Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 20:44, курсовая работа
Адам баласы сораны ІХ ғасырдан бастап пайдаланған. Европа елдерін тек ХҮІ ғасырдан бастап еге бастаған. Қазіргі кезде оны Италия, Франция, Венгрия, Польша, Югославия және т.б. елдер егеді. Оның бүкіләлемдік егілу көлемі 1млн. га құрайды. 1980 жылы Кеңес Үкіметінде 130 мың га жерге сора егілген. Оның негізгі егістіктері Орталық-Қаратопырақты аудандарында, Украинаның орманды-далалы аймақтарында, Батыс Сібірде, Орталық және Жоғарғы Волга бойында егілді.
Кіріспе..................................................................................................................... 3
І тарау. Сораның биологиялық ерекшеліктері.............................................. 5
1.1. Сораға жарықтың, температураның және ылғалдың әсері............... 8
1.2. Сораның өсуіне органикалық тыңайтқыштар мен негізгі
элементтердің (N PK) әсері................................................................ 10
1.3. Шу топырағының ерекшеліктері...................................................... 12
1.4. Сора аурулары және оны тудырушы зиянкестер............................. 14
ІІ тарау. Сораны өсіру технологиясы
2.1. Сораны себу алдындағы топырақты өңдеу ...................................... 16
2.2. Тұқым және оны себуге дайындау..................................................... 18
2.3. Сора өнімін жинау, өңдеу және кептіру ........................................... 19
Тәжірибелік бөлім
Қарасораға гербицедтердің әсері және Шу алқабы жайылымдарының
өсімдік қауымдастығын қалыптастыру.................................................... 21
Қорытынды ........................................................................................................ 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................... 28
Қосымшалар........................................................................................................ 29
ҚР Үкіметінің каннабиноидты қарасора нуын жою бойынша мәселесін шешу, сонымен қатар шөл аймақтардың табиғи жайылымдарын сақтау және қалпына келтіру жан-жақты терең зерттеу арқылы мал шаруашылығының дамуы үшін өсімдік қауымдастығын жылдам қалыптастыратын жағдай туғызу және психотропты қарасорамен жедел күрес жолын ауқымды енгізу, экологиялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес ғылыми негізделген гербицидтер жүйесін қолдану, соңынан шөл жайылымдарының экстрималды жағдайларына бейімделген көп жылдық қолдан өсірілген және табиғи өсімдіктерді себу арқылы ғана мүмкін болады.
Жайылымдарды бағдарлық зерттеулер Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарында 50 мың гектардан аса аумақта жүргізілді. Мониторинг
5 мың гектар немесе зерттелген аймақтың 10% күшті дәрежеде (1м2 жерде қарасораның 100 және одан да көп данасы) ластанғандығын көрсетті.
Жайылымдарды көзбен байқау әдісі бойынша тексеру биіктігі қалыпты жағдайларда 250-300 сантиметрге жететін қарасора өсімдіктер нулы әлдеқайда тығыз, шымтезегі әлсіз, құнарсыз топырақтарда болатындығын көрсетті. Жабайы қарасора ошақтанып өседі. Ошақтарының ауданы 1-1,5 гектардан аспайды. әлдеқайда ауқымды және тығыз нулары бұрынғы жыртылған жерлерде, фермалар маңындағы бұзылған үлескелерде, мал қоралар мен құдықтар маңында және өзен жағалауларында кездеседі. Қарасораның өсіп-өуіне құмдар, әсіресе қырқа аралық ойпаңдар да қолайлы. Ошақтардағы ластану тығыздығы 1м2 жерде 150 данаға жетуі мүмкін, ал наурыздың аяғы сәуірдің басында Құрағаты өзенінің қойнау үсті текшесіндегі шалғынды – сұр топырақтарында ластануы 1м2 жерде 600 данаға дейін жетті. Шу алқабының Құрағатының құм алды аймағында өскін қабаты әр түрлі жинақтылығымен, шалғындық және құмдық өсімдіктер топтануларының сабақтасуымен ерекшеленеді.
Барлығы 26 ботаникалық тұқымдастарына тән 115 түр тіркелген. Мұндағы шөптесін өсімдіктер алқабында астық және күрделігүлділер тұқымдастарында 25 және 19 түрімен басым болады.
Астық тұқымдастарының 25 түрінің 15-ін мал жақсы және өте жақсы, 5-ін орташа жейді, цилиндрлі эгилопстен және селеудің жекелеген түрлерінен – сарепт бозы мен садақ боздан басқа арамшөптер мен улы шөптерді жемейді, олар жемістене бастағанда мал үшін аса қауіпті және өткір түйіндері қойларды өлтіріп жіберуі мүмкін.
Күрделігүлділердің 19 түрінен 8-і орташа және нашар желінеді, 3 түрі
(ащы шұбаршөп, сарықабыршақты тікенқурай, тікенқурай) аса зиянды арамшөптер, 5 түрі (зиянгүл, улы саршатыр, ақ сабақты лаңса, жатаған укекіре, қандауыр жапырақты тікенқурай) улы өсімдіктер. Сондай-ақ малды уландыратын теміртікен, адыраспан, тасбеде түрлері т.б. кездеседі.
Тұтастай алғанда, жайылымдық өсімдіктердің шаруашылықтық сипаттамаларын талдау, жайылымдарды бағдарлық зерттеулер кезінде тіркелген, жабайы қарасорадан ластанған өсімдіктердің 115 түрінің 1/3 астамы керексіз, жануарлар жемейтін түрлерге жатады, бұл жерде олардың 20 түрі арамшөп және улы болып табылады. Шу алқабындағы жайылымдарда осы өсімдіктерге қарсы күрес жүргізілуі тиіс.
Қарасорамен ластану кезінде (4 балл) бірге өсетін қоңырбас, изен, теріскен, жантақ секілді өсімдіктер шамалы. Қарасорамен бірге фитоценозда шырыштар және жусанның кейбір түрлерінің жақсы дамуы байқалады. Қарасорамен бірлі-жарым (1 балл) және орташа ластанғанда түрлердің ең көп саны тіркелген. Қарасораның молдығы 3 балға дейін артқанда , яғни «көп» градациясына дейін, бірақ фитоценоз өсімдерінің басқаларынан артық болмаған астық тұқымдастарымен түрлік баюы 5 есеге азаяды, ал азықтық тұрғыдан алғанда құнды, басқа тұқымдастар түрлері изен, теріскен, бұршақты тұқымдастардың жекелеген түрлері қарасора ошақтарында толықтай жойылады.
Шу алқабындағы жайылымдардың өсімдіктер қауымдастығы туралы алынған бастапқы мәліметтері қарасорамен ластанудың әртүрлі дәрежесінде кең ауқымды гербологиялық зерттеулерді, жайылымдық өсімдіктердің ботаникалық құрамы кестесін құру және олардың қарасорамен ластану дәрежесіне әртүрлі шөптердің қатысуына байланысты күресте гербицидтер жүйесін саралап қолдануды агроэкологиялық негіздеу үшін зерттеу жүргізудің қажеттілігін дәйектейді.
Республиканың шөлді аймақтарының өзіндік жағдайлары, қарасораның бірқатар биологиялық ерекшеліктері, онымен бірге өсетін басқа да арамшөптер және желінбейтін улы өсімдіктер, оларға қарсы гербицид
қолданбай тиімді шараларды жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Далалық тәжірибе қоюда таңдамалы гербицидтерді қолдану әсерінен қарасора мен әртүрлі өсімдік қауымдастығы сапасының өзгеруі зерттелді. Мысалы: гербицидпен өңделген тәжірибе нұсқасында мал азықтық өсімдіктер жалпы массаның 79,9-87,5%, ал бақылауда бар болғаны 25,5% құрайды. Бұл жерде жануарлар жемейтін 72,9% қарағанда 9,3-19,3% болды. Онымен қатар бақылау нұсқасында қарасора саны едәуір артты, ал астық тұқымдастар керісінше азайды. Қарасора әр түрлі пайдалы шөптердің түрлерін, мысалы, боз жусан, таспашөп, тасбеде туысы және т.б. түрлерін қатты тежейтіндігі анықталады. Осы жағдайда ақ мия, қанатжеміс, шөңгебас, жатаған теміртікен, шашақты жусан т.б. сияқты қарасораға бой бермейтін балласт және улы өсімдіктер, басым көпшілігінде фитоценозда қарасорамен бірге өсетін түрлер болып табылады. Мұндай жағдай бізге қарасора ошақтарын (4 балл) гербицидтермен жоюдың қажет екендігін негіздеуде мүмкіндік береді.
Қарасорамен 3 балға дейін ластанған фитоценозда таңдамалы гербицидтердің әсерін зерттеу. Мысалы, биологиялық тиімділікті Старане 200 гербицидін қолдану қамтамасыз етті. Оның таңдаулық жоғары әсері мал азықтық маңызды астық тұқымдастар, қосжарнақты өсімдіктер мен бұталықтардың құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді.
Лонтрим және диален супер гербицидтері де қарасораны тежейтін және астық тұқымдас өсімдіктерді сақтайтын қасиеті жоғары, бірақ пайдалы қосжарнақты өсімдіктердің көптеген түрлеріне кері әсерін тигізеді: әсіресе бұршақ тұқымдастарына – жантақ, түйежоңышқа, таспашөп түрлеріне және ебелек, кейреуік, жусан түрлерін зақымдайды. Сондықтан бұл препараттарды астық тұқымдас өсімдіктер басым өскен жерлерде пайдаланған дұрыс.
Жамбыл облысының Сарғау шатқалында
жүргізілген зерттеулер бойынша ураган
және раундап гербицидтерінің биологиялық
және шаруашылық тиімділігі өте жоғары
екендігі анықталды. Гербицидтің 4-6 л/га
шығын мөлшері қарасора нуын түгелімен
жойды. Бұдан кейін қоршаған ортаны қорғау
және гербицидтерді үнемдеу мақсатында
раундап пен ураган препараттарының төменгі
мөлшері және перспективті эстерон алынды.
Тәжірибе жүргізу үшін қарасора қалың
өскен , басқа өсімдік түрлері аз мөлтек
жер таңдап алынды.
Жалпы әсер ететін гербицидтер жіне олардың этилгексилді эфирі 2,4 Д (эстерон) қоспаларын сынау нәтижесі ең жоғарғы тиімділік көрсетті. Осы жағдайда қарасора нуына тек эстеронды 0,8 л/га мөлшерінде бүріккенде қарасора саны мен массасы тиісінше 82,2 және 90,0% азаюын қамтамасыз етті, яғни эталон нұсқасынан айтарлықтай жоғары болды. Қарасораны жоюдың 100 пайызы нәтижесін ураган (2,0 л/га) + эстерон (0,6 л/га) және раундап (3,0 л/га) + эстерон (0,6 л/га) қоспалары қамтамасыз етеді.
Зерттелген гербицидтердің ішінде қарасораға фитоуыттылығы жоғары гранстар препараты болды. Тәжірибедегі препараттардың төменгі мөлшері қарасорада тек будың әсерінен жансызданған дақтар түзіліп, яғни жойылатындай өзгеріс тудырған жоқ.
Тәжірибедегі серто плюс, гранстар және магнум препараттарының жоғары мөлшері қарасораны жоюда 88,4, 90,5 және 86% тиімділік көрсетті.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда, болашақ зерттеулерде қолданылатын гербицидтер мөлшері жоғары және қарасораның әртүрлі залалданған жерлер алынуы тиіс.
Регио және раджметсоль гербицидтерінің тиімділігі айтарлықтай нәтиже бермеген. Алғашқы мәліметтер гусар және реметсоль препараттарының перспективті екендігін көрсетті.
Біздің зерттеулеріміздің көрсеткеніндей, қарасораны жоюда химиялық әдіске баламаның жоқ екендігін, осы кездегі ақпарат құралдарында жиі айтылып жүрген табиғи жолмен, яғни қолдан өсірілген қарасора сорттарын
егу арқылы қарасораны ығыстыруға болады деген тұжырымның негізсіз екендігін көрсетті. Біздің алғашқы мәліметтеріміз бойынша, қарасора құрамында есірткілік заттектердің мөлшерінің көп болуы, олардың генетикалық ерекшеліктерінде емес, топырақ-климат жағдайына байланысты деп тұжырымдауға болады. Қарасора құрамындағы каннабиноидтар мөлшері, олардың өсіп-өну, қоректену ортасына, географиялық орнына байланысты болады. Мысалы, ТГК оңтүстік және шығыс құм шағыл беткейлерінде өскен қарасорадан жоғары.
Гербологиялық бақылау нәтижесінде Шу аймағының шөлді жайылымдарында, құмдақ және құмды жерлерінде өсімдіктердің 26 тұқымдасының 115 түрі белгілі болды. Сонымен қатар өсімдіктер қауымдастығында астық тұқымдастарының 25, күрделігүлділердің 19 түрі басым болды. Осы өсімдіктер түрінің 30% балласт, оның 20% өте зиянды, улы, мал жеуге жарамсыз арам шөптер.
Жаппай жойғыш раундап 36% с.е. және ураган 48% с.е. глифосат негізіндегі гербицидтердің 4,0-6,0 л/га мөлшері қарасораның тығыз ошақтарын толық жойып жіберуін қамтамасыз етті.
Жаппай әсер етуші гербицидтерді және олардың эстерон к.э. мен қоспаларын салыстырмалы сынау қарасораның толықтай жойылуын ыдыстық қоспалар: ураганның (2,0-3,0 л/га) + эстеронмен (0,6 л/га) қоспасы немесе раундаптың (3,0 л/га) эстеронмен (0,6 л/га) қоспасы қамтамасыз ететінгін дәлелдеді.
Старана 200 к.э. гербицитін арам қарасорамен ластанған табиғи өсімдіктер нуын өсіп-өну кезеңінде қолдану оның үлестік қатынасының 62,4 пайыздан 6,4 пайызға дейін төмендеуін қамтамасыз еткен және өсімдік қауымдастығында астық тұқымдас өсімдіктердің басым болу өзгерісін
туғызған.
Қорыта келгенде қарасорадағы каннабиноидтардың топырақ-климат және өсіп-өну орта жағдайларына байланысты болады.[11]
Қорытынды
өседі және бір миллион гектарға жуық алқапты алып жатыр, әсіресе Мойынқұмның құмды аймағындағы жайылымдарда кеңінен таралған. Мұнда Шу алқабында қарасораның шашырай орналасқан ошақтарының көлемі 132 мың гектардан асады. Мамандардың бағалауы бойынша тек осы бір ғана алқап шамамен жыл сайын 145 мың тонна марихуана немесе 5-6 тонна гашиш береді. Осы жағдайда «шулық» марихуана америкалық марихуанаға қарағанда 10 есе күшті және әлемдік «даңққа» ие болды: оны Орта Азия, Ресей және Европа нашақорлары белсенді пайдалануда.
өсімдік туысы. Бір-біріне өте ұқсас 3 түрі бар. Екпе сора –биіктігі 0,5-4м, сабағы жұмыр, жұмсақ түкті, жуандығы 8-30мм, қос үйлі, желмен тозаңданатын өсімдік. Жемісі бір тұқымды жаңғақша, 1000 дәнінің салмағы 12-22г. Арам сора көп тараған арам шөп.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде сораның қысқа күн өсімдігі екендігі дәлелденді. Сораның өсуіне температураның әсері жердің ылғалдылығымен тығыз байланысты. Топырақта ылғалдың жоқтығы өсімдіктің күйзелуіне әкеліп соғады. Олар өсуді тоқтатады, солады және жапырақтарының түсуі байқалады. Сораның аурулары оның өнімділігін және сапасын түсіретін факторлардың бірі болып саналады. Сора көптеген саңырауқұлақтық аурулармен зақымданады. Сонымен қатар бактериялық және вирустық аурулармен де ауырады. Сора өсіру алдында топырақты күзде өңдеу оның құнарлығын арттырады, арам шөп қалдықтарынан арылтады және сораның ауруларымен және зиянкестерімен күресті жеңілдетеді.
Шушатқалында егіп өсіру тиімсіз, ол жайылымдарды ластайды және мал жеуге жарамсыз, онсызда есірткінің көп қорын, өндірісте бақылауға алынбаған қарасора түрлерін көбейтеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
М., 1955г, 356л.
Курстық жұмыс қосымшалары
Р/с |
Нұсқалар |
Гербицид мөлшері, л/га |
Өңдеуге дейінгі қарасора саны және салмағы |
Қарасора өскінінің төмендеуі, % | ||
дана/м2 |
Шикізат салмағы, г/м2 |
саны |
салмағы | |||
1 |
Бақылау (гербицидсіз) |
132 |
303,2 |
162 |
967,8 | |
2 |
Бутилді эфир 2,4-Д, к.э. (эталон) |
1,0 |
146 |
458,7 |
78,8 |
80,6 |
3 |
Эстерон, к.э. |
0,8 |
122 |
298,5 |
82,2 |
90,0 |
4 |
Ураган, с.е.+ эстерон, к.э. |
2,0+0,6 |
125 |
302,4 |
100 |
100 |
5 |
Ураган, с.е.+ эстерон, к.э. |
3,0+0,6 |
136 |
398,8 |
100 |
100 |
6 |
Раундап, с.е.+ эстерон, к.э. |
2,0+0,6 |
127 |
342,5 |
95,8 |
97,3 |
7 |
Раундап, с.е.+ эстерон, к.э. |
3,0+0,6 |
112 |
208,7 |
100 |
100 |