Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:16, реферат
Топырақ - биосфераның маңызды бөлігі. Топырақ жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тіршілік ортасы. Мұнда күн энергиясын аулайтын және оны органикалық зат түрінде топтастырып жинайтын түрлі жасыл өсімдіктер мекен етеді. Жиналған органикалық зат қоректену тізбегі арқылы басқа тірі жаңдарға таралады, ол ағзалар үшін қажетті энергия көзі болып табылады. Жасыл өсімдіктердің дамуы мен қалыптасуы және өнімділігі түрлі факторларға байланысты болады. Оның ішінде маңызды фактор мен көрсеткіштерге топырақтың құнарлығын жатқызуға болады. Құнарлы топырақ сол аумақтың бай биоалуантүрлігін қалыптасуына себеп болады және егіншілікте мәдени дақылдардың жоғары өнімділігі жергілікті топырақ қасиеттерінің жағдайына тікелей байланысты.
КІРІСПЕ............................................................................................................
2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.Топырақты өңдеу...........................................................................................
3-4
ІІ. Топырақты өңдеудің мақсаты мен міндеті...............................................
5
ІІІ. Топырақ өңдеу жүйелері............................................................................
6-8
IV. Топырақты өңдеу тәсілдері........................................................................
9
V. Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар......................................
10
VI.Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері...........
11-18
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
19-20
ҚОЛДНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................
21
ЖОСПАР
КІРІСПЕ....................... |
2 |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
|
І.Топырақты өңдеу......................... |
3-4 |
ІІ. Топырақты өңдеудің мақсаты мен
міндеті....................... |
5 |
ІІІ. Топырақ өңдеу жүйелері...................... |
6-8 |
IV. Топырақты өңдеу тәсілдері..................... |
9 |
V. Топырақты өңдеудегі технологиялық
жұмыстар...................... |
10 |
VI.Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері........... |
11-18 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
19-20 |
ҚОЛДНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................ |
21 |
КІРІСПЕ
Топырақ - биосфераның маңызды бөлігі. Топырақ жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тіршілік ортасы. Мұнда күн энергиясын аулайтын және оны органикалық зат түрінде топтастырып жинайтын түрлі жасыл өсімдіктер мекен етеді. Жиналған органикалық зат қоректену тізбегі арқылы басқа тірі жаңдарға таралады, ол ағзалар үшін қажетті энергия көзі болып табылады. Жасыл өсімдіктердің дамуы мен қалыптасуы және өнімділігі түрлі факторларға байланысты болады. Оның ішінде маңызды фактор мен көрсеткіштерге топырақтың құнарлығын жатқызуға болады. Құнарлы топырақ сол аумақтың бай биоалуантүрлігін қалыптасуына себеп болады және егіншілікте мәдени дақылдардың жоғары өнімділігі жергілікті топырақ қасиеттерінің жағдайына тікелей байланысты.
Мемлекетімізде топырақты қорғау мәселесі экологияның басты міндетіне айналу қажет. Қазақстан аумағында жергілікті табиғи жағдайларына байланысты, адамның шаруашылық іс әрекеті салдарынан қауыпті деңгейде топырақ эрозиясы, топырақтың тұздануы, химиялық заттармен ластануы нәтижесінде шөлейттену мәселелері туындап отыр.
Ұсынылып отырған оқу құралында жер қорының қазіргі жағдайы, топырақ – биотикалық кешенінің негізгі буындары, топырақ эрозиясының түрлері және күресу шаралары, топырақтың агрохимикаттармен және ауыр металдармен ластану жағдайлары, жерлердің техногендік бұзылуы және топырақты қайта қалпына келтіру жолдары, топырақтың шөлге айналуы, топырақтың тұздануы және алдын-алу жолдары сияқты маңызды тақырыптар қарастырылған.Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.
Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 ... 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады.
Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп - өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар
шымның, тыңайтқыштар мен герби
Топырақты өңдеудің мақсаты мен міндеті.
Егістік танаптарының топырақтарын
ойдағыдай өңдеу егіншілік
Топырақты өңдеуде құрлымы төмендегі
беткі қабаттың орынына органикалық қалдықтарға
бай қоректі заттар қоры анағұрлым көп
төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда
аэроты микроорганизмдердің белсендігі
артып органикалық заттардың минералдануы
күшиеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы
оның қабаттарына ылғал ауа және қажетті
қоректі заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақты өңдеудің мақсаты.
Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу
үшін ташиналармен өндіргіш құралдар
арқылы топыраққа механикалық әсер етуді
топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты
өңдеуге органикалық және минералдық
тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп
пен сабан түптерін сондай – ақ топырақтың
жоғары қабатында аңызда арамшөптерде
болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың
тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады.
Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу
тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен
бастап осы заманға топырақты өңдейтін
құралдар мен машиналарға дейін үлкен
өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін
физикалық, химиялық және биологиялық
процестердің жоғары қарқынды жүруіне
әсер етедіжәне олардың топырақтағы өзгерістері
мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайлар
жасайды.Өңдеудің көмегімен ылғалды мол
аудандардағы артық ылғалдың кемітуге
ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жйнауға
болады. Арамшөптермен кұресуде топырақты
өңдеудің рөліне баға жетпейді.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты
өңдеуде мынандай міндеттерді орындайды.
1. Арамшөптерді жою 2. Топыраққа органикалық,
минералдық тынайтқыштарды, улы химикаттарды
енгізу. 3. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды
зақымдайтын зиянкестер мен ауыр қоздырғыштарды
жою 4. Топырақтың су эрозиясы мен дефеяцияға
тұрақтылығын арттыру. т.б. міндетті кіреді.
Топырақ өңдеу жүйелері
Жерді сүдігерге сапалы түрде
жырту ауылшаруашылық дақылдарының
өнімін және сапасын арттыруға мүмкіндік
туғызады. Тұқым себу науқанын сапалы
өткізу, оның біркелкі көктеп шығуы және
дақылдың кейінгі кезде қарқынды өсіп-
дамуы күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне
байланысты. Сүдігер қаншалықты сапалы
өңделсе, соғұрлым кейінгі кезде барлық
агротехникалық шаралар тиімді жүргізіледі.
Сондықтан да топырақты сүдігерге өңдеуді
“ негізгі өңдеу ” деп атайды. Топырақты
сүдігерге өңдеу мына жұмыстардан тұрады:
егістік жерді тегістеу, топырақты өңдеудің
алдында суару, сыдыра өңдеу, органикалық
және минералдық тыңайтқыштарды сіңіру
және сүдігерге жырту.Көп жылдық зерттеулер
нәтижесінде дәнді- парлы ауыспалы егістің
барлық танаптарында жерді қайырмалы
плугпен жыртқаннан гөрі жазықтілгішпен
өңдегенде, жаздық бидай шығымдылығы әлдеқайда
жоғары екенін көрсетті. Бірақ бұл жағдайда
арам – шөптер басымырақ болады.Оларды
жою үшін гербециттер қолданады.
Топырақ өңдеу жүйесінде оның тәсілінен
басқа өңдеу тереңдігі де үлкен роль атқарады.
Тайыз өңдеуге қарағанда, терең қопсыту
атпатамырлы арам шөптерді жақсы жояды.Топырақты
үнемі бір тереңдікке ғана жырту оның
астыңғы қабатын нығыздап тастайды. Өсімдікке
керекті қарашірікті және басқа да органикалық
заттарды көбейту, оларды толық пайдалануға
қолайлы жағдай жасау суармалы егіншілікке
ең басты міндет болып табылады.
