Өсімдіктер экологиясы және өсімдіктердің алантүрліліг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 17:46, практическая работа

Краткое описание

Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды.
Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық–суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілітілгін таңдамады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдіктер экологиясы және өсімдіктердің алантүрлілігі п4.docx

— 235.78 Кб (Скачать документ)

Табиғи сұрыптаудың түрлері. Орта жағдайларына байланысты табиғи сұрыптаудың әсері әр түрлі болады. Айталық, бір қолайлы жағдайда пайда болған тұқым қуалайтын өзгеріс тиімді болса, онда сұрыптау белгілі бір бағытта жүреді. Бұл фенотиптің бірте-бірте өзгеруіне және өзгергіштіктің реакция нормасының бір бағытқа қарай ауысуына апарып соғады. Сұрыптаудың мұндай түрін қозғаушы сұрыптау дейді. Мысалы, ірі өндіріс орталықтарында түтін мен ыс көп болғандықтан, сол маңда өсетін ақ қайыңның діңгегі қоңырқай-күңгірт болып өзгереді. Соған байланысты қайыңда тіршілік ететін ақшыл көбелектердің арасында кейде күңгірт  түсті мутанттар пайда болады. Егер мұндай құбылыс ауасы таза ауыл жағдайында болса, сұрыптау арқылы жойылып кетер еді. Себебі, ақшыл қайыңдағы күңгірт түсті көбелектер тез көзге түседі. Сондықтан оларды құстар жеп құртады. Ал түтінмен ысталған қайыңдағы көбелектер көзге көп түспейді, яғни табиғи сұрыптау оларды сақтап қалады. Сонда мұндай сұрыптауды жүзеге асыратын фактор — көбелектерді жейтін құстар. Егер сұрыптау өте жылдам қарқынмен жүрсе, тез арада күңгірт түсті популяция пайда болады. Мысалы, Манчестер қаласының маңындағы қайың көбелегінің күңгірт түсті түрлері ақшыл көбелектерді 20 жылдың ішінде ығыстырып шығарған. Қозғаушы сұрыптау эволюцияда басты рөл атқарады. Бұған жылқының эволюциясы барысында оның аяғының саусақтылықтан тақ тұяқтылыққа дейінгі өзгерісі де дәлел бола алады.

Қозғаушы сұрыптаумен қатар, табиғатта тұрақтандырушы сұрыптау да кеңінен таралған. Біршама тұрақты орта жағдайларында тіршілік ететін түрлерде болатын өзгерістер жағымсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда аз өзгерістерді тудыратын мутациялар сақталып, керісінше көп өзгеріс тудыратын мутациялар жойылып отырады.

Тұрақтандырушы сұрыптауда, мысалы, жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктер гүлінің бір шағын бөлігі ғана өзгереді. Бұл сол жәндіктің мөлшеріне  ғана шақ келеді, ал олай болмаған жағдайда тозаңдануға жағымсыз әсер еткен  болар еді.

Мезозой дәуірінде пайда болған саусақ  қанатты балықтарға жататын латимерия осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етіп келеді.

Сол сияқты Қазақстанда кең тараған  ақбөкен Кайнозой дәуірінен бері қарай орта жағдайларының түрлі  өзгерістеріне қарамастан сақталып келеді. Бұларды тұрақтандырушы сұрыптаудың  нәтижесі деп білеміз.

Қозғаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғаушы сұрыптау қоршаған ортаның  ауыспалы жағдайында түрлердің өзгеруіне  ықпал етеді. Ал тұрақтандырушы сұрыптау біршама тұрақты орта жағдайларында  тиімді өзгерістерді сақтап, тұрақтандырып  отырады.

Сонымен, популяциядағы генетикалық  тұрғыдан талдау жасау микроэволюция  мен түр пайда болуының негізгі  факторы — табиғи сұрыптаудың  механизмдерін түсінуге мүмкіндік  береді.

 

Қорытынды:

1. Өзгергіштіктің екі түрі бар. Олар:

а) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік. Бұған модификациялық өзгергіштік жатады;

ә) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.

2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.

Модификациялық өзгергіштіктің өзі  белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организмнің әрбір  белгі-қасиетінің өзгеруінің белгілі  бір шамасы болады.

Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан  ол тұқым қуаламайды.

3. Модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеледі. Статистикалық әдісті қолданудың негізінде белгілердің өзгеру шамасы пайызбен анықталады. Оны вариация коэффициенті (V) деп атайды.

4. Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

5. Мутация ұғымын голландиялық ғалым Г. Де Фриз қалыптастырды. Ол 1901 жылы “Мутация теориясы” деп аталатын еңбегін жариялады.

6. Мутация тудыратын факторларды мутагендер дейді. Олардың үш түрі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.

7. Мутация екі түрлі жолмен пайда болады: табиғи жағдайда кенеттен болатын секірмелі мутация және арнайы әсер ету арқылы қолдан жасалатын индукциялық мутация.

8. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның төрт түрін ажыратады: гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық.

9. Орыс генетигі Н.И.Вавилов “Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар” заңын ашты. Оның мәні — шығу тегі жағынан бір-біріне жақын тұрған түрлер мен туыстарда болатын мутациялық өзгергіштіктер ұқсас болып келеді.

10. Алуан түрлердің пайда болуы мен сақталуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарына байланысты.

11. Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау эволюцияның қозғаушы күштері болып табылатын факторлар екенін ағылшын ғалымы Ч.Дарвин анықтады.

12. Популяцияның генетикалық құрылымын ең алғаш дат генетигі В.Иоганнсен зерттеді. 1903 жылы оның “Популяциядағы және таза линиялардағы тұқым қуалау” деген еңбегі жарық көрді.

13. 1908 жылы ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды. Ол кейіннен Харди—Вайнберг заңы деп аталды.

14. Гендік қор (генофонд) дегеніміз — популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы.

15. Табиғи сұрыпталудың қозғаушы және тұрақтандырушы дейтін екі түрі бар.

Қозғаушы сұрыптау табиғаттағы түрлердің алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандырушы сұрыптау түрлердің тұрақтылығын сақтайды.


Информация о работе Өсімдіктер экологиясы және өсімдіктердің алантүрліліг