Саналы адамның қалыпты еңбектегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:59, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды.

Содержание

І тарау Адамның шығуы мен қалыптасу негіздері
1.1. Саналы адам туралы түсінік
1.2. Саналы адамның қалыптасуына тән факторлар
ІІ тарау Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің ролі
2.1. Алғашқы еңбек құралдары
2.2. Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің артықшылықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саналы адамн калыпт еңбектің ролі.doc

— 163.00 Кб (Скачать документ)

Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам жоспарлы түрде, бірақ бір-бірімен қатар өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.

Екінші кезең-мануфактура. Мануфактура машина әлі пайда болмаған еңбек бөлінісіне негізделген кооперация. Осы кезде еңбек бөлінісі қолмен істейтін еңбе кқұралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең фабрика келді. Ол ірі машиналы өндіріске негізделген. Фабрика дамуы ұзақ мрезімді қамтып үнемі сапалық өзгерістреде болатын тарихы кезеңдерді басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технолоогиялық өндіріс әдісі фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми-техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.

Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына  мал өсіру және егін егумен қатар  әр түрлі рудаларды өндіру, тас  пен сүйекті пайдалану аса  маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. 
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солар- дың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен. 
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды. 
Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.

Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады. Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді. Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды. Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.

Жер планетасы бұдан 4,7 млрд жыл бұрын қалыптасып, оның эволюциясының алғашқы кезеңі атмосфера, гидросфера, литосфераның абиогенді  физико-химиялық қалыптасуы мен олардың  арасындағы қатынастардың қарқындауы арқылы болды. Вулкандар әсерінен жүретін геологиялық және геохимиялық үрідстер нәтижесінде азот пен көміртегі оксидтері бөлініп шығып, сутегі, метан, аммиак және су буларынан тұратын атмосфераны қалыптастырды.

Биота 4,7 млрд жыл бұрын қалыптаса бастады және Жердің географиялық қабықшасының эволюциясында үлкен роль атқарды. Биота қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге орта жағдайларын өзіне қолайлы бағытта өзгертті де. Жер эволюциясының алғашқы 4 млрд жылында биота литосфера, гидросфера мен атмосфераға айтарлықтай өзгеріс енгізетін фактор бола қойған жоқ. Жер эволюциясының екінші кезеңі прокариоттардың - бір клеткалы ядросыз организмдердің, 3,3 млрд жыл бұрын қарапайым көкжасыл балдырлардың пайда болуымен сипатталады. Алайда, биотикалық фактор әлі де Жердің құрылымдық-структуралық белсенді компоненті болған жоқ еді.

Үшінші кезең 1,9-2,0 млрд жыл бұрын, эукариоттар – бір  клетаклы ядролы организмдер пайда  болған кезден басталады. Нәтижесінде 1,2-1,0 млрд жыл бұрын мұхитта қарапайым көп клетаклы өсімдіктер мен жануарлар пайда бола бастады. Төртінші кезеңде биотаның қарқындап дамуы Жердің географиялық қабықшасы эволюциясының аса маңызды факторларының біріне айналды. Бұл соңғы 600 млн жылда өтті. Осы кезеңде биота фотосинтез арқылы Жердің көмірқышқыл газды атмосферасын азотты-оттекті атмосфеарға айналдырып, атмосфераға миллиондаған тонна молекулалық оттегі бөліп, озон қабатын қалыптастырып, омыртқалы жануарлардың құрылыққа шығуына алғы шарттар жасады. Органикалық әлемнің эволюциясының осы кезеңінде атмосфера фотосинтездің негізгі компоненті – көмірқышқыл газына байытылып, ал оттегі мөлшері біршама азайды. Палеозойдың көп бөлігінің барысында СО2 атмосферадағы концентрациясы 0,1-0,4% болды. СО2 бұндай концентрациясында авторофты өсімдіктердің көпшілігінің өнімділігі ең жоғарғы шегіне жетіп, түзілген орасан зор биомасса түрлі өзгерістерге ұшырап, нәтижесінде жанғыш органикалық пайдалы қазбалардың мол қоры түзілді. Бұнымен қатар автотрофты өсімдіктердің массасы, онымен бірге Жер бетіндегі тірі организмдердің массасы азайды. Бесінші кезең - Жерге бұдан 65 млн жыл бұрын диаметрі 9 км алып аспан денесінің құлауы және экологиялық жағдайдың кенет өзгеруі нәтижесінде жануарлардың көпшілігі, оның ішінде динозаврлар да қырылып, бұл сүт қоректілердің дамуына себеп болды.

4,5-5 млн жыл бұрын  адам тәрізді маймылдардан гоминидтер  тұқымдастығының ажырауы бесінші  кезеңнің соңы болды. Адамның  алғашқы қауымдық ата-тегі табиғи  құралдарды қолдан жасауды үйренді.  Олар австралопитектерге жақын, 2,5 млн жыл бұрынғы ертедегі гоминидтер (Homo habіlіs - қабілетті адам) тас дәуір –олдувай дәуірінің бізге белгілі мәдениетін жасаушылар болды. Алғашқы палеолитте (шамамен 900-300 мың жыл бұрын) австралопитек- гоминидтер біршама жетілген құралдар жасай бастап, архантроптардың (Homo erectus – тік жүретін адм) ертедегі ашелл және шелл мәдениетін сақтаушылардың қалыптасуына жағдай жасады.

Бесінші кезеңде 40-100 мың  жыл бұрын антропогенез процесі  қазіргі заманғы адамның (Homo sapіens – саналы адам) физикалық типінің  қалыптасуымен аяқталды, ал бұдан соң 12-7 мың жыл бұрын алғашқы қауымдық қауымлық құрылым аяқталып, құл иеленушілік қоғам қалыптасып, Жер дамуының антропогендік кезеңі басталды: орман ағаштары кесіліп, өртеліп, мал және егін шаруашылығы дами бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді  адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана  бекітілген. Оның белгілі бір затқа  қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Қазіргі кезге дейін  сана және оның табиғаты мен қызметі  аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді. Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді. Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Горелов А.А. Концепции современного естествознания. Москва: Центр, 1997, 208 б.
  2. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов, Под ред. проф. В.Н.Лавриненко, проф. П.Ратникова. –М.: Культура и спорт, ЮНЙТИ, 1997, -271 б.
  3. Мукашев З.А. Концепции современного естествознания: курс лекций. Алматы: ВШП Әділет, 1998, 150 б.
  4. Потеев М.И. Концепции современного естествознания – СПб.: изд-во «Питер , 1999. –352 б.
  5. Рузавин Г.И. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1999, -288 б.
  6. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М.: Высш школа.: 1990
  7. Андреев И.Л. Происхождение человека и общества. – М.: Мысль, 1982.
  8. Будыко М.И., Голицын Г.С., Израэль Ю.А. Глобальные климатические катастрофы.-М.: Гидрометеоиздат, 1986.
  9. Вернадский В.И. Биосфера. Различные издания.
  10. ВладимирскийБ.М., Кисловский Л.Д. Космические воздействия и эволюция биосферы. – М.: Знание, 1986.
  11. Газенко О.Г., Пестов И.Д., Макаров В.И. Человечество и космос. – М.: Наука, 1987.
  12. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л.: Наука, 1990.
  13. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Различные издания.
  14. Дикерсон Е.Р. Химическая эволюция и происхождение жизни. 103 б.
  15. Ивахненко М.Ф., Корабельников В.А. Живое вещество Земли. М. 1987.
  16. Каратаев О.Г. Проблемы электромагнитной совместимости. –М.: Знание, 1988.
  17. Кендрью Дж. Нить жизни. М., 1968.
  18. Костицын В.А. Эволюция атмосферы, биосферы и климата. М. 1984.
  19. Крывелев И.А. История религий : Очерки в 2 т. М.: Мысль, 1988.
  20. Кун Т. Структура научных исследований. М., 1975.
  21. Майр Э. Эволюция. М., 1981.
  22. Матюшин Г.Н. У истоков человечества. –М.: Мысль, 1982.
  23. Монио А.С., Шишков Ю.А.. История климата. Л.: 1979.
  24. Неручев С.Г. Уран и жизнь в истории Земли. – Л.: Недра, 1982.
  25. Николов Т.Г. Долгий путь жихни. –М.: Мир, 1986.
  26. Новиков И.Д. Эволюция Вселенной.-М.: Наука, 1983.
  27. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. М., 1974.
  28. Почтарев В.И. Земля- большой магнит.-Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
  29. Пригожин И., СтенгерсИ. Время, хаос, квант. М., 1994.
  30. Реймерс Н:Ф: Пиродопользование. Словарь-справочник. М.: 1990.
  31. Семнов Ю.И. На заре человеческой истории. М.: Мысль, 1989.
  32. Сноу Ч. Две культуры. М., 1973.
  33. Станы и народы мира. Общий обзор. М.: 1978, т.1
  34. Тинберген Н. Социальное поведение животных. М., 1992.
  35. Ушаков С.А., Ясаманов Н.А. Дрейф материков и климаты Земли. М. 1984
  36. Чижевский А.Л. Эхо солнечных бурь.
  37. Филиппов Е.М. Вселенная, Земля, жизнь. –Киев: Наукова думка, 1983
  38. Филиппов Е.М. Ядра, излучение, геология. – Киев: Наукова думка. 1984
  39. Филиппов Е.М. О развитии Земли и биосферы. – М.: Знание, 1990. 48 б.(Новое в жизни, науке, технике. Сер. «Науки о Землең; б.5
  40. ФлинтР.Ф. История Земли. М. 1978.
  41. Эйнштейн А., Инфельд Л. Эволюция физики. М., 1965.

 

 

 

 




Информация о работе Саналы адамның қалыпты еңбектегі рөлі