Суармалы егіншіліктер жоңышқа тыңын
және жасыл тыңайтқыштарды бірінші жылы
40-45 см тереңдікте жырту, ал келесі 2-3 жыл
бойы 20-25 см-ге өңдеу, және 20-30 см тереңдікте
қопсыту тиімді.2. Егіншілік жүйесінде
кең қатарлы немесе шаршы- ұялы әдіспен
егілетін өсімдіктерді отамалы дақылдар
дейміз.Отамалы дақылдардың өсіп- өнуі
кезеңінде қатар аралықтары 2-4 рет қопсытылады,
осының арқасында арам шөп оталады. Бұл
топырақтағы ылғалды сақтайды, тамыр маңында
ауа алмасуын, топырақ қабатындағы микробиологиялық
жағдайды жақсартады, қоректік зттар жинауын
күшейтеді.Отамалы дақылдардан кейін
күздік бидай егілетін жердің топырағын
екі рет дискілі сыдырғыштармен 3-10 см
тереңдікте өңдегенде, астықтың өнімі
гектар басына 1,5 – 2,5 ц артады.Кеш жиналатын
алғы дақылдардан кейін күздік бидайдың
себу мерзімін өткізіп алмау үшін топырақтың
беткі қабатын сапалы өңдеу керек. Тайыз
өңделген топыраққа енгізілетін минералды
тыңайтқыштардың әсері басым болады, оның
себебі топырақтың 9-10 см тереңдікте өңдегенде,
үстіңгі қабатқа жиналатын нитраттар
терең өңделген танаппен салыстырғанда
мол болады. Оның себебі, топырақтың үстіңгі
қабатында микроорганизмдердің тіршілігіне
қолайлы жағдай жасалуынан органикалық
қалдықтар тез ыдырайды, ал терең жыртылған
топырақта тамыр қалдықтары топырақтың
төменгі қабатына түсіп кетеді, ол топырақтағы
микроорганизмдердің белсенділігі төмендейді
де, органикалық қалдықтар нашар ыдырайды.Танапты
бедеден кейін өңдегенде мына шарттарды
орындаған жөн: топырақты негізгі және
тұқым себер алдында өңдеу жүйесінен кейін
беденің өсуіне жол бермеу, беденің тамыр
жүйесін және басқа да органикалық қалдықтардың
ұзақ минералдануына және оны үнемді жұмсауына
жағдай туғызу. Мәселен, қант қызылшасы
көп жылдық шөптен кейін орналастыратын
болса, онда шөпті төрт – бес жылдық орып,
пішенді жинап алғаннан кейін, жоңышқаның
тамыр мойнын қырқып, аңызды 10-12 см тереңдікте
сыдыра жыртады, мұнан кейін 15-16 күн қалдырып,
оның жықсы кебуіне мүмкіндік береді.
Жоңышқа тамыры әбден кепкеннен кейін
танапты суырып, оған тыңайтқыш енгізеді
де, топырақты 30-32 см тереңдікте жыртады.
Пар дегеніміз – күздік және жаздық дақылдар үшін дайындалатын ауыспалы егістің бір танабы. Пардың міндеттері:Танаптың ылғал қорын жинап, оны сақтау;Топырақ қабатындағы микрорганизмдердің белсенділігін арттырумен қатар химиялық процестерді тездету;Топырақтағы қоректік заттар қорын көбейту;Танапты арам шөптерден, өсімдік зиянкестері мен ауру қоздырғыштардан тазарту;
Пардың бірнеше түрі бар:
Таза пар -деп ауыл шаруашылық дақылдарынан бос, ылғал, қоректік заттар жинау және армшөптерді жою үшін арналған танапты айтады.
Қара пар - Таза пардың бір түріне жатады. Өңдеу ( жырту ) күзде басталады. Содан кейін көктемде және жаз бойы өңдеу арқылы дайындалады.
Ерте пар - таза пардың бір түрі, оның айырмашылығы қара пардай күзде өңделіп дайындалады. Ерте пар – жаздық бидайдың алғы егісі.
Ықтырмалы пар - ттаза пардың ерекше бір түрі, қысы қатты, ылғалы тапшы аймақтарда қарды егістік алқаптан жел айдап әкететін жазық далалық аймақтарда қолданылады. Ол үшін танабына биік сабақты өсімдіктер (жүгері, қонақ жүгері, күнбағыс, мақсары ) егіледі.
Екпе пар пардың бұл түрі ауыспалы егістің бір танабына жатады. Екпе парға арналған жерде жаздың бірінші жартысында ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі. Ондай дақыл ерт жиналып алынады да, топырақ өңделіп, пар күтіп – бапталады. Ол танапқа күзге қарай күздік бидай себіледі.
Екпе пардың өзі жаппай және отамалы екпе пар
болып екі түрге бөлінеді.
Жаппай екпе парға көп жылдық және
бір жылдық шөптер, мысалы, жоңышқа, сиыр
жоңышқа, малға беретін бөрі – бұршақ,
талшықты зығыр, қыша, т.б егіледі. Жаппай
екпе парда өскен дақылдар ерте жиналады
да, өзінен кейінгі өсімдіктерге жақсы
алғы дақыл болады, топыраққа органикалық
заттар қоры жиналады, сөйтіп күздік дақылдардың
өнімін едәуір арттырады.
