Кеңселік жиһазды жасау цехын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 11:50, курсовая работа

Краткое описание

Жобаның тұжырымдамасы Қостанай облысында кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.
Цех өндіретін кеңсе жиһазының негізгі түрлері үстелдер мен шкафтар болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің жиынтүріне кеңселік жиһаздың басқа да түрлері қосылуы мүмкін.
Жоспарланатын цехтың тұтынушылары ірі ұйымдар да, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындар, сондай-ақ үй кеңселерінің иелері болады.

Содержание

Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингілік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 19
4.3 Нарықтың дамуының болжамды бағалауы, күтілетін өзгерістер 20
4.4 Маркетинг стратегиясы 20
5. Техникалық жоспарлау 22
5.1 Технологиялық үдеріс 22
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 23
5.3 Жабдық және мүкәммал (техника) 23
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Сату жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыруға арналған шығындар 25
8. Пайдалану шығыстары 26
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 27
10. Қаржыландырудағы қажеттілік 29
11. Жобаның тиімділігі 30
11.1 Cash-flow проекциясы 30
11.2 Пайдалар мен шығындар есебі 30
11.3 Теңгерім проекциясы 30
11.4 Қаржылық индикаторлар 30
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері 32
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы 32
12.2 Қоршаған ортаға әсері 32
Қосымшалар 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнес-жоспар Ке-селік жи-азды жасау цехын --ру.doc

— 1.05 Мб (Скачать документ)

 Шкафтар  немесе басшылардың кабинеттеріндегі қабырғалық шкафтардың ең бірінші кезекте сәндік бағасы бар. Әдетте, олар құжаттарды сақтау үшін емес, кабинетті сәндік безендіру үшін қолданылады. 

Басшыға арналған шкафтарда  кітаптар мен журналдардың жинақтары, ал ашық сөрелерде заттардың әртүрлі  жинақтамалары сақталады. Сондықтан  басшыларға арналған қабырғалық шкафтарды  өндірушілердің барлығы дерлік  әйнектелген қасбеттерді немесе ашық секцияларды көп пайдаланады.

 

Цехтың жоспарланатын  өнімінің жиынтүрі 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте – Цехтың жоспарланатын өнімінің жиынтүрі

Атауы

Түрі 

Үстел

Тік кеңселік (қызметкер үшін)

Шкаф

Кеңселік (қызметкер үшін)


 

3. Өндірістер бағдарламасы

2-кестеде  жылдар бойынша  өндірістің жоспарланатын бағдарламасы  ұсынылған.

 

2-кесте - Жылдар бойынша өндірістің жоспарланатын бағдарламасы

Көрсеткіш

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Ең жоғарғы қуатының өндірісі, %

58%

78%

90%

95%

100%

100%

100%

Үстел, дана

1 373

2 482

2 851

3 010

3 168

3 168

3 168

Шкаф, дана

686

1 241

1 426

1 505

1 584

1 584

1 584


 

Сату бағдарламасы маркетингілік  зерттеулер жүргізу жолымен (тұтынушылардың кеңсе  жиһазының дизайнындағы артықшылықтарын  анықтау мақсатында), сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүргізілген нәтижелер  негізінде жүзеге асырылатын болады.

Бағаларды қалыптастыру кезінде  тұтынушылардың олардың кірістерінің орташа деңгейімен айқындалатын сатып  алу қабілеті ескерілген. 

Бағаларды қалыптастыру өнімнің  нарықтық бағаларына және толық өзіндік  құнына негізделген.

 

3-кесте – Өнімге жоспарланған бағалар, теңге

Атауы

Мәні, теңге

Үстел

5 700

Шкаф

10 500


 

Өнімнің бәсекелестік құны складывается из:

- бәсекелестік бағаны  белгілеуге мүмкіндік беретін  төмен өзіндік құнға қатысты; 

- ҚР-дағы дайындаушы зауыттардан  сатып алынатын табиғи шикізатты  пайдалану.

Сату бағдарламасын есептеу  кезінде инфляция назарға алынған  жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның жоғарылауы кәсіпорынның сату бағаларының ұлғаюынан пропорционалды көрініс табады.

 

4. Маркетингілік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Объективті түрде алғанда  Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде  қажетті сүректің  70%-на дейін  сырттан әкелінеді. Алайда, Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз кәсіпорындарында өндірістің өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің  өзіндік құнының азаюы жаңа технологияларды  енгізу есебінен болды.

 

1-сурет – ҚР-дағы жиһаз өндірісінің көлемі, млн. теңге

                                                           Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суреттен көрініп тұрғандай, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндірісінің  көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 510 млн.теңге (немесе 19,5%-ға) ұлғайды.

 

2-сурет – ҚР-да өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі жиһаз саласы өнімдерінің үлесі  (2010 ж.), %

                                                                 Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Сонымен,  ҚР-да өнеркәсіп  өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі  жиһаз саласы өнімдерінің үлесі 2010 жылы 0,2%-ды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында  жиһаз  өндіру көлемі  9 229 млн. теңгені құрады, бұл  2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда  37,1%-ды құрайды. Алдағы айға қарағанда  жиһаз өндіру бойынша заттай көлем  индексінің (ЗКИ)  – 81,8%-ға төмендеуі  байқалады.

3-сурет - Өнеркәсіптің және ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің ЗКИ (өткен жылдың сәйкес айына %)

Қаңтар 10

Ақпан 10

Наурыз 10

Сәуір 10

Мамыр 10

Маусым 10

Шілде 10

Тамыз 10

Қыркүйек 10

Қазан 10

Қараша 10

Желтоқсан 10

Қаңтар 11

Ақпан 11

Наурыз 11

Сәуір 11

Мамыр 11


 

                       Өнеркәсіп өнімінің ЗКИ

                          Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің ЗКИ

                          Жиһаздан, сабаннан жасалатын бұйымдар және өруге арналған материалдарды өндіруден басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру ЗКИ

                          Жиһаз өндіру ЗКИ

                                                                                       Көзі: ҚР Өнеркәсіп комитеті

2011 жылдың қаңтар-мамырында  жиһаз өндірудің заттай көлемінің  индексі 2010 жылдың сәйкес кезеңіне  қарағанда 137,1 %-ды құрады.

Жиһаз нарығы құрылымында  арнайы, негізінен металл қаңқалы  отыруға арналған жиһаздардың үлесі  бәрінен жоғары. 2011жылдың қаңтар-мамырында  жиһаздың осы түрін өндіру 240 824 дананы құрады немесе бұған дейінгі жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда  5,0 есе  көп. Нарықтың екінші ірі сегменті кеңселік. Ағаштан жасалған жиһаздар болып  табылады. 2011 жылдың қаңтар-мамырында 158 222 дана өндірілді немесе өткен  жылдың  сәйкес кезеңінен 142,4% көп.

 

4-сурет - Ағаш өңдеу және жиһаз өнімдерін заттай мәнде өндіру, дана

 


 

    Негізінен металл қаңқалы арнайы 

     отыруға арналған  жиһаз

    Негізінен ағаштан жасалған қаңқасымен  отыруға арналған жиһаз

    Кеңселік ағаштан жасалған жиһаз

 

 

              

Көзі: ҚР Өнеркәсіп комитеті

 

 

5-сурет – ҚР-да жиһаз өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны, бірлік

 

                                                        

                                                         Көзі: ҚР Статистика агенттігі

5-суретте көрсетілгендей, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндіру бойынша  өнеркәсіп кәсіпорындарының саны  263 бірлікті құрады. Бұл  2009 жылмен  салыстырғанда 3 бірлікке аз.

 

6-сурет – ҚР-да жиһаз өндіру кәсіпорындары қызметкерлерінің саны, мың адам

 

                                                         Көзі: ҚР Статистика агенттігі

ҚР-да жиһаз өндіру жөніндегі  кәсіпорындар қызметкерлерінің саны 2010 жылы 0,2 мың адамға азайды. Бұл жиһаз  өндіру жөніндегі өнеркәсіп кәсіпорындары  санының азаюымен байланысты болып отыр (7-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сурет – Жиһаз өндіру бойынша салада жұмыспен қамтылған қызметкерлердің ҚР өнеркәсібінде негізгі қызметтегі  қызметкерлердің жалпы санындағы  үлесі, %

 

 

                                                         Көзі: ҚР Статистика агенттігі

7-суретте көрсетілгендей, ҚР-да жиһаз өндіру бойынша  салада жұмыс істейтін қызметкерлердің  өнеркәсіптің негізгі қызметіндегі  қызметкерлердің жалпы санының  үлесі 2010 жылы 0,2%-ды құрады. 2009 жылмен  салыстырғанда бұл көрсеткіш  өзгерген жоқ. 

ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндіру жөніндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы   45 528 теңгені  құрады,  бұл 2009 жылмен салыстырғанда 10 217 теңгеге (немесе  28,9%-ға) көп..

 

8-сурет – ҚР-дағы жиһаз өндіру жөніндегі қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге

 

                                                             Көзі: ҚР Статистика агенттігі

2011 жылдың сәуірінде жиһаз  өндірісіндегі орташа айлық жалақы  ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда  5,0%-ға ұлғайып, 49 539 теңгені құрады.

Тұтастай алғанда, жиһаз  өндірісіндегі орташа айлық жалақы өнеркәсіптегі орташа айлық жалақы деңгейінен елеулі түрде 51,0%-ға артта  қалып отыр. Бұл көрсеткіш ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі қызметі  саласындағы қызметкерлерді материалдық  ынталандыру жүйесінің тиімді емес екендігін сипаттайды.

9-сурет - Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы, теңге

 


  

   Өнеркәсіп

   Өңдеу өнеркәсібі

    Жиһаз өндіру

 

 

 

                                 

 

Көзі: ҚР Өнеркәсіп комитеті

 

Жиһаз өндіру бойынша негізгі  капиталға инвестициялардың көлемі 2011 жылдың қаңтар-мамырында 135,2 млн. теңгені  немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің 304,3%-ын құрады.

 

10-сурет - Бір айлық бөліністегі өнеркәсіп салалары бойынша негізгі капиталдағы инвестициялар, млн. теңге


 Жиһаздан, сабаннан жасалатын бұйымдар және өруге арналған материалдарды өндіруден басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру

 Жиһаз өндірісі

 

                                 Көзі: ҚР Өнеркәсіп комитеті

 

ҚР-да 2010 жылы жиһаз импортының өсімі 10,96%-ды, оның ішінде  ТМД-дан  – 19,3%-ды құрады.

 

4-кесте - Қазақстан Республикасындағы ағаш өнеркәсібі кешені тауарларының импортын талдау, барлығы $     

 

2006

2007

2008

2009

2010

Сүрек және ағаш өңдеу өнеркәсібінің  өнімдері

Барлығы мың $

189 819  

285 157,4   

249 966,98         

185 756,1           

216 390,2

Бұған дейінгі жылға %

+44.80%

+50.2%

-12.3%

-25.7%

+16.5%

Тақта материалдар

Барлығы мың $

140 811        

218 048   

192 838,7         

171 692,6            

198 888,3     

Бұған дейінгі жылға %

+34.70%

+54.9%

-11.56%

-11%

+15.8%

Жиһаз

Барлығы мың $

268 722    

397 835,03    

382 410,2

274 784,2

304 898,74

Бұған дейінгі жылға %

+51%     

+48%

-3.87%

     -28%       

+10.96%

Оның ішінде ТМД-дан

Барлығы мың $

132 481     

204 026,09   

173 812,5    

150 864,7     

179 997,72

Бұған дейінгі жылға %

+45.50%

      +54%

  -14.8%

-13.2%

+19.3%

Ағаш өңдеу станоктары

Барлығы мың $

15 788,1    

22 852,1    

7 000

6 946,3      

9 802,3        

Бұған дейінгі жылға %

+63.70%

+45%

 

-70% к 2007г.

+41%

АӨК тауарларының жалпы сомасы

Барлығы мың $

615 139     

923 892,53   

832 215,88         

639 179,2      

729 979,5  

Бұған дейінгі жылға %

+46.30%

+50.%

-10%

-23.2%

+14%


                                                                                  

 Көзі:ҚР Статистика агенттігі

4-кестенің нәтижелері  бойынша АӨК тауарларының жалпы  сомасындағы жиһаз импортының  үлесі  41,8%-ды құрағаны көрінеді.

 

5-кесте - Қазақстан Республикасының жиһаздар нарығының негізгі импорттаушы елдері (Ресей, Қытай, Италия, Украина, Белоруссия, Түркия),$

Орны

2007

2008

2009

2010

I

Ресей:                              142 766 800$              +45.64% 2006 жылға

Ресей:                               116 316 000$                         -18.53% 2007 жылға

Ресей:                                  89 589 400$                           -23% 2008 жылға

Ресей:                                102 414 790$               +14.3% 2009 жылға

II

Қытай:                                  52 222 700$                         +24.44% 2006 жылға

Қытай:                                  81 276 800$                         +55.64% 2007 жылға

Қытай:                                    39 791 300$                             -51% 2008 жылға

Украина:                              43 987 000$                +33.3% 2009 жылға

III

Италия:                                40 168 000$              +55.48% 2006 жылға

Италия:                                40 309 500$                  +3.5% 2007 жылға

Украина:                              32 993 800$                 +29.56% 2008 жылға

Қытай:                                  34 520 580$                            -13.25% 2009 жылға

IV

Белоруссия:                        29 867 200$               +48.48% 2006 жылға

Украина:                              25 465 100$                +1.98% 2007 жылға

Италия:                               27 123 500$                           -32.7% 2008 жылға

Белоруссия:                         28 731 940$                +35.97% 2009 жылға

V

Украина:                                  24 970 800$                 +133.4% 2006 жылға

Белоруссия:                         21 564 700$                           -27.8%  2007 жылға.

Белоруссия:                          21 131 000$                           -2% 2008 жылға

Италия:                                  21 646 450$                           -20.2% 2009 жылға

VI

Түркия:                                20 832 100$                 +22.7% 2006 жылға

Түркия:                                 20 069 500$                           -3.7% 2007 жылға

Түркия:                                14 239 200$                           -30% 2008 жылға

Түркия:                                19 450 050$                   +36.6% 2009 жылға

Информация о работе Кеңселік жиһазды жасау цехын құру