Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 01:50, доклад
Алабота тұқымдасына - бүкіл жер шарына тараған біржылдық, немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады.
Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, екі-үш, кейде төрт-бес жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты.
Алабота тұқымдасы - Chenopodiaceae.
Алабота тұқымдасына - бүкіл жер шарына тараған біржылдық, немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады.
Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, екі-үш, кейде төрт-бес жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты. Жемісі -жаңғақша немесе тұқымша.
Алабота тұқымдасының екі түрін қарастырамыз.
Ақ алабота - Chenopodium album бүл кәдімгі арамшөп; жол жиегінде, егістіктерде кездеседі. /95 сурет/. Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық аудандарда өседі, сондықтан космополит деп те атайды.
Бұл біржылдық щөптесін өсімдік. Ақ алабота тік сабақты, көлденең кесіндісінде бес қырлы, жапырақтары өтежиі тармақталған; сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әртүрлі. Жапырақ беттерінде ақшыл дақтары болады. Бұлар бір үйлі, қосжынысты гүлді өсімдіктер. Кейбулері екі үйлі. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ бес тостағанша жапырақшадан тұрады, андроцейінде 5 аталықғы, гинецейінде 2 аналығы болады. Тұқымы тығыз қабықты, бозғылт қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары – ерте, түсі қарасы – кеш піседі. Жемісі - тұқымша. Гүл формуласы: *Р(5) A2 G(2)
Жылтырауық көкпек –Atriplеx nitеns шала бұта өсімдік, биіктігі 20-25 см едәуір қалың сопақша келген жапырақтары сүректенген өрендерінде кезетесіп орналасады, сабағының түп жағы тармақты, кейбір бұтағы жерге тиіп жатады. /96- сурет/. Өсімдіктің негізгі сүректенген бөлігін сұрғылт қоңыр қабық қаптайды. Оның біржылдық өркендерінің ұзындығы 10-15см жылтыр түгі болады. Гүлдері даражынысты: бес күлтежапырақшалы гүлсерігі және бес аталығы бар. Аналықтарының екі жеміс жапырақшасы болады, гинецейі ценокарпты. Аталық гүлдерінде жай гүлсерігі болады да, аналық гүлде гүлсерігі болмайды.
95-сурет. Ақ алабота: А - жалпы көрінісі; Б – қосжьшысты гүлі; В – аталық гүл ; Г – қосжынысты гүлінің диаграммасы; Д - гүлсерігіндегі жемісі; Е - тұқымы; Ж - ортаңғы формациядағы жапырағы.
Гүл формуласы: *Р(5) A2 G0 *Р0А0 G (2);
Жемісі мен тұқымы екі түрлі: гүліңде гүл серігі жоқтарында үлкен, диаметрі 3-4 мм, гүлінде гүл серігі барларында ұсақ, диаметры 1-1,5 мм болады.
Күрделі гүлділер өздерінің өсетін ортасына, табиғи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі пішінді болады. Бұлар қоңыржай аймақта шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде өсетін бір, екі немесе көпжылдық өсімдік деп есептелінеді. Бұлардың жалырақтары жай, өркен бойына әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіндері де әртүрлі, бүтін немесе тілімді болып келеді, бөбе жапырақшасы болмайды, ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына топтанады. Себетгүлдің барлық гүлін әдетте жасыл жапырақшалар орамы қоршап тұрады. Майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Мысалы: оны бақбақтан байқауға болады.
Гүл шоғыры - себетгүлдің болуы нағыз күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктерге тән белгі. Әдетте гүлшоғырында толып жатқан ұсақ гүлдер болады, олар гүлшоғырының табанына орналасқан. Көпшілік гүлдері актиноморфты немесе зигоморфты, гүлі көпшілігінде қос жынысты, кейде сирек те болса да жынысты, тіпті жыныссыз түрлері де болады. Олардьщ гүлінің қосарланған гүлсерігі болады, бірақ тостағаншасы жойылып кеткен немесе жетілмей қалған, айдаршалы немесе оның орнында қауырсын тәрізді түкшелі желайдары болады, кейде мүлде болмайды.
Күрделі гүлділердің гүлі бірнеше түрге бөлінеді:
1) Түтікшелі
гүлдер /98 сурет 2/ - қос жынысты, актинморфты,
күлтесінің жоғарғы жағы бес тілікті болады.
Гүл формуласы:
*Ca(5)-рар-0Co(5) А (5) G 2
↑Ca(5)-рар-0Co(3) А 0 G ¯(2)
↑Ca(5)-рар-0Co(3) А (5) G ¯(2)
98- сурет.
Күрделі гүлділердің гүл
4) Воронка тәрізді гүлдер /98 сурет 5/ - пішіні воронка тәрізді, күлтенің жоғары жағы әртүрлі тілікті бесеу болады. Гүлі зигоморфты, гүлінде аталықта, аналықта болмайды. Мұндай гүлдер гүлшоғырдың шетінде өсіп тұрады, ортасында түтікшелі гүлдері өседі. /95 сурет 5/.
Гүл формуласы:
↑Ca(5)-рар-0Co(5-7) А 0 G 0
Күрделі гүлділер тұқымдасында мысал ретінде бақ-бақ Taraxacum officinale өсімдігін қарастырамыз. /98 сурет В/. Биіктігі жарты метрге жуық, кіндік тамырлы біржылдық шөптесін өсімдік, сирек екіжылдық түрлері де кездеседі. Қысқарған сабақты, жиегі терең тілімделген, жебе пішінді жапырағы тамырға жақын орналасқан. Тілшелі гүлдері себетгүл шоғырына жиналған, тілшесінің түсі сары. Жемісі - айдаршалы тұқымша. Сабақтан жуандау кіндік тамыры төмен қарай тік өседі. Ол топыраққа терең бойлап, өсімдікке қажетті суды топырақтың терең қабатынан алады. Гүл формуласы жоғарыда көрсетілген тілшелі гүлдің формуласы.
Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері шөптесін, лианалар түрінде кездеседі. Жапырақтары кейбіреулерінде кезектесіп орналасады.
Гүл симметриясы актиноморфты және зигоморфты түріне, гүлсерігі жай және қосарланған болып та кездеседі. Кейбір түрлерінің күлтелерінде шірнеліктер, жиналатын мүйіз шақшаға ұқсас өсіндісі болады. Шірнеліктердің құрамында хош иісті тәтті шырындары болады, осы шырындармен қоректенуте ұшып келген бунакденелілер өсімдіктерді тозаңдандырады, кейбір түрлері жел арқылы да тозаңданады. Гүлдерінде аталықтары да, аналықтары да көп болады. Жемістері көп тұқымды топтама және көп тұқымды жаңғақ болып келеді.
Сарғалдақ тұқымдасын анықтағанда гүл құрылысына, тамырсабағына және жапырақтарының орналасу тәртібіне көңіл аудару керек.
Сарғалдақ тұқымдасына мысал ретінде күйдіргі сарғалдақты (Ranunculus acris) аламыз, бұл шалғынды, аланды және басқа да жерлерде өсетін өсімдік. /92 сурет/. Күйдіргі сарғалдақтың биіктігі 30-100 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қысқа, жуан болады, қосалқы тамырлары топтанып өседі. Сабағы бұтақтанған, тік, көлденең кесіндісінде дөңгелек, іші қуыс болып келеді. Жапырақтары жай, кезектесіп орналасады. Төменгі жапырақтары ұзын сағақты саусақ-салалы болады, ал жоғарғы жапырақтары қысқа сағақты немесе қондырмалы түрінде болады.
Гүлдері ұзын сағақты, жеке күйінде немесе симподиальды гүлшоғырында аздаған гүлдері өседі, актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы жасыл немесе сарғыш-жасыл түсті бірікпеген бес тостағанша жапырақшалардан тұрады. Күлтесі -бес бірікпеген күлте жапырақшалы болып келеді. Күлтесінің түсі сары, түбіңде шірне жиналатын ойысы (щұңқыры) болады, ол қабыршақпен жабылып тұрады.
Андроцейі көп аталықтан тұрады, бірікпеген, спираль тәрізді орналасқан болып келеді. Гинецейі - көп аналықты, апокарпты, бұл да гүл тұғырына спираль тәрізді орналасқан болады, үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Гүл формуласы:
Ca5Co5A ∞G∞
Жемісі - жаңғақ.
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар
Раушангүлділер.
Қызыл алма.
Ғаламшарымызда
Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп.
Жапырағы
Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында болады. Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан және т. б. кездеседі.
Гүлдері[өңдеу]
Алмұрт.
Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық
шөптекті, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты
өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те
болса дара жыныстылары (біржыныстылары)
кездеседі. Раушангүлділердің
Жемісі[өңдеу]
Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай, теңгежапырақ), шырынды жемісті (алма, шие) және т. б. Мойылдың, шиенің жемістері - сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен қарама сүйекті ұсақ жемісшелерден түзіледі. Құлпынай мен итмұрын жемістері қарама (көп)жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде эндоспермнің қалдығы байқалады. Итмұрын гүлінің формуласы - Т(5)К5А6Ж6. Жабайы алхоры (терн) гүлінің формуласы: Т(5)К5А20Ж1. Раушангүлділердің жабайы (тікенгүл, итмұрын, шетен) және мәдени түрлері де (алмұрт, шие) бар. Алма, шабдалы, өрік, беже ағаштары өздеріңе де таныс болар. Аула сәнін келтіретін раушан - нағыз сәндік гүл.
Раушан[өңдеу]
Раушан - жабайы итмұрыннан шығарылған
іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар
өте көп екенін байқаған боларсыңдар.
Олардың саны 100-ге жетеді екен. Адамның
ерінбей еңбектенуі нәтижесінде
соншама аталықтар күлтеге
Бұршақ тұқымдастар[өңдеу]
Бұршақ тұқымдастар.
Бұлар да - қосжарнақты өсімдіктер.
Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар
деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі
Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас
өсімдіктердің маңызды
Жапырағы[өңдеу]
Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты, кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады.
Гүлдері[өңдеу]
Бұршақ гүлі.
Гүлдері - орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдері шоғырбас, шатыршагүл, шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі біріккен бес тостаған жапырақшалар, 5 күлтежапырақшадан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әр түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша - «желкен», күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша - «ескек» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі - «қайықша». Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналық түбіне тірне жинақталады. Бұршақ тұқымдастардың көпшілігінде 9 аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі бос қалады (Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1). Барлық аталықтары бос болатындары да, аталықтары түгелдей аталық жіпшелермен бірігетін де түрлері бар. Аналығы аналық аузынан, аналық мойнынан және жатыннан құралады. Бұршақ тұқымдастардың басым бөлігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Бұлардың өздігінен тозаңданатын да түрлері (егістік асбұршақ) бар.
Жемісі[өңдеу]
Жемісі құрғақ - бұршаққап. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырай, тұқымдары шашылады.
Қолданылуы[өңдеу]
Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық), мал азығына пайдаланылады. Сарыбөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ - пайдалы мал азығы. Жержаңғақ, нұт та тағамдық өсімдіктер. Жалаң қызыл мия медицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі. Кассия (сана) деген түрі іш босататын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұршақ тұқымдастардың сәндік түрлері де (қарадан), улысы да (тентекмия) бар.