Сораны өсіру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Адам баласы сораны ІХ ғасырдан бастап пайдаланған. Европа елдерін тек ХҮІ ғасырдан бастап еге бастаған. Қазіргі кезде оны Италия, Франция, Венгрия, Польша, Югославия және т.б. елдер егеді. Оның бүкіләлемдік егілу көлемі 1млн. га құрайды. 1980 жылы Кеңес Үкіметінде 130 мың га жерге сора егілген. Оның негізгі егістіктері Орталық-Қаратопырақты аудандарында, Украинаның орманды-далалы аймақтарында, Батыс Сібірде, Орталық және Жоғарғы Волга бойында егілді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3
І тарау. Сораның биологиялық ерекшеліктері.............................................. 5
1.1. Сораға жарықтың, температураның және ылғалдың әсері............... 8
1.2. Сораның өсуіне органикалық тыңайтқыштар мен негізгі
элементтердің (N PK) әсері................................................................ 10
1.3. Шу топырағының ерекшеліктері...................................................... 12
1.4. Сора аурулары және оны тудырушы зиянкестер............................. 14
ІІ тарау. Сораны өсіру технологиясы
2.1. Сораны себу алдындағы топырақты өңдеу ...................................... 16
2.2. Тұқым және оны себуге дайындау..................................................... 18
2.3. Сора өнімін жинау, өңдеу және кептіру ........................................... 19

Тәжірибелік бөлім
Қарасораға гербицедтердің әсері және Шу алқабы жайылымдарының
өсімдік қауымдастығын қалыптастыру.................................................... 21
Қорытынды ........................................................................................................ 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................... 28
Қосымшалар........................................................................................................ 29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конопля.doc

— 896.00 Кб (Скачать документ)

тыңайтқышының әсері өте төмен.

Сораның оңтүстіктік түрінің вегетациялық кезеңі ұзақ болғандықтан орталықтық сораға қарағанда қоректік заттарды аз мөлшерде қажет етеді.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Шу  топырағының ерекшеліктері

Шу ауданы Жамбыл облысының шыңғыс жағында орналасқан және шектеседі: солтүстікпен солтүстік-шығыста Мойынқұм ауданымен, батысы мен оңтүстік батысында Меркі ауданымен, оңтүстігінде Қырғыстан  Республикасымен, шығысы мен оңтүстік –шығысында Жамбыл облысының Қордай ауданымен, солтүстік-шығысында Алматы облысымен шектеседі.

Кәдімгі сұр топырақта 12 жылда 0,30 немесе 15% қарашірік жетіспеушілігі байқалды, ал жер жыртар алдында 20%, сұр топырақта 18%, жер жыртар алдында 16%-ға жетіспеушілікке сәйкес келді.

Ауыл шаруашылығындағы өнімді өсіру кезіндегі топырақтағы азотың 60%, ал қалған бөлігі тыңайтқыш қолдану нәтижесінен қамтамасыз етіледі, бұл суарылатын сұр топырақты азот мөлшерінің есептеу баланысын жүргізді. Алынған материалдардан байқағанымыз, егілетін кәдімгі сұр топырақтың қарашірік құрамында 9,72-0,01-10% азот болады.

Органикалық заттардың негізгі көздеріне тамыр қалдықтары мен қалдықтар мөлшері, гумустың құрамын есептеуге негізделген. Ауыл шаруашылығындағы дақылдардан (арпа, сұлы, қант қызылшасы, жүгері ) 2-9 га/т дейін қалдық зат қалдырады. Нәтижелер көрсетіп отырғандай, дақылдарды өңдеу органикалық заттардың 40-80% тапшылығына алып келеді. Тек көпжылдық шөптер ғана 100-180% толтырады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша әртүрлі дақылдардағы суарылатын сұр топырақтағы органикалық заттардың баланысын (теңдігін) есептеуге негізделген.

Қарашірік балансы-қарашірік мөлшері мен қалған тамыр қалдықтарымен, органикалық қалдықтар құрамымен, органикалық қалдықтар құрамымен, жинап алғаннан кейінгі қалдықтармен, өскін қалдықтардың гумификация қалдықтарымен, гумификация жылдамдығымен есептеледі.

