Алабота тұқымдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 01:50, доклад

Краткое описание

Алабота тұқымдасына - бүкіл жер шарына тараған біржылдық, немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады.
Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, екі-үш, кейде төрт-бес жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

шалгын шаруашылыгы.docx

— 79.54 Кб (Скачать документ)

Қызылбас жоңышқа[өңдеу]

 

Кез келген шалғындықтан қызылбас жоңышқаны  кездестіре аламыз. Жатаған да, тік  сабақты да түрлері бар. Жапырақтары - үш құлақты, күрделі. Гүлшоғыры - шоғырбас, оның сыртын екі жапырақ орайлы. Гүлінің түсі - күлгін-қызыл, 5 тостағаншасы - 10 жүйкелі біріккен түтікше. Ұзын түтікті  күлте жапырақшасы бар. Қайықшасы  желкеннен қысқа. Тұтасқан 9 және бос 1 аталық қайықшада топтасып орналасады. Демек, гүл құрылысы екпе бұршақтай  өзгеше. Өте бағалы малазықтық шөп. Гүлдеген балауса күйінде құрамында 3,8% нәруыз, 0,8% май, 10,1% азотты сығынды  заттар болады. Қызыл жоңышқаның тамырында 1 гектарына 150 килограмға дейін азот жинақталады. Бұл топырақ құнарлылығын арттырады.

Қорытынды[өңдеу]

 

Раушангүлді және бұршақ тұқымдастар  қосжарнақты өсімдіктер класына  жатады. Раушангүлді өсімдіктердің  ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүл  шоғыры алуан түрлі болып келеді. Алайда бұлардың гүл құрылысы ұқсас. Жемісі - шырынды, құрғақ. Бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі құстар, жарғанаттар  және су арқылы таралады. Раушангүлділер тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Мысалы, бадамнан бағалы дәрі-дәрмек дайындалады, шие шайыры халықтық медицинада тері бөртпелерін емдеуге қолданылады. Бұршақ тұқымдастар тамыр түтікшелері  арқылы бос азотты сіңіріп, тамыр  түйнектерін түзеді. Гүл құрылысында  ерекшелік бар. Гүл бөліктері  «желкен, ескек, қайықша» деп аталады. Жемісі - бұршаққап. Құрамында нәруыз көп болады.[1]


Информация о работе Алабота тұқымдасы