Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 23:14, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп әдісінің екі жақты белгіленгендіктен бухгалтерлік балансы үшін ғана тән сипат. Бухгалтерлік баланстың екі жақты сипатта болуы қарама- қарсылықтар бірлігі заңының мәні ғана емес, сонымен бірге ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасын анықтау үшін негіз болады. Объектінің экономикалық мәнін жетерлі дәрежеде түсіну мақсатында болыстың құрамдық- оның жеке статьялары мен топтарға бөлінуі бейнеленген. Потенциалды инвесторлар мен кредиторлар бухгалтер балансының актив және пассивтердегі топтар мен кіші топтар арасындағы қатынастарға және оның мағынасына үйренеді және баға береді. Сонымен, диплом жұмысының бірінші тарауында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен оның халық шаруашылығының дамуындағы маңызы айтылады.

Содержание

Кіріспе.
тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.
тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.
2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі форма.
2.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі.
2.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдауы үшін ақпарат көзі ретінде
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Студенттің қолы
Ғылыми жетекшінің қолы
Жазылған уақыты “ ” 2007ж

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАРЖЫЛЫҚ-ЕСЕП-ЖӘНЕ-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДА-БУХГАЛТЕРЛІК-БАЛАНСТЫҢ-РОЛІ-МЕН-МАҢЫЗЫ.doc

— 324.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан республикасы

Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті Экономика-ќ±ќыќ факультеті

Экономика кафедрасы

 

ТОЛЃАНБАЕВ МЄЛІК 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: “ҚАРЖЫЛЫҚ  ЕСЕП ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДА 

                         БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ”

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:    Төремұратов Еркін – доцент,

экономика ғылымдарының

        кандидаты

 

 

Қорғауға жіберілді.

Экономика кафедрасының                   Серіков Бегім доцент,

меңгерушісі:       экономика ғылымдарының

                                                                кандидаты

Жетісай – 2007ж.

 

 

Бекітемін__________

Экономика кафедрасының меңгерушісі: доц. Серіков Б.

 

“Сырдария” университеті Экономика жєне ќ±ќыќ факультеті Есеп жєне аудит мамандығы күндізгі бөлім 4- курс студенті Толѓанбаев Мєліктіњ диплом жұмысы

 

 

Жоспары

Тақырыбы: “Қаржылық  есеп және кәсіпорынды басқаруда  бухгалтерлік баланстың ролі мен  маңызы”

 

Кіріспе.

  1. тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.
    1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
    2. Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.
  2. тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.

2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі  форма.

2.2. Бухгалтерлік баланс  және оның кәсіпорынды басқарудағы  ролі.

2.3. Бухгалтерлік баланс  қаржы талдауы үшін ақпарат  көзі ретінде

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Студенттің қолы

Ғылыми жетекшінің қолы

Жазылған уақыты “ ”   2007ж

 

 

 

Мазмұны

Беті

 

Тақырыбы: “Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда

бухгалтерлік баланстың  ролі мен маңызы”

Кіріспе__________________________________________________

  1. тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы___________
    1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы_______
    2. Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері____

 

  1. тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда

       бухгалтерлік баланстың ролі  мен маңызы_______________

2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі  форма__

2.2. Бухгалтерлік  баланс және оның кәсіпорынды  басқарудағы ролі___________________________________________________

2.3. Бухгалтерлік  баланс қаржы талдауы үшін  ақпарат көзі ретінде________________________________________________

 

Қорытынды____________________________________________

Пайдаланған әдебиеттер тізімі____________________________

Қосымшалар___________________________________________

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДА  БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ РӨЛІ МЕН  МАҢЫЗЫ.

 

КІРІСПЕ

 

Еліміздің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды немесе жеке тұлғаның негізгі мақсаты мен әрекеті және оған деген ұмтылу күнделікті қалыптасқан ұдайы өндірістің бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да диплом жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Қоғамда әрқандай өндірістің ұдайы өндірілуі үшін өз кезегінде өндірістік запастардың көлеміне тікелей байланысты болады. Ол өз кезегінде жұмыс күші мен еңбек құрал жабдықтарын пайдалану дәрежесіне байланысты болса, ол өнімді өндіру мен оны реализация ету тікелей тұтыну рыногына байланысты болады. Нарықты жағдайда рыногтың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен бухгалтерлік балансты қажет етеді.

Қоғамдық жиынтық өнімді ұдайы өндіру теориясы мен оның тәжірибесі бухгалтерлік баланс әдісінің мазмұнын анықтап береді.

“Баланс” сөзі француз  тілінен алынған болып, ол екі  жақты кестелер бейнесінде жасалынып, топтандырылып жинақты ведомоствадағы көрсеткіштер жүйесі болып есептелінеді. Бұл кестелерде белгілі бір кезеңде шаруашылық құрал жабдықтардың болуы және оны ақшалай бағада қалыптастырудың қайнар көздері айқындалады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік баланс актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану кезеңі қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет беріледі.

Бұл жағдай бухгалтерлік баланстың мәнін түсіну шекарасын  тағы да кеңейтеді. Экономикалық субъектінің  қаржылық тұрақтылығын анықтауда товарлар, жұмыс және қызметтер рыноктарындағы орнын білдіреді.

Бухгалтерлік баланстың  мәні оны белгілеу, тағайындау арқылы білінеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдісін бір бөлегі болып табылса, екінші жағынан ол кезеңдік және жылдық есеп беру формасы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп әдісінің екі жақты белгіленгендіктен  бухгалтерлік балансы үшін ғана тән  сипат. Бухгалтерлік баланстың екі  жақты сипатта болуы қарама- қарсылықтар  бірлігі заңының мәні ғана емес, сонымен бірге ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының бағасын анықтау үшін негіз болады. Объектінің экономикалық мәнін жетерлі дәрежеде түсіну мақсатында болыстың құрамдық- оның жеке статьялары мен топтарға бөлінуі бейнеленген. Потенциалды инвесторлар мен кредиторлар бухгалтер балансының актив және пассивтердегі топтар мен кіші топтар арасындағы қатынастарға және оның мағынасына үйренеді және баға береді. Сонымен, диплом жұмысының бірінші тарауында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен оның халық шаруашылығының дамуындағы маңызы айтылады. Сонымен бірге бұл тарауда есеп беру мәліметтері кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін пайдаланатындығы туралы айтылады.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының айналысы айналысы туралы есеп беру, ақша қаражатының айналысы туралы есеп беру іс- шаралары туралы ақпарат береді.

Диплом жұмысының екінші тарауында “Қазіргі кезеңде кәсіпорынды  басқаруда бухгалтерлік баланстың  ролі мен маңызы”  туралы пікірлер айтылып, оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынады. Әсіресе бұл есеп  пен есеп  берудің  дәрежесі халықаралық                       мен  талаптартарға жауап беретін дәрежеге жеткізу қазіргі басты проблемасы екендігі туралы айтылады.

Сонымен бухгалтерлік балансты оқи алу төмендегідей мүмкіндіктерге ие болуға жағдай жасайды.

  • Кәсіпорын туралы жиі көлемде ақпарат алады
  • Кәсіпорынның меншікті айналымы қаржыларымен қамтамасыз ету дәрежесін анықтайды
  • Айналмалы қаржылардың көлемі есепшоттың қай статьялары есебінен өзгеріске ұшырағанын анықтайды.
  • Талдау көрсеткіштерін есептемей- ақ кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы анықталынады

Бухгалтерлік баланс коммуникацияның нақты құралы болып  есептелінеді. Соның арқасында:

  1. Кәсіпорын басшысы өзіне ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өзінің кәсіпорынның орны туралы мәлімет береді, таңдаған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі мәселелердің шешімін қабылдауы, ресурстарды тиімді пайдалану туралы салыстырмалы сипаттама алады.
  2. Аудиторлар өздерінің тексеру нәтижелерінің дұрыстығы туралы нұсқаулар алады, өздері көрсеткен кемшіліктердің есеп беру прцесінде қай дәрежеде орындалатындығы туралы мәлімет алады.
  3. Талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Диплом жұмысының негізгі  мақсаты: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін және қабылданған басқару  шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік баланстың орнын, маңызын  және ролін көрсету болып табылады.

Қаржылық есеп беру басқарушы  органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел  басқару үшін қажет және ол болашақ  кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- тарау.  Қаржылық есеп беру және оның  жасалуы.

1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.

 

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық- шаруашылық

қызметін кешенді түрде  сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің  мақсаты өз пайдаланушыларына заңды  тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай- ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы  органдардың жұмысын және субъектің  ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау  үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел  басқару үшін қажет және ол болашақ  кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Егер беруге қойылатын  негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел- статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені  үшін кәсіпорынның басшысы мен бас  бухгалтері Қазақстан Республикасының  әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің  негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, оларды төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъекте өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшалайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс: қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез- келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай- ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Информация о работе Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы