Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 18:57, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Ботаника" на казахском языке.
Бүйірлік (латеральды) меристема. Өстік органдардың ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады және органдардың көлденеңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.
Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағында және жапырақтың гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.
Зақымдық (травматикалық) меристема. Өсімдіктің денесінің кез-келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады
36. Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың клеткаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема, әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференциацияланған) ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, ал соңғы меристемадан соңғы ұлпалар түзіледі.
Орналасу ерекшеліктеріне қарай меристемаларды төрт топқа бөледі.
Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасады. Ол негізінен органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады. Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында, тез бөлінуге қабілетті паренхималық клеткалардың аздаған тобы (сиректеу бір клетка) орналасады. Оларды белсенді (инициалды) клеткалар деп атайды. Бұлардан сәл төмендеу сирек бөлінетін клеткалар орналасады. Олардан төменірек, меристемадан үш түрлі клеткалардың тобы оқшауланып шығады. Осы клеткалардан алғашқы вегетативтік дененің тұрақты ұлпалары қалыптасады (дифференцияланады): протодерма- клеткалардың үстінгі қабаты, олар жабын ұлпасының бастамасын береді; прокамбий- вертикальды өстің ұзына бойында топтасып (тяжами) орналасқан, ұштары үшкір болып келетін меристеманың ұзынша клеткалары, олардан өткізгіш және арқаулық ұлпалар, сонымен бірге соңғы меристема (камбий) пайда болады; негізгі меристема - негізгі ұлпаларға бастама береді.
Бүйірлік (латеральды) меристема. Өстік органдардың ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Әдетте ол соңғы меристемаға жатады және органдардың көлденеңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды.
Қыстырмалы (интеркалярлық) меристема. Сабақтың буын аралықтарының төменгі жағында және жапырақтың гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.
Зақымдық (травматикалық) меристема. Өсімдіктің денесінің кез-келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады
37. Жабындық ұлпалар
Жабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі сол, олар өсімдікті кеуіп қалудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды. Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды үш топқа бөлуге болады: эпидермаға, қабыққа, қыртыcқа.
Эпидерма. Протодермадан пайда болатын алғашқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақтарды жауып тұрады. Көп жағдайда эпидерма бір қабат тірі, тығыз орналасқан, хлорофилдері жоқ клеткалардан тұрады. Клетка қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байланысты олар өзара тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қалыңдығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сырты қабықша басқаларына қарағанда біршама қалыңдау және кутинмен (кутикула), немесе балауызбен (воскамен) жабылған болып келеді. Эпидерманың қорғаныш қызметі, оның клеткасының бетінде, құрылысы әртүрлі болып келетін ерекше өскіндердің- түктердің (трихомдардың) пайда болуына байланысты арта түседі.
Эпидермада газ алмасуды және судың булануын (транспирация) реттеп отыратын ерекше устьица аппараты болады. Ол екі маманданған түйістіргіш (көмкерме) клеткадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш (көмкерме) клеткаларда хлоропластар болады. Олардың эпидерманың клеткасы жағындағы қабықшасы, саңлау жағындағы қабықшасына қарағана көп жұқа болады.
Эпидерманың түйістіргіш клеткаларға тиісіп тұратын клеткаларының формасы қалған клеткаларынан өзгеше болады. Оларды қосымша (побочны) клеткалар деп атайды. Устьица аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде де орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтың астыңғы бетінде, судағы өсімдіктердің жүзіп жүретін жапырақтарының тек үстінгі бетінде орналасады.
Перидерма (пробка). Эпидермистің клеткалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап (деформируется) өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты. Тоздық камбий субэпидермалық клеткалардан, ал кейде тіптен эпидермалық клеткалардан дамиды. Тоздық камбийдің клеткалары тангенталды (сабақтың үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп, сабақтың ортасынан (өздігінен) шетіне қарай тозды (феллеманы), ал шетінен ортасына (өзегіне) қарай тірі паренхималық клеткалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады. Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тығыз орналасқан клеткалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабықшаларында суберин жиналады. Қабықшасының тозға айналуына байланысты клетканың ішіндегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичка) деп аталынатын қуыстар пайда болады. Жасымықшалар клетка аралық қуыстары үлкен болып келетін дөңгелек клеткалармен толтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалыптасқанға дейін, устьица аппаратының астында орналасқан, паренхималық клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Қыртыс (корка немесе ритидом). Ағаштар мен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдан соң жыртылады, ал оны тоз қабаты алмастырады. Қабықтың терең-деу орналасқан ұлпаларында тоздық камбийдің жаңа бөліктері (участкілері) пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді. Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың оратаңғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске (деффор-мацияға) ұшырайды да өледі.
Сөйтіп, сабақтың сыртында қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкелерінен) тұратын өлі тканьдердің комплексі түзіледі. Тоздың сыртқы қабаттары біртіндеп бұзылып, қабыршақтанып түсіп отырады.
38. Негізгі ұлпалар
Өсімдіктің әртүрлі органдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалардың мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады.
Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.
Қор жинаушы ұлпалар. Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында- дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және басқаларда жиналады. Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) клеткалардың (эпиблема) тобы жатады.
Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты органдарында, ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген. Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.
39. Арқаулық ұлпалар
Арқаулық ұлпалар бірігіп, өсімдіктің барлық органдарын сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді. Бұл ұлпалар қабықшалары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін клеткалардан тұрады. Көп жағдайда бұлар өлі клеткалар. Өстік органдарда бұлар негізінен прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде паренхималық клеткалар болып келеді. Клеткаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалыңдау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі: колленхима, склеринхима.
Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық клеткалардан тұрады. Егер клетканың қабықшасының қалыңдауы, оның бұрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды. Егер клетканың екі қарама- қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды. Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан органдардың тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән.
Склеринхима. Склеринхима клетка қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық клеткалардан тұрады. Тек жас клеткалары ғана тірі болады.
Жасы ұлғая келе бұл клеткалардың ішіндегі заттары өліп, семеді. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік органдарындағы ең кең таралған арқаулық ұлпа. Клетка қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склеринхималардың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер. Талшықтардың өзінің екі түрі бар: тін талшықтары және сүректік талшықтар. Тін талшықтарының клеткасының қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, сүректік талшықтардың (либриформ) клеткасының қабықшалары барлық уақытта толық сүректелген болады.
Склереидтер. Склереидтер клетка қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген өлі паренхималық клеткалар.
Олар әдетте жемістерде (тасты клеткалар), жапырақтарда (тірек клеткалар) және басқа да органдарда болады.
40. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің органдары вегативтік және репродуктивтік (генеративтік) болып бөлінеді. Вегетативтік органдар өсімдіктің денесін түзеді және оның тіршілік әрекетінің негізгі қызметін атқарады. Тіптен вегетативтік жолмен көбеюінде жүзеге асырады. Оларға тамыр, сабақ және жапырақ жатады. Жапырағы және бүршігі бар сабақты өркен деп атайды. Репродуктивтік (генеративтік) органдар жыныстық жолмен көбеюді қамтамасыз етеді. Жабық тұқымды өсімдіктерде оларға гүлді және оның өнімдері болып табылатын дән мен жемісті жатқызады.
Өсімдіктердің органдарына тән кейбір жалпы заңдылықтарды атап көрсетеміз.
Симметрия. Егер өсімдіктің органы арқылы тек бір ғана көлденең симметрия жүргізуге болатын болса, онда мұндай органды моносимметриялы деп атайды (мысалы жапырақ). Ал егер өсімдіктің органы арқылы бірнеше симметрия жүргізуге болатын болса, онда мұндай органды полисимметриялы деп атайды (мысалы сабақ, тамыр).
Қарама-қарсылық (полярность). Вегетативтік органның немесе оның бөлігінің екі полюсі болады: терминальды (үстінгі) және базальды (төменгі). Терминальды бөлігінде тек сабақтар, ал базальды бөлігінде тамырлар пайда болады.
Геотропизм. Бұл өсімдіктердің органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі. Өсімдіктің дәні топырақта қандай жағдайда жатпасын, тамыр барлық уақытта төмен қарай (дұрыс геотропизм) өседі. Өстік органдар сабақ және тамыр жердің бетіне вертикаль бағытта (ортотропты органдар) , ал жапырақ - белгілі бір бұрыш жасап орналасады (плагиатропты органдар). Үлкен өсімдік қалыпты жағдайдағы өсу бағытынан қандайда бір сыртқы күштің әсерінен ауытқығанның өзінде де, ол өзінің жас бөліктерін кеңістікте бұрынғы қалпын сақтайтындай етіп иеді. Астық тұқымдастары сабақтары жатып қалғаннан кейінде, түгелімен қайта көтерілуге қабілетті болып келеді. Өйткені олардың меристемалары сабақтың буындарында орналасады.
Метаморфозға ұшыраған (түрі өзгерген) органдар. Бұл мынадай органдар, өскен ортасының әсеріне байланысты, немесе белгілі бір қызмет атқаруына байланысты тұрақты түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, қалыптасқан бір функцияның артуы. Әдетте ол формалардың күрт өзгеруімен және кейбір функцияларының жоғалуымен жалғасады. Метаморфозға ұшыраған органдар, бейімдеушіліктің эволюциясының реальды түрде жүзеге асуының бірден бір көрінісі болып табылады. Оларды аналогиялық және гомологиялық деп бөледі. Аналогиялық деп құрылысы жағынан ұқсас және атқаратын қызметтері бірдей, бірақ шығу тегі әртүрлі болып келетін органдарды айтады. Мысалы, бөріқарақаттың (барбарис) тікендері жапырақтан, ал долананың (боярышник) тікендері бұтақтан пайда болған, сол секілді ас бұршағының мұртшасы жапырақтан, ал жүзімнің мұртшасы сабақтан жетіледі. Гомологиялық деп, шығу тегі бір органдарды айтады. Олар құрылысы жағынанда ұқсас болуы мүмкін, мысалы раушанның (шиповник, роза) және қарлығанның (крыжовник) тікенектері (екеуі де сабақтың сыртқы ұлпаларының өсінділері). Алайда көп жағдайда олар ұқсас бола бермейді, мысалы пияздың баданасы және картоптың түйнегі (екеуіде сабақтан пайда болады).
41-45 сурет
46. жауабы:Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы (Pennatophyceae), центрикалық диатомдылар класы (Centrophyceae). Бірінші класқа 4 қатар, ал екінші класқа 5 қатар жатады.
Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pіnnularіa). Ол пиннаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.