Шу өңірінің жартылай қамтамасыз етілген қуаң тәлімі жерінің ашық қара-қоңыр топырағында жүргізілген зерттеуде топырақтың жыртылатын қабатының көктемнен жазға қарай тығыздалуы қалыптасқан. Топырақтың жыртылатын қабатының ең аз тығыздалуы 20-22 см аудара жырту (1,16дан 1,24г/см3) нұсқасында байқалса, ал ең жоғарғы тығыздылық өңделмеген жер (1,28ден 1,34г/см3) нұсқасында байқалған.

Шу өңірінің ашық қара-қоңыр, қуаң тәлімі топырақтағы ауыл шаруашылық дақылдарының өсуімен жетілуіне әртүрлі өңдеу тәсілдеріне қолданғанда жыртылатын қабаттың оңтайлы көрсеткіштерін анықтауға болады. Топырақты механикалық өңдеу және оның тығыздығын өзгертіп, қатты, сұйық, газ тәрізді пішіндерінің қатынасына тәуелді болады. Көп қопсытылған және өте тығыз топырақтар, өсімдік тіршілігінің жағдайына және топырақтағы биологиялық процестеріне әсер етеді. әртүрлі топырақтарда жүргізілген тәжірибелерге қарағанда көптеген астық тұқымдас қажетті оңтайлы тығыздық 1,1 – 1,3г/см3 диапазонында болады. П.П.Колмаков пен А.М.Нестеренко көрсеткендей, аудара жыртумен  салыстырғанда, сыдыра өңдеумен жыртылатын қабаттың бір тектілігімен тығыздығы, көлемдік салмағының оңтайлығымен ерекшеленеді. И.А.Чуданов, И.Казаков зерттеулерінен аудара жыртумен салыстырғанда күзде сыдыра өңделген топырақта құрылуы тығыз болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Сора аурулары және  оны тудырушы зиянкестер

Сораның аурулары оның өнімділігін және сапасын түсіретін факторлардың бірі болып саналады. Сора көптеген саңырауқұлақтық аурулармен зақымданады. Сонымен қатар бактериялық және вирустық аурулармен де ауырады.

Сораның көп таралған қауіпті аурулары Dendrophma Marconii, Fusarium vasinfestum, Sclerotinia Libertiana, Botritis cinerea. Сораның көптеген аурулары барлық сора өсетін аймақтарда кездеседі.  

Сораның сабағының теңбілденуі (қоздырушысы Dendrophma Marconii). Бұл аурудың алғашқы белгілері сораның вегетациялық кезеңінің аяғында байқалады. Сораның сабақтарында сұр түсті теңбілдер пайда болады. Бастапқы кезде теңбілдер майда және сабақ түбінен басталады да, бір-біріне жақындап сабақ бойына таралады. Саңырауқұлақтың дамуынан теңбілдердің үсті жай көзге жақсы байқалатын қара нүктелермен жабылады. Бұл пикнид саңырауқұлағының жемісті денесі.

Аурумен күресу жолдары: тұқымның дұрыс себілуі, ауыспалы егіс, дер кезінде астықты жинау және егістікті тазалау. Жиналған ауру сабақтарды бірінші ретті өңдеуден өткізу. Ең бір сенімді жолы бұндай жерлерге ол ауруға төзімді сора сортын егу.

Ақ шірік ( қоздырушысы Sclerotinia Libertiana). Бұл ауру ылғылы мол жылдары көптаралады. Сораның сабақтары мен бастары зақымданады. Зақымданған жерлер ағарады және қара томпақтармен жабылады. Бұл аурудың қоздырушысы аскомицет класының саңырауқұлақтары. Бұлар күнбағысты, темекіні, қабақты, сәбізді және басқа өсімдіктерді де зақымдайды.

Бұл аурумен күресу жолдары сораның сабағының теңбілденуі ауруының күресу шараларымен ұқсас.

