Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 08:44, лекция
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жеке меншік нысандарының көп түрлілігіне және меншік иелерінің қайта пайда болуына әкелді. Меншік иесінің еркі бойынша өзіне тиесілі үйге, пәтерге және басқа жылжымайтын мүлікке иелік етуіне, өзінің жаңа тұрғылықты үй немесе кеңсесіне бөлме табуына, бизнеске өз қаражаттарын салуға мүмкіндігі туды.
Өзінің меншік иелену құқығын жүзеге асырғысы келетін әр адамда көптеген сұрақтар мен мәселелер туындады. Олардың негізгісі болып жеке меншік құны туралы сұрақ табылады.
Бағалаудың негізгі түсініктері
Бағалау объектілері
Бағалау субъектілері
Бағалаудың қажеттілігі мен мақсаттары
Бағалау кезінде анықталатын құн түрлері
Инвестициялық құн – белгілі бір инвестициялау мақсаттарындағы нақты инвестор үшін меншік құны.
Көптеген себептерге байланысты
инвестициялық құнның нарық құнынан
айырмашылығы болуы мүмкін. Олардың
басты себептері: болашақ пайданы
бағалауға байланысты тәуекел дәрежесін
көрсетудегі салық
Сақтандыру құны – сақтандыру келісімі немесе полисі жағдайларымен анықталатын меншік құны.
Салық салынатын құн – салыққа байланысты нормативті құжаттармен бағаланған меншік құны.
Утилизацияланған құн – қосымша жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін меншік объектісінің ішіне кіретін жиынтық материалдар құны (жерден басқа) ретінде қарастырылатын меншік объектісінің құны.
Сипатына байланысты қайта өндіру және ауыстыру құны болып бөлінеді.
Қайта өндіру құны – бағаланып отырған объекті жасалған жоспармен және соған жататын материалдар мен жасалған меншік объектісінің қазіргі кездегі бағалармен бағаланған меншік объектісінің құны.
Алмастырушы құн – сол объектіні сатып алу немесе құру кезіндегі шығындар. Баланстық құн бастапқы және қайта қалыптасушы болып бөлінеді. Бастапқы құн қолдануға ену сәтінен бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Қайта қалыптастыру құны – негізгі қорларды қайта бағалау кезінде анықталатын, алдында қалыптасқан негізгі құралдардың қазіргі жағдайға сай қалыптастыру құны.
Кәсіпорын даму болашағына байланысты іс-әрекеттегі кәсіпорын құны мен жою құны болып екіге бөлінеді.
Іс-әрекеттегі кәсіпорын құны – бұл кәсіпорынның жеке құрамына берілетін құны емес, толық кәсіпорынды бағалайтын құн.
Әрекет етуші кәсіпорынның жеке активтері мен компоненттерінің құны олардың берілген бизнеске салымы негізінде анықталады және нақты кәсіпорын мен оның иесі үшін олардың тұтыну құны ретінде қарастырылады. Егер бір меншік объектісі әрекет етуші кәсіпорын бөлігі ретінде фирманың жалпы пайдалылығына салым салынбаса, онда берілген объектіні кәсіпорынның қызметімен байланысты қажеттілікке қатысты артық қалатын актив ретінде қарастыру керек. Бұл жағдайда құн түсінігі потенциалды утилизациялық құнды қоса отырып, оны қолданудың мүмкін альтернативті варианттарын ескеруі керек.
Әрекет етуші кәсіпорынды бағалау бизнестің жағымды даму болашағы бар деп болжайды, сондықтан кәсіпорынның жүйе ретінде анықталуын күтуге болады, ал барлығының құндылығы жеке элемент құндарының қосындысынан әрқашанда үлкен.
Егер кәсіпорынның жабылуы және бизнес активтерін жеке-жеке өткізу болжанса, онда оның жою құнын анықтау маңызды.
Жою құны – бұл маркетинг жүргізу үшін тым қысқа мерзімде меншікті сатқаннан нақты алынуы мүмкін ақша сомасы.
Оны анықтағанда жоюға
дейінгі кәсіпорын жұмысын
Кәсіпорын құнын бағалағанда тиімді құн сияқты түсінік бөлініп көрсетіледі.
Тиімді құн – активтердің берілген иесі үшін тұтынушылық құны мен оларды өткізу құны шамаларының қайсысы көп, соған тең активтердің құны.
Бағаланушымен есептелген қандай да болсын түрі тарихи факт емес, тандалған мақсатқа сәйкес берілген сәтте меншіктің нақты объектісін бағалау болып табылады. (1-кесте)
Құнның экономикалық түсінігі бағалау сәтіне берілген объектінің меншік иесінде немесе сатып алушыда бар пайдаға нақты көзқарас қандай да болмасын меншік объектісінің, оның ішінде бизнестің құнының негізі пайдалылық болып табылады.
«Құн» түсінігінен басқа бағалау теориясы мен практикасында «баға» мен «шығындар» (өзіндік құн) түсініктері қолданылады.
1-кесте
Бағалау үшін қолданылатын
құн түрлері мен бағалау
Бағалау мақсаты |
Құн түрлері |
Болжанатын бағаны анықтау үшін потенциалды сатып алушыға (сатушыға) көмектесу |
Нарықтық |
Инвестиция мақсаттылығын |
Инвестициялық |
Қарыз алу үшін тапсырысты қамтамасыз ету |
Кепілдік |
Мүлікті бағалау |
Салық заңдылығына сәйкес қалыптасқан нарықтық немесе басқа да құндар |
Сақтандырылған активтердің |
Сақтандыру |
Әрекет етуші кәсіпорынның жойылу мүмкіндігі (толық және жартылай) |
Жою |
Баға – белгілі бір тауар немесе қызмет үшін қажет ететін, болжанған немесе төленген ақшалай соманыбілдіретін көрсеткіш. Ол тарихи факт болып табылады, яғни белгілі бір орынға, сәтке жатады. Сатушы мен сатып алушының қаржылық мүмкіндіктеріне немесе олардың ерекше нақты қызығушылықтарына байланысты баға құннан ауытқып кетуі мүмкін.
Шығын (өзіндік құн) – белгілі бір қызметті немесе тауарды өндіру үшін қажетті ақша сомасы. Өзіндік құнға шығындар жиынтығы жатады. Өндіріс процесі аяғында немесе сатып алу-сату актісі жасалғаннан кейін өзіндік құн тарихи факт болады. Сол тауар немесе қызмет үшін сатып алушы төлеген баға сатып алуға кеткен шығындар болып табылады.
Бағаланған құнға әсер ететін факторлар.
Құнды анықтау кезінде бағалаушы микро-, макроэкономикалық факторларға көңіл аударады. Оларға келесілер жатады:
Сұраным – сұраным тұтынушы қызығушылығына байланысты, ал ол сол бизнес қандай табыс әкелетініне, қай кезде, қандай тәуелділікпен, берілген бизнес, бизнестің қандай бақылау және қайта сату мүмкіншіліктеріне байланысты.
Табыс (пайда) меншік иесі қол жеткізе алатын табыс келесіге: сол объектіні қолданғаннан кейін сатудан түскен пайда алу мүмкіндігіне және операциялық әрекет сипатына байланысты.
Бақылау – жаңа меншік иесі иеленетін бақылау деңгейі де өте маңызды факторлардың бірі.
Егер кәсіпорын жеке меншікке
сатып алынса немесе акциялардың
бақылау пакеті сатып алынса, онда
жаңа меншік иесі басқарушыны тағайындау,
олардың еңбекақы мөлшерін анықтау,
кәсіпорын жұмысының
Өтімділік. Кәсіпорын мен оның мүліктері құнын бағалауға әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып осы меншіктің өтімділік дәрежесі табылады. Нарықтық құнның бір бөлігін жоғалтудың ең аз қатерімен ақшаға тез айнала алатын активтерге сыйақы төлеуге дайын.
Жабылған акционерлік қоғам құндары ұқсас ашық қоғамдардың құнынан төмен болуы керек.
Шектеулер. Кәсіпорын құны бизнесте болатын қандай да болсын шектеулерге байланысты. Мысалы, егер мемлекет кәсіпорын өнімінің бағасына шектеу қойса, онда мұндай бизнестің құны төменірек болады.
Сұраным мен ұсыным ара қатынасы. Кәсіпорынға сұраным тек пайдалылыққа ғана емес, сонымен қатар потенциалды инвесторлар төлем қабілеттігіне, ақша құндылығына, қаржылық нарыққа қосымша капитал тарту мүмкіндігіне байланысты.
Бизнестің сұранымы мен құнына әсер ететін маңызды фактор болып инвестициялар үшін альтернативті мүмкіндіктерінің болуы табылады. Сұраным тек экономикалық факторларға емес, сонымен қатар қоғамдағы және саяси тұрақтылықтағы бизнеске қатысы ретіндегі әлеуметтік және саяси факторларға байланысты. Ұсыным бағалары бірінші кезекте қоғамда ұқсас кәсіпорынды жасау шығындарымен анықталады. Сатылуға қойылған объектілердің саны да табысқа әсер етеді.
Сатушының да, сатып алушының
да шешіміне сол бизнестің даму болашағы
үлкен ролін атқарады. Мысалы, күйреу
алдында тұрған кәсіпорын құны, ұқсас
активтері бар қаржылық тұрақты
кәсіпорын құнына қарағанда төмен
болады. Объектінің бағаланатын құнына
деген сұраным мен ұсыным да үлкен
әсерін тигізеді. Мысалы, сұраным көбейген
сайын сол бизнеске деген бағаның
өсуі де көбейеді. Сұранымның көбеюі сол
сомада жаңа кәсіпорындардың пайда
болуына әкеледі. Ұзақ мерзімді жоспарда
сол кәсіпорындардың басым
Ал егер ұсыным сұранымнан жоғары болса, онда бағаны өндіруші тағайындайды. Минималды баға сол бизнесті жасау шығындылығымен байланысты.
Сонымен бағаланатын құнды анықтайтын басты факторлар:
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Негізгі әдебиет:
Интернет-ақпарат
1. Веб сайт Российской компания «Эксперт-Оценка». http://www.9r.ru/part1.html
3. Оценочная компания "Тендер Эксперт" http: //www.tender-expert.ru/
Бақылау сұрақтары:
Информация о работе Бизнесті бағалау пәнінің мәні мен мақсаттары