Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 17:49, лекция
2008 жылғы (былтырғы жылдың қорытындысы әлі шыққан жоқ) әлемдік қару нарығында АҚШ үшін табысты жыл болды. Олар нарықтың 68,48%-ын иемденіп, 37,8 млрд доллар табыс тапты. Екінші орында Италия – 3,5 млрд доллар, үшінші орынды Ресей иемденді – 3,5 млрд доллар (2007 жылы 10 млрд тапқан болатын). Нарықтың жалпы көлемі – 55,2 млрд долларды құрады.
Қорғаныс өнеркәсібінің дамуы туралы Қайсар Қайырбайұлы былай дейді:
— 2003 жылғы наурызда Үкімет Қаулысымен «Қазақстан инжиниринг ҰК» Акционерлік қоғамы құрылды. Бұл компания холдингтік құрылым ретінде бірнеше қорғаныс өнеркәсібі кешендерінің басын біріктіріп отыр. Компания құрамына 29 еншілес және тәуелді кәсіпорын кіреді. Оның 17-сі қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ мұнай-газ, теміржол, агроөндіріс, жылуэнергия кешендеріне арналған өнімдерді шығарып, оларды жөндейді.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
мақсатында 2008 жылғы ақпан айында
Үкімет Қаулысымен Қазақстан қорғаныс
өнеркәсібі кешені мәселелері бойынша
комиссия құрылды. Бұл комиссия —
Үкімет жанындағы бірден-бір
2010 жылдан бері жыл сайын
бекітілетін еліміздің
Қазақстан қазірдің өзінде шетелдермен
әскери-техникалық ынтымақтастық саласында
жаңа сатыға көтерілді десе де болады.
Біздің отандық өндірушілеріміз
жаңа нарыққа шығып, кооперациялық
байланыстарды нығайтты. Қосалқы
бөлшектерді дербес экспорттау мен
кепілден кейінгі қызметке құқығы бар
«Қазарнаулыэкспорт»
— 2011 жылы украиндық әріптестермен бірлесіп, «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамының өндірістік қуатын жаңарту шаралары басталды. Нәтижесінде, бұл жерде биылдан бастап Т-72 танктеріне күрделі жөндеу жасалатын болады.
«Батыс Қазақстан машина
жасау компаниясы» акционерлік
қоғамында жоғары технологиялық
өнімдер разрядына жататын
Қорғаныс министрлігі
«Зенит» зауытына зымыранды-артиллериялық
кеме жасауға тапсырыс берген болатын.
Сәуірдің 25-і күні «Зенитте»
жасалған «Қазақстан» кемесі суға жіберілді.
Бұл жауынгерлік кеме Каспийдің
қазақстандық бөлігін күзету мақсатындағы
тапсырмаларды шешуге және жауынгерлік
патруль жүргізуге
Қазір көптеген отандық қорғаныс кәсіпорындары жөндеу және құрастыру жұмыстарынан өзге жекелеген әскери өнім түрлерін өндіру арқылы өз саласына сүрлеу салды. Байланыс, барлау және басқару, радиоэлектронды күрес жүйесі, ұшқышсыз ұшу аппараттары, құлтемірлеген екпінді кешендер, заманауи көлік авиациясы, жауынгердің ұрыс алаңындағы жеке қорғаныс жүйесі, жоғары дәлдікті қарулар және онымен күрес құралдары қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың басым бағыттары екені сөзсіз.
Бұл жұмыстардың Қорғаныс министрлігінде 2 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын және ізашар болып отырғанын атап өткен жөн. Толыққанды, дербес қорғаныс өнеркәсібі кешенін құруға бірнеше жыл керек. Сонымен қатар дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қорғаныс өнеркәсібі кешенін тек мемлекеттің күшімен дамыту жеткіліксіз. Қорғаныс өнеркәсібін дамытуда мемлекеттік әрі жеке әріптестікті қалыптастыру маңызды. Оның ішінде шетелдік және отандық инвестицияларды тарта отырып, жаңа қорғаныс кәсіпорындарын құрудың қажеттілігін бөліп айтуға болады.
Қазақстан әскері жаңа қару-жарақ пен әскери техника жүйелерімен қамтамасыз етіліп, қазіргі заманға сай жауынгерлік қимылдар жүргізуге бейімделген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуді жалғастыра бермек, — дейді Қайсар Қайырбайұлы.
Мереке қарсаңында, мамырдың
3-6-сында Астанада ІІ қазақстандық халықаралық
«KADEX-2012» қару-жарақ және әскери-техникалық
мүлік көрмесі өтеді. Осыдан екі
жыл бұрын өткізілген алғашқы
көрменің қорытындылары шығарылады.
Көрмеге қатысуға қазірдің өзінде 236
отандық және шетелдік компаниялардан
өтініш түсіпті. Қазір шетелдік әскери
техника үлгілерін
Қорғаныс министрлігінің өкілетті органы — «Казспецэкспорт» кәсіпорны 2010 жылы бірнеше шетелдік компаниялармен құны 1,5 миллиард теңгеден асатын келісімшарттар жасасты. Соның арқасында қазір ел аумағында бірнеше бірлескен кәсіпорындар ашылып, жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында электронды-оптикалық құралдар өндіретін түріктің «Қазақстан Aselsan Инжиниринг», ЕС 145 тікұшақтарын өндіріп, оларға техникалық қолдау көрсететін француз-немістік «Eurocopter Қазақстан Инжиниринг», радиостансалар өндіретін француздың «Tales Инжиниринг» және испандық «Indra Қазақстан» сияқты жетекші компаниялар бар.