Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 21:38, курсовая работа
Курстың өзектілігі: Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Бөлім
1.1 Жыныс хромосомалары, гомо және гетерогаметалы жыныс.......................5
1.2 Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі.............................................7
1.3 Жыныстың анықталуының баланстық теориясы........................................11
II. Бөлім
2.1 Жыныстың анықтау ортасының рөлі............................................................17
2.2 Тұқым қуалайтын аурулар – хромосомдық аурулар………........................18
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Тұқым қуалаушылық заңдылықтары барлық тірі жануарларға, өсімдіктерге және адамға да ортақ болады.Адамның генетикасын зерттеуде еркін шағылыстырудың мүмкін еместігі, жыныстық жағынан кеш жетілуі, әр семьяда ұрпақ санының аз болуы үлкен қиыншылықтар туғызады.Біріқ бұл қиыншылықтарға қарамастан адам генетикасын зерттеп білу саласында елеулі жетістіктер бар.Адам генетикасын зерттеуде арнайы әдістер қолданылады. Мысалы: генетикалық (шыққан тегін талдау), цитогенетика (клетка құрамындағы хромосома саны, құрамын тексеру), егіздерді салыстыру, популяциялық т.б. әдістер.
Адамның тұқым қуалайтын ауруларының саны 2000-нан асады.Олардың көпшілігі психикалық ауытқулармен сипатталады.Бұл аурулар адам генетикасындағы хромосомалардың санының, құрамының һзгеруіне немесе гендердің мутациясына байланысты.
Мутагендік факторлердің әсерінен
жыныс клеткаларының пісіп жетілуі кезінде
хромосомдар дұрыс ажырамайды, немесе
құрамында өзгеріс пайда болады.Олай болса,
мұндай хромосомды жұмыртқа клеткасы
қрықтанғаннан соң қалпында дамымайды.А.А.Прокофьева-
1866 жылы ағылшын дәрігері
Лэнгедон Даун баларда
Аутосомдық хромосомдардың саны өзгерціне байланысты тағы басқа синдромдар кездеседі.Эдварс синдромы – 18 жұп хромосом бойынша трисомия (үш хромосом), Патау синдромы – 15 жұп хромосомдар бойынша трисомия.Ұрпақтарында бұл синдромдардың болуы да ата-аналарында гаметалар (жыныс клеткалары) түзілген кезде аутосомдық (21,18,15 жұп) хромосомдардың дұрыс ажырамауының салдары болып табылады.
Кейбір аурулар ата анасының гаметалары түзілген кезде жыныстық хромосомдардың (23 жұп) ажыраспауынан болады.Мысалы, Клайнфельтер, Шерешевский Тернер, Трисомия – X синдромдары.
Клайнфкльтер синдромвмен әрдайым ер адамдар ауырады.Олар жыныс бездерінің (гонадалары) жете дамымауымен ақылының кемістігімен, аяғының ұзын болуымен және бойының қзын, босының кішкентай болуымен сипатталады.Бұл синдромның жаңа туған сәбилер арасындағы кездесу жиілігі — 0,15 % шамасында.
Шерешевский Тернер синдромымен ауырған әйелдердің бойы аласа болып жыныстық жетілуі баяулайды, гонадалары кеміс дамйды, аменория (етек кірінің келмеуі) және бедеу болады.Бірақ бұл синдромда ақыл ой дамуында кемістік болмайды.
Трисомия Х – синдромы әйелдерде екздеседі.Оларда жыныс бездері жетік дамымайды, дене және ақыл ой дамуында кемістіктер байқалмайды.
Бұл ауруларды анықтауда цитогенетиеалық әдіс қолданылады.Қалыпты жағдайда адамның сома (дене) клеткаларында 22 жұп аутосомдар және бңр жұп жыныстық хромосом болатындығын 1956 жылы американ ғалымдары Дж Тиио мен А.Левин анықтады.Жыныстық хромосомдар ер адамдарда Х жіне У , ал әйелдерде екеуіде – Х болады.Йитогенетикалық талдау жүргізу үшін хромосомдарды жекелеп бояп, оларды ұзындықтарына, йентромерлерінің орналасуына байланысты топтастырады.
Адамда не бары 46 хромосом бар.Бойы және формаларымен ерекшеленетін хромосомдардың клеткадағы диплойдтық жиынтығын кариотип деп атайды.Бойына қарап, хромосомдардың реттеліп орналасқан жиынтығын идиограмма дейді.Идиограммада алдымен 22 жұп хромосомдар, содан соң жыныс хромосомдары орналастырылады.Еркек және әйклдің идиограммасасын салыстырсақ, қалыпты жағдайда, 22 аутосомдары бірдей болады да, тек 23-жұп хромосомдарымен ажыратылады.
Жоғарыда аталған Клайнфельтер, Шерешевский Тернер, Трисомия – X синдромдарында жыныстық хромосомдардың саны өзгереді.Клайнфкльтер синдромы бар еркектердің клеткаларының ядросында 47 хромосом (44+XXY) болса, Шерешевский Тернер синдромында – әйелдерде 45 хромосом (44+X), ал Трисомия Х синдромында – 47 хромосом (44+XXX) болады.
Дауна синдромында 21 жұп хромосомдар үшеу (трисомия), ал, жалпы хромосомдар саны 47(47 ХУ немесе 47 ХХ) болады.Тұқым қуалайтын аурулар тек «бүтін» хромосомдар санының өзгеруіне байланысты емес.Гендердің өзгеруінің арқасында болған тұқым қуалайтын көптеген аурулар белгілі.Гендік аурулардың себебі – гендік мутациялар, басқаша айтқанда, ДНҚ молекуласының құрамындағы өзгерістер.Гендік ауруларды доминанттық және рецессивтік типте тұқым қуалайтын деп бөлеміз.Мысалы, доминанттық тип бойынша тұқым қуалайтын ауруларға брахидактилия (қысқа саусақтылық), полидактилия (алты саусақтылық), ахондроплазия (ергежейліліктің бір түрі), көзді шел басу т.б. жатады.
Рессесивті гендер анықтайтын ауруларға альбинизм, гемофилия, фенилкетонурия, алкапонурия, т.б. жатады.
Африка мен Азияның кейбір аудандарында кездесетін қан ауруы анықталды.Бұл ауруда эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктерінің) пішіні орақ тәрізді болады.Себебі, құрамындағы гемоглобин атты белок электронеатралды болады да эритроцидтер бір бірімен жабысып, оттегін тасымалдау қасиетін жоғалады.Ауру балалар ата енесі сау семьяларда тууы мүмкін.Егер әкесі де, шешесі де ауру тудвратвн ген бойынша гетерозиготалы болатын болса, олардың гаметаларының тең жартысы дұрыс хромосомды болса, қалған жартысында мутанттық ген болады.Демек, ¼ жағдайда 25% өзгерген гендері бар гаметалар ұрықтануы мүмкін.Бұл жағдайда ауру бала туады.
Гендік ауруларда анықтауда генеологиялық әдіс кеңінен қолданылады.Генеологиялық әдістің негізгі мақсаты: жиналған деректер бойынша шежіре картасын құрастыру және оны талдау.Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды.Оның іні қарындастарын сибстер деп белгілейді.Құрастырған шежіре картасында бір белгі (ауру) бірнеше рет кездесетін болса, онда ол тұқым қуалайтын болғаны.Кейбір белгілер жыныстық хромосомдармен тіркесіп тұқым қуалайды.Мысалы,құлақ қалқаншасының жүнді болуы (гипертрихоз) әкесінің ұлына 100% беріледі.Гипертрихоздың гені У – хромосоммен тіркесіп тұқым қуалайды.Ер бала У – хромосомды тек әкесінен алады, сондықтан ол ген балаға толық беріледі.
Х – хромосоммен тіркесіп тұқым қуалайтын белгілердің ұрпақтан ұрпаққа берілуінде геннің доминантты немесе рецессивті болуына байланысты ерекшкліктері болады.Мысалы, гемофелия (қанның ұйымауы) ауру шешесінен ұлына беріледі.Шешесі ауырмайды тек ұлдарына тасымалдап береді.Гемофилия гені – рецессивті, жыныстық Х – хромосоммен тіркесіп тұқым қуалайды.Егер еркектің (ХⁿУ) Х – хромосомында гемофилия гені (Һ) болса, онда ол ауруға шалдығады, себебі ноың бір ғана Х – хромосомы бар, ал У – хромосомда қанның ұюына әсер ететін ешбір ген болмайды.Сондықтан Х – хромосомның құрамындағы рецессивті ген (Һ) өзін көрсетеді.ХⁿХⁿ кароитині бар әйел гемофилиямен ауырмайды, себебі оның бір Х – хромосомында гемофилия гені (Һ) болса, екінші Х – хромосомда доминанттық, қанның қалыпты ұюын реттейтін ген (Н) бар.Сондықтан, гемофилия генінің әсерін доминанттылық ген басып, байқалтпайды.Гемофилия тәрізді дальтонизм де (қызыл және көк түсті анықтай алмау) Х – хромосоммен рнцессивтік типте тіркесіп тұқым қуалайды.
Гемофилия және дальтонизмнің шежіре карталарын талдау нәтижесінде жақын туыстардың некелесуінің келесі ұрпаққа зиянды екені анық көрінеді.Себебі, туыстас адамдарда бірдей гендер туыстас емес адамдарға қарағанда жиірек кездеседі.Туыстас адамдар некелескенде, олардың балалары көптеген гендер бойынша гомозиготалы (жұп гендері біртектес) болады.Соның ішінде әр түрлі ауруларды анықтайтын рецессивті гендер бойынша да гомозиготты болады.Ол жағдайда бұл аурулар келесі ұрпақтан да кездесе бостайды.Осыған байланысты жақын туыстардың некелесуіне заң жүзінде рұқсат етілмейді.
Тұқым қуалайтын және туа пайда болатын ауруларды емдеу оңай емес.Біздің еліміздің орталық қалаларында медикогенетикалық консультациялар бар.Олардың атқаратын міндеттері: 1) семьяларында тұқым қуалайтын аурулары бар жұбайларды цитогенетикалық, гениологиялық т.б. әдістермен тексеріп, болашақ ұрпақта болатын уаруды болжау; 2) тұқым қуалайтын аурулары бар адамдардың ауруын анықтап, емдеу немесе жағдайын жеңілдету.
Жоғарыда келтірілген хромосомдық синдромдарды емдеуде микроэлементтер қолданылады.Бұл емнің нәтижесінде жазылып кетпесе де аурулардың, әсіресе, ауру балалардың дамып жетілуіне көмектеседі.
Туа пайда болған алтысаусақтылық (полидактилия), жарғақсаусақтылық (синдактилия), еріннің жырық болуы, жүректің жақтаулы қақпақшаларының жетілмеуі, тамырдың (Боталов) бітпеуі және т.б. кемтарлық жағдайларында хирургиялық көмек көрсетеді.
Тұқым қуалайтын жіне туа пайда болатын ауруларды болдырмау үшін қоршаған ортаны ластаудан сақтау, екі қабат әйклдерді вирус тудыратын аурулардан қорғау және емге кейбір улы дәрілерді қолдануға рұқсат етпеу кеңінен қолданылады.Біздің республикада Семей полигонын жабу кеңінен өолға алынуда.Полигонның көптеген жылдар бойы жұмыс істеуінің экономикалық және әлеуметтік зардабын жою үшін бірқатар ұсыныстар қабылданды.Семейдің ауруханалары мен емханаларын зерттеуге керекті осы заманғы жабдықтар, приборлар жіне дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, жаңа типтегі ауруханалар салу т.б.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жқндеу үшін планетада ядролық сынауды тоқтатып, ауаны жіне суды ластайтын өнеркәсіп қалдықтарынан тазарту керек.
II. Бөлім
2.1 Жыныстың анықтау ортасының рөлі
Жыныс ұрықтану кезінде жыныстық хромосомалардың қабысуының немесе олардың аутосомалармен түрліше ара қатынасының нәтижесінде қалыптасады. Бірақ оған хромосомалық механизммен қатар сыртқы және ішкі орта факторларының да қатысы бар. Жыныстық белгілердің дамуына жыныс бездерінде жасалатын жыныс гармондары, сол сияқты сыртқыфакторлар - температура, қорек, жарық т.б. әсер етеді. Мысалы,теңіз құртында егер личинкасы анасының тұмсығының ішінде өссе одан аталық дарақ дамиды. Ал егер анасының тұмсығындағы аталық жыныс дамып келе жатқан личинканы бөліп алса, ол интерсекс болып шығады.Жынысты анықтаудың хромосомдық механизмін білу жануарлардың жынысын қолдан реттеуге мүмкіндік туғызды. Мысалы, құс шаруашылығында жұмыртқалағыш тауықтарды өсіргенде инкубатордан мекиендердің көбірек алынғаны, ал етті бағыттағы шаруашылықта аталықтардың көп болғаны тиімді.
2.2 Тұқым қуалайтын аурулар – хромосомдық аурулар
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б.дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хромосома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х – хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса – трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосом. аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.
Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.
Мұндай ауруларға: