Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:16, реферат

Краткое описание

Топырақ - биосфераның маңызды бөлігі. Топырақ жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тіршілік ортасы. Мұнда күн энергиясын аулайтын және оны органикалық зат түрінде топтастырып жинайтын түрлі жасыл өсімдіктер мекен етеді. Жиналған органикалық зат қоректену тізбегі арқылы басқа тірі жаңдарға таралады, ол ағзалар үшін қажетті энергия көзі болып табылады. Жасыл өсімдіктердің дамуы мен қалыптасуы және өнімділігі түрлі факторларға байланысты болады. Оның ішінде маңызды фактор мен көрсеткіштерге топырақтың құнарлығын жатқызуға болады. Құнарлы топырақ сол аумақтың бай биоалуантүрлігін қалыптасуына себеп болады және егіншілікте мәдени дақылдардың жоғары өнімділігі жергілікті топырақ қасиеттерінің жағдайына тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................
2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.Топырақты өңдеу...........................................................................................
3-4
ІІ. Топырақты өңдеудің мақсаты мен міндеті...............................................
5
ІІІ. Топырақ өңдеу жүйелері............................................................................
6-8
IV. Топырақты өңдеу тәсілдері........................................................................
9
V. Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар......................................
10
VI.Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері...........
11-18
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
19-20
ҚОЛДНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................
21

Прикрепленные файлы: 1 файл

топырак ондеу.docx

— 115.64 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Тақырыбымды қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса берген жөн. Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.

Топырақтың құрамында  тыңайтқыштың үш түрі болады. Органикалық, минералды және бактериялық тыңайтқыштар. Оларды кез келген жерге пайдаланбай топырақта қай түрі жетіспесе соны пайдаланған жөн. Мұның көп пайдасы бар. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамассыз ету қабілетін айтады. әр табиғат зонасында топырақтың құнарлығы әр түрлі. Жыртылған жерлерді қарқынды түрде пайдалану топырақтың әлеуетті құнарлылығының төмендеуіне әкелді.

Аймақ топырақтарындағы азоттың  жалпы мөлшері - күңгірт қара-қоңыр  топырақтарда 0,15-0,25%-дан, кәдімгі қара топырақтарда 0,35%-ға дейін ауытқиды. Топырақтағы азоттың 95-96%-ы гидролизденбейтін  және қиын гидролизденетін түрлеріне  жатады. Жеңіл гидролизді азот мөлшері 4-5% болса, оның ішіндегі минералды азоттың  үлесі 1% ғана.

Органикалық азотты қосылыстардың  минералдану жылдамдығы, оның мөлшері  мен арақатынасы гидротермиялық, агротехникалық себепшарттарға байланысты келеді және кең ауқымда ауытқиды, әсіресе сүрі танабында (80%-ға дейін). Басқа дақылдардың танаптарында органикалық заттардың ыдырауы  бір деңгейде жүреді.

Өсімдіктің азотпен қоректенуінде  минералды азоттың ішіндегі нитратты азоттың маңызы жоғары. Топырақтағы  минералды азоттың мөлшерін, қатынасын, динамикасын әртүрлі климаттық, гидротермиялық және агротехникалық жағдайлардың аясында зерттеу, топырақтағы азот құбылымының негізгі өзгеру заңдылықтарын  және осы негізде азотты тыңайтқыштардың  тиімділігін, ауыспалы егістегі орнын, енгізу мерзімін және тәсілдерін анықтауға  мүмкіндік берді.

Топырақтағы азот құбылымының  және азотты тыңайтқыштардың тиімділігін  диагностикалаудың әртүрлі әдістерін  саралау, өнімділік пен азотты тыңайтқыштардың  тиімділігімен (r=0,72-0,86) дақылдарды себу алдындағы топырақтың 0-40 см қабатындағы  нитратты азоттың мөлшері тығыз  байланысты екенін көрсетті.

Басқа да көрсеткіштерді - минералды  азоттың қосындысын, топырақтың нитрификациялаушы  қабілетін, жылжымалы азоттың мөлшерін Тюрин-Кононова және Корнфилд әдістерімен  анықтау мүмкін емес. Топырақтағы  нитратты азот мөлшері мен азотты тыңайтқыштардың тиімділігі арасындағы сандық байланысты анықтау топырақтың азотпен қамтамасыз етілуінің аймақтық шәкілін, тыңайтқыштарға қажеттілігін және азотты тыңайтқыштардан алынатын нормативті қосымша өнімді белгілеуге мүмкіндік берді.

