Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 16:00, реферат
Радиоактивті ластанудың көздері туралы қазақша реферат. Қазіргі таңда қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары туындауда. Топырақ-өсімдік-судың химиялық заттармен ластануы топырақтың құрамында химиялық өзгерістерге алып келеді. Жер шарындағы кейбір аймақтардың техногендік қалдықтары табиғи норманы бірнеше есе асы түседі.
Жуырға дейін ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл газ, күкірт оксиді, азот болған. Радионуклидтер ластаушы ретінде қарастырылмаған.Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері радионуклиттік ластануға көп көңіл бөлінуде.
миграцияланатын əрі өсімдік тамырларына сіңетін радионуклидтер негізінен осы еріген
пішін өкілдері болып табылады.
Осы мəселе төңірегінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нəтижелерін талдау,
«топырақ-ерітінді»
əртүрлі режимінде əртүрлі болатындығын көрсетеді. Мысалға, стронций-90 радионуклиды
топырақ ылғалдылығының қандай да режимінде болмасын, жоғары қозғалғыштық
қасиетімен белгілі болса, цезий-137 радионуклидының бұл қасиеті көп төмен көрінеді. Бұл құбылыстың басты себебін, цезий-137 радионуклидының ерітіндіге өтуі өте əлсіз
жүретіндігімен түсіндіруге
Қорыта айтқанда, радионуклидтердің топыраққа сіңірілу ауқымы мен оған беку
беріктігінің шамасы, радионуклидтердің химимялық қасиеттеріне жəне сол топырақ-ерітінді ортасының физика-химиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ал бұл ерекшеліктерге жататын факторлар тізбегі келесідей:
• Ерітіндінің реакциясы (рН) мен температурасы;
• Ерітінді құрамында əртүрлі катиондар мен комплекс түзуші заттардың болуы;
• Топырақтың химиялық құрамы;
Адам баласының сан-алуан қызметтерініің ауқымы дамыған сайын қоршаған ортада радиоактивті элементтердің мөлшері арта түсуде. Мысалы, ауылшаруашылығы үшін калийлі
тыңайтқыштарды өндіру жəне егістікке шашудың өте кең ауқымда атқарылу саларынан сол ортада калий-40 радиоактивті затының үлесі арта түскені байқалады. Сондай-ақ фосфор тыңайтқышының өндірісі де табиғи радиациялық деңгейдің өсуіне себеп болуы ықтимал. Өйткені, фосфор кенін өңдеу нəтижесінде, оның құрамында болмашы ғана мөлшерде кездесетін радий-226, торий-232, уран-238 сияқты радиоактивті заттар өндірілген фосфорлы тыңайтқыштар құрамында егістікке жетеді. Сөйтіп, тыңайтқыш құрамындағы қоректік элементтермен бірге өсімдік бойына радиоактивті заттардың енуі əбден мүмкін, əрі қарай азық құрамында малдың ағзасына өтсе, оның өнімдеріменауқаттанушы адам ағзасына да жетіп жататындығы, ойланар ой мен қолданар шараның ауқымын көбейтпесе , азайта қоймас /3/.
Табиғи радиоактивті заттардың қоршаған ортада көбеюіне қазба кен өндіру мен
өнеркəсіптіу өндірістің дамуы да өзіндік ықпалын тигізеді. Əсіресе, тас көмір, мұнай, газ
жəне басқа да кен қойнауларын игеру жұмыстары жүргізілген аймақтың радиоактивті
заттармен ластануы жоғары дəрежеде болатын көрінеді. Атап айтқанда, мұндай жерлерде
көбінесе радон-222, радий-226, уран-238, рубидий-210 жəне өзге де радиоактивті заттардың қоршаған орта саяқтары мен тірі ағзалалардың бойын ластау мүмкіндігінің арттырады.
Топырақта көп мөлшерде тірі организмдер тіршілік етеді. Онда зоомассаның 90-99 % кездеседі. Олардың көбісі радиацияға төзімді келеді. Ұзақ өмір сүретін топырақ
омыртқасыздары (жауын құрты, кенелер, көпаяқтылар, личинкалар мен кейбір жəндіктер)
радиоактивті ластанудың перспективті биоиндикаторы болып табылады. Негізінен
тəжірибелер жасау үшін көбінесе кеміруші тышқандарды алады. Өйткені бұл жануарлар
барлық географиялық аймақта тіршілік ете береді. Тышқандар топырақ қабатында тіршілік ете жүріп, радиацияны максимальді түрде денесіне сіңіреді. Сондай-ақ кемірушілердің физиологиялық параметрлері адамға өте жақын келеді. Кейбір мəліметтерге қарағанда экожүйенің цезий-137, стронций-90 –мен ластануының биоиндикаторы омыртқалалар болып табылады екен /2, 3/.
Радиоактивтілігі жоғары аймақтың кеміруші тышқандар популяциясын зерттеп
қарағанда, өзгергіштер организмнің тек қана сыртқы ғана емес, ішкі органдарда да
байқалған. Популяциялық көрсеткіштерде өзгереді (туу процесі жиілейді), ішкі органдардың салмағы өседі (бауыр жəне көкбауырдың салмағы, қан элементтерінің формасы өсіп кеткен). Радияциясы жоғары аймақта популяцияда кемірушілердің орташа салмағы өскен . Организм белгілерінің өзгеру деңгейі жануарлардың түріне жəне радиосезімталдығына байланысты болады. Біржағынан органимдердің радиацияға төзімділігі сол жануардың физиологиялық жағдайына, биохимиялық құрамына, экологиялық жəне эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты болады /3, 4/.
Қазірде көбінесе радиацияның жоғары дозасы туралы зерттеулер əлі де жалғасуда.
Өйткені ондай зерттеулер ядролық соғыс немесе ядролық қондырғылар апат болған
жағдайда оның зардабын білу үшін қажет. Ал радиацияның аз дозасы радиобиологияда
үлкен мəселеге айналып отыр. Өйткені ядролық жарылыс қаншама жыл болып кетседе, оның əсері ұзақ уақыт бойы интенсивті түрде барлық тірі организмдерге тиеді.
Тек қана тірі организмдердің жағдайы, олардың реакциясы ғана сол қоршаған ортаның жарамды немесе жарамсыз екенін көрсете алады. Сондықтанда радиациямен ластанған аймақтың ең басты критерийі – биологиялық индикаторлар болып табылады. Басқаша айтқанда , радиоэкологиялық мəселелер тірі табиғатты зерттеумен тікелей байланысты болып келеді. Ал дозаның өзі өсімдіктерге, адамдарға, жануарларға əртүрлі əсер етеді. Соның ішінде адамның радиосезімталдығы тірі организмдер ішінде орташа орынды алады екен. Сондай-ақ бізді жасанды радиоактивтер де қоршап жатады. Адамдар қолдан жүздеген радионуклидтер ойлап тапқан. Оларды медицинада, өнеркəсіп орындарында, энергия өндіруде жəне де атом қаруын жасауда кеңінен қолданады. Дегенмен адам ионданған сəулелерді табиғаттан да алады. Емдік сəулелену кезінде адам 0,8 мЗв алады. Сондай-ақ қазір емдік мақсатта радонды ванналар да кеңінен орын алуда /5/.
Адамзат өзінің тіршлік ету барысында əртүрлі зиянды заттармен де кездеседі. Ол -
мұнайды өндіру, көмір жағу, пестицидтер, түтін, хлорорганикалық заттар. Бұлардың бəрін
адамдар күнделікті тұрмыста қолданады. Бір ғана диоксиннің өзі (хлордың органикалық
заттармен қосындысынан пайда болады) 68 есе цианисті калийден улы болып келеді. Оның тіпті аз дозасының өзі өте қауіпті, тіпті организмнен шықпайды. Олардың хлробензол, пливинилхлорид (ПВХ) сияқты түрлері бояуларда, кір жуатын ұнтақтарда , кейбір жұмсақ резеңке ойыншықтарда, сусындарда кездеседі. Олардың жинақталған түрі репродуктивті функцияны бұзып, кемтар, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан да барлық елдің экологтары хлорды пайдаланудан бас тартуды талап етіп отыр. Адамның қолымен пайда болған радиоактивтер əсіресе ядролық медицинада көп қолданылады. Қазір рентген
сəулесін өзіне қолданбаған адам кемде-кем шығар. Ал онко-ауруларға радиациялықтерапия қолданады.
Əйтседе биологиялық жүйелер иондық радиация əсеріне біртіндеп бейімделіп келеді. Жануарлардың организмі эволюция процесі кезінде радиацияға қорғаныс қабілеті
қалыптасқан.
Адамның қолымен пайда болған радиоактивтер əсіресе ядролық медицинада көп
қолданылады. Қазір рентген сəулесін өзіне қолданбаған адам кемде-кем шығар. Ал онко-
ауруларға радиациялық терапия қолданады.
Осындай көптеген зерттеулерге қарап отырып, ядролық жарылыстар салдарынан пайда болатын радиациялық сəулелерден жануарларда эколого-физиологиялық деңгейге сəйкес келетін бейімделу белгілері дамиды екен. Пайда болған радиобейімделу популяциялардың сол радиацияға төзімділігін арттырады.
Осындай мəліметтерге қарап отырсақ, ұзақ ғұмырлы радиоизотоптардың əлі күнге
дейін қоршаған ортаға зиянын келтіретінін көреміз. Өйткені радиоактивті ластану бүкіл
адамзатты толғандыратын, бүгінгі таңдағы өте өзекті мəселелердің бірі. Егерде бір
изотоптың (мысалы,плутонийдің) ыдырауы үшін жиырма төрт жыл керек болса, онда біздің табиғи саяқтың толық тазалануы үшін қанша жылдар керек ?
Бұл жеке аймақтық қана мəселе емес, планетарлық масштабтағы мəселе болып
табылады. Сондықтанда осының бəрі биосфераны радиоактивтік ластанудан қорғау
жөніндегі арнаулы шаралар қолдануға мəжбүр етеді.
Əдебиеттер
1. Куликов Н.В., Молчанова И.В., Караваева
Е.Н. // Радиоэкология почвенно-
2. Прохоров В.М. //Миграция радиоактивных загрязнений в почвах. - М.: Энергоиздат, 1981.
3. Сейсебаев А.Т., Смагулов С.Г., Тулеубаев Б.А., Токаев З.М.
// Современные проблемы
4. Тулеубаев Б.А. //Экология природной среды с ядерной историей. - Павлодар, 2001.
5. Тлеубергенов С.Т. //Полигоны Казахстана . - Алматы: Ғылым, 1997.
6. Израэль
Ю.А. Экология и контроль
7. Максимов М.Т., Оджагов Г.О. Радиоактивное загрязнение и их измерение. -М.:Энергоатомиздат, 1989.
8. Тулеубаев
Б.А., Птицкая Л.Д. К методологии
изучения миграции
9. Тулеубаев Б.А. Сейсебаев А.Т., Султанова Б.М., Джанин Б.Т. оценка состояния флоры и степени трансформации растительности горного массива Дегелен. // Вестник НЯЦ РК, 2000.
10. Тюрюканова Э.Б., Павлоцкая Ф.И., Тюрюканова А.Н., Баранов В.И. Особенности равспределения стронция-90 в различных типах почв.