Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 17:49, лекция
2008 жылғы (былтырғы жылдың қорытындысы әлі шыққан жоқ) әлемдік қару нарығында АҚШ үшін табысты жыл болды. Олар нарықтың 68,48%-ын иемденіп, 37,8 млрд доллар табыс тапты. Екінші орында Италия – 3,5 млрд доллар, үшінші орынды Ресей иемденді – 3,5 млрд доллар (2007 жылы 10 млрд тапқан болатын). Нарықтың жалпы көлемі – 55,2 млрд долларды құрады.
Әлемдік қару-жарақ нарығы
2008 жылғы (былтырғы жылдың қорытындысы әлі шыққан жоқ) әлемдік қару нарығында АҚШ үшін табысты жыл болды. Олар нарықтың 68,48%-ын иемденіп, 37,8 млрд доллар табыс тапты. Екінші орында Италия – 3,5 млрд доллар, үшінші орынды Ресей иемденді – 3,5 млрд доллар (2007 жылы 10 млрд тапқан болатын). Нарықтың жалпы көлемі – 55,2 млрд долларды құрады.
Әлемдік стандарттарға сай қазіргі заманғы қару-жарақпен жабдықталған кәсіби армия – тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің, саяси аренадағы еліміздің өмірлік мүдделерінің сақталуының кепілі. Қазіргі өзгермелі әлемде саяси процестердің жылдамдығы мен тұрақсыздығы еліміздің әскери әлеуетінің, қорғаныс қабілетінің барынша жоғары болуын талап етеді. Ал еліміздің әскери қабілетін қамтамасыз етуде қару-жарақ экспорты мен импортының, өндірісі мен жетілдіру-жөндеу жұмыстарының алатын орны ерекше.
Әдетте, «Қазақстанның қару-жарақ
экспорты» деген кезде, алдымен
еліміздің өткен ғасырдың 90-жылдарындағы
бұл бағыттағы сәтсіз қадамдары
еске түсетіні белгілі. Солтүстік Кореяға
бағытталған ескі әскери ұшақтарды
Әзірбайжанның «қырағы» кеденшілері
тәркілеп, талай жыл осы оқиғаның
көлеңкесінде қалдық. Әрине, кейіннен
ол «қырағылықты» АҚШ-тың арнайы
қызметкерлері ұйымдастырғаны белгілі
болды. Оның үстіне, Халықаралық құқық
тұрғысынан алғанда еліміздің бұл
әрекеті ешқандай криминалға жатпайтынын
да кейін білдік: КХДР еліне қалыпты
әскери қару-жарақ саудасы тұрғысынан
ешқандай эмбарго жүрмейді екен. Енді
қарап отырсақ: сол кезде жас,
тәжірибесіз мемлекетіміздің
Қалай десек те, қару-жарақ экспорты бағытында еліміз бірқатар талпыныстар жасап көрді. Мысалы, Абу-Дабидегі IDEX`2001 әскери көрмесінде бірқатар нәтижелерге қол жеткізгеніміз есімізде. Көрменің сынақ алаңында еліміздің ірі калибрлі НСВП-12,7 пулеметі талайды таңғалдырған болатын. Тұғыры қарудың қайта тебу күшінің 99 пайызын «жұтып» қоятын қазақстандық қару АҚШ-тың осы типтес пулеметімен жарысқа түсіп, жеңіп шыққан еді (нысанаға қойылған БТР-ды НСВП 1000 метр қашықтықтан шұрқ тесік қылса, американдық қару тек 350 метрден дәл тигізе алды). Сондай-ақ, ПП-90 пистолет-пулеметі, «Кобальт» револьвері, торпедалар мен суасты миналары, көпмақсатты «Омар», «Медуза» және «Комплекс Т» суасты аппараттары, жағалау күзеті катерлері де қызығушылық туғызған болатын.
Кейінгі жылдары Израильмен бірлесе отырып, өзімізде жасалған «Найза» (топтай атудың зымырандық жүйесі), «Семсер» (122 миллиметрлік Д-30 губицасы) және «Айбат» (2Б11 минометі) қарулары да үміттендіріп отыр. Олардың кемшін тұстары баспасөз бетінде кеңінен жазылғанымен, бұл отандық қарулардың экспорттық болашағы бар екенін ешкім теріске шығара алмайды. Сондай-ақ, бұл бағытта шетелдік танымал компаниялармен бірлесе жұмыс істеу жүйесі жолға қойылып отыр. Олардың қатарында израильдік «Soltam systems», «IMI», украиналық «Укроборонэкспорт», франциялық «Sagem», «Tales», ұлыбританиялық «BAE Systems» компаниялары бар.
Ал ескі қару-жарақты іске жарату мәселесінде елімізде өте үлкен мәселелер бар. Одақ тараған кезде бізге Шығыс Еуропа мен Ауғанстаннан шығарылған қару-жарақ пен оқ-дәрінің мол көлемі әкелінді. Ұмытпасақ, ұшақтардың ұзын саны 1800-ге жуық (Ресейде – 3000), 300-ге жуық тікұшақтар, тонналаған оқ-дәрі бар болатын. Қазіргі әскер қатарында барлық түрін қосқанда 350-ге жуық ұшақтар, 130 шамасында тікұшақтар бар. Ескі әскери техниканың қаншасы сақтауда тұр, қайсысы қандай бағаға сатылды деген мәселе үнемі дау туғызып келеді. Ал қазір әскери гарнизондардың қасынан өткен сайын онда тізіліп тұрған, ескі болғанымен қолданысқа жарамды бронетанкілік, әскери техникалардың сақталу жайын көріп қарның ашады. Жыл сайын жарылып жататын қару-жарақ, оқ-дәрі қоймалары да сөп сауал туғызып отыр. Ал бұл жайға жүрдім-бардым қарауға тағы болмайды. Өйткені әскери секонд-хэндтің де әлемдік қару-жарақ нарығында өз орны бар.
Ал Қазақстан қару экспортында әлдекімдердің әкіреңдеуіне, біржақты үстемдігіне қарамастан, өзіндік саясатын ұстануы керек. Өйткені экспорттың бұл бабы – әлемдік нарықтың елеулі бөлігі. Тек осы саладағы сындарлы саясатымызды құра біліп, халықаралық құқықтың сақталуы мен аймақтық қауіпсіздіктің талаптарын орындай білсек болғаны.
Алдында хабарлағанымыздай, көрме бағдарламасы мазмұнды әрі кездесулер мен келіссөздерге толы болды. ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қырғызстан, Түркия, Қытай Қорғаныс министрлерліктерінің өкілдерімен жүздесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырып, болашақ жоспарлардың орындалуын талқылады.
Қорғаныс министрінің
орынбасарлары генерал-майор
Сонымен қатар кездесулерге «Казспецэкспорт» Республикалық мемлекеттік мекемесі мен АҚ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының басшылары, Қорғаныс министрінің орынбасары бағдат Майкеев, Қарулы күштері әскери тектері мен түрлері басқолбасшылары, ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің өкілдері қатысты.
Көрме шеңберінде Қорғаныс министрлігінің басшылығы шетелдік мемлекеттік органдар делегацияларының басшылары мен қорғаныс ведомстволарының өкілдерімен отызға жуық кездесулер өткізді.
Осы кездесулер қорытындысы бойынша ниет хаттамаларына – әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жоспарларды анықтайтын құжатқа қол қойылды.
Алғашқы болып Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі, АҚ
«Қазақстан инжиниринг ҰК» мен «Eurocopter»
еуропалық компаниясы арасында ниет
хаттамасы жасалды. Бұл хаттама
ЕС-725 вертолеттерін сатып алу
мен оларды «Еврокоптер Қазақстан
инжиниринг» ЖШС базасында
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері үшін жағалаудағы кеме шабуылына қарсы зымыранды кешенін құру саласында ҚР ҚК ӘТК Басқолбасшысының басқармасы, АҚ «Қазақстан инжиниринг ҰК» мен «MBDA France» SAS (Франция) және «Indra Sistemas S.A.» (Испания) компаниялары
арасында ниет хаттамасына қол қойылды.
Ал ҚР ҚК Қару-жарақ бас
басқармасы, «Казахвзрывпром» АҚ мен
«Луганский патронный завод» ЖАҚ (Украина)
жасалған ниет хаттамасы Қазақстанда
атыс қару-жарақтарын шығару үшін жаңа
технологиялар мен құрал-
ҚР ҚК Қару-жарақ бас
басқармасы, «Алма ДК» ЖШС мен
Казаньдық оқ-дәрі жасап шығаратын
қазыналық зауыты арасындағы хаттамада
Арыс қаласында «Алма ДК» ЖШС-ң
өндірістік базасында отандық оқ-
«Град» ДАРК реактивті снарядтарын жөндеу және ату қашықтығын 20 км-ден 40 км-ге дейін ұзарту бойынша жаңарту жұмыстары ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасы, АҚ «Қазақстан инжиниринг ҰК» пен ФМУМ «МҒӨК «Сплав» (Ресей) арасындағы хаттамада анық белгіленген.
АҚ «Қазақстан инжиниринг ҰК» 2020 жылға дейін әлемнің жетекші компанияларымен 1,8 млрд. АҚШ доллары омасына келісімшарттарға қол қойылды.
Әскери және арнайы мақсаттағы
өнімдерді экспорттау және импорттаумен
айналысатын «Укрспецэкспорт» мемлекеттік
компаниясымен «Қазақстан инжиниринг
ҰК» акционерлік қоғамы БТР-4 шығару
жөнінде келісімшартқа қол
Cessna Grand Caravan 208B самолеттеріне
техникалық қызмет көрсету және
Қазақстан территориясында
«Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС мен «Казахстан Aselsan инжиниринг» ЖШС арасындағы өзара түсінушілік меморандумы ЕС-145 вертолеттеріне электронды-оптикалық құрылғының орнатуын көздейді.
Сонымен қатар, АҚ «Қазақстан инжиниринг ҰК» корейлік «STX Offshore & Shipbuilding Co., Ltd.» компаниясымен кеме жасайтын және кеме жөндейтін верфьтерін құру саласында меморандумға қол қойды.
Қорғаныс министрлігінің
қару-жарақ пен әскери техниканы
экспорттау және импорттау бойынша
уәкілетті органы – «Казспецэкспорт»
Республикалық мемлекеттік
Еске сала кетейік, екінші
халықаралық «KADEX-2012» қару-
Көрмеде Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникалары, әуе техникалары, әуе шабуылына қарсы құрылғылар мен жүйелер, арнайы мақсаттағы құрылғылар мен мүліктер, ІТ-технологиялар, тылдық және техникалық мүлік түрлері көпшілік назарына ұсынылды.
Сегіз жабық павильондар мен ашық аспан астындағы алаңда әскери және екіжақты мақсаттағы 253-тен астам қорғаныс кәсіпорындарының , оның ішінде 83 отындық және 170 шетелдік компаниялардың әскери өнімдері қойылды. Жалпы көрмеге кәсіпорындар мен ұйымдардың 2500-ден астам мамандары қатысты.
Жабық павильондарда экспозиция көлемі 6 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде 1 мың шаршы метр алаңды отандық кәсіпорындар өнімдері алды. 15 дана авиациялық техника және 83 дана құрлық техникалары орналастырылған ашық алаң көлемі 26 мың шаршы метрді құрады.
Көрмеге ҰҚКҰ делегациясының ресми өкілдері, Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Ұлыбритания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Литва, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина, Өзбекстан, Франция, Үндістан мемлекеттерінің өкілдері келді.
