Шпаргалка по дисциплине "Ботаника"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 18:57, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Ботаника" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

botanika otvety.docx

— 136.13 Кб (Скачать документ)

Сонымен папоротниктің әртүрлі споралылығы, олардың гаметофиттерінің редукцияға ұшырауына әкеліп соқтырған.

31. Қарағайлар қатары (сосновые) – Pіnales. Қарағайлар қатары (сосновые - Pіnales) бір ғана қарағайлар (сосновые - Pіnaceae) тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250- дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай (пихта - Abіes), шырша (ель - Pіcea), бал қарағай (лиственница - Larіx), қарағай (сосна - Pіnus).

Май қарағай туысы (пихта- Abіes). Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15- түрі), Оңтүстік- Шығыс Азияда (7-8 түрі), Жерорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың (пихта - Abіes) 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская - A.sіbіrіca) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің Солтүстік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде, Тува автономиялы облысында және Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жұмсақ, құрлыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдалынады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетті эфир майы алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфара) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдер-бір қажетті дәрі.  Ақ май қарағай (пихта белая - A.alba) бұрынғы одақтас республикалардың батыс аудандарында, Орта Азияның, Оңтүстік және Батыс Европаның тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Кавказ май қарағайы (пихта кавказская - A.nordmannіana) букпен қосылып Кавказ тауының батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш. Украина мен Белоруссияда оны қолдан өсіреді.

Шырша туысы (ель - Pіcea). Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық және Шығыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті, бұтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір- бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде стробилдері төмен қарап салбырап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы – ель Шренка - P. schrenkіana; сібір шыршасы-ель сибирская -  P.obovata) кездеседі. Кәдімгі шырша (ель обыкновенная- P.abіes). Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті: алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен және қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын құрылыс материалдарына, әртүрлі бұйымдар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады. Сібір шыршасы (P.оbovata) бұрынғы одақтас республикалардың солтүстік- шығысынын да және Батыс Сібірде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жақын. Тек аналық стробилдерінің ұсақтымен ажыратылады. Бұлақ шыршасы (ель ключевая- P.pungens) Солтүстік Американың тауларының жар тастарында өседі, қылқандары күміс түсті, өте әдемі болып келеді. Оны сәндік ағаш ретінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында және Батыс Европада мәдени жағдайда өсіреді.

Балқарағай туысы (лиственница-Larіx). Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы көреді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылқандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып (пучками) орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірмей ұзақ уақыт сақталады. Сондықтанда оны шпалдар дайындауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға қажетті шикізат ретінде кеңінен пайдаланады.

 Бұрынғы одақтас республикалардың  флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1түрі кездеседі. Батыс Европа  бал қарағайы (лиственница заподноевропейская- L.decіdua) Альпа және Карпат тауларында өседі. Сібір бал қарағайы (лиственница сибирская- L.sіbіrіca бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) европалық бөлігінің шығыс аудандарында және Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы (лиственница даурская- L.dalurіca) Шығыс Сібірдің және қиыр шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады.

Қарағай туысының (сосна- Pіnus) - 100- дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын түзеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар  2-5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі.

БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кәдімгі қарағай (сосна обыкновенная- Pіnus sylvestrіs) БОР европалық бөлігінде кеңінен таралған, Сібірде Охот теңізіне дейін; Батыс Европада Скандинава жартылай түбегінен Пиреней мен Балқанға дейін жетеді. Құмды және жартылай құмды топырақтарда көп жағдайда орман түзеді. Сонымен бірге шымтезек мүктері басқан батпақтарда (аласа формалары), ал оңтүстікте- известі және борлы жаталарда өседі. Ағашын құрлыс жұмыстарына және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады. Діңінен сағыз (живица) алады, одан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) корабль жасауға қажетті смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында көп мөлшерде аскорбин кислотасы (витамин С) болады. Жас өркендерін дәрі жасауға пайдаланады, ал тозаңдарын медицинада плаунның спораларының орнына қолданалады. Сібір қарағайы (сосна сибирская, или сибирская кедровая сосна- Pіnus sіbіrіca) – діңі үлкен болып келетін, Сібірдің барлық жерінде және Монголияда кеңінен таралған ағаш. БОР территориясында орман түзеді (кедрачи). Қыл-қандары қысқарған сабақта-рында бесеуден топтасып орна-ласады. Аналық стробилдері тік орналасады, тұқымдары (жаң-ғақшалары) ұрықтанғаннан кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дәнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. Күнделікті өмірде дәндерін кедр жаңғақшасы деп атайды, оларды тамаққа және май алуға пайдаланады. Діңінен құнды ағаш, смоласынан скипидар және канифоль алынады. Жатаған кедр (кедровый стланник- P. Pumela) жерге төселіп өтетін бұта немесе кішілеу ағаш. Шығыс Сібірде, Куриль аралдарында, Жапонияда өседі. Үлкен кеңістікті алып жататын бұталы, қалың қопа (тоғай) түзеді. Оны терісі құнды аңдар: тиіндер және бұлғындар мекендейді. Дәні жеуге келеді. Паллас қарағайы (сосна паласса- P.pallasіana) Қырымда, Закавказьенің батысында, кіші Азияда және Балқанда орман түзеді. Пицунд қарағайы (сосна пицундская- P.pіthynsa), БОР территориясында Пицунда мысында өседі, реликті* түр болып табылады

32. Кипаристер қатары (Кипарисовые) – Cupressales. Бұл қатар мынадай екі тұқымдастан тұрады: таксодилер (таксодовие – Taxodіaceae) және кипаристер (кипарисовые – Cupressaceae).

Кипаристер тұқымдасы (кипарисовые- Cupressaceae). Бұл тұқымдасқа 20 туыс, 145- тей түр жатады. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі. Ағаштар мен бұталар болып келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді (чешуевидные), сиректеу ине тәрізді. Ағашында смола жолдары болмайды. Смола арнайы маманданған клеткаларда жиналады. Аталық стробилдері жалғыздан болады, тозаңының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилінің қабыршақтары сүректенген, көн тәрізді немесе шырынды болып келеді.

Арша туысы (можжевельник-Junіperus). Солтүстік ендікте арктикадан субарктикаға дейін аршаның 70-тей түрі өседі. Бірнеше түрі тропикалық аймақтың тауларында кездеседі. Кішілеу ағаштар немесе бұталар. Жапырақтары ине тәрізді немесе қабыршақ тәрізді (чешуевидные) болып келеді. Аналық стробилінің қабыршақтары (чешуйки) етженді, шырынды бүршік (шишкоягода) түзеді. Мұндай шырынды бүршіктер екі жылда пісіп жетіледі. Ағашын әртүрлі мақсатта пайдаланады.

Өркендерінде улы болып келетін эфир майы сабиноль жиналады. Ол медицинада қолданылады.

БОР флорасында 21 түрі, ал Қазақстан флорасында 10 түрі кездеседі. Кәдімгі арша (можевельник обыкновенный - J.communіs) подольскеде шыршалы және қарағайлы ормандарда өседі. Жапырақтары ине тәрізді, үшеуден топтасып орналасады. Ұзақ жылдар бойы сақталады, тіптен 2 мың жылға дейін өмір сүреді. Қызыл арша (можжевельник красный- J.oxycedrus) мен биік арша (можжевельник высокий- J.excelsa) Қырымда өседі. Орта Азияның тауларында Заравшан аршасы (можжевельник заравшвнский- J.seravschanіca), сауыр аршасы (можжевельник плоушаровидный- J.semіglobosa), Түркістан аршасы (можжевельник- J.turkestanіca) және басқалар орман түзеді.

33.Гнеталар немесе гнетопсидтер класы (гнетовые или гнетопсиды) -  Gnetopsіda

Гнетопсидтер класының аналық және аталық гаметофиттері редукцияға көп ұшыраған, жыныстық прцестері жабық тұқымдылардың қосарланып ұрықтануына жақын. Тұқымбүрі біреу, ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Сүрегінде смола жолдары болмайды. Класты үш қатарға бөледі: қылшалар (Ephedrales), гнеталар (Gnetales), вельвичилар (Welwіtsehіales). Олардың Қазақстанның флорасында кең таралғаны қылшалар қатары. Сондықтанда біздер осы қатарға толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.

Қылшалар қатары (эфедровые) – Ephedrales. Бұл қатарға бір тұқымдас және бір ғана қылша (Ephedra) туысы жатады. Туыста 40-тай түр бар. Олар Жеррорта теңізі жағалауында, Алдынғы және Орта Азияда, Индияда, Қытайда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған өсімдіктер. Негізінен шөлді, жартылай шөлді аймақтарда және таудың тасты жоталарында өседі. Биіктігі 5-8 м. болатын кішігірім ағаштар, көбіне бұталар немесе лианалар. Жапырақтары майда, әдетте қабыршақ тәрізді, ерте түсіп қалады. Бұтақтары қырлы- қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді. Екі үйлі өсімдік. Аталық бүршіктері (шишки) 3-4-тен және оданда көптен сабақтың буындарында топтасып орналасады. Аталық бүршік (стробил) бағанадан тұрады, оның ұшында екіден сегізге дейін 2-4 ұялы микроспорангилері болады. Аналық бүршіктердің екіден төртке дейін, сабақтың буынында орналасады. Аналық бүршік (шишки) қалың қабықшамен қоршалған бір ғана тұқымбүрінен тұрады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі. Дән пісіп жетілгенде аналық бүршіктің сыртқы қабықшалары көп жағдайда қатайып ағаштанады, ал қабыршақ тәрізді жабындық жапырақтары етженді түрге келіп, ашық түске боялады.

Бұрынғы одақтас республикардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ең маңыздысы екі масақты қылша (эфедра двухколосковая - E.dіstachya). Бұл түр бұрынғы одақтас республикардың европалық бөлігінің оңтүстік- шығысында, Сібірде, Орта Азияда кеңінен таралған. Биіктігі 40 см. Болатын кішілеу бұта. Қылшаның практикалық маңызы, оның бұтақтарында эфидрин алколоидының болуымен есептелінеді. Эфидриннен аса құнды дәрі алынады.

34. Гистология (ұлпалар туралы ғылым).

Өсімдіктердің біркелкі болып келетін сулы ортадан жер бетіне ауысуы олардың біртектес вегетативтік денесінің белсенді түрде органдарға сабаққа, жапыраққа, тамырға бөлінуіне әкеліп соқтырды. Бұл органдардың, құрылысы әртүрлі болып келетін, алайда қалай болса солай емес, белгілі бір жүйеде орналасқан, бір- бірінен оңай ажыратылатын клеткалардың тобынан тұрады. Атқаратын қызметі бірдей және шығу тегі бір, морфологиялық жағынан біртектес болып келетін клеткалардың тобын ұлпа деп атайды.

Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі Италия ғалымы М.Мальпиги мен Ағылшын ғалымы Н.Грю (1671ж.) болған.

Ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

35. Түзуші ұлпалар (меристемалар).

Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа органдар түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық ұлпалардың болуымен байланысты. Меристемалық ұлпа тығыз болып орналасқан тірі клеткалардың тобынан тұрады. Мұндай клеткалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында үлкен ядро орналасады, үлкен вакуольдері болмайды, клетка қабықшасы өте жұқа болып келеді және алғашқы қабықшадан тұрады. Меристемалық клеткалардың негізгі екі қасиеті болады- белсенді түрде бөлінеді және дифференциацияланады, яғни басқа ұлпалардың клеткаларына айналады.

Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың клеткаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема, әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған (дифференциацияланған) ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, ал соңғы меристемадан соңғы ұлпалар түзіледі.

Орналасу ерекшеліктеріне қарай меристемаларды төрт топқа бөледі.

Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасады. Ол негізінен органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады. Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында, тез бөлінуге қабілетті паренхималық клеткалардың аздаған тобы (сиректеу бір клетка) орналасады. Оларды белсенді (инициалды) клеткалар деп атайды. Бұлардан сәл төмендеу сирек бөлінетін клеткалар орналасады. Олардан төменірек, меристемадан үш түрлі клеткалардың тобы оқшауланып шығады. Осы клеткалардан алғашқы вегетативтік дененің тұрақты ұлпалары қалыптасады (дифференцияланады): протодерма- клеткалардың үстінгі қабаты, олар жабын ұлпасының бастамасын береді; прокамбий- вертикальды өстің ұзына бойында топтасып (тяжами) орналасқан, ұштары үшкір болып келетін меристеманың ұзынша клеткалары, олардан өткізгіш және арқаулық ұлпалар, сонымен бірге соңғы меристема (камбий) пайда болады; негізгі меристема - негізгі ұлпаларға бастама береді.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Ботаника"