Түйе жоңышқа (Melіlotus)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 10:02, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы
Курстық жұмыстың міндеті :
Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясымен танысу
Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері танысу
Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттарын зерттеу
Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктерімен танысу

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Әдебиетке шолу......................................................................................................5
І Түйе жоңышқа (Мelilоtus) дақылының морфо – ботаникалық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру агротехникасы, халық шаруашылығындағы маңызы

1.1 Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өсіру технологиясы.................7
1.2 Түйе жоңышқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері...........................................................................................................9
1.3 Түйе жоңышқаның маңызы, егілетін аудандары, өнімділігі және сорттары.................................................................................................................11
1.4 Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктері.......................12
ІІ Тәжірибелік бөлім

2.1 Түйе жоңышқаны да мал азығына айналдыруға болады............................18
2.2 Дақылдан жоғары өнім алу үшін агротехникалық жүйені әзірлеу...........20
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................28
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 84.73 Кб (Скачать документ)

1.4 Түйе жоңышқаны өсіру агротехникасының ерекшеліктері

 

 Түйе жоңышқа шөптері  аз мерзімге ғана енізілген  ауыспалы егістерде орналастырылады,  сортаң жерлерде оған теңдескен  дақыл жоқ. Топырақты өңдеу  мен түйе жоңышқаның өсіру технологиясы эспарцетке ұқсас. Құрғақ далалы аймақтарда түйе жоңышқа бүркемесіз егістікте жақсы өніп-өседі, алайда өнімді екі жылда бірақ рет береді. Сондықтан оны бүркемелі дақылдармен өсірген дұрыс, мұның өзі ылғалы қалыпты жылдары негізгі өнімді алғашқы жылы бүркемелі дақылдардан алуға мүмкіндік береді, ылғалды жылдарда өнімнің белгілі бір бөлігін түйе жоңышқа береді[15].

Жартылай бүркемелі егістіктер жақсы нәтижелер береді: итқонақ, арпа, тары, судан шөбі кең қатарлап себіледі, қатараралықтарға түйе жоңышқа себіледі, ал қуаңшылықты аудандарда: ерте көктемде түйе жоңышқа, сонымен бірге кең қатарлап бүркемелі дақылдар себіледі. Жылына 300 мм-ден  артық жауын-шашын тусетін аудандарда қатардағы әдісті, қуаңшылықты аудандарда кең қатарлы әдісті (30-45 см) қолдануға болады. Жоғары агрофонда  және қатарлап себу әдісінде гектарына 3-4 млн өнгіш тұқым (6-7 кг) себеді, бүркемелі егістікге және сортаң топырақтарда оны 6-7 млн/га-дан /12-14 кг/га-ға дейін өсіреді, ал агротехника дәрежесі төмен болған жағдайда кең қатарлап 2-3 млн/га өнгіш тұқым 4-6 кг/га себіледі. Бүркемелі егісткке түйе жоңышқаны астық-шөп сеялкаларымен қатарлап сепкен дұрыс. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см. Түйе жоңышқаны көктемгі жұмыстар басталысымен топырақтың беткі қабатында жақсы ылғал қоры бар мерзімде, мүмкіндігінше сәуірдің екінші жартысынан қалдырмай сепкен дұрыс. Жазғы себу мерзімін (шілдеге) ылғалды жылдары бүркемесіз әдіспен арамшөппен ластанған бірақ әуелі олардан арылтып тазаланған алқаптарға қолданады, алайда бұл жағдайда түйе жоңышқа тіршілігінің екінші жылында алынатын өнім ерте көктемде себілген егістіктен төмен болады. Бүркемесіз егістікте арамшепті жерден биігірек алып шауып тастаған жөн. Түйе жоңышқа тіршілігінің бірінші жылында оны шілде - тамыздың басында 15-20 см биіктікте, немесе қысқа кетер алдында (қыркүйектің екінші жартысында) әрбір 10-12 м сайын кеңдігі 20-30 см шабылмаған жолақ қалдыра отырып шабады. Мұның өзі қарды көбірек тоқтатып өсімдіктердің қыстап шығуын қамтамасыз етеді. Түйе жоңышқа алшынкөгінің өркендері жоңышқадағы сияқты тамыр мойнынан (түбінен) емес, топырақтың беткі қабатында 20 см биікгікте орналасқан төменгі жапырақтардың қойнындағы бүршіктерден дамиды, сондықтан өсімдік тіршілігінің екінші жылында алшынкөк алу үшін бірінші шабысты 15-20 см биіктікте жүргізеді. Гүлденудің  бас кезінде шабылған пішен мен  көкбалаусаның сапасы едәуір жоғары болады. Бұл кезеңдегі мал азығы өте сүйкімді, протеинге бай, қоректілігі жөнінен бағалы жапырақтар барынша көп сақталады. Кешіктіріліп шабылғанда өнімі ғана емес, сапасы да төмендейді. Тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері. Тұқымды алқаптарда арамшөптерден таза алғы дақылдардан кейін орналастырады. Кең қатарлы әдіспен (45-60 см) гектарына скарификацияланған бірінші класты 1-2 млн өнгіш тұқым (2-4 кг) себіледі. Түйе жоңышқа себілген жылы арамшөпті 2-3 рет шауып тастайды және қатараралықтарды тыңғылықты өңдейді. Келесі жылы көктемде егістікті азот тыңайтқышымен үстеме қоректендіреді, ерте көктемде малалайды және қатараралықтарды культиватор жүргізеді.Бұршақ қаптарынның 40-50% қоңырланғанда бөлектеп жинауды бастайды. Түйе жоңышқа егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді. Түйе жоңышқаның тамырлары шіріген кезде топыраққа тікендер пайда болады, өсімдікке зиянды тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін 30-36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты  суларын пайдалана отырып, оның деңгейін 1,5-2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен түйе жоңышқа арам шөптерді мейлінше  тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға әсерін молынан тигізеді[9].             Тыңайтқыштар жүйесін әзірлеу: Егіс алдындағы тыңайтқыштарды дала егістерімен қатар бірге енгізеді. Тыңайтқыштар қсімдікті қысқа уақыт ішінде егін көгінің, тамыр жүйесінің қалыптасуына әсер етіп, қоректік элемент терді және тыңайтқыштарды оңтайлы сіңіру қабілетін арттырады.  Тұқым өнуінің екі аптадан соң өсімдікте фосфорға деген қиын-қыстау кезеңі басталады. Егіс алдындағы ендірілген тыңайтқыштар оңай еритін және тез сіңетін болуы тиіс. Түйе жоңышқаның 1т шөп алу үшін топырақтан 3,0-3,5 кг фосфор, 20-24 кг калий және 15-16 кг кальций қолданады . Ол  калийдің (1,5-2,0 ц/га) және фосфордың (3-4 ц/га) тыңатқыштарын ендіргенде жақсы өнім бередіу. Ал қышқылды топырақта фосфорит ұнын қолданған тиімді болып келеді. Түйе жоңышқаның тамыр жүйесі  қиын еритін қоректік заттарды сіңіре алады. Сонымен қатар әктас қосқанда өнімділігі күрт жоғарлайды. 
Топырақ өңдеу ерекшеліктері: Ерте көктемде топырақты өндеу – топырақты жақсы жағңдай жасау үшін. Түйе жоңышқа терең өңдеу жұмыстарына жақсы әсер етеді, сонда-ақ өмірінің бірінші жылында көбіне тамыр жүйесі дамиды. Тереңдігі 20-22см  ПН-8-35-мен егінді жинап алған соң өткізіледі. Топырақты  тегістеу -  БЗТС-1,0 4-5 см тереңдікте өткізеді. Ол топырақтаға тастармен үлкен кесектерді ұсақтайды. Егістік топырағын түзу әрі көктемгі өндеу жұмыстары жеңілдету үшін атқарылады. Қар тоқтату  – СВУ-2,6 мен әрбір 5м сайын жел  бағытына көлдененнен бағытта жүргізіледі. Ерте көктемде топырақты өндеу- топырақ физикалық піскен кезінде БИГ-3А – мен 3-4см тереңдікте жүргізіледі. Бұл жұмыс топырақ кесектерін ұсатып, топырақтағы  ылғалдылықты ағып кетпеіне көмектеседі. Топырақты  тығыздау-арамшөптерді арандату және топырақ үстін  тегістеу үшін жүргізіледі.  Себер алдында топырақты өндеу -  арамшөптердің өскіндерін кесіп, топырақты себуге дайындау. КПЭ-3,8бен 5-7см тереңдікте жүргізіледі. Себер алдында өндеуден кейін топырақты тазалау, тырмалау және топырақты бастыру жүргізіледі.  Топырақты тазалау немесе тырмалау тырмалауыш БЗСС-1,0 мен, ал тығыздау Калчатош жүргізеді[5].         Тұқымды себуге дайындау: Түйе жоңышқа қатты тасты  тұқымның 30-50%-ын құрайды, егін көгінің  өнуі үшін себер алдында 3-4 жұма бұрын  скарификациялайды - тұқымдық қабықтың бүтiндiгiнiң бұзу үшін. Ол үшін арнайы скарификаторлар СКС-1, СКС-2, СКС-30 және т.б. қолданады. Скарификаторлар болмаса  клеверотеркалардан 2-3 рет өткізеді. Түйе жоңышқа тұқымын  алдын ала агроцид 50% 3кг/т, бенлант  50% 3кг/т, фундазол 50% 3,0кг/т және  т.б. препараттармен өндейді. Түйе жоңышқа  ең басты  өндеуінде жетістік беретін топырақта  түйнекті бактериялардың болуы. Сондықтан  егінді себер алдында  тұқымды  инокуляциялайды. Ол тұқым өнгіштігін 30-50%-ға дейін көтереді. Инокулянттар берілген дақылға сәйкес болуы тиіс.  Тіпті болмаса түйе жоңышқаға жоңышқаныкін қолдануға болады. Инокуляция егін себер алдында қоймада немесе қалқаның астында өткізеді, себебі күн саулесі бактерияларды өлтіріп жібереді. Инокулянттар болмаған жағдайда ескі егістік алқаптарының топырақтарын  бактериялар және  майда түбірлермен – 5-6 кг/г қолданады. Инокуляциямен қатар түйе жоңышқа тұқымын микроэлементтермен өндейді, әсіресе  молибден жетімсіз келеді. Молибден қышқылы амониін 20г/ц қолданады[18].            

Себу: Өмірінің бірінші  және екінші жылында азықтық массасын  ерте сепкенде алады. Себуді кейінге қалтыру немесе маусым-шілде айларына кешіктіру  шаруашылықты  бірінші жылы өнім алудан айырады және екінші жылы азық алуын төмендетеді. Жазғы себу далалық  аймақтарда сәтсіз болып келеді , себебі  себу периоды(25 маусым-15 шілде) бұл кезде жауын-шашын аз жауып, егін көгі кеш шығып, қысқа әлсіз күйде кетеді. Орманды далалық аймақта жазда себу ылғал жеткілікті болған жағдайда, күзге қарай 25-30см биіктікке дейін өседі. Бұндай шабындық шөп болғанда жақсы қыстап шығадыда келесі жылы екі жылдық  болып тұқым береді. Түйе жоңышқаны  күзде себу мүлдем жарамсыз  деуге болады. Түйе жоңышқаны екі қатарлы әдіспен мал азығына  тар қатарлы әдіспен (20-25кг/г) және кең қатарлы әдіспен тұқым  алуға (7-8кг/г)  себеді. Себу тереңдігі -3см. Түйе жоңышқаны әдетте ерте себеді. Кейде оның алғы дақылдарының 2- 4 жапырағы пайда болғанда себеді[11].

 

Кесте -1.

Түйе жоңышқаны себу мерзімінің өнімділігіне азықтық массасына (ц/га )

өмірінің            бірінші жылында ( 2012 жыл есеп бойынша) [11]. 

 

Нұсқа

Түйе жоңышқа

Жасыл массасы

Шөп

Ерте көктемгі – 10 мая

84,4

17,0

Көктемгі – 20 мая

77,5

15,2

Жазғы  – 20 июля

23,3

4,8

Күзгі

-

-

НСР0,5

6,8

1,4


 

Егістікті куту: Егісті күтіп баптауда  базагран, эрадикан, алирокс, далапан гербицидтерді қолдану жақсы нәтижелер көрсетеді. Түйе жоңышқаның  тұқым алқаптарындағы маңызды  жұмыстардың  бірі-өсімдік зиянкестеріне  карсы күрес.  Барынша көп жарақаттарды кең тараған зиянкестер мен аурулар келтіреді, олар егістік және шалғындық қандала, жоңышқа және асбұршақ шіркейлері, фитомонустар, тихиустар, жоңышқаның қызғылт бүршік шыбыны, жоңышқаның гүл шыбыны, шалғындық көбелек, жоңышқа көбелегі, аурулардан-тамыр шірігі, жалған ұн шығы, сары теңбелділік, бактериялық солу, фузариоздық солу, вирустық аурулар, қарасабақтылық. Түйе жоңышқаның зиянкестері мен аурулары пішен өнімін 20-30% дейін төмендетеді. Тұқымдық, танаптық, мал азықтық ауыспалы егістерде  орналастырады, сонымен қата тұқымдық оқшаулығын (2-3,5 км) қамтамасыз етеді. Бұл шара тұқымдық алқаптағы жоңышқада зиянкестер мен аурулардың барынша аз дәрежеде қоныстануына  мүмкіндік жасайды, өйткені олар ескішақты шөптіліктерде жылдар бойы жинақталған. Зиянкестер   комплексіне қарсы жоңышқаның әртүрлі  өсуіне дейін 10% базудинді (50кг/га) өсіп келе жатқан шөптілікке-гексахлоранның  12% түйіршіктелген ұсақ дәнді гаммаизомерін топыраққа енгізеді. Фитономустың балапан құртына қарсы жоңышқаны хлорофостың 80%  техникалық немесе суланатын ұнтағының 0,3% ерітіндісімен (1,5 кг/га) бүркеді. Тихиустраға,  жоңышқа қандалаларына, көбелектердің  жұлдыз құрттарына т.б.  зиянкестерге  қарсы тұқымдық шөптілікті химиялық  препараттар  мен 2-3 рет өңдейді.  Бірінші өңдеуді өсімдіктердің сабақтану кезеңінде, екіншісін бүрлену кезеңінде мына препараттардың  бірімен жүргізеді: 30% эмульсиялық концентраты (1,4-2,3 кг/га), фазалонның 35%  суланатын ұнтағымен (1,6-3,3 кг/га) карбафостың 50% эмульсилық концентраты (0,2-0,4 кг/га), хлорофостың 80%  техникалық немесе суланатын ұнтағы (1,5кг/га), фосфоамидтің эмульсиялық концентраты (1,0кг/га). Жұмысшы ерітіндінің  нормасы 500-600 л/га). Шалғындық көбелекке қарсы хлорофостың 80% немесе суланатын ұнтағы  ғана тиімді. Тұқымдық егістігін  барлық жағдайда да аралар мен түкті аралардың ұшуы тоқтаған кезде тымық желсіз ауа-райында кешкілікте өңдейді. Шлангалы бүріккішерді пайдалану жақсы нәтиже береді. Жоңышқа ауруларына қарсы күресті жеке немесе  инсектецидтермен бірге жүргізеді. Ұн шығы мен тат дамығанда шөптілікті 2-3 рет коллоидты күкіртпен немесе оның суланатын ұнтағымен (5-6 кг/га) бүркеді, ұнтақталған күкіртпен тозаңдандырады (30 кг/га). Алғашқы өңдеуді ауру басталғанда жүргізеді, 7-12 күннен кейін қайталайды. Күкіртті препараттар, фунгицидті әсерінен басқа, жапырақтардың үсіп қалмауына мүмкіндік жасайды және жоңышқаның егістігін бордо ерітіндісімен (мыс купоросы бойынша 12-15 кг/га) бүркеді. Жұмысшы сұйықтың шығына 500-600л/га                      Өнімді жинау: Түйе жоңышқаның тұқмын  өсіргенде өнімді жинау мерзімін білу қажет. Әдетте бұтақшаларының астыңғы бөлігіндегі тұқымдары жинауға дайын болып, үстіңгілері жаңа өне бастайды. Кейде жоғарғы гүлшоғыры гүлдене бастауы да мүмкін. Жоғарғы тұқымдарының толық пісуін куту қажеті жоқ. Олардың орта бөліктерінің бұршаққындары піскен кезінде бөлек жинауға болады. Бұл фазада түйе жоңышқа  өнімділігі жоғары болып саналады. Төменгі жақтағы тұқымдары шашылып кетпес үшін жинауды таңертерек немесе бұлтты күндері тұқымдар шашылып кетпес үшін жинайды, егер де құрғақ күнде жатқанда жинаса, тұқымдар қатты соғылып шашырап кетеді. Шабу алдында тұқымды  сабақтары қалып қоймас үшін биіктігін  анықтап алу қажет. Түйе жоңышқаның төменгі бұтақшалары барынша  биік орналасқан. Бұл оны 25см биіктікте  шабуға болатынын білдіреді. Орнықты орылған шабылған масса түзу және қопсылған валкаларда жатады, онда тұқымдар жақсы желдетіліп және  тез кебеді. Піспеген тұқымдары 3-5 күнде пісіп, кеуіпте үлгереді. Құрғақшылық жылдары, әсірісе тұзды топырақтарда шөптерінің биіктігі соншалықты биік болмайды. Сондықтан бұл жағдайда түйе жоңышқаның көп тұқымды бұтақшаларын алу үшін төменірек шабады..Түйе жоңышқаның шабылған массасы жақсылап кепкен соң ( жылы ауа-райында 8-12 күнде кебеді) арнайы СК-3 комбайынымен іріктеп, әдейі ұсақтайды. Барабан айналымын жиілігін бұршақтары жақсы ұсақталып шөпке кетпес үшін арнайы орнықтырады. Егерде валкалары жаөсы кептірілген болса құрқақ ауа-райында ұсақтау тез әрі жеңіл болып келеді: шөп массасы көп болса да барабанды қақпайды. Егінді жинау кезінде  бұршақтардың шашылып қалуы соншалықты мән берілмейді. Түйе жоңышқа сабақтарын ұсатып маялап өрістен шығарылып тастайды. Оны қыста қойларға мал азығы ретінде береді. Түйе жоңышқа тұқымдарын комбайынға артып тоқтарға апарып өндейді. Әдетте ұсату кезінде тұқымдардың  жартысы толық қабықтарынан тазартылмайды. Сондықтан қосымша тоқтарда тазартылады. Кептірілген піскен әртүрлі  әдістермен тазартылған түйе жоңышқа  тұқымдарының өнгіштігі жоғары болып  келеді[15].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тәжірибелік бөлім

2.1 Түйе жоңышқаны да мал азығына айналдыруға болады

 

Мал шаруашылығын қарқынды дамыту – алда тұрған басымдықтардың бірі. Мал етін өндіру мәселелері нақтыланып, Елбасының Жолдауында сала алдына 60 мың тонна етті экспортқа шығару мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Мәселенің негізіне үңілсек, мал  өнімділігін арттыру малдың генетикасына, малдәрігерлік шаралардың толық  орындалуына, күтіміне және азықтандыру  деңгейіне байланысты. Осы төрт күрделі  шараның үйлесімді шешілуі мал  шаруашылығын одан әрі дамытудың  негізгі кепілі болмақ. Аталған шаралардың барлығы өз алдына маңызды, күрделі  және оларды ғылыми-өндірістік негізде  іске асыру, ұтымды ұйымдастыру мен  қажырлы еңбекті талап етеді. 
 Біздің тоқталайық деп отырған мәселеміз — мал шаруашылығының жемшөп қорын қалыптастырудағы түйе жоңышқа шөбінің (доник) орны мен маңыздылығы. Әрине, мал азықтық дақылдардың түрлері аз емес, олардың көпшілігі өз қолданысын табуда. Алайда осы тұста айта кететін жағдай: мал азықтық дақылдардың тұқымы жеткіліксіз, табыла бермейді, кейбір түрлерінің тұқымы өндірілмей келеді. 
 Бұршақ тұқымдастарға жататын түйе жоңышқа – тұзды және сортаңды жерлерде теңдесі жоқ дақыл. Қайталап тұзданған және сортаңданған жерлердің көлемі республикада аз емес. Суармалы аймақтарда топырақтың беткі қабатына тұздың көтерілуіне байланысты егістікке жарамсыз, ал солтүстік аймақтарда сортаңданған алқаптар пайдаға аспай жатыр. Міне, осындай жерлерді пайдалануда түйе жоңышқа егісін ұлғайтудың маңызы зор. Оның басқа дақыл түрлеріне қарағанда топырақ құнарына талғамы жоғары емес. Түйе жоңышқаның құнарсыз немесе құнары кеткен жерлерде өсу мүмкіндігін пайдалану арқылы үш бағыттағы шаруашылық мәселелерін шешуге болады. Біріншісі – жоғары белокты мал азығын өндіру, әсіресе сүрлемше дайындау, екіншісі – жоғары сапалы ара балын өндіру, ал үшіншісі – топырақ құнарлылығын арттыру. 
 Түйе жоңышқа – өнімді дақыл, әр гектардан 100-200 центнер көк балауса береді. Құрғақшылық өлкелерде бір толық орым береді. Оның егістігін жайылымға, шөп, сүрлем, сүрлемше, витаминді-шөп ұнын (түйіршіктер) дайындауға пайдалануға болады. Оны пайдаланудың ең тиімді жолы – сүрлемше дайындау, бұл жағдайда малға қажетті қоректік заттар мейлінше толық сақталады. Түйе жоңышқаны басқа дақылдарымен қоспа түрінде егу немесе сүрлемше дайындау барысында бидай, арпа сабанымен немесе жүгері балаусасымен бірге пайдалану технологиясы оң нәтижесін берді. Түйе жоңышқа өсімдігі мәдени дақыл ретінде танылуға дейін оның бал өндірудегі маңызы белгілі болды. Түйе жоңышқаның латынша атауы «бал өсімдігі» деген ұғымды білдіреді. Егер бір гектар қарақұмық дақылы – 60 кг бал, қыша – 40, қызыл бас жоңышқа – 15, фацелия 150 кг берсе, ал жабайы түйе жоңышқа – 150-200 кг, оның сорттық егістіктері 200-300 кг бал береді. Бал жинаудағы түйе жоңышқаның жоғары тиімділігі, біріншіден, оның әр гектардағы немесе бір өсімдікке шаққандағы гүл санымен анықталады, әр гектар егістік 1,3-тен 2,0 млрд гүл түзеді. Екіншіден, егістіктің гүлдеу мерзімі өте ұзақ (30-40 тәулік) және егістікті ору арқылы гүлдеу мерзімін одан әрі 30 тәулікке ұзартуға болады. Түйе жоңышқаның гүлінен бөлінетін шырын хош иісті және құрамында қант көп мөлшерде болады. Сондықтан басқа дақылдарға қарағанда аралар түйе жоңышқаның гүліне құмар келеді. Түйе жоңышқа гүлінен жиналған балдың сапасы жоғары бағаланады, адам ағзасына өте пайдалы, ал түйе жоңышқаның өзі әртүрлі ауруларды емдеуде кейбір елдердің медицинасында кеңінен пайдаланылып келеді. 
 Түйе жоңышқаның ерекше құндылығы  — оның топырақ талғамай өсуінде. Елімізде өңделіп, айналымда жүрген егістік жердің 20-25 пайызы сортаңданған, оның жалпы көлемі 29,5 млн га құрайды. Шабындық және жайылымдық жерлердің 40-50%-ы сортаң жерлерге жатады. Осы жерлерді тиімді пайдалануда түйе жоңышқаның орны және маңызы өте зор. Демек, дақылдың егістік көлемін ұлғайту келелі істердің қатарында болмақ. Бірақ әлі де болса осы дақылға, жалпы, шөп егуге құлшыныспен ешкім жұмыла қойған жоқ. Сылтау-себеп көп. Оның ең бастысы – шөп тектес дақылдардың тұқым шаруашылығы әлі жолға қойылмағандығы. 
 Республика бойынша барлық мал азықтық дақылдарды керекті көлемде егу үшін жылына 11,5 мың тонна тұқым қажет. Алғашқылардың бірі болып осы іске AS Group G-LTD ЖШС және оның құрамдас Алматы облысының Ақсу, Қапал, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарындағы шаруашылықтары кірісіп кетті. Өткен 2010 жылдан бастап көпжылдық шөптердің жергілікті аймаққа бейімделген сорттары егіле бастады. Былтыр — 500 гектар, ал биылғы жылы тағы да қосымша 250 гектар жер егілді. Көпжылдық егістікті жоңышқа, сиыр жоңышқа және түйе жоңышқа дақылдары құрайды. Биылдың өзінде сиыр жоңышқаның 50 гектар алқабынан – 15 тонна, түйе жоңышқаның 45 гектар алқабынан 18 тонна сапалы тұқым жиналды. Жоңышқаның 100 гектардан астам алқабы тұқым өндіру үшін екінші орымнан қалдырылып отыр. Аталған шаруашылықтардың мақсаты – елімізде бағалы шөптердің тұқым шаруашылығын жолға қойып, келешекте қазіргі заман талабына сай арнайы кәсіпорын дәрежесіне көтеру. Арнайы жасалған бағдарлама бойынша түйе жоңышқа тұқымын еліміздің шығыс және солтүстік өңірлеріне тарату арқылы тұзданған және сортаң жерлерге мал азығын өндіру және омарта шаруашылығының тиімділігін арттыру жұмысын кешеуілдете беруге болмайды. Көпжылдық және біржылдық шөптердің тұқымын өндіруші шаруашылықтар қатары көбейе түссе, елімізде мал азығының берік қорын жасауға негіз болар еді.

  Түйе жоңышқадан дайындалған сүрлемшенің әр килограмында (ылғалдылығы 60,1 %) 0,36 азықтық бірлік және 57,9 гр қорытылатын протеин болады. Бір килограмм азықтық бірлікке 161 гр қорытылатын протеин келеді. Түйе жоңышқаның мал азықтық дақыл ретіндегі бір кемшілігі – оның құрамында оған ерекше иіс-дәм беретін «кумарин» деген глюкозидтің болуы. Технология бұзылып, дұрыс дайындалмаған өнімде кумарин дикумарин түріне ауысып, малдың уланып қалуына әкеліп соғуы мүмкін[20].              

2.2 Дақылдан жоғары өнім алу үшін агротехникалық жүйені әзірлеу

Жоңышқа мен түйе жоңышқаның перспективті сорттары зерттеу объектісі  болып табылады. Көпжылдық шөптерді тұқымға  өсіруде ылғал және ресурс сақтау технологиясын жетілдіру. 2012 жылы қойылған зерттеу әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес алғы дақылдардың әсер етуіне байланысты, себу мерзіміне,  қоректену ауданына, тыңайтқыштарға, өсімдік қорғау және жоңышқа мен түйежоңышқаның тұқым өнімділігіне жинау тәсілдері бойынша 6 егістік тәжірибе қойылды. Өсімдіктің тіршілігінің бірінші жылында ресурсты сақтау технологиясының жеке элементтерінің тиімділігі жөнінде алдын ала  нәтижелер алынды. Себу алдындағы топырақ ылғалдылығы және вегетация соңында, егістік тұқым өнімділігі, егістіктің ластануы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, шөп өсімінің құрамымен азықтық массаның өнімділігі анықталды[18].

 

Кесте – 2.

Қоректену ауданының  түйе жоңышқаның өнімділігіне әсері[14].

Егу тәсілі  (фактор А)

Себу нормасы, млн. Өңгіштік тұқым/га (фактор В)

Қатарлы  – 15 см (бақылау)

0,5

1,0

2,0

3,0 – бақылау

Кеңқатарлы  – 30 см

0,5

1,0

2,0

3,0 – бақылау

Кеңқатарлы – 60 см

0,5

1,0

2,0

3,0 – бақылау

Кеңқатарлы – 90 см

0,5

1,0

2,0

3,0 – бақылау


Кесте -3.

Түйе жоңышқа тұқымдарының егістік өңгіштігі өңдеу тәсілдеріне байланысты, % (2012 ж есеп бойынша) [17].

Вариант

Өңгіштігі, %

Тұқым бүркеусіз  (бақылау)

47,8

Тұқымдарды бүрку  (ТМТД ВСК + Табу, 7 л/т)

64,5

Нитрагинді енгізу (300 г. 1 га)

50,1


 

 

     Тұқымды ТМТД + Табу  препараттарымен өңдеу жоңышқа  тұқымдарының егістік өңгіштігін 47,8 %-дан 64,5 %-ға дейін көтерді.  Нитрагинді енгізу   айтарлықтай  нәтиже бермеді. Тұқымның далалық  өңгіштігі 2,3-3,9 % көтерілді. (Кесте - 3) [17].

 

Кесте - 4.

Себу мерзімінің түйе жоңышқа тұқымдардың далалық өңгіштігіне әсері,

(2012 ж есеп бойынша) [6]. 

Вариант

Өңгіштігі, %

Ерте көктемгі  - 10 мамыр

29,1

Көктемгі   – 20 мамыр

46,5

Жаздық (бақылау) – 20 шілде 

61,7


 

Ерте көктемде  еккенде температуралық режим  төмен болып топырақтағы тұқымдардың далалық өңгіштігі 20,4-29,1 % аспады, ал көктемде топырақта оптималды температура мен қажетті ылғалдылық қалыптасқан жағдайда 38,2-46,5 % көтерілді. Тұқымдардың өніп шығуына ең қолайлы жазда егу. Далалық өңгіштік 53,3-61,7 % құрады, бұл ерте көктемгіден 3 артық. (Кесте-4) [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте -5.

Түйе жоңышқаның бірінші жылында агротәсілдер қолдануына қарай арамшөппен ластануы (2012 ж. есеп) [15].

Вариант

Барлығы шт/м2

Көпжылдық 

өсімдіктер

Дәнді –дақылдар 

Таза  пар (бақылау)

14,2

2,7

4,6

Гербицидті  пар

11,7

0,6

2,3

Тура егіс

28,0

5,2

11,4

Ертекөктемгі себу мерзімі 

31,4

7,5

14,2

Көктемгі  (бақылау)

24,5

5,9

12,8

Жаздық егіс 

9,1

0,4

1,7

Егуге дейінгі гербицид  (Торнадо, 2 л/га)

10,7

0,6

2,2

Вегетация кезеңіндегі  гербицид

(Миура, 1 л/га)

5,2

0,3

0,2

Қатарлы егіс (контроль)

16,7

3,4

5,9

Кеңқатарлы  (30 см)

19,4

5,2

7,0

Кеңқатарлы (60 см)

21,5

7,1

13,2

Кеңқатарлы (90 см)

26,6

7,7

14,5


 

 

  Жалпы тәжірибелердің  арамшөптермен ластануы 5,2-26,6 шт/марамшөп, соның ішінде көпжылдық шөптер 0,3-7,7 шт/м2. Көбінесе  Торнадо, Миура гербицидтерін енгізген танаптар таза болды.   Вегетация кезінде 5,2 шт/м– 1л/га Миура гербицидін, жазғы егісте – 9,1 шт/м2, егін көгі шыққанша Торнадо гербицидін   2 л/га – 10,7 шт/м2, гербицидті парда -11,7 шт/м2.  Таза пар және қатарлы егу тәсілінде танаптар арамшөппен орташа ластанған болды – 14,2-16,7 шт/м2. Арамшөппен кеңқатарлы егістер (60,90 см) - 21,5-26,6 шт/м2, тура егіс-28,0 шт/м2, ерте көктемгі   және көктемгі  егістер – 24,3-31,4 шт/мкөп ластанған болды. (Кесте - 5) [23].

Информация о работе Түйе жоңышқа (Melіlotus)