Әзірбайжан, Беларусия, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Украина, АҚШ, Қытай, Франция, Тәжікстан, Түркменстан, Үндістан, Түркия, Литва, Польша, Италия, Иран, Румыния, Пәкістан, Канада, Бельгия, Швейцария, Жапония, Дания, Швеция мемлекеттерінің елшілері мен әскери атташелері көрменің дипломатиялық корпусын құрды.
Көрмеге ашық күндері аясында (5-6 мамыр) мамандар мен зерттеушілердің бағалауынша 10 мыңнан астам келушілер келді, бұл өз кезегінде астанаммыздың туризм және қонақжай бизнесінің дамуына оң ықпалын тигізді. Көрменің ресми қонақтары мен қатысушылары үшін Астана қаласы бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Осы көрменің ерекшелігі – шетелдік компаниялардың қару-жарақ мен әскери техника үлгілерінің қолданыстағы түрлерін көрмеге қоюында болды.
Көрме барысында қазақстандық әскери мамандар әскери-көліктік, фронттық және әскери авиация техникаларымен танысты. Airbus Military компаниясы түрлі модификациядағы әскери-көлік самолеттерін ұсынды, Eurocopter компаниясы ҚР Қарулы күштерінің қолданысындағы ЕС-725 Super Puma вертолеті мен ЕС-145 вертолетін көрсетті. Ресейлік «МиГ» самолет құрайтын корпорациясы, П.Сухой атындағы ОКБ, М.Миль атындағы Мәскеулік вертолет зауыты өздерінің өнімдерін ұсынды.
Қазақстан Қарулы күштері мамандарының басты назары МиГ-29М2 көп функционалды жойғыш ұшағына, Ми-17 авиациялық вертолетына, «Штурм-СМЭ» зымыранды кешеніне, жаңартылған ЗРК-125 зенитті-зымыран кешеніне («Рособоронэкспорт»), жаңартылған ЗРС «Бук-МБ» кешеніне, француздық «Sagem» фирмасының, израильдық «ІАІ» және «Elbit Systems» компаниясының, Пәкістанның «GIDS» фирмасының ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарына аударылды.
Сонымен қатар, аса қызығушылық тудырған әскери құрылғылар мен техникаларға келетін болсақ, ол – ресейлік және корейлік мина тергіш кемелері, испаниялық «INDRA» және француздық «MBDA» компанияларының жағалаудағы кеме шабуылына қарсы зымыран кешендері, ресейлік «Системпром» концерні ұсынған әскерлерді басқаруға арналған автоматтандырылған жүйе кешені.
Байланыс әскерлерінің өкілдері
«Tadiran» (Израиль), ресейлік «Сарапульский
радиозавод», қазақстандық «Delta-IT»
компаниялары ұсынған арнайы мақсаттағы
барлаушы топтарға арналған радиобайланыс
құралдарына қызығушылық
Сонымен қатар, әскери мамандар қысқа толқынды, ультрақысқатолқынды радиобайланыс құрылғыларына, мониторинг, радиоқармау, пеленгілеу кешендері мен құралдарына, әскерлерді басқару жүйелеріне ерекше мән аударды. Аталған құрылғыларды көрмеде қазақстандық ELSI Tech компаниясы, ресейлік Элинс Ғылыми-техникалық орталығы, германиялық «Rohde&Schwarz» компаниясы және украиналық «НТЦ РТС АН ПРЭ» ұсынды.
Екінші халықаралық «KADEX-
Әскери ведомствоның басшылығы 2014 жылы өтетін көрме әскери мамандарға қару-жарақ саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізетіндігіне сенімді.
Қорғаныс өнеркәсібі
ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды технологиялық жаңарту және қару-жарақ пен әскери техника өндірісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында біраз шаруа қолға алынды. Бағдарлама жүктеген міндет — жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жыл сайынғы өсімін 7 пайызға арттыру. Сондай-ақ 2015 жылы әскери және екі жақты мақсаттағы өндірілетін өнімдердің қазақстандық үлесін 50 пайызға дейін жеткізу.