Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі б

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 23:40, курсовая работа

Краткое описание

Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3-5
І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы……………………6-10
1.2Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері…………………...11-16
ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі бағыттары………………..17-20
2.2. Батыс Қазақстан облысындағы қалыптасқан агроөнеркәсіптік кешен. агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру…………21-26
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аграрлық өндірістін әлеуметтік эканомикалық мәні және қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін нарықтық қатыныстарға көшірудің негізгі ба

— 54.79 Кб (Скачать документ)

Халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне жол бермеу. Дағдарыстан шығуға алғшарттар жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары жұмысшыларының табыс дәрежелерін қалпына келтіру және азық-түлік рыноктарын қалыптастырып жұмыс істету, қаржыландыру, несие беру, сақтандыру және салық салу, сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау, ауыл шаруашылық ғылымын және ауылдағы әлеуметтік саланы дамыту сияқты басты бағыттарда жүзеге асуы тиіс. Сондай-ақ шаруашылық өнімдері, шикізаттары және азық-түлік рыноктарын дамыту аграрлық өндіріс саласында еңбек етуші тауар өндірушілерге өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, кепілдік беру арқылы жүзеге асуы тиіс. Өнімді, шикізатты және азық-түлікті өткізудің рыноктық жүйесін қалыптастытуға мемлекеттік басқару органдар жауапты.Өтпелі дәуірде төмендегі элементтер «мемлекеттік реттеуді» басты элементтері болып табылады:

  • ауыл-селоға мемлекеттік қолдау көрсету және төлем қабілетті сұранысты ынталандыру арқылы салалардағы табыстылықтың жалпы дәрежесіне қолдау жасау;

  • антимонополиялық реттеу және ішкі пропорциямен салааралық айрбасты реттеу, саланың бәсекелестік потенциалын көтеру;

  • рыноктың инфрақұрылымының дамуына көмектесу;

  • ауылды қолайлы кредитпен қамтамасыз ету;

  • протекционизм саясатын жүргізу және отандық тауар өндірушілерге сыртқы рынокпен бәсекеге түсуге жағдай жасау;

Ауылшаруашылығы үшін ресурстар  өндіретін кәсіпорындарындағы, әсіресе машина құрастырудағы ауыр қаржылық жағдай бір жағынан олардың жолйылу қаупін тудырады, екінші жағынан олардың монополизм проблемасын көрсетеді. Ендігі жерде техника және басқа ресурстарға мемлекет қолдау көрсететін лизинг жүйесін дамыту жолымен, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің сатып алу қабілетін көтеру қажет. Баға және табыс саясатымен халықтың азық-түлікке сұранысы мен ұсынысын текішінара реттеуге болады, ал азық-түлікпен қамтамасыз етудің  өзі реттелетін  сипаты жоқ. Аграрлық секторды реттеуде және қолдауда басты рөлде рыноктық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерін қолданатын мемлекет болуы қажет. Рыноктық стихияның бақылаусыз әрекеті агроөнеркәсіпке, тамақ өнімдерінің жұмысымен  тұтынуына, қайта өңдеу шикізаттарына үлкен соққы болған болар еді. Реформаға дейінгі уақытта КСРО- да көп жағдайда батыста жүзеге асып жатқан реттеуге ұқсас экономикалық реттеу және аграрлық секторды қолдау жүйесі қолданған болатын. Бірақ , соның ішінде қаржы-кредиттік қатынастардың жетілмеуінен, яғни мүлтіксіз орындалуынан аграрлық өндіріс тиімділігі төмен болып қала белді. Қаржы-кредиттік қатынастар меншіктің және саланы басқару жүйесінің мемлекеттік формасына, инвестициялық баға және әлеуметтік саясат саласындағы қаржы мәселесінің шешілмеуіне байланыслы жетілмеді. Өтпелі кезеңде аграрлық реформаны жүзеге асыруда саланы экономикалық қорғау бірден қысқарды. Жалпы, аграрлық саясат ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерімен, аграрлық қатынастарды реттеудің өзгешеліктерімен байланысты.

Енді тікелей Қазақстандағы аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктеріне тоқталайық. Ол бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық  әдіспен шешіліді . Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың ішкі құрылымын келесі 3-сурет бойынша беруге болады. Соңғы кездегі баға саясатының негізгі бағыты , бағаны еркін тағайындауға көшуден көрінеді. Рыноктың қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік формаларына және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын таңдауға толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерң\іне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті өзара тиімді келісім шартқа отырады. Еркін баға, өнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы қәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістік құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып  құтылу мүмкін емес.Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Мемлекеттік реттеусіз, монополиялы жағдайда өнекәсіп және ауыл шаруашылығының арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өндіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы икәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін белгілеуі қажет.

Қаржылық саясат саласында, мемлекет көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да, қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді  қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, аграрлық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық белгілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген салалар жәнеаудандар экономикалық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асруға, шаруашылықтың айналымынан шығып қалған ауылшаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағытталуға тиіс. Мемлекеттік қаржылық өолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге , су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы жаңа немесе ерекше қиын өндірістерді ұйымдастыруға бағытталады. Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттік салық саясатына келсек, салықтың түрлерімен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен, жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аудару керек.

Дамыған рыноктық экономикалық елдер тәжірибесі, мемлекеттік реттеу бағыты ең бірінші  баврлық тауар өндірушілердің қызметтеріне бірдей жағдай жасауға, баға сәйкессіздігін және монополиялық баға үстемдігін жоюға бағытталғандығын көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеуде, тауар өндірушілердің және тұтынушылардың мүдделерін қорғау шаралары қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының негізгі құралы ретінде болжау, жоспарлау мен бағдарламаларды талқылау қарастырылады екен.

Ауыл  шаруашылығы – АӨК – гі  төмен  табысты  сала. Ол  табиғат – климат факторларына  тәуелді,  ондағы  өндіріс  мерзімдік , циклдық  жағдайда  жүреді .Ауыл  шаруашылығы  өндіргіш  күштерінің  даму  түрғысынан  алғанда  да  өнеркәсіпке  қарағанда  нашар .  Сондықтан  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  өзгеріп  отырған  эканомикалық  және  технологиялық  жағдайларға  баяу  бейімделеді  және  оған  салынған  капиталдың  басқа  салалармен  салыстырғанда  қайтарымы  төмен.  Осыған  байланысты  аграрлық  реформа  кезінде  жаңадан  құрылған  ауыл  шаруашылығы кәсіпорындары  толық  деңгейде  бәсекелесе  алмайды .

       Осы  мәселелерге  байланысты  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  мемлекеттік  реттеудің , оларға  қолдау  көрсетудің  қажет  екені   айқындалады .        Еліміздің  аграрлық  сала  ғалымдары  бұл  мәселені  бір – бірімен  тығыз  байланысты  және  бірін – бірі  өзара  толықтыратын  екі  бағытта  қарастырады :  эканомикалық  және  әкімшілдік  реттеу .

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары 
2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі

Қазақстан –Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы километр) алады.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (ІІІ – дайындау, сақтау және т.б.) тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады. Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (ІІ – ауыл шаруашылығы) экономикалық  реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді Адамзат тарихы әлі саясатөкіметі, яғни мемлекеті болмаған қоғамды білмейді. Мемлекет өте маңызды саяси, әскери, экономикалық, құқықтық және т.б. қызметтерді атқарады. Олардың барлығы бір-бірімен байланысты және бәрі де экономиканың даму дәрежесіне тәуелді болып келеді Ұзақ уақыттар бойы мемлекет тек елдің шекарасын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және салық жинаумен айналысты. Экономикалық қатынастардың дамуы, әсіресе, нарықтың пайда болуымен: мемлекет өзіне тиесілі қызметті дұрыс атқарып отыр ма ? деген мәселе туындады. Бұл мәселе туралы бірнеше көзғарас, пікірлер бар экономиканы толықтай, жаппай мемлекет реттейді деген пікірді жақтаушылар: мемлекеттің күшімен бүкіл экономикалық мәселелерді шешуге болады деппайымдайды. Яғни, экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету, адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік тепе-теңдікті қалыптастыру сияқты сұрақтар нарықсыз, мемлекеттің өктемділігімен, билігімен жүзеге асырылмақ.  Экономикаға мемлекеттің араласуын шектеуді жақтайтындар экономикалық мәселелерді шешетін мемлекет емес, адам және өзін-өзі реттейтін нарық деген пікір айтады. Олардың ойынша, мемлекет нарыққа араласпайды, ол тек ақша сферасына араласуы керек

Нарықтық қатынастар кеңінен дамып отырған Қазақстанда мемлекет экономикалық Істерге араласпауы керек деген түсінік барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, Қазақстанда 5-6 жыл бұрын басталған реформалар мемлекеттің экономикалық қызметінің қажеттігін көрсетті. Яғни, мемлекеттік реттеу – экономиканың қажетті буыны, мемлекеттің реттеуінсіз нарықтық экономика жұмыс істей алмайды. Қазіргі нарықтық экономикада үкіметтің сапалы, жан-жақты жасалған бағдарламасы егер оны іске асыратын мықты мемлекет құралдары болмаса іске аспай қалады. Себебі, нарық барлық жағдайда  да кез-келген мәселені шеше алатын әмбебаб немесе тиімді реттеуші бола алмайды. Көптеген мәселелердің шешуі нарыққа бағынбайды және мемлекеттің араласуын қажет етеді. «Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруға тиіс

Мемлекетарқылы шешілетін экономикалық мәселелерді мынандай топтарға біріктіруге болады:

адамдардың және шаруашылықтардың табысын қайта бөлу;

 бүкіл елдің ресурстарын  қоғам мүддесі үшін қайта бөлу; қоғамдық өнім өндірісі мен  қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

 экономиканы тұрақтандыру;

 адамдарды әлеуметтік  қорғауды ұйымдастыру;

 Қазақстан экономикасы  дамуының қазіргі сатысында мемлекеттік  реттеу арқылы «меншік құқықтарын  рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен  монополияға қарсы күрестің сенімді  құралдарын құрауға, фиськалды және  монетарлық саясатты қолдауға  әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім деруді, денсаулық сақтауды дамытуды  қамтамасыз етуге және мықты  экономикалық саясат жүргіуге  бағытталған құқықтық және нормативтік  база жасауды аяқтау көзделіп  отыр.

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материальдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің басты құралдарының бірі-жоғарыда айтылған салық саясаты. Қазақстан аграрлық секторында салық салу кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді. Айта кету керек, Қазақстанда салық саясатында реформа басталған кездерден-ақ көптеген жеңілдіктер жасалды. Айталық, Қазақстан бойынша 30 проценттік салық үстемесі жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін (меншік түріне байланыссыз-ақ ет, сүт, жеміс-көкөніс, нан өнімдері, мақта өндірісі, балық, құс, мал шаруашылықтары) 10 проценттік салық үстемесі белгіленді.Тағы бір агроөнеркәсіп кешеніне жасалған жеңілдік сол, шаруашылықтарда өндірістік құрылысты жүзеге асыратын технологиялық құрал – жабдықтарды орнатудың құңы салық салынатын табыстан алынып қалатын болды. Шаруашылық шығындары табыстың есебінен кейінгі бес жыл бойы жабылып отырады. Мұның өзі негізгі қорды жаңартуға және өндірісті кеңейтуге қаржыны көбірек жұмсауға шаруашылықтарды ынталандырады.Жаңа тәртіп бойынша агроөнеркәсіп кешеніндегі шеттен әкелінген құрал-жабдықтарға, шикізат-материалдарға, қосалқы бөлшектерге және товарларға шаруашылықтар қосымша құн салығын төлемейді. Шаруа қожалықтары үшін ыңғайлы, ықшамдалған салық төлеу әдістері белгіленіп отыр. Әңгіме бұл жерде заңды тұлғалардың патент алу арқылы салық төлеуі туралы. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарын жүргізушілердің басым көпшілігі қағаз жүзіндегі есеп-қисапқа шорқақ, білімі жетіспейді, соның кесірінен салық ұйымдарына берілуге тиісті құжаттарды сауатты толтыруды келістіре алмайды, декларацияларды уақытында толтырып бермейді. Мұның өзі ақыр соныңда, қосымша шығындарға әкеледі (штраф). Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері (маусымдық сипаты, өндіріс уақытының ұзақтығы және т.б.) шаруашылықтарда өндіріс жүргізудің нәтижелерін есепке алудың жан-жақты тегерішін ойластыруды қажет етеді. Көптеген шаруа қожалықтарында түпкілікті қаржылық нәтижені анықтағанда, олардың іс жүзінде коммерциялық қызметпен де айналысатынын ескеру керек. Сондықтан, өтпелі кезенде салық әкімшілігі, салық төлеуде шаруа қожалықтарының бюджетпен өзара қарым-қатынасының қарапайым жүйесін қолдауды талап етуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Батыс Қазақстан  облысындағы  қалыптасқан агроөнеркәсіптік  кешен. агроөнеркәсіптік кешенді  мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру

Мемлекеттің аграрлық саясатының стратегиялық міндеттері болып елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті тиімді агроөнеркәсіптік өндірісті қалыптастыру болып табылады.

Аграрлық саланы мемлекеттік реттеудің объективтік қажеттілігі бірнеше себептерге байланысты. Олар ішінде маңыздылары:  елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың төмен бәсекеге қабілеттілігі және  төменгі өнімділігі, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалақы диспаритет, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төменгі еңбекақы деңгейі.

 АӨК-тегі экономикалық  процестердің нашар басқарушылығының  негізгі себептері:

  • реттеу функцияларынан мемлекеттің алшақтатылуы, әсіресе салааралық қатынастарға;

  • қазіргі басқару жүйесінің нарықтық экономика талаптарына және аймақтық ерекшеліктерге сай келмеуі;

  • аграрлық саладағы өзгерістерді жүзеге асырудың кезектілігінің жоқтығы, ауылдағы әлеуметтік факторлардың маңыздылығын бағаламау.

Қазіргі таңдағы қалыптасқан ахуал агроөнеркәсіптікі кешенді және тұтас экономиканы нарықтың жаһандануы және Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің алдында азық-түлік жағынан тәуелсіз болып қана қоймай, бәсекеге қабілетті болуы үшін басқарудың жаңа моделіне көшуді талап етеді

. АӨК кәсіпорындарын қаржыландыру көлемі (млн. теңге)

 

 

2011  жыл

2012 жыл

2013 жыл

Бөлінген

қаржы

Игерілген қаржы

Игерілу %

Бөлінген

қаржы

Игерілген қаржы

Игерілу %

Бөлінген

қаржы

Игерілген қаржы

Игерілу %

Облыстық бюджет

97,6

94,6

97

543,2

543,2

100

230,27

180,1

78,2

Республикалық бюджет трансферттері

443,3

443,3

100

574,1

557,2

97

925,64

925,64

97,1

Республикалық бюджет

483,1

483,1

100

474,5

474,1

99,9

574,8

574,8

100

Бюджет бойынша барлығы

1024,0

1021,0

99,7

1591,8

1574,5

98,9

1730,71

1680,54

97,1

Информация о работе Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі б