Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 16:00, реферат
Радиоактивті ластанудың көздері туралы қазақша реферат. Қазіргі таңда қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары туындауда. Топырақ-өсімдік-судың химиялық заттармен ластануы топырақтың құрамында химиялық өзгерістерге алып келеді. Жер шарындағы кейбір аймақтардың техногендік қалдықтары табиғи норманы бірнеше есе асы түседі.
Жуырға дейін ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл газ, күкірт оксиді, азот болған. Радионуклидтер ластаушы ретінде қарастырылмаған.Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері радионуклиттік ластануға көп көңіл бөлінуде.
Ортаның радиактивті ластануына атом
қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол
радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне
әкеледі. Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан
шығарып, олард басқа атомдарға оң және
теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті
радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар.
Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.
Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе
жлдам электрондардан (бета-сәулелену)
тұратын бөлшектер ағынын орпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік
-сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену
негізінен организмге түскен кезде оған
әсер етед, ал гамма-сәулелену организмнен
тысқары тұрып та әсер ете алады.
Радиациялық ластанудың көздері.
Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан
тегі бойынша табиғи және антропогенді
болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба
рудалары, жер қабатындағы радиактивті
элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену
және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің
антропогендік әсерлеріне радиактивті
затарды өндіруге және қолдануға, атом
энергиясын өндіруге және ядролық қаруды
сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен
адам өміріне өте қауіпті радиациялық
антропогендік әсерлер адамзаттың мына
іс - әрекеттерімен тығыз баланысты:
Бұлар қоршаған ортаны радиактивті
элементтермен және радиациялық
сәулеленмен ластады. Бұдан басқа
атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың
көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен
қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені
– оларды көму мен жою мәселелерін алп
келді.
Келесі бір қауіпті радионуклид
– стронций – 90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде
түзіледі. Ол ағзаға асқазан – ішек трактісі,
өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа
мен жұмсақ ұлпаларға жинақталады. Стронциц
қанада потологиялық құбылыстарды тудырады,
ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің
құрылысынның бұзылуына әкеліп соғады.
Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін
(келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы
болуы мүмкін.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:………………………………………………………
Радиациялық ластану……………………………………………………….5
Қазақстандағы радиациялық жағдай……………………….……………….7
ҚОРТЫНДЫ:………………………..…………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:…………………………..…….14
Кіріспе
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті
сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде.
Өйткені жыл сайын атом электр станциялары
салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ
неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер)
сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр.
Олардан қаншама радиоактивті сәулелер
бөлініп шығып, адамзат баласына неше
түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде.
Сондықтан да адамзат баласын радиациядан
қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін
өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды
радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер
тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында
қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып
қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден
практика жүзінде адамзат баласының қорғануға
ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық
қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына
түгелдей таралды. Космонавтарды да космос
сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін
өмірдің өзі көрсетіп отыр [3.,173б]. Әлем
ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың
алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық
қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның
шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай
адамзат цивилизациясына төңген экологиялық
қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық
деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық
апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің
«даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа
әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп
адамзат құндылығының кейбір шкалаларын
қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда.
[2.,5б]. Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің
антропогендік көздері көптеп табылуда.
Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар
әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің
басты себепкері болуы әбден мүмкін. [2.,3б]
1. Радиaция Адамзат баласы жер бетінде
пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті
заттардан қажетті дозасын алып отырған,
әсіресе, радиоактивті сәулені жерден
алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен
келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды.
Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын
халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады.
Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция
қабылдайды. Кесте иондалған сәулеленудің
табиғи қайнар көзі Негізгі қайнар көзі
Жылдық орта дозасы Доза% Бэр 36 Космос
(теңіз деңгейіндегі сәулелену) 30 0,10 15,3
Жер (қатты қабат, су, құрылыс материалдары)
50-30 0,5-1,3 68,8 Адам денесіндегі радиоактивті
элементтердің мөлшері 30 0,30 15,1 Басқадай
көз қоры 2 0,02 1 Жылдық орташа доза 200 2 -
Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның
нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық
деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға
радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек.
Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына
ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден
аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын
аймақта да тұратын адамдардың ағзасында
радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.
70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар
көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш
ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны
анықталған. Жер шарында тіршілік ететін
әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде
жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз
[3.,175б]. Кесте жасанды радиоактивті элементтердегі
сәулелену (жылдық доза мөлшері) Қайнар
көзі Жылдық дозасы Табиғи радиацияның
бір бөлігі Мбэр Мзе Медициналық аспаптар (флюорография – 370м бэр, тістің
рентгеографиясы – 3 бэр, өкпе рентгеографиясы
2-8 бэр) 100-150 1,0-1,5 50-75 2000км биіктігі 12км ұшақтармен
ұшу жылына 5 рет 2,5-5 0,02-0,05 1,0-2,5 Телевизор
көру (күніне 4 сағат) 1 0,01 0,5 АЭС 0,1 0,001 0,05
ТЭЦ (тас көмір жағатын) 20км қашықта 0,6-0
0,006-0,06 0,3-3 2. Радиациялық ластану Қазіргі
кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі –
радияциялық ластану болып қалып отыр.
Радиактивті ластанумен күресу тек алдын
алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи
ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа
да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек
бойынша тарала отырып (өсімдіктерден
жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп,
адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін
жиналуы мүмкін. [1.,290б] Радиоактивті ластану
– қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін
физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану
адам денсаулығы мен тірі организмдерге
радиациялық сәулелену арқылы зиянды
әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған
елдерде ядролық энергетиканың дамуына
байланысты қоршаған ортаның радиациялық
ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың
бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға
шықты. Радиациялық ластанудың мынадай
топтарға бөледі: 1) Радиоактивті заттардың
бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын
альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам
электрондар) бөлшектердің және гамма
– сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық
ластану (физикалық ластану түрі); 2) Қоршаған
ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің
көбеюіне байланысты болатын ластану
(химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық
ластануына атом қаруын сынау аз үлесін
қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның
түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл
элементтердің электрондарды атомдардан
шығарып, оларды басқа атомдарға оң және
теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті
радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары.
Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.
Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді
болып табылады. Атап айтқанда. Оларға
технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев
кестесінің полоний басталып трансурандылармен
бітетін барлық элементтері жатады. Гелий
ядроларының (альфа –сәулелену) немесе
жылдам электрондардан (бетта – сәулелену)
тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық
сәулелену деп атайды. Электромагнитті
иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену
мен оған жақын рентгендік сәулелену.
Альфа және бетта-сәулелену организмнен
тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға,
бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер
етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді.
Эксперименттік зерттеулер белсенділігі
3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60,
цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы
топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар
тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі
радинуклидтердің организмге әсері аса
сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе
де жалпы алғанда, оларға мутагенді және
бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың
аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі
бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды
ісіктер түзіледі. Радиациялық ластанудың
көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері
шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді
болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба
рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті
элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену
және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге
және қолдануға, атом энергиясын өндіруге
және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар
жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті
радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың
мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеткәсібі; • Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика; • Медицина мен
ғылым. Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті
элементтермен және радияциялық сәулелермен
ластайды. Юұдан басқа атом өнеркәсібі
радиоактивті қалдықтардың көзі болып,
адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін
таппаған мәселені – оларды көму мен жою
мәселелерін алып келді. Келесі бір қауіпті
радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың
нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну
периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек
трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп,
қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады.
Стронций қанда патологиялық құбылыстар
тудырады, ішке Радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс
Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі
жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық
суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі
65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір
жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан
көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий
137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған.
[1.,290б] Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар
табиғи сулардың, тек ядролық полигон
зонасында ғана емес, оған жақын жатқан
территорияда да қалыптасуынан теріс
әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері
Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде
«Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған.
α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі
Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы
колхозындағы барлық дерлік құдық суларында
анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан
оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында
су алмасу белсенді жүретін аймақта - α
және β белсенділік салыстырмалы түрде
төмен болған. Халық шаруашылық мәселелерін
шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар.
1995 жылға дейін Қазақстан территориясында
әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық
жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық
шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер
қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий
маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер
асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген.
Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы
жер асты суларының ластану дәрежесі және
мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар
жүргізілмеген. Радиоактивті материалдарды
пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар.
Қазақстан территориясының техногенді
қызмет әсерінен радиоактивті ластануы
уран өндіру кен орындарымен, ядролық
зерттеу және энергетикалық құрылғылар,
полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы
өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты.
Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының
элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің
жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда
80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді.
Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден
астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің
жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри)
өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан
облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар
анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік
территориясында 15 радиоактивті ластану
учакелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау
облысында Иранға жөнелтілетін метелл
қалдықтарының радиоактивті ластануы
анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос»
АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды
сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда
коммисия құрылып, бұл жағдайдың себептерін
анықтау мақсатында тергеу жұмыстары
жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының
территориясында Смирнов поселкесінің
элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы
сәулелер шығаратын құралдар табылған.
Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында
кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің
радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды
облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің
көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары
мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген.
Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен
бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде
Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті
ластанған сым кабельдерінің шығарылуының
3 факторы тіркелген.Ø Табиғи радиоактивтілік Ø Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында
жасалған жер асты ядролық жарылыстар Ø Ғаламдық жауындар Ø Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын
атомдық өнеркәсіп орындары Ø Семей ядролық полигонында жасалған
жарылыстардың салдары Øқанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының
бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ
мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер,
ақ қан ауруы болуы мүмкін [5,152б].. Қазіргі
гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам
өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті
факторларын анықтау ғана емес, сонымен
қатар олардың халық денсаулығына тигізетін
қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады.
Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар
нақты елдің, аймақтың жағдайларына да
тəуелді екенін ескеру қажет [1.,290б]. 3.радиоактивті
заттардан қорғану. Радиоактивті заттардан
қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық,
химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы
бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені
жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы
түрде дайындалған перчаткаларды кию
керек. Қатты радиоактивті элементтердің
бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері
ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап
отыруы керек. Екер кішкентай бөлшектер
ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан
шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний,
стронций, иттрий және цирконий бөлшектері
ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы
мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады.
Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп
адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде
жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді
таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін
адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді
кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан
ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су
ішу керек. Радиоактивті элементтерді
ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке
қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде
пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте
пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге
болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп
жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар
Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп
күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол
адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген
оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда
қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып
беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап
ішіп отырған жөн болғаны. Радияциядан
қорғанудың химиялық және биологиялық
жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын
препараттарды радиопротекторлар деп
аталады. Олар радиоактивті элементтердің
бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше
түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады.
Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде
пайдалануға болады. Дерттерге диагностика
қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге
болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін
бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды
Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының
алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан
Республикасында адамдардың денсаулығына
өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық
аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын
халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға
алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе,
радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін
халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан
жан-жақты білім және тәрбие беру екенін
естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы
осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген
орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника
мен технологияны дамыта түсуде. Оларды
төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына
тікелей байланысты. Ол жаратылыстану
ғылымдарының көрнекті салаларының бірі.
Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің
пайда болуын, оның эволюциялық жолмен
дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік
иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер
мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер
әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің
негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін
сезімтал машиналар мен механизмдер шығару
жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық
ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты.
Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі
адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі
туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі
организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық
процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық
көріністердің құпия сырлары әлі күнге
дейін өз шешімін тапқан жоқ [3.,175б]. 4. Қазақстандағы
радиациялық жағдай Қазақстан территориясында
қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан
1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның
90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер
бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының
біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки
мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы
сәулелену дозасын алған. Радияциялық
әсерге байланысты туған аурулар туралы
мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне
сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар
саны ондаған мың адамды құрайды. Қазақстан
территориясында радияциялық ластану
себептеріне мыналар жатады: Ғаламдық
жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы
0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы
β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді.
Бұл республика халқына қауіп туғызбайды.
Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің
мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық
емес. Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан
территориясының табиғи радиоактивтілігі
оны құрайтын метерологиялық әртектіліктің
түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен
қатар уран, радий мен торий қатарының
элементтерімен және космостық сәулеленумен
байланыты. Табиғи радиоактивтік фон әр
түрлі болуы мүмкін: ірі су қоймаларының
акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері,
Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік
массадан тұратын территорияда 50-60 мкр/
сағ құрайды. Магмалық жыныстар жер бетіне
шығып жататын табиғи радиоактивті фон
18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық
түзілістердің табиғи радиациялық фоны
10-18 мкр/сағ құрайды. Космостық сәулелердің
жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі
3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде
Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек
мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда
радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы
анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында
екі балалар бақшасы жабылған (радонның
концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен,
қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м. Елімізде
үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың
қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға
да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған
ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау
туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу
ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған.
Республикамызда 200-ден аса үкіметтік
емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау,
экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік,
экологиялық ағарту сияқты бағыттарда
жұмыс істеді. Қаладағы ауаның ластануы,
жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік
және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер
асты және үсті су көздерінің ластануы,
Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің
ластанған сулары негізгі экологиялық
мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы
15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен,
Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау,
Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды
т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен
деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6
млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген
тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара
қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып
жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан
астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары
жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м
тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік
қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна
уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар
зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс
қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі
56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті
фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп,
халық денсаулығын бұзуда. Қазақстанда
АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау
Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995
жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында
қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында
Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың
айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде,
әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын
Қазақстанда атом электр станциясының
болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында
«Үлкен» атты елді мекенде салынады деген
әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы
жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген.
АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен,
көлдердің жағасында салуға болмайтыны
тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен,
Францияда электр энергиясының 90 пайызын
АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне
қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,,
АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын
өндірудің басқаша көдерін қарастыру
қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар
жалғыз түйін – қазақстан қазіргі АЭС
салуға дайын емес деген қортынды жасады.
[1.,290б] Қортынды: Табиғи ортаны ластаушы
заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар
өзінің табиғатына, шоғырлануына және
адам организміне әсер ету уақытына қарай
әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың
150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада
күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға
түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Радиациялық
ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы
бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле
шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп
шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің
ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне,
осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер
адамның организміне түскенде жасушаларды
(клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде
түрлі аурулар пайда болады. Радиациялык
ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма
және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер.
Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде
ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың
өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына
әкеліп соғады. Сәуле ауруы өзінен алынған
сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы
болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле
алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды,
ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына
шалдығады. Қабылданған мөлшеріне карай
сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады:
1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде;
2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші
дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде:
4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам
мөлшерде сәуле алған кезде болады. Сәуле
ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең-
сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне
карай болады. Оның ең алғашкы белгілері:
әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну,
қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының
секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең
- бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың
жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті
кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну
кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері
көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі
күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік,
терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын
бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс
болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде
сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі
басталады. Аурудың температурасы көтеріліп,
ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады,
бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда
болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары
түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар
дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия,
іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші
кезен - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл
осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр
түрі болса, онда адам бірінші кезеңде
өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде
адамның жазылуы бірнеше айға созылып
қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және
организмнің әлсіздігі байкалады. Радиактивтік
ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның
ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда
болған. Атом энергиясын американдықтар
соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес
дәуірінде оны бейбіт максатка пайдалана
бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде
сактандыру шаралары коса жүргізіледі.
Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу
кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті
шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру
оңай шаруа емес. Радиактивті калдықтарды
теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат
етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік
елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия
жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған.
Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар
тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде
атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген
санитарлык нормаға дейін радиактивті
заттардьң концентрациясын азайтатын
тазарту қондырғыларын салынған. Қалдықтар
баллондарга салынып цементтеледі де,
арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль
апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына
қатты әсер еткен, атом энергиясындағы
ешуакытта болмаған апат. Чернобыль апаты
кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті
заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын
жерге таралған. [4]. Қолданылған әдебиеттер
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология
«Алматы» 2009 2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық
экология жайлы қысқаша таным «Павлодар
2008» 3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері
«Алматы» 2003 4. Янтекс 5. Молахметов З.М.
, Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері
«Қарағанды» 2002
Источник: http://bilimkozy.
Табиғи ортаның химиялық жəне физикалық фактор əсерлерінен ластануы, соның ішінде радиациялық əсерлерден ластану - қоғамды қоршаған орта мəселелерімен айналысуға əкеліп соқты. Биологиялық обьектілердің жоғары сезімталдылық реакциясының ластаушы формасы - биологиялық индикатор болып табылады. Сондықтанда радиобиологтар үнемі биологиялық индикаторларға иондалған сəуленің əсерін тексеріп отырады. Бұл дегеніміз организмнің цитогенетикалық, биохимиялық, иммунологиялық, биофизикалық критерияларын зерттеп отыру.
Біздің еліміздегі ең ірі радиация таралған жер – Семей ядролық сынақ полигоны.
Семей өңіріндегі ядролық сынақ полигонында 1949-1962 ж. аралығында 118 ауада жарылыс болады. Соның ішінде 30 жер үсті, 88 ауада ядролық жарылысы болады. 1961 жылдан Семей ядролық сынақ полигонында 348 жерасты жарылыстар жасалынған /1, 3/.
Ядролық сынақ полигоны əлі күнге дейін қоршаған ортаға жəне жергілікті
тұрғындарға орны толмас зардаптар əкелуде. Көп жылдардан бері полигонның төңірегінде
көптеген зерттеулер жүргізілуде. Осы зерттеулердің нəтижесі Семей өңірінің адамдар
арасында аурулардың көбейіп кетуі, қоршаған ортаның бүлінуін көрсетеді. Полигон
территориясында жасанды радиоизотоптар таралып кеткен: Cs-137, Sr-90, Am-241, Pu -239-240, Co-60. Осындай радионуклидтермен ластанған территорияда өмір сүретін адамдардың денсаулығының жағдайы қазіргі жағдайда ең ауыр экологиялық жəне экономикалық мəселелерді тудырып отыр. Радионуклидтердің топырақтан өсімдікке өтуі жəне азықтық, экологиялық тізбектерге қосылу қарқыны , олардың топырақпен өзара əрекет-қатынасының сипатына əрі топырақтағы миграциялану ерекшеліктеріне немесе қабілеттеріне тікелей байланысты. Бұл жерде миграция құбылысын топыраққа сіңірілу (сорбциялық) процесі мен керісінше, топырақтан ерітіндіге оралу (десорбциялық) сияқты қайталанып, екі жақты толассыз жүретін процесс ретінде қарауға болады /1/. Техногенді радионуклидтер биосфераға түскеннен кейін тірі заттың жəне топырақтың химиялық құрамының негізгі компонентіне айналады. Топырақ-өсімдік жүйесі – радионуклидтер жиналатын резервуар жəне барлық тірі организмдерге тарататын канал болып табылады. Бұл жүйедегі басты звено- топырақ болып табылады. /2/. Радионуклидтердің миграциялану құбылысы ,көбінесе, нуклидтердің химиялық қасиеттеріне, олардың физико-химиялық күйіне жəне концентрациясына, топырақ қасиеттері мен мен ортаның реакциясына байланысты жүреді.
Радионуклидтердің топырақтағы қозғалғыштығы мен өсімдікке түсу жылдамдығы жəне олардың биомассада жинақталу қарқыны жауын-шашынның мөлшеріне, желдің
жылдамдығы мен температуралық режимге тəуелді.
Атмосфераға түскен радиоактивті заттардың əрі қарай таралуына жауын-шашын мен ауа қозғалысы ерекше əсер етеді. Жел көтерілген кезде ұшатын радиоактивті заттар жарылыс орнынан алысқа , тіпті мыңдаған шақырымға дейін таралады.
Ал су көздеріне (көл, тоған, өзен, шалшық сулар жəне т.б.) түскен радиоактивті заттар өзіндік салмағы жоғары бөлшектер ретінде су түбіне тұнады. Осы көлшік немесе көл табанындағы тұнбаларда су бетіне түскен радионуклидтердