Салауатты өмір салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:36, реферат

Краткое описание

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп санап, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

Содержание

Кіріспе 2
Салауатты өмір сүру салты және салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар 2
Халық денсаулығы. Жеке бас гигиенасы 5
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15

Прикрепленные файлы: 1 файл

салауатты омір салты.doc

— 85.00 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

 

 

Кіріспе

 

Салауатты  өмір сүру салты дегеніміз биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз  айтпау,  орынсыз саясатпен айналыспау, кез келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп санап, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

    Салауатты  өмір сүру салтының жоғарғы  немесе төменгі деңгейде болуының әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады. Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне қалыптасқан өмір салты мен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа “ген” арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты “салауатты өмір сүру салтының “үш категориясы   болады:

  1. Салауатты өмір сүру деңгейі ;
  2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
  3. Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір сүру салты  және салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар

Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз - экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз - биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез келген  адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп санап,басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

    Салауатты  өмір сүру салтының жоғарғы  немесе төменгі деңгейде болуының  әлеуметтік экономикалық жағдайларға  байланысты болады. Адамның психикасына,  денсаулығына ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады. Адамдардың биологиялық  ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне қалыптасқан өмір салты мен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа “ген” арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты “салауатты өмір сүру салтының “үш категориясы болады:

Салауатты өмір сүру деңгейі;

Салауатты өмір сүрудің  сапасы;

Салауатты өмір сүрудің  стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі  дегеніміз-экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен  қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру сапасы дегеніміз - әлеуметтік категория үй іші қызмет істейтін орындары (оқу - орындары, мектептер) неше түрлі адам   денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен  лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі 

Салауатты өмір сүрудің  стилі дегеніміз - әлеуметтік психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап өмір сүру .

Салауатты өмір сүру деңгейі  мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды  болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының  жақсы және жаман болуы салауатты  өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты  өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды-дәстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Адам өзінің жеке басының  ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі  бір ұжымдарға қалыптасып, сол  ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге  өсіп біте қайнасып кетеді. Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен бөліседі. Адамның жүріс тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады.Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді.Ал тәрбиені аз көрген балаларды ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. ”Ұяны көрсең, ұшқанда соны ілесің” егде адамдар өздерінің ұрпақтарын үйретіп отырады. Өмір сүру салты мен ден саулықтың ара қатынасын салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептеледі. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімен, күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұл денсаулықтың қалыптасуына, оның сақталуына мықты болып бекітілуне жәрдемдеседі. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтанда балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің қажеттігі туындайды. ”Баланы жастан...” тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптасады.

Халық денсаулығы. Жеке бас гигиенасы

Халықтың денсаулығын  сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік ,әлеуметтік экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл туралы біздің ата заңымызда кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қарарлар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы – денсаулық жылы деп атаудың өзі нені аңғартады.

   Елімізде денсаулық  сақтау ісімен денсаулық сақтау  министірлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау  бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеу-практикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен емханалардан тегін алады, ал 3 жасқа дейінгі балалар консультация орындарының бақылауында болады. Денсаулық дегеніміз ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып дами түседі.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды. Олар:

1) Физикалық денсаулық-ағза  жүйесі мен органдардың өсу  деңгейі. Оның  негізін морфологиялық  және функциялық кезектер қалайды.  Олар ағзаның бейімделу реакциясын  қамтамасыз етеді.

2) Соматикалық денсаулық - Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3) Психикалық денсаулық  – ол адамның психикалық сферасының  жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты  реакцияларды жасау, адам өмірінің  мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың  өздігінен реттенуі, функциялы үрдістердің келісімі түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелік жағдайда болуы.

  1. Рухани денсаулық – ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі-индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотиві түрде орнығуын  баяндайды. Ол адамның  көңіл күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың  өздерінің жинақталған көрсеткіштері  мен критерийлері болады. Олар:

1)соматикалық және  физикалық  денсаулықтың критерийі  мен бәрін “өзім жасай аламын“  деп көрсететін критерий;

2)Психикалық денсаулықтың, критерийі - маған қажет заттардың  бәрін “өзім тауып аламын“;

3)Рухани денсаулықтың  негізгі критерийі - “мен” өзім жасауым керек; 

    Денсаулыққа  зиян келтіретін факторлар мына  төмендегідей:

1) Мәдениеттің төмендігі.

2) Салауатты өмір сүру  салтын құрайтын санитарлық- гигиеналық  ғылыми деректерді көпшілік халықтардың  жете білмеуі.

3) Адамның белсенді түрде қимыл жасамауы.

4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі.

5) Адекватты емес және  теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз  және жөнсіз тамақтану.

6) Айналаны қоршаған  сыртқы  ортаның факторларының  мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер), және т.б. қосылыстармен  улануы.

7) Үйде және қызмет  орындарында теріс стресс жағдайларының  үнемі болып тұруы.

8) Кейбір адамдардың зиянды әрекеттерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б әсерлер.

9) Ас тұзын көп пайдаланатын  адамдар әрқашанда неше түрлі  дерттерге шалдығатыны белгілі.

10) Қантты және де басқа тәтті  тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі.

  Салауатты өмір сүру салтын  бұзатын факторлардың бірі –дұрыс  және жүйелі түрде өз мезгілде  тамақтанбау. Сондықтан  да  адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.

Ол неге әкеп соғады, адамды ауруларға  шалдықтырады. Кейіннен өмір мен қоштасуға  себепші болады.

Ал қазіргі нарықтық экономика  көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып  отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар  салауатты өмір сүріп отырған жоқ.

  Сондықтан  адамзат денсаулығына  байланысты “Денсаулықты сақтаудың  жеті  қағидасы” қалыптастырылған .

Бұл қағидалардың мағынасында қазіргі  қиын тірлікте, қоршаған ортаның тағы басқа жағдайларда аурудан қалай  сақтанудың жолдары түсіндіріледі. Ол үшін ең алдымен адамдар иогтардың қарапайым жаттығуларын, тыныс терапиясын және гимнастикасын меңгерген жөн. Тіпті айқайлау, күлу, жылау сияқты “табиғи психосоматикалық тыныш табу массажы” арқылы да көңіл-күйді жақсартуға болады. Сондықтан таза ауада көбірек қыдыруға тырысыңыз, шылым шегуден біржола арылыңыз.

Күн сайын екі жарым литрдей  сұйықтық ішіңіз. Тек сонда ғана денедегі қалдық заттардан арылуға  болады. Сүтті жаңа сауылған күйінде ішуге тырысыңыз. Неғұрлым сіңімді болу үшін оны піскен жеміспен бірге ішкен жөн. Бұл әсіресе қартаң адамдарға қатысты лимонад, ”кока-кола” тектес сусындарға әуес болыңыз.

Өлім-жітімнің 30 пайызы тамақты  дұрыс ішпеуден болады. Түнге қарай  асқазанға аса көп салмақ түсірмеңіз. Кезекті тамақтанудың арасында алма, сәбіз, қатқан нан сияқты болымсыз бірдеңелермен жүрек жалғай салған жөн. Сонда түскі ас пен кешкі асқа пәлендей сұғанақтанбайтын боласыз. Салмағыңызды қалыптан асырмаңыз. Әр түрлі тамақ ішуге, көбінесе ескірмеген тағамды пайдалануға тырысыңыз. Арықтағысы келген адам майлы, тым тәтті тағамдарды пайдаланудан, тамақты тоя жеуден аулақ болғаны дұрыс: асқа отырар алдында бір стакан су ішіп тәбетінің бетін қайырып алса, ал тамақтанып болған соң дастарқанды тезірек жинап әкетсе тіпті жақсы. Тамақтан үнемі бір мезгілде және бір жерде ішуге тырысу керек.

Қазіргі адам қимылдың аздығынан  жапа шегеді. Ондай жандарға ең керегі - спорт. Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға, бойына қосымша күш жігер жинауға, денесінің қорғаныс қабілетін күшейтуге мүмкіндік береді. Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз. Күніне 15-20 минуттық жүгіру өте-мөте пайдалы, бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің, велосипед пен шаңғы тебудің, би билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор. Таңертең кереуетте жатып аяғыңызбен “велосипед” тебіңіз. Отырып киінуші болмаңыз. Жұмысқа бара жатқанда, екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып, жаяу жүруге, үстіңгі қабаттарға лифтімен емес жаяу көтерілуге тырысыңыз.

 Біздің заманымыз  аласапыран оқиғаларға толы, ал бұл әр алуан ауру-сырқауға себепші болады. Соған дес бермес үшін “басыла” білу керек: тек демалыс кезінде ғана емес, күн сайын дұрыстап тынығуға үйреніңіз, жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз, биге, моншаға барыңыз. Ұйықтататын дәрі ішпеуге тырысыңыз. Өйткені ондай дәрілердің көбі 14 сағат бойына әсер етеді, әрі одан соң бірталайға дейін уыты кетпей, адамды есеңгіретумен болады. Қажудан арыламын деп кофеин, никотин қабылдау, алкагольді ішімдіктерді ішу қате. Сергудің өзіңізге ұнамды жолын жасап алыңыз. Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз, майлы тағамға әуес болмаңыз, салмағыңызға абай болып, көбірек қимылдаңыз.

 Өте жақсы дене  шынықтыруды өткізу үшін ең  алдымен терморегуляцияның механизмін  білу керек .

  Жер бетіндегі  барлық ағзалар айналаны қоршаған орта факторлардың әсер етуіне байланысты  екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататын ағзалар –суық қандылар өздеріне қажетті температураны сыртқы ортадан алып отырады. Екінші топтағы жануарлар – жылы қандылар –гомонотермділер. Айналаны қоршаған сыртқы орта температурасына байланысты. Ағзаларындағы температура тұрғылықты.

Информация о работе Салауатты өмір салты