Солтүстік Қазақстан топырақтарында азотты тыңайтқыштардың тиімділігін  анықтайтын негізгі себепшарттар: топырақтағы  азот пен фосфордың мөлшері және олардың арақатынасы, топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілуі болып табылады. Олардың сандық байланысы негізінде  азотты тыңайтқыштардың тиімділігін  болжауға мүмкіндік алынды.

Коррелятивті-регрессивті  талдау жұмыстары дәнді дақылдардан  мүмкін болатын жоғары өнімділікті  қамтамасыз ететін топырақтағы N-NO3–тің оңтайлы мөлшерін (12-15 мг/кг) анықтауға мүмкіндік берді, бұл азотты тыңайтқыштардың мөлшерін анықтауда (50-кесте, 7-9 теңдеулер) және олардың тиімділігін болжауда (2,4,5,6-теңдеулер) жаңа әдістерді ұсынуға жол ашты.

Топырақтың негізгі агрохимиялық қасиеттерінің тыңайтқыш түрлерімен, мөлшерімен және енгізу әдістерімен, олардың  тиімділігімен, дақылдар өнімділігімен  арасындағы сандық байланыс, дақылдардың  ауыспалы егіс жүйесіндегі тыңайтқыштарға қажеттілігін, әр танаптың құнарлылық деңгейін және басқа себепшарттарды ескерудің теориялық негізі болып  табылады.

Әртүрлі агрохимиялық, технологиялық  және климаттық себепшарттардың  тыңайтқыштардың тиімділігіне әсерін зерттеу өндіріске оңтайлы тыңайтқыш  енгізудің әдістерін, тәсілдерін ұсынуға  мүмкіндік  береді.

Топырақтың азотпен және фосформен қамтамасыз етілу индексін және аймақтық градациясын пайдалану, негізгі элементтердің арақатынасының оңтайлы көрсеткіштерін, ұсынылған  тыңайтқыш мөлшерін есептеу әдістерін  пайдалану, топырақтың негізгі қоректік элементтермен оңтайлы мөлшерде қамтамасыз етілуіне және ылғалдылықтың  жетіспеушілік жағдайында жоғары өнім алуға және тыңайтқыштардың экологиялық  зиянсыз мөлшерінде пайдалануға  кепілдік береді.

Азотты тыңайтқыштардың  тиімділігін болжау әдісін қолдана  отырып экономикалық тиімділікті есептеу, оларды тиімді қолдануда, өнімсіз шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.Қара топырақ - ең құнарлы топырақ. Ол орман және орманды дала зонаснда орналасқа. Топрақтың құрамы сол жердің табиғатына, яғни, өсімдіктің, жан-жануарлар дүнисіне күннің түсуіне тікелей байланысты. Топырақтың құрамында қара шірік көп болса, ол құнарлы топырақ болып саналады. Біздің Атырау облысы шөл және шөлейт зонада орналасқан. Топырағының құнарлығы өте төмен. 
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев 2003-05 жылыдарды ауыл жылы деп атады, бұл әрине ауылшаруашылығын көтеру деген сөз. Қазір жерге де көңіл бөлінуде. Осындай игілікті стер осы жылдан әрі қарай өз жалғасын табады деген үміттемін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 
1. Ақбасова Л.Ж., Сайымова  Г. «Экология» оқу құралы Алматы  бстау 2003 ж. 
2. «Агроэкология» Пед.реч В.А. Черникова, А.И. Чекресса, М. Колос 2000 ж. 
3. Бейсенова А.С., Шілдебайев Ж.Б., Саытбаева Г.З. «Экология» Алматы Ғылым 2001 ж. 

4. Берғалиев А.Б., Жамалбеков  Е.У. «Қазақстан топырағы және  экологиясы» Алматы 1998 ж. 

5. Оспанова Г.С., Босшатаева  Г.Т. «Экология» оқулық Алматынбағыс, мақта, т.б дақылдарды егуге қолданылады.

6. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.

7. Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.

8. Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.

9. Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.

10. Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.

11. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

12. Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.

13. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Павлодар: Кереку, 2008. - 20 б.

14. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.

 

 


Информация о работе Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар