Ондірістік кооператив

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 09:41, курсовая работа

Краткое описание

Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық хал-жағдайын жақсарту үшін табыс түсіру болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы – етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың тұрғындары болып табылады.

Содержание

Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингтік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 16
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 18
4.4 Маркетинг стратегиясы 20
5. Техникалық жоспарлау 21
5.1 Технологиялық процесс 21
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 22
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 23
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Іске асыру жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 25
8. Пайдалану шығыстары 27
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 28
10. Қаржыландыру қажеттілігі 29
11. Жобаның тиімділігі 30
11.1 Cash-flow проекциясы 30
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 30
11.3 Баланс проекциясы 30
11.4 Қаржы индикаторлары 30
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 32
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 32
12.2 Қоршаған ортаға әсер 32
Қосымшалар 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнес-жоспар Ет алу _шін ірі _ара мал _сіретін фермалар __ру.doc

— 900.61 Кб (Скачать документ)

1997 жылы  осы тұқымының  ішінде  комол малының төрт зауыттық  түрі  сынақтан өтті, олар: республиканың  батысында «Шағатай», «Анката»,  солтүстік-шығысында «Калбатау»  және солтүстігінде «Алабота»  түрлері.

1992 жылы  ет малының тағы бір  отандық түрі – Әулиекөл түрі  сынақтан өтті,  ол күрделі  шағылыстырып өсіру жолымен алынды.  Бұл үш етті тұқымның негізі  – қазақтың ақбас, шароле және  абердин-ангусс түрлері болып  табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Алматы, Қарағанды және  Ақмола облыстарында кеңінен  тараған.

Аталғандардан басқа,  Қазақстанда  –Оңтүстік Қазақстанның жартылай шөлді  өңірінде  шамалы қалмық тұқымды  сиырлар бар. Балқаш өңірінде жергілікті селекциялы Санта-гертруда («Жетісу» аймақтық түрі) және облыстың  Таулы Алматы  ауданында Галловей түрі, Батыс Қазақстан,  Ақмола және Алматы облыстарында Герефорд түрлері бар.

Алматы облысы үшін Алатау, Казақтың ақбас, Санта Гертруда, Әулиекөл, Герефорд и Галловей түрлері басымдықты болып  табылады.  Облыс тың  асыл тұқымды  шаруашылықтарында отандық селекционерлер  елдің оңтүстік-шығыс аймағы үшін Санта Гертруда тұқымының «Жетісу» етті малының  аймақтық түрін жасады.

Сүт және сүт-ет бағытындағы ірі  қара малды жасанды  ұрықтандыруды  жақсарту бойынша белгілі жұмыс  жүргізілуде. Өткен жылы барлық аналық мал басының 67,6 пайызы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.

 

3. Өндірістер бағдарламасы

1-кестеде  өндірістің жылдар бойынша жоспарланған  бағдарламасы берілген.

 

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш (жылдық)

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Орташа сиыр басы саны (ересек мал) бас

52

52

50

51

55

58

57

Орташа жас мал басы, бас.

45

56

60

63

68

73

74

Ет өндіру, тн.

0

7

13

9

11

13

14

Тірі салмақта 1 малдың массасы , кг.

570

Сойылған салмақта 1 малдың массасы  , кг.

333

Малды тірі салмақта сату (бұзау) , бас

0

0

10

12

1

7

14


 

Сату бағдарламасы жасалған келісімшарттар жолымен, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

2-кесте – Жоспарлы сату бағдарламасы, мың  тг

Кірістер баптары

Сатуды бастау күні

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Ет сату

с 01.13

0

9 557

16 636

11 592

14 661

16 865

17 760

Малды тірі салмақта сату

с 01.14

0

0

6 250

7 500

625

4 375

8 750

Малды сою қызметтері

с 04.12

7 667

10 223

10 223

10 223

10 223

10 223

10 223

Барлығы

 

7 667

19 780

33 109

29 315

25 509

31 463

36 733


 

Бағаны қалыптастыру кезінде тұтынушылардың ерекшеліктері ескерілді, атап айтқанда:

- халықтың орташа табысының деңгейі.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға  негізделген.

 

3-кесте - Өнімге жоспарлы бағалар

Сиыр еті

тг./кг. ҚҚС-сыз

1 275


 

Сиыр етінің бағасы нарық бағалары ескеріле отырып жасалды ("Қазагромаркетинг" АҚ сайты .

Сату бағдарламасын есептеген  кезде инфляция назарға алынған  жоқ, өйткені  инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын  қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

 

 

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Қазақстанда ет бағытындағы мал  өсіретін 81 асыл тұқымды зауыт пен  шаруашылық жұмыс істейді,  соның  ішінде облыста – 25 асыл тұқымды  шаруашылық, оның 3-уі асыл тұқымды зауыт. Мың асыл тұқымды мал,  соның  ішінде  30 мың сиыр бар,  бұл  тауар өндіруші шаруашылықтардың  контингентті шығаруда  пайдалану  үшін қажетті бұқаларды алуға  деген қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Алайда  аналық  мал басына деген  сұраныс  әлі қанағаттандырылған жоқ, өйткені  көптеген асыл тұқымды  шаруашылықтардың қызметі өз табындарындағы сиыр басын ұлғайтуға ғана бағытталған,  оларда  басы артық аналық сиырлар  саны жетіспейді.  Осыған байланысты  асыл тұқымды базаны одан әрі кеңейту  қажет болуда.

Республикада шамамен 6,2 млн. бас  ірі қара мал бар.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай  бойынша жалпы республикада мал  басы ұлғайды: 

- ірі қара мал – 1,1%,  6 160,4 мың басқа дейін;

- соның ішінде сиыр – 2,3%,  2 778,8 мың басқа дейін;

- құс – 1,1%, 33 036,3 мың басқа  дейін.

 

4-кесте - ҚР –да 2011 жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)

 

2011 жвл

2010 жыл

2010ж. қарағанда 2011 ж. к г

±

%

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

мал мен құсты таза салмақта союға  өткізу, мың  т

1 646,0

1 598,2

47,8

103,0

сиыр сүті, мың т

5 341,2

5 269,0

72,2

101,4

құс жұмыртқасы, млн. дана

3 700,9

3 286,4

414,5

112,6

Мал және құс саны, мың бас

ірі қара мал

6 160,4

6 095,2

65,2

101,1

соның ішінде, сиыр

2 778,8

2 717,2

61,6

102,3

қой

15 167,4

14 660,8

506,6

103,5

ешкі

2 672,9

2 708,9

-36

98,7

шошқа

1 356,1

1 326,2

29,9

102,3

құс

33 036,3

32 686,4

349,9

101,1


 

   Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Алматы облысының агроөнеркәсіп  кешенінде мал шаруашылығы жетекші  орынды иеленеді. 2009 жылмен салыстырғанда  мал шаруашылығы өнімдерінің  өндірісі  10,4 % ұлғайды, ал  ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі меншікті салмағы  53,5% жетті. .

Аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге  негізгі фактор  жасалған сенімді  азық-түлік базасы болып табылады. Нәтижесінде азық-түлік  дақылдарының аймағы 214,8 гектарға жетті, бұл  жалпы  егіс алаңының 23,7% құрайды. Есептеуде  әрбір шартты мал басына 13 центнер  азық-түлік бірлігінен келеді.

Мал шаруашылығын дамытуда оң үрдіс  байқалуда. 2010 жылы  ірі қара мал  саны 1,4% өсіп, 819,1 мың басты құрады, с оның ішінде 371,1 мың бас немесе жалпы мал басының  45,4% ет бағытындағы  болып табылады.

 

1-сурет – Алматы облысындағы ірі қара мал басы, жылдың соңына,  мың бас

                                                               Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

2-суретте көрсетілгеніндей, Алматы облысында ірі қара мал басы  жылдан жылға ұлғаюда.

 

2-сурет – ІҚМ басының жалпы санындағы Алматы облысының үлесі

                                                                Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Тұтастай  республика бойынша жалпы  ірі қара мал басының санында  Алматы облысының үлесі 13,3% құрайды. .

2010 жылы   174,4 мың тонна ет  өндірілді (тірі салмақта), немесе  өткен жылға қарағанда 16% көп..

 

3-сурет - Алматы облысындағы сойыс салмағындағы ет өндірісі, мың тонна

                                                                   Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суретте көрсетілгеніндей, Алматы облысында  ет өндіру өсіп отыр.  Мысалы,  егер 2005 жылы  108,7 тонна ет өндірілсе, 2010 жылы өндірілген еттің көлемі 60%-ға ұлғайып,  мың тоннаны құрады.

 

4-сурет – Өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Алматы облысының үлесі (2010 ж.), %

                                                            Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Республика бойынша өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Алматы облысының үлесі  2010 жылғы деректер бойынша 18,6% құрайды.

Егер ет ресурстары құрылымына қарайтын болсақ  жалпы көлемдегі сиыр еті 44,8% (130,7 мың  тонна), құс еті  22,3% (65,0  мың тонна), б қой еті 17,8% (52,0 мың  тонна), шошқа еті  8,0% (23,5 мың тонна) және жылқы еті  7,1% (20,7 мың  тонна) құрайды.

 

 

 

 

 

5-сурет – Алматы облысының  ет ресурстары құрылымы

                                             Ақпарат көзі: Алматы облысы әкімінің ресми сайты

 

Алматы облысында барлық мал  және құс түрлерін сойып сату өсіп келеді (5-сурет). Үстіміздегі жылғы  қыркүйек айында  2010 жылғы қыркүйек айындағы сияқты 34,1 тонна ет сатылды.

 

6-сурет – Алматы облысында  союға өткізілген мал мен құстың барлық түрі, тірі массада, мың тонна

                                                                        Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Малға баға қою мынадай негізгі  факторларға байланысты болады: циклділік, ет өндіру мен тұтынудың маусымдылығы,  ауыру,  ауыстырылған өнімді  тұтыну,  халықтың табысы,  электр тасығыштар саны,   мемлекеттік реттеу.

 

 

 

 

5-кесте – 2011 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан қалаларының нарықтарындағы (соның ішінде  Алматыдағы ) ІҚМ мен сиыр етінің бағасы

Өнім

Астана

Талдыкорған

Көкшетау

Қостанай

Павлодар

Шымкент

Алматы

ІҚМ (етті, ересек, бас.), бір басына, теңге

116 667

125 750

138 000

150 000

130 833

135 833

165 000

Сиыр еті, теңге

1 118

840

1 024

902

929

1 050

1 311


 

Ақпарат көзі:  «Қазагромаркетинг» АҚ

Қазақстанның қалалары бойынша  ІҚМ  мен сиыр етінің  ең жоғары бағасы Алматыда екенін  кестеден көруге болады.

Осы есептер өндірілген еттің саны  облыс пен астана халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отырғанын, бұдан  басқа  27 мың тоннадан астам ет республиканың басқа өңірлеріне сатылатынын көруге болады.

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Жалпы облыста  мал және құс өсірумен 4 590,  соның ішінде  орта және ірі тауар өндірісімен 177 ауыл шаруашылығы құрылымы айналысады.  Олар ет өнімінің 43% өндіреді, ал қалған бөлігі халықтың жеке шаруашылығын үлесінде.

Информация о работе Ондірістік кооператив