Сораның фузариозы (қоздырушысы Fusarium vasinfestum). Бұл аурумен өсу мен дамудың барлық кезеңінде ауыруы мүмкін. Бұл ауру кезінде жапрырақ сағақтары жіңішкеріп, қоңыр түске боялады. Зақымданған

өсімдіктер солады, сабағының басы иіліп құлайды, өсімдік кеуіп қалады. Бұл жұқпалы ауру. Сораның бұл аурумен ауыруы шығымды кемітеді. Аурудың инфекциясы тұқымда және топырақта сақталады. Сақтану жолдары: ауыспалы егіс, егуге фитопотологиялық бақылаусыз тұқымды жібермеу, тұқымды НИУИФ-2 дәрісімен (1т тұқымға 3кг дәрі) өңдеу.

Жапырақтардың теңбілденуі (қоздырғышы Phyllosticta cannabis Speg, Macrosporium cannabinum, Septoria cannabis). Жапырақтардың ауруларының ішіндегі ең қауіптісі септориоз. Жапырақта күлгін түсті дақтар пайда болады. Споралары ауа толқынымен, жаңбыр тамшыларымен тарайды. Септориоз сора егілетін барлық аймақтарға таралған. Аурумен күресу жолдары: ауыспалы егісті дұрыс жолға қою.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Сораны  өсіру технологиясы

2.1. Сораны себу алдындағы  топырақты өңдеу

Топырақты күзде өңдеу оның құнарлығын арттырады, арам шөп қалдықтарынан арылтады және сораның ауруларымен және зиянкестерімен күресті жеңілдетеді.

Ауыл шаруашылығында топырақ пайдалану нәтижесінде ондағы қарашірік құрамы кемиді, оған қоса фракционды-топтарының құрамының сапасы өзгереді. Осы аталғандарды салыстыра отырып, сұр топырақтағы қарашірік құрамынан суарылатын топырақтарда фульвоқышқыл  құрамының мөлшері көбейеді. Бұл көбею барлық жағдайларда байқалынып отырады.

Сораны себу алдындағы жерді өңдеу себілген тұқымның бірқалыпты түгел өніп шығуына, топырақтың ылғалдылығының сақталуына себін тигізеді. Жердің үстіртін өңделуі топырақтың пісіп жетілу кезеңінде жүргізіледі.

 Топырақты өңдеу, біріншіден, жыртылатын қабаттың тығыздалуына әсерін тигізеді. Топырақты көктемде сораны себер алдында топырақты 20-22 см тереңдікке аудара және сыдыра өңдеу нұсқаларында топырақтың көлемдік салмағы бір деңгейде болды.

Өңдеу тереңдігін 10-12 см-ге дейін азайту 0-10 см жоғары қабат тығыздығының 0,02-0,03г/см3 ге дейін өскенін көрсетті. Тығыздықтың көтерілу белгілері механикалық өңдеу (тікелей себу) нұсқаларының 0-10 және 10-20 см қабаттарында, ал ең жоғарғы көлемдік салмақ 10-20см қабатта (1,34 г/см3) байқалады, яғни өңдеу жұмыстарын жүргізумен салыстырғанда 0,04-0,06 г/см жоғары.

Сора дақылының өсіп-өну кезеңінің соңына қарай топырақтың жыртылатын қабатының тығыздалуы, біріншіден, 0-10 және 10-20см қабаттарда байқалды, ал төменгі қабаттарының тығыздығы өзгеріссіз қалады. Топырақты күзде өңдеусіз қалдыру, топырақтың су өткізгіштік қасиеті мен ылғал қорын төмендетпейді. Көктемде топырақтың су өткізгіштік қасиетінің жоғары деңгейі құрамында суға төзімді агрегаттары мол жеңіл (10-12см) сыдыра өңдеу және тікелей себу тәсілдерінде байқалады. Осы тәсілдер қолданылғанда 5 сағатта топыраққа 4,0-5,1 мм/мин су сіңіріледі. Сонымен бірге жыртылатын қабат тығыздығының артуы кәдімгі сұр топырақта ылғал шығынын кемітеді.

Мұндай жағдайда топырақ өңдеу тереңдігін 10-12см-ге  дейін төмендетіп, күзде өңдеусіз қалдырғанда жыртылатын қабаттың тығыздығы мен су өткізгіштік қасиеті төмендейді, сондай-ақ терең өңделетін тәсілдермен салыстырғанда топырақтағы ылғал қоры да азаймайды.

Құрғақшылық және жауын-шашын мол түскен жылдары кәдімгі сұр топырақтың көлемдік салмағы артады, бірақ бұл сора үшін қолайлы көрсеткіштен аспайды.

Жеңіл сыдыра және нольдік өңдеу тәсілдерінің тиімділігі көп жағдайда топырақ бетінде қалатын аңыз қалдықтарының мөлшері мен танапта қар тоқтатуға байланысты. Бақылауларымызда топрақтың жоғарғы бетінде аңыз қалуы себепті қар жамылғысы аудара өңдеуге қарағанда 1,8 есе қалың болды. Сонымен қатар аңыз және өсімдік қалдықтары топырақтағы ылғалдың буланып, шығын болуын азайтады, ал механикалық құрамы жеңіл топырақтағы эрозиялық прцестерден сақтайды.

Сүдігерді айдау топырақтың әбден пісіп жетілген кезінде, яғни ол жақсы үгілгіш және жабыспайтын болған жағдайда жүргізілуі қажет.[2.7] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Тұқым және оны  себуге дайындау

Сора тұқымы – екі шетінен қысылған дөңгелек жұмыртқа тәрізді. Ол құрғақ, қатты жарма қабықтан тұрады. Сора түрлерінің дәндерінің сыртқы қабықтарының түсі әртүрлі болады. Мысалы, солтүстіктік пен ортаресейлік түрлерінің түсі аздап теңбілденген ашық-сұр түсті. Оңтүстіктік және жабайы сораның дәнінің түсі аса теңбілденген қара-сұр түсті. Тұқымның түсінің әртүрлі болуы егу әдістеріне және орылу мерзіміне байланысты. Пісу кезінде тұқымның түсі ашық жасыл түстен қою жасыл түске өзгеріп барып ашық немесе қара сұр түске ауысады.

Сора тұқымы сора түрлеріне қарай әртүрлі болады: ұзындығы – 4,49-5,21, ені  3,3-4,1, қалыңдығы – 2,65-3,30. Мөлшері жағынан ең ұсағы бірүйлі сора.  Химиялық құрамы бойынша сора майлы топқа жатады. Сора тұқымының негізгі қоректік заттары май мен ақуыз.

Тұқымның тазалығы себу кезіндегі негізгі көрсеткіш болып саналады. Тұқымның құрамындағы сынған, қабықсыз дәндер тұқым үшін өте зиянды. Олар микроағзалар мен сора үшін қауіпті аурулардың көзі болып табылады. Тұқымның құрамындағы арам шөп қалдықтары, жапырақ пен басқа да ылғалды қоспалар тұқымның тез бұзылуына себепкер болады. Сондықтан тұқымды тазалауды сораны бастыру кезінде ұйымдастырады. Тұқымды сақтайтын қоймаларға 98-99% таза сора баруы керек. Тұқымның жақсы шығымдылығы оның тазалығына тікелей байланысты.

Тұқымның ерте себілуі сораның вегетациялық кезеңін ұзартып, оның  пісуін күздің қолайлы мерзіміне әкеледі. Өнімді ерте жинау оның жақсы кебуіне, сораның сабанын уақытылы жібітуге жағдай жасайды.

Тұқым 18-200С жылылықта бірдей жақсы шығады. Температура 19,20С болғанда 5 күнде, 9,80С болғанда 11 күнде шыққан. Бұл кезде оның жердің ылғалдылығы 70%, топырақтың 5см тереңдіктегі температурасы 8-100С болуы керек. Ең жақсы өнім 1га жерге 5 млн. дән себілгенде алынған.

Шығымның жақсы болуы жерді дұрыс таңдауға, жерді жақсы өңдеуге, тұқымның терең және ерте егілуіне, жердің тыңайтылуына байланысты.[1.2]

2.3. Сора өнімін жинау, өңдеу және кептіру 

Сораны жинау екі бағытта: екі жақты және талшықты. болып бөлінеді. Екіжақты бағытта тұқым және сабақ жиналады, яғни сораның тұқымы мен сабағының биологиялық піскен кезінде. Аталық өсімдік аналық өсімдікке қарағанда 30-35 күн ерте піседі, яғни екіжақты бағытта бірінші аталық өсімдік жиналады, екінші аналық өсімдік.

Жинаудың талшықты бағытында тұқымның піскен піспегеніне қарамай аталық және аналық өсімдіктерді бірге жинайды. Көк сораны жинауда жақсы өнім алу үшін астықты жинаудың уақытын дәл қоя білу керек. Бұл уақыт аталық және аналық өсімдіктердің талшықтарының сапасының бір-біріне жақын болғандағы кезеңі (гүлдеу мен ұрықтану кезеңінің аралығы) болып саналады. Бұл кезде аналық өсімдіктің дәндері пісе қоймаған талшығы аталық талшыққа қасиеті бойынша жэақындайды. Аналық өсімдіктегі дәндердің пісе бастаған кезіндегі жиналған талшықтардың төзімділігі жоғары болады.

Екіжақты бағыттың екі түрі бар: тауарлық – талшық пен дәнге көңіл бөлінеді, дән өндіру – дәнге көңіл бөлінеді. Бірінші жағдайда тұқым тұтас себіледі, екінші жағдайда тұқым кең қатарға егіледі.

Аталық өсімдіктің жиналуы.  Сораның екіүйлік сорттарының егістіктерінде аналық гүлдер тозаңдандырылған соң аталық өсімдіктерді орып алады. Кең қатаралы егістіктерде аталық өсімдіктерді уақытында жинап алмаса оладың сабақтары қатайып кететіндіктен аналық өсімдіктен бірге алынған талшықтың сапасы төмен болады.

Аталық өсімдікті жинау кезінде аналық өсімдікті жаралап алмау қажет. Сынған бұтақтар механикалық жинауға зиянын тигізеді. Аталық өсімдіктерді жинап болған соң оны сабақтарының қалыңдығына және ұзындығына қарай 2-3сортқа бөліп, тез жібітуге немесе зауттарға жібереді.

Аналық өсімдіктің жиналуы. Аналық өсімдікті жинау кезінде сапалы тұқым алу мен талшықтың өнімінің жоғары болуы көзделеді. Сораның биологиялық ерекшеліктерінің бірі дәндерінің пісуінің біркелкі болмауы,

сол себепті піскен дәндердің төгіліп себілуі мүмкін. Сондықтан сораның дер кезінде, яғни дәндерінің 70-100% піскен кезінде жиналуының маңызы зор.Сораны ору үшін комбайндар қолданылады. Сораны бастырып болған соң оны үш түрлі тәсілмен өңдейді: тазалау, кептіру, сорттау. Оны тазалау астық тазалағыш машиналарда жүргізіледі. Сораны жинау және бастыру ылғалды күзде жүретін болғандықтан дәндер қатты ылғалды болады. Ал  дәндерді жақсы сақтау үшін олардың ылғалдылығы 11-12%-дан жоғары боллмауы қажет. Сақталатын дәндерді сатылатын дәндерге қарағанда төменгі температурада кептіреді. Яғни кептіру температурасы 500С-тан жоғары болмауы қажет, бұдан жоғарғы температурада сораның тұқымдық қасиеті кемиді. Дәндерді күн сәулесінде кептіргенде сораның ылғалдылығы күніне 3-4%-ға кемиді және бұл әдіс қарапайым және арзан. Бұл әдіс кезінде дән өзінің барлық қасиетін сақтап қалады. Дәнді кептірудің екінші әдісі белсенді вентиляциялау.[8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік бөлім

Сораға гербицедтердің әсері және Шу алқабы жайылымдарының өсімдік

қауымдастығын қалыптастыру

Шөлді және шөлейт топырақ – климатты аймақтарда қарасора азықтық шөптердің ластағышы ғана болып қоймай, жайылымдардың түсімділігін едәуір төмендетеді. Сондықтан жайылымдарды жақсарту, мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу, нашақорлықпен күрес және қоғамның саулығын қорғау басым әрі көкейкесті проблема болып табылады.

Шудың жайылымдық алқабы – республиканың табиғи байлығы, мұнда шабындықтың ботаникалық құрамының биологиялық және шаруашылық маңыздылығы бойынша тепе-теңдігі, мал шаруашылығынаң алуан түрлі технологиялық процестерін әзірлеу және жүргізу кезінде пайдалануға сәйкес келеді.

Информация о работе Сораны өсіру технологиясы