Мұнайды айдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 14:32, реферат

Краткое описание

Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін құбырлы қондырғыларда мұнайды айдағанда одан мөлдір дистилляттар түзіледі. Атмосфералық қысымда айдағаннан кейін пайда болатын қалдық зат ол мазут. Мазут – 330-350̊ C-тан жоғары температурада айдалатын фракция. Мұндай қондырғыларды атмосфералық құбырлы қондырғы (АҚҚ) деп атайды.
ЭТҚ қондырғысында сусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнай насос арқылы жылуалмастырғышқа жіберіледі. Онда мұнай 220-230̊C температураға дейін қыздырылады да, ары қарай ректификациялық коллоннаға (РК) жіберіледі.

Содержание

Мұнайдың ректификациясы.

Мазутты вакуумдa айдау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

155-165.docx

— 1.32 Мб (Скачать документ)

 

 

     Мұнайдың өңдеу  бағытына қарай өндірісте ректификация  процесін күрделі колонналардың  әр түрлі комбинациялары іске  асады. Шикізаттардың және арадағы өнімдердің аусуына байланысты күрделі ректификациялық колонналардың, мысалы, тізбектелген және асылмалы түрлері болады (24-сурет).

     Тізбектелген  колонналарда әр бір кейінгі  колоннадан ауыр өнімі біржолы  өткен колоннадан флегмасы болып  келеді (24-сурет, а). Асылмалы колонналарда  негізгі колоннаға оның әр  түрлі деңгейлерінен тіркелген  көмектес колонналарға қосымша  тазалауға дистилляттар келеді. Көмектес колонналардың қалдықтары  қайтадан негізгі колоннаға түседі (6-cурет, б).

    

                   6-сурет. Колонналардың тізбектелген (а) және асылмалы схемасы (б).

 

 

     1.2 Мазутты вакуумды айдау

     Мазутты төмендеу қысымда – 10-40 мм с.б.-нан төмен қысымда атмосфералық-вакуумдық қондырғының (АВҚ) вакуумды блогында жүргізіледі. Атмосфералы қысымда мазутты айдау тиімсіз, өткені мазуттың қайнау температурасы 400-450̊C-тан жоғары және бұл жағдайда оның газдар мен кокс түзілу процесі жүреді. Жоғарыда айтып кеткендей-төмен қысымда сұйықтықтың қайнау температурасы да төмендейді. Сондықтан мазуттың қайнау температурасын төмендету үшін оны вакуумда айдайды. Мазуттың вакуумды айдау процесі екі схема бойынша жүргізіледі:

      -бір ретті буландыру және фракцияларды бір колоннада бөлу схемасы

      -екі ретті  буландыру және айдалатын фракцияларды  екі вакуумды колонналарда бөлу  схемасы.

     Мазуттың вакуумды  өңдеу нәтижесінде вакуумды газойль немесе май фракциялары және қалдық ретінде – гудрон түзіледі.

     350-500̊C айдалатын  вакуумды газойль алу мақсатында  бір реттілік айдау жеткілікті  болып саналады. Май өндіру шикізаттың  ол үшін мазутты айдағанда  екі колонналы вакуумды схема  іске асырылады. Бірінші колоннада  кең майлы фракциясын алады  екіншісінде оны екіншілік айдау  арқылы жіңішке май фракцияларына бөліп шығарады.

     Атмосфералық  колоннадан 310-315̊C температурадығы  мазутты сорап арқылы қыздырғыш  пешке жіберіледі, 410-420̊C-қа дейін  қыздырып, вакуумды колоннаға жөнелтеді.  Бұл колонада кең фракция мен  ауыр фракция – гудрон бөлінеді. Май фракцияларын алғанда кең  фракция жылуалмастырғыштарда гудронның  жылуымен қосымша қыздырып вакуумдық  колоннада жіңішке фракцияға  ректификация арқылы бөлінеді. Вакуумды  қондырғыда арнайы сораптардың  көмегімен вакуум түзіледі.

     Орташа вакуум (680 мм с.б. дейін) түзу үшін  бір сатылы эжекторлар пайдаланады. Тереңдеу вакуум (40-70 мм с.б дейін) көп сатылы аралық конденсаторлары бар булы эжекторлар арқылы түзіледі.

     Өндірісте  екіншілік өңдеудің ЭТҚ-АВҚ комплекстің   комбинациясы жиі қолданылады.  ЭТҚ-АВҚ қиыстырылған қондырғының технологиялық схемасы 7-суретте келтірілген.

 

    7-cурет. ЭТҚ-АВҚ қиыстырылған қондырғының технологиялық схемасы:

              1-жылуалмастырғыш, 2-дегидраторлар, 3,6-ректификациялық колонналар,

                                 4-сепаратор, 5,9 – пештер, 7- буландыру колонна,

                 4,8,14- газосепаратор, 10-вакуумды колонна, 11-эжектор, 12-конденсатор,

                                13-тұрақтандыру колонна-стабилизатор, 15-абсорбер.

 

  

     120-140 ̊С-қа дейін 1-жылуалмаштырғышта қыздырылған мұнай 2-дегидраторлар кешеніне келіп су, деэмульгатор және сілтінің қатысуымен термохимиялық электросусыздандыру және тұзсыздандыру процестеріне ұшырайды. Осылайша даярланған мұнай 220 ̊C-қа дейін жылуалмастырғышта қыздырылып 3-колоннаға түседі. Жеңіл фракцияны жылуалмастырғыш пен сепаратордан өткізіп осы колоннаның жоғары жағынан шығарады, оның біраз мөлшері колоннаны саурлану үшін алынады. Колоннаның төменгі жағынан қалдығы 5-пешке барып 330̊С-қа дейін қыздырылады да 3-колоннаға ыстық сорғы, ал 6-колоннаға шикізат ретінде жөнелтеді.

     Колоннаның (6) жоғары жағынан ауыр бензин алынып, жылуалмастырғыш және 8 – газосепаратордан өтіп шығады, оның жартысы колоннаға суландырғыш ретінде оралады. Колоннаның жанынан температуралық корректорлар және буландырғыш колонналар арқылы аралық – 140-240̊ C, 240-300̊С, 300-350̊С температурада айдалатын – фракциялар алынады. Колоннаның (6) төменгі жағынан шығатын мазут 9-пешке барып 420̊C-қа дейін қыздырылады да 40мм с.б. сарқынды қысымды жұмыс істейтін 10-вакуумдық колоннаға келеді.

     Колоннаның  жоғарғы жағынан шығатын су  булары, газ тәрізді өнімдер және  жеңіл булар 12- барометрлі конденсаторға  барады, конденсирленбеген газдар  11-эжектормени сорып алынады. Колоннаның жанына вакуумды айдаудың бүйірлі өнімдері, астынан-қалдық ретінде –гудрон алынады. 3және 6 колонналарда түзілетін бензиндер 13-стабилизаторға барады. 4,8 және 14 газосепараторлардан шығатын газ 13-колоннаның тұрақтандырылған бензинімен суарланып 15-абсорберге барады. Ал 15 түзілетін құрғақ газ пештердің форсункаларына жіберіледі.

                        

                               Пайдаланылған әдебиет:

 

Г.Қ.Бишімбаева, А.Е.Букетова “Мұнай және газ химиясы мен технологиясы”

                                                                                                         Алматы 2007 ж.


Информация о работе Мұнайды айдау