Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 23:34, курсовая работа

Краткое описание

Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Осы бағытта атқарылып отырған істер аз емес. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі кіші кәсіпкерліктің дамуы екені анық.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау. Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні
мен мазмұны
1.1 Кіші және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5
1.2 Кіші кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері......................7

ІІ тарау. Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі,
даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы кіші бизнестің және орта бизнестің
дамуындағы кедергілер.................................................................................9
2.2 Кіші бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды
іске асырудың жолдары..............................................................................12
2.3 Қазақстандағы кіші және орта бизнесті дамыту
жолындағы болашақ бағдарламалар................................................................17

Қорытынды.......................................................................................................22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой Қазақстанда Кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері 30 бет.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3

І тарау. Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні

              мен мазмұны

1.1 Кіші және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5

1.2 Кіші кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері......................7

 

ІІ тарау. Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі,

даму мәселелері

2.1 Қазақстандағы кіші бизнестің және орта бизнестің

      дамуындағы кедергілер.................................................................................9

2.2 Кіші бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды

      іске асырудың  жолдары..............................................................................12

2.3 Қазақстандағы кіші және орта бизнесті дамыту

жолындағы болашақ бағдарламалар................................................................17

 

Қорытынды.......................................................................................................22

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына, міне, 15 жыл болды. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде кіші және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.

Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Осы бағытта атқарылып отырған істер аз емес. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі кіші кәсіпкерліктің дамуы екені анық.

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстандағы кіші кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.

Зерттеудің мақсаты республикамыздағы кіші және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Курстық жұмысымның бірінші тарауы «Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні және мазмұны» деп аталады. Осы жерде мен кіші және орта бизнес дегеніміз не? деген сұраққа толық жауап беруге, оның қанша түсінігі және түрлері бар екендігіне және оның республикамызда қалай орын алғандығы туралы баршамызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беруге тырыстым.

Екінші тарауым «Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі және дамытудың мәселелері» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым. Бірінші сұрақта кіші бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аудардым. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде кіші және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.

 Ал  үшінші сұрағында тағы да қандай осы бизнесті дамытатын бағдарламалар, яғни «Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту  жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын»  қарастырамын. 

Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Нарықтық экономикадағы кіші және орта бизнестің мәні мен мазмұны

    1. Кіші және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері

 Индивидуалды немесе кіші кәсіпкерліктің мәні мен мағынасын нақтылы түсіну үшін оның қызметтік функцияларына сипаттама бергеніміз жөн.

Кәсіпкерліктің негізгі функциялары және олардың сипаттамасы:

  1. Жалпы экономикалық. Кәсіпкерлік ұйымдардың жеке кіші кәсіпкерлердің нарық субъектілері ретінде объективті рольде сипатталуы. Кәсіпкерлік тауарларды шығаруға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) және оларды белгілі бір тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің баяулатып өсуі экономикалық өсімнің, жалпы ұлттық көлемінің көбеюінің, ұлттық табыстың анықтаушы шарттарының бірі болып табылады.
  2. Ресурстық. Кәсіпкерліктің дамуы қалпына келетін, сол сияқты шектеулі ресурстарды ұтымды пайдалануын көздейді. Осы арада ресурс деп барлық материалды және материалды емес, өндіріс факторларын түсінуді айтады. Кәсіпкер ресурс иесі болғандықтан олардың ұтымды пайдалануында қызығушылық білдіреді. Алайда, максималды табысқа жетуге ұмтылу кері процеске әкеліп соқтыруы мүмкін: еңбек, табиғи және қоғамдық ресурстар уақыт өте келе азаяды.
  3. Ізденушілік – шығармалық (инновациялық). Кәсіпкерлік әрекетте жаңа идеяларды, сол сияқты қойылған мақсатқа жетудің жаңа тәсілдер мен факторларын пайдаланылуымен ерекшеленеді. Басқа сөзбен айтқанда бұл тұлғалық қарым-қатынастарының жаңа мектебі, кәсіпкерлік болакішіың тәсілдері мен әдістерін зерттеудің полигоны.
  4. Әлеуметтік. Әрбір ойлауға қабілеті бар адамның өз жеке қожалығының иесі болуына, өзінің индивидуалды таланттары мен мүмкіндіктерін кең дәрежеде көрсете алуға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, барлық қарсылықты жоя алатын, өзінің табысын әкелетін ісін құруға қабілеттері бар жаңа кәсіпкер адамдардың қабаты қалыптасуда. Кәсіпкерліктің өсуі жұмыс орындарының көбеюіне, жұмыссыздық деңгейінің азаюына, жалданбалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына үлкен септігін тигізеді.
  5. Ұйымдастырушылық. Жеке істі ұйымдастыруда қабылданатын өзіндік шешімдерді, кәсіпкерлікті басқаруды қалыптастыруда, күрделі кәсіпкерлік құрылымды құруда, кәсіпкерлік фирманың іс-әрекеттік стратегиясының өзгеруінде көрініс табады.

Кіші кәсіпкерліктің өзі үш түрге бөлінетіндіктен, ал бұл бөліну тікелей атқаратын функцияларымен байланысты болғандықтан, кіші кәсіпкерліктің түрлеріне қысқаша сипаттама берейік.

Дәстүрлі түрдегі кіші фирмалар (отбасылық, фирмалар, микро өндірістер, үлкен немесе зауыттар, қызмет көрсету компаниялары және т. б.);

Өз саласындағы «мини-монополистер». Мысалы, норвеждік «Ка Не Ва» компаниясы әлемдегі әскери кемелердің құрал-саймандарына деген сұраныстың 30%-ы қана қанағаттандырады.

Тәуекелі бар кіші өзгерістер, олардың ерекшеліктері туралы американ экономисі Дж. Вильсон былай деп жазған болатын: «Бұл әке-шешенің отбасылық пиццериясы немесе автоматты өнертапқыштың гаражындағы шеберханасы емес. Көп жағдайда, бұл – өндіріс, оның өте жақсы мамандырылған қызметкерлері, құрал-жабдықтары және қаржылық қолдауы бар».

Сонымен, кіші кәсіпкерлік – ел экономикасындағы үлесі аз, жұмыскерлер саны шектелген, жұмыс бағыты кәсіпорынға сәйкес меншіктің кез келген түріндегі экономикалық категория болып келіп, орта және ірі бизнестің, сондай-ақ қоғамдастықтар мен серіктестіктердің одан әрі дамуына ықпалын тигізеді, бастаудың «бастауы» болып табылады.

 

 

 

1.2  Кіші кәсіпкерліктің    артықшылықтары мен кемшіліктері.

       Нарықтық экономикада кіші және орта бизнестің іс-әрекет барысында артықшылықтары мен кемшіліктері байқалады. Қазақстан        Республикасының   нарығындағы  кіші бизнестің экономикалық   артықшылықтары:

      -  Нарықтық  экономикаға өту  барысында кәсіпкерлік  процесінің тез арада  өтуі,  яғни халықтық  кәсіпкерлікке қызығуы және онымен айналысуы.

      -  Кәсіпорынды   басқаруда   қызметкерлер   санының    аздығы   менеджмент  жүйесінің   артуына   алып  келеді.

      - Кәсіпорынның   ақща айырьасу жүйесінің  айқын болуы.

      - Кәсіпорының басқа да кәсіпкерлермен келісімдік қарым- қатынас жасауға ыңғайлығы.

      - Кәсіпорының есептік жүйесінің нақтылығы  да айқын   көрсетілуі.

      - Кәсіпорының өнім өндіру барысында қаржылық  және табиғи ресурстардың   тиімді қолдануы.

     - Қазақстан   Республикасының  екінші деңгейлі  банктерінен бизнесті қолдауға арналған  несиелерді алуға жеңілдігі.

    Қазақстан     Республикасынын     нарығындағы  кіші бизнестің экономикалық     кемшіліктері:

    - Кіші    кәсіпкерлік қызметтің  бәсекелістіктен қорғалмауы.

    - Кәсіпорының өңдірістік  процесіндегі  өнім өңдірудің шығындығы.

    - Кәсіпорындардың     өңдірістік  маштабтардың  ұлғайтудағы  шетелдік  инвестиция көздерінің тартымсыздығы.

      Қазақстан Республикасының  нарығындағы орта бизнестің   артықшылықтары:

  • Кәсіпорындардың белгілі бір салада  әрекет ету үшін қосылып бір-бірімен тәжірибе алмасуы.
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейін  банктеріндегі орта бизнесті   дамытуға бағытталған мүмкінділігі.
  • Кәсіпорындардың өңдірістік масштабтардың ұлғайтудағы шетелдік инвестиция көздерін тартылуы.
  • Қазақстан Республикасының экономиканың дамуындағы үлесі.

Қазақстан Республикасының  нарығындағы  орта  бизнестің кемшіліктері:

-  Кәсіпорындардың   арасындағы  қаржылық     қатынастардың  төмен  денгейде болуы.

-  Кәсіпорынның   ақша айырысуы  процестерінің  төмен деңгейде болуы.

- Өндірістік және еңбек ұжымдарының  заттық элементтерін  қалыптастыру.

- Өңдірісті ұжымдастыру, оны  шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен  жабдықтау және өңдірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің біріне-бірі әсер етуі.

- Бәсекеге төзімді өнім  өңдіру.

-өнімді сату.

- Пайда есебінен инвестициялық  қор

       Кіші   және  орта бизнестің   даму мәселелерін  қарастыру  барысында  артықшылықтары   мен     кемшіліктерін   қарастырып  алғанымыз  дұрыс.

Одан курстық  жұмыстың  екінші тарауында  осы   артықшылықтар  мен кемшіліктерді     реттеудің   мемлекеттік   шараларымен   бағдарламалар   туралы жазамын.

Бірақта кәсіпорынның дамуын тікелей  кәсіпкерге  байланысты. Кәсіпкерлікті басқара білу,   оны    жетілдіріп,    дамыту   нарық жағдайында  басты  талап.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ . Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері

2.1 Қазақстандағы кіші бизнестің дамуындағы кедергілер

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының деректеріне назар аударсақ, әлемдегі дамыған елдерде кіші кәсіпорындардың саны сол мемлекеттегі барлық өндірістік кәсіпорындардың жалпы санының 95 пайызынан асады. Бұл көрсеткіш біздің Қазақстанда биылғы жылдың басында ғана 90,1 пайызға жетті. Тек әлемдік экономикада барлық жұмыс істейтін адамдардың 60 пайызынан астамы осы кіші кәсіпорындардың үлесіне тисе, Қазақстанда ол 19 пайыз ғана. Биыл жыл басында Республикамыз бойынша 626187 кіші кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтсе, оның 481623-і ғана жұмыс істейді екен.

Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі – адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы. Солардың бір көрінісі ретінде адамдардың кіші кәсіпкерлікпен шұғылдануы. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскеніне он бес жыл ғана болғандықтан, кәсіпкерліктің де өз кедергілері бар. Әсіресе, бизнесте бәсекелестік жетіспейді, олардың өз жұмысын жандандыруына жергілікті жерлерде әдейі қолдан жасалынып отырған кедергілер көп. Шетелдік сарапшылардың, экономист-ғалымдардың пікірінше қазақстандық компания, фирмалардың жұмысты үйлестіру, бизнестік ортамен байланыс жасау, бизнес жүргізудің тиімді әдістерін меңгеру жағынан іс-тәжірибесі аз. Қазақстандық бизнесмендерге салық тәртібі, бюрократия, сыбайлас жемқорлық та үлкен кедергілердің бірі.

Олардың барлығын бес ірі топқа бөле отырып, мүмкін жою жолдарын ұсынып отырмын.

 

 

 

 

  1. Қаржылық. Негізгі капиталдың (жұмыскерлік және өндірістік орындарының, машиналар және техниканың, жердің) жоқ болуы.

Жою жолдары:

    • мемлекеттік меншікті, ақшаны жекешелендірудің соңғы сатысына қатысуы;
    • кіші кәсіпкерлерге қолданбайтын жекешелендірілген орындарды сатуы (бөліп төлеу мүмкін);
    • кәсіпкердің ақпараты бойынша анықталған қолданылмайтын объектілерді жалға беруі;
    • Қазақстандағы лизингтің институционалдық негіздерін құру;
    • жалға берілген мүліктің пайдалануын қадағалау;
    • кіші бизнес жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың және қоғамдық ұйымдардың гранттары мен жарналарын тарту. Мысалы, Бүкіләлемдік банк, Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қаржылық корпорация, Қайта өрлеу және дамудың Еуропалық банкі, Азиялық даму банкі;
    • кіші кәсіпкерлікті несиелеу үшін екінші деңгейлік банкті ынталандыру;
    • кіші кәсіпкерліктің дамуы қорынан өзекті салалары бойынша несиелеуді жетілдіру;
    • кіші бизнеске микронесиелеуді дамыту;
    • кіші бизнес жобаларын қаржыландыруын сақтандыру.
      1. Институционалдық. Кәсіпкерлік институтының нарық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.

Жою жолдары:

  • Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу;
  • Қазақстандық кәсіпкерлік кодексін жасау;
  • Қазақстандық жылжымайтын мүлік кадастрын жасау;
  • заңды, кеңестік және аудиторлық фирмалар жүйесін құру үшін шарттар жасау;
  • кіші бизнеске несие мен жарналарды ұсынатын коммерциялық банктер дамуын қолдау;
  • сауда үйлері және биржа жүйелерін дамыту  мен қолдау;
  • коммуникациялық қызметтерді, қонақ үй шаруашылықтарын дамыту мен қолдау;
  • бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторлар, аналитикалы-ақпаратты, көрмелі-ақпаратты, ғылыми зерттеу және кеңестік орталықтарды құру және қолдау.
    1. Білім алу. Бизнесті басқаруда тәжірибенің, білімнің аздығы.

Информация о работе Қазақстанда кіші және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері