Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:59, реферат
Тақырыптың өзектілігі: Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды.
І тарау Адамның шығуы мен қалыптасу негіздері
1.1. Саналы адам туралы түсінік
1.2. Саналы адамның қалыптасуына тән факторлар
ІІ тарау Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің ролі
2.1. Алғашқы еңбек құралдары
2.2. Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің артықшылықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.
Адамдарда түсінікті сөз сөйлеудің қалыптасуы адамды жануарлардан ажыратудың негізгі де шешуші үрдіс болды. Өйткені, сөздің пайда болуының нәтижесінде жануарларда жоқ түрлі функцияларды атқаратын адам миының үлкен жарты шарлары түбегейлі өзгерді. Бас миының әрбір жарты шарларының ерекшеленіп мамандануы жөнінде көптеген ғалымдар, америкалық нейрофизиологтар Р.У.Спери, Дж.Е.Боген, және М.С.Газзанигалар қыруар ғылыми жұмыстар жасады. Ең алдымен адамның сол көзі мидың оң жарты шарымен, ал оң көзі сол жарты шармен байланысты екендігі дәлелденді. Осыған қоса сол жақ жарты шар рационалдық қызметке де жауап беретіндігі анықталды. Ол есептеу, сөз сөйлеу, ережелер мен түрлі үрдістерді есте сақтаумен тікелей байланысты. Оң жақ жарты шар эмоцияларды басқарады. Ол дыбыстар, музыка, ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырата білуге мүмкіндік береді. Осы екі жартышарлардың бірі зақымданған жағдайларда бұндай адамдардың екеуі бір-бірінен тіпті өзгеше екі түрлі болмыстағы индивид болып көрінеді.
Мидың үлкен жартышарларының
функционалдық ерекшеленуі
Бірақ ғалымдардың көпшілігі
адамда сөйлеу қасиетіне жауап беретін
тұқым қуалаушылық
Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.
Адамның барлық іс-әрекеті екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің қорытындысы адамның тікелей өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет, екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.
Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана, олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы түрде сақталады.
Адамның іс-әрекетінің барысында оған және адамның барлық өміріне әсер ететін белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер етуші осы күштің құдіретін және бұл күш алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ, ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің белгілі бір саладағы дәрменсіздігін түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.
Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды. Осылайша дін пайда болады.
Дін адамның табиғи
не әлеуметтік құбылыстардың
себептері жөніндегі ойлары
Рухани өмірде ерекше орын алған табиғат құбылыстарының шығу тегін түсіндіретін қасиетті мифтер болды. Мифологияның табиғаты туралы түрлі пікірлер бар: мифология фольклордың жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге алғашқы “ғылым” немесе “философия” деп те түсіндіріледі. Бірақ мифтер сырт қарағанда фантастикалық ертегілерге ұқсайды. Айырмашылығы, ертегілерге сенбейміз, ал мифтерге сенеміз.
Әдетте мифология шындық емес, мифологиялық уақыттар деп аталатын түсініктерді қарастырады. Бұл адамдардың ата-тегінің өмір сүрген уақыты, батырлар және де басқа мифологиялық тұлғалар туралы болды. Бірақ баяндалуда белгілі бір реттілік болмады, ал фактілердің барлығы дерлік фантастикалық болды.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.
ІІ тарау Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің ролі
2.1. Алғашқы еңбек құралдары
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді. Ағашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Қазақстан жерінде ежелгі
адамның қазынды қалдықтары әзірге
кездесе қоймағанына қарамастан
олардың мекен еткен
Қаратаудың алғашқы
тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды
аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді
жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан
жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда
орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас
құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар
тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар,
әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне
жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың
рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса
бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен
отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана
төңірегінде топтасты, осыған байланысты
әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады,
мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір
деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан
бұрынғы екі мың жылдықта мал
және егіншілік шаруашылығымен қоса
металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның
өзі Қазақстан жеріндегі
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан
тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген.
Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның,
кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның
қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола
өте қатты және балқыту температурасы
төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді.
Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін
қолданылатын негізгі шикізат болып табылды.
Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге,
әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген.
Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында –
I мың жылдықтың басында дала халықтары
шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал
шаруашылығына ауысады.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты
екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл
өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен
еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның
өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне
әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық
ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық
өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің
өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына,
патриархаттық қатынастың дамуына байланысты
еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды,
меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде
мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның
және Орта азияның кең-байтақ далаларын
тегі және тарихи тағдырының ортақтығы
жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл
тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас
мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің
табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы
Андроново селосының атымен ғылымда шартты
түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.
Еңбек дегеніміз мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды реттеп, бақылап отырады. Еңбек бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі-алдын ала ойланып істелінеді, мақсатты іс-қимыл белгілі бір нәтижеге жету көзделінеді. Мысалы, хайуанаттар табиғатта бармен ғана қоректенеді. Ал адамның еңбек етудегі басты ерекшелігі-табиғаттан ала да біледі, оны өзгерте де сақтап та қорғай да біледі. Осыған байланысты адамдардың тәжірибесі жинақталады. Белгілі бір білімді мамандықты иегереді, оны жетілдіре түседі. Адамды адам еткен еңбек деген даналық ой осыдан туған, еңбек аадмның дамуының және жетілуінің басты факторы. Еңбек ете отырып адам жұмыс күшін жұмсайды. Ал жұмыс күші-аадмның еңбекке деген қабілеттілігі. Жұмыс күшін тұтынудың өзі де еңбек.