Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 19:09, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Ботанике".
1. Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі,
құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке
тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.
Клетка өз алдына жеке организм ретінде
(бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұ
2. Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі,
құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас клеткалар
тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі
қабат-қабат болып орналасқан, қызметі
мен морфол. жағынан бірдей клеткалардан
қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар”
2 – 3 түрлі клеткалардан тұрады. Жоғары
сатыдағы өсімдіктердің клеткалары айқын
жіктелген. Өсімдік ұлпасы клеткааралық
заттардың даму деңгейіне қарай тығыз
және борпылдақ болып дамиды. Ұлпалар
жас клеткалардың бөлінуі, өсуі және жіктелуінен
түзіледі және эмбрионалды немесе түзуші
(меристемалық) және тұрақты деп ажыратылады.
Өсімдік ұлпасының жіктелімі олардың
белгілерінің жиынтығына, шығу тегіне,
клеткаларының басты ерекшеліктеріне
және қызметіне негізделген. Осы уақытқа
дейін бір келісімге келген жіктелім жоқ.
Қазір 1980 жылы американдық анатом К.Эзаудың ұсынған
жіктелімі бойынша өсімдік ұлпасын үш жүйеге бөледі:
1) жабындық ұлпа, эпидермис – өсімдік органдарын қаптап тұрады,
жапырақ пен сабақта қорғаныш қызметін
атқарса, тамырда су және минералды ерітінділерді
сіңіреді;
2) негізгі ұлпа – паренхима (өсімдіктің негізгі ұлпасы, ол сан алуан
тіршілік процестеріне қатысады), колленхима
(өсімдіктің жаңа өсіп келе жатқан мүшелерінің
механикалық тірі ұлпасы, мұнда клетка
қабықшасының қалыңдығы әр түрлі болады)
және склеренхимадан (қабықшасы қалың,
қатты сүректенген өсімдіктің мех. ұлпасы)
дамиды;
3) өткізгіш ұлпа – ксилема (құрлықта өсетін өсімдіктердің әр түрлі
клеткалардан құралған негізгі өткізгіш
ұлпасы) мен флоэмадан (өсімдікте органик. заттарды тамырға
жеткізетін түтікше-талшықты күрделі
ұлпа) тұрады. Өсімдік ұлпасы арасында
әр түрлі зат (шайыр, бальзам, эфир майы, кейбір қышқылдар, минералды тұздар, алколоидтар, су, т.б.) бөліп шығаратын құрылымдар да
болады
3. Өсімдік морфологиясы, фитоморфология – ботаника ғылымының өсімдіктерінің эволюциялық (филогенездік) және жеке (онтогенездік) дамуындағы сыртқы, ішкі құрылысын, форма түзілуі заңдылықтарын зерттейтін бір саласы.[1] Өсімдік морфологиясының дамуына байланысты бұдан
ғылымдары дамыды.
Өсімдік морфологиясы ботаниканың
бұл салаларымен өзінің зерттеу
әдістері және алдына қойған мақсаты
жөнінде (өсімдік органдары мен
жеке құрылымдарының онтегенезін, филогенезін,
органдардың құрылысы мен орналасуындағы
заңдылықтарды және олардың аналогиясын
анықтау мәселелері) тығыз байланысты
келеді. Өсімдік морфологиясы эволюциялық
жеке эксперименттікөсімдік
Өсімдіктерді морфологиялық
Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу), өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаника саласы. Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды. 19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810 – 1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер клеткасының құрылымын зерттеп, клетка теориясын ашты. 20 ғ-дың басында өсімдік ұлпасы клеткалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан клетка туралы ғылым – цитология бөлініп шықты. Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер – электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады. Қазақстанда өсімдіктер анатомиясы жөніндегі зерттеулер 1930 – 1932 жылдары КСРО ға (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстандық базасының Ботаника секторында (қазіргі ҚР Білім және ғылым министірлігінің ботаника және фитоинтродукция институты) басталды. Зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Бас ботаник. бақта, ҚазҰУ-де (Қазақ ҰлттықситетУниверситеті), ҚазҰАУ-дың (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті) арнаулы кафедралары мен ауыл шаруашылығы министірінің қармағындағы бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі. Алынған ғылыми мәліметтер биологияда, агрономияда, дендрохронологияда, фармацевтикада, тамақ және ағаш өңдеу, т.б. ш-тарда пайдаланылады
Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см,цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ,ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады.Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.
4. Бүршік (gemma) – жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркенн
Бүршіктің түрлері: Төбе бүршік қосалқы бүршік бұйыққан бүршік, Қолтық бүршік
5. Жапырақ (лат. folіum, гр. phyl
Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органиктер заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэмаболады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — талшықтар екі жаққа тең бөлініп, жапырақтың орта жеріне жақындаған сайын доға сияқты иіледі де, ұшына жеткенде бір-бірімен қайта қосылады
Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде Жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапрақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде Жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) Жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің Жапырақты — мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.
6.Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл жапырақшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.