Отамалы екпе пар. Отамалы екпе парға көбіне бұршақтың, картоптың ерте пісетін сорттары, сүрлемдік жүгері, т.б егіледі.Отамалы дақылдар себілген екпе пардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда екпе пардағы отамалы дақылдың қатараралықтары қосымша өңделгендіктен, оның құны таза парға жақын болады. Отамалы екпе пардың бір кемістігі оған себуге жарайтын отамалы дақылдар саны өте аз, мәселе мынада: екпе парға егілетін отамалы дақылдардың өсіп - өну мерзімі ұзақ, оны жинап алу күзге дейін созылады да, пар танабын баптап өңдеуге уақыт жетпейді.
Жасыл пар екпе пардың бір түрі. Жасыл пар емесе сидерат деп көп жылдық не бір жылдық шөптерді өсіп тұрған кезінде жыртып, топырақпен араластырып, тыңайтқышқа айналдыруды айтады. Мұнда жаздық бірінші жартысында бұршақ тұқымдас өсімдіктер егеді.
Топырақты өңдеу тәсілдері.
Ауа және топырақ жағдайларына,
агротехникалық талаптар мен орыдалатын
технологиялық процестерге
Шым аударғыштың топық
қабатына ену тереңдігі 10-12 см болады.
Бұл шым аударғыштардың жұмыс беті цилиндроид
тәрізді. Топырақты тегістеп жыртудың
оңға және солға аударатын жұмыс тетіктері
орнатылған клавишті айналымды және челнокты
плугтарды қолдану арқылы жүргізуге болады.Аударып
жырту загонның ортасынан басталады, құлатып
жырту жұмыс загонның шетінен басталыды.
Мұндай жыртылған жон ортасында айырма
борозы пайда болады.Жұмыс бетінде жартылай
винтті корпусты тығыздығы жоғары шымды
тың және тыңайған топырақты өңдеуге арналған.
Су эрозиясына ұшыраған топырақты өңдеу.Су
эрозиясының пайда болуына ең басты себеп
ол жауынның және көктемде ерген қар сулары
ылдиға қарай ағып, жолшы бай топырақтың
құнарлы қыртысын. Су эрозиясы ауыл шаруашылығына
орасан зиян келтіреді. Су эрозиясы топырақтың
ең құнарлы ұстің гі қабатын шайып, құнарлы
жерін және қоректі заттарын ағызып әкетеді.Соңы
жылдары Солтүстік аймақтарда қар суының
топырақтың үстіңгі қабатымен ағуынан
су эрозиясының зияды әсері біліне бастады.
Су эрозиясы процесін төмендету, топырақты
ылғалмен қамтамаз ету үшін: - сүдігірді
терең өңдеу және ПШ5-пен топырақпне саңылаулау.
– сүдігерді тайыз өңдегеннен кейін ШН-4-пентопырақты
саңылаулату. – жолақтап өту ең арзан
әрі топырақты эрозиядан сақтаудың тиімді
әдісі.
Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар.
Топырақты өңдеу тұтас
жүйелі технологиялық процесс, мұндағы
негізгі операциялар: қопсырту немесе
майдалау, жыртылған топырақ қабатын
қабатын аудару, араластыру, тілгілеу,
тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларынт
қырқу, жалдармен жүйектер жасау.Осылардың
ішінде топырақты тығыздау жайлы
айтып босақ. Тығыздау технологиялық
операциясы топырақтың тоң кесегі мен
борпылдақтығын жоюға керек.
Топырақты тығыздау тұқымының өсіп шығуына
ең қолайлы жағдай жасайды.Тығыздау себілген
тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады,
топырқтың жалпы және капилярлы емес түтіктерінің
санын төмедетеді. Тығыздаудың механикалық
құрамы ауыр жақсы құрлымы бар топырақтар
бәрінен де жиі қажететеді. Өйткені олар
терең өңделгеннен кейін, ұзақ уақыт бойы
борпылдақ күйінде болуға биім келеді.
Тығыздалғантопырақ қабатынан ылғалдың
буланып ұшуының көбеюі, оның тиімді қасиетін
төмендетеді. Топырақ бетіндегі ылғалдың
булануын азайту үшін катокпен тегістеуден
кейін жеңіл тісті тырмалармен топырақ
беткейін аздап қопсыту керек. Сонымен
бірге топырақты тығыздау, оның өңделетін
қабаты тұқым себер кезінде тыс қосылған
болса кейін топырақ шөккенде өсімдіктің
тамыры зақым келмеуі қажет.
Информация о работе Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар