Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 23:34, курсовая работа
Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Осы бағытта атқарылып отырған істер аз емес. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі кіші кәсіпкерліктің дамуы екені анық.
Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау. Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні
мен мазмұны
1.1 Кіші және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5
1.2 Кіші кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері......................7
ІІ тарау. Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі,
даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы кіші бизнестің және орта бизнестің
дамуындағы кедергілер.................................................................................9
2.2 Кіші бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды
іске асырудың жолдары..............................................................................12
2.3 Қазақстандағы кіші және орта бизнесті дамыту
жолындағы болашақ бағдарламалар................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................24
Қаржыландыру көлемі мен көздері: 2005 жыл – 11181,12;
2006 жыл – 10215,12;
2007 жыл – 10000.
Көрсетілген мақсатқа жыл сайын бөлінетін қаражат шегінде республикалық бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздер есебінен. Бұл ретте, қаржыландыру көлемі белгіленген тәртіппен тиісті жыл бюджетін қалыптастыру мен нақтылау кезінде нақтыланады. Кіші және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады.
Кластерлік-желілік ұстаным. «Кластер» ұғымы экономикалық әдебиетте құнды құрудың бірыңғай тізбектегі шеңберінде бір-бірімен өзара іс-әрекет жасайтын рыноктық институттар мен тұтынушыларды байланыстыратын өндірістік және қызмет көрсетуші фирмаларды, технологиялар және ноу-хау құрушыларды аумақтық шоғырландыру базасында қалыптасқан индустриалды кешен ретінде анықталады. Кластерлік-желілік ұстанымның негізінде «ұжымдық тиімділіктің» қағидаты жатыр: кластер құру (тік және көлденең интеграция), ортақ іс мүдделері негізінде фирмааралық кооперация, икемді мамандандыру арқылы кіші және орта кіспкерліктің тұйықталуынан озуға бағытталған. Бұл ұстаным кіші және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына өз күштерін біріктіру, тұйықталудан озу және фирмааралық кооперацияны дамыту арқылы өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Тек кластерлік-желілік ұстаным кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуда оларды экспорттық рыноктарға шығаруға және сол жерде ұтымды бәсекелесуге жәрдемдеседі.
Айтылған шаралар кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бәсекеге қабілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға көмектеседі.
Күтілетін нәтижелер: Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
2005-2006 жылдары ҚР-ның бірқатар
заңнамалық кесімдері
2005 жылы кіші және орта кәсіпкерлік саласында мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту мен жүйелендіру жөнінде шаралар қабылданады;
2005 жылы кластерлік-желілік
2005 жылы Үлкен қаржылық маркет құрылады;
2005 жылдың бастапқы кезеңіңде негізінен аудан орталықтары мен кіші қалаларда 160 микрокредиттік ұйымдар құрылады;
2005-2006 жылдары мемлекет қатысатын
кәсіпорындар мен акционерлік
қоғамдардың бейінді емес
Үш жыл ішінде кіші және орта бизнес субъектілеріне кредит беру 95 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды;
Мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясы жасалады.
Осы бағдарламада әкімшіліе кедергілерді алып тастау, кредит ресурстарына жеткілікті қол жетімдік бойынша жағдайлар құру, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ кіші және орта кәсіпкерліктегі менеджменттің сана-сезімдігін жоғарылату саласында кіші және орта кәсіпкерліктің дамуын қолдаудың жедел шаралары көзделген. Қазақстан Республикасының Үкіметі әкімшілендіруді және кіші бизнеске салық салу режимін жеңілдету бөлігінде салық заңнамасына өзгерістерді дайындады. Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану аясы:
Жеке кәсіпкерлік үшін – жалданатын қызметкерлердің санын 15-тен 25 адамға дейін және шекті кірісті 4,5-тен 9 млн. теңгеге дейін ұлғайта отырып;
Заңды тұлғалар үшін – жалданатын қызметкерлердің санын 25-тен 50 адамға дейін және шекті кірісті 9-дан 20 млн. теңгеге дейін ұлғайта отырып кеңейтіледі.
Әлемдік экономикада жұмыспен қамтылғандардың 60 пайыздан астамы кіші кәсіпкерліктің үлесінде, ЖІӨ-гі олар шығаратын өнімдердің үлесі 50 пайызға жетті. Қазақстанда 2003 жылғы ЖІӨ-ге кіші кәсіпкерлік субъектілерінің салған ресми үлесі 16 пайызды құрады.
Қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, мемлекет кіші кәсіпкерлік субъектілер қызметтері аясын барынша көбірек кеңейту және оларды белсендету үшін қолайлы жағдайлар құруы керек, осыған байланысты, заң жобасы жоғарыда көрсетілген шараларды ұсынады, бұл олардың ЖІӨ-дегі үлесін көбейтуге жол береді.
Қорытынды
Нарықтық экономиканың сәтті қызмет етуінің негізі меншік формаларының көп түрлілгі болып табылады, соның ішінде қазіргі экономиканың даму аксиомасы – жөнді нарықтық экономиканың кіші және орта бизнестің даму барысында өрлейтіні туралы жағдай.
Қазақстан және кіші кәсіпкерлік. Бұл сөз тізбегі Кеңес Одағы кезінде адамдардың ойларында жат-жұрттық болып көрінген. Қазіргі уақытта еліміз тәуелсіздігінің он төртінші жылына аяқ басып келе жатқан кезде, әрбір азамат өзінің бұл өмірде, нарықта орнын алуда. Кейбірі – мемлекеттік секторда, басқалары – жеке меншік секторда жұмыспен қамтылса, ал үшіншілері – өз кәсібін құрып, бизнестің оңы мен солын таниды. Қазіргі кезде кіші және орта бизнес экономикамыздың дамуының өзекті мәселесіне айналғандықтан, мен оны курстық жұмысымда қарастырдым. Бұл жерде кәсіпкерлік түсінігіне толықтай сипаттама беруден бастап, оның Қазақстанға енуі мен дамуын зерттедім.
Еліміз нарықтық экономикаға өткенде, көптеген қиындықтарға тап болды: жұмыссыздық, инфляция, өндіріс орындарының құлдырауы – осының бәрі тез арада шешімін күтетін мәселелерге айналды. Осындай қайшылықтарға толы, өтпелі кезеңде ұлттық экономиканы қайта құрудың негізгі индикаторларының бірі кіші және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуының үйлесімді жолын таңдау болып табылады.
Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде кіші және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар ЖІӨ-нің 50 пайыздан астамын береді. Ал Қазақстанда, статистика бойынша, өткен жылы кіші бизнес ЖҰӨ-нің 26 пайызын құрады; демек, жаңа жұмыс орындарының пайда болды, өндіріс жұмыс істеп, жалпы өмір сүру деңгейі көтерілді. Осы орайда Президентіміздің жыл сайынғы жолдауында кіші және орта бизнес ерекше аталып өтіледі.
«Кәсіпкерлер үшін жасалынған жағдайлар аз емес, бірақ келесі бір мәселе бар. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Біз қорға биылғы жылғы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда кіші бизнес субъектілерін несиелеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк несиелеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ», – деп Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдады.
Қазіргі кезде республикамызда индустрияны дамытудың арнаулы 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық Стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаттары бойынша еліміз шикізат бағытынан қол үзіп, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өтеді; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігі артып, кәсіпкерлік құрылым қалыптасады; бәсекелестік артықшылықтары жетілдіріп, ғылымды көп қажет ететін, экспортқа негізделген өндіріс құрылады.
Бүгінгі күні Қазақстан территориясында кәсіпкерлікке қатысты екі негізгі заң жүйелері қызмет етеді: «Шаруашылық серіктестік жайлы» (1995 жылдың 2 мамыры), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау» (1992 жылдың 4 шілдесі). Бұл екі заңнама жеке кәсіпкерліктің әрекетіне ұзақ мерзімді құқылы негізі болады.
Алайда кәсіпкерліктің дамуы тікелей кәсіпкерге де байланысты. Кәсіпті басқара білу, оны жетілдіріп, дамыту нарық жағдайының басты талабы болып келеді. Оны орындаған кезде ғана «мыңнан озық, жүзден жүйрік» кәсіпкер шығады.
Қорытындылап келгенде, кіші кәсіпкерлік – кәсіпкерліктің жалпы бастамасы болып табылады және оны дамыту мемлекетпен қатар әрбір кәсіпкердің, бизнесменнің өз қолында.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері