Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді |
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру- жанама әдіс 1 қаңтар 2006ж Кәсіпорын ұйым “АШМ Сервис Орталығы” № 3 нысаны Өндіріс саласы (қызмет түрі) өндіріс Өлшем бірлігі: мың теңге
Басшы_________________________ Бас бухгалтер_____________________ |
Информация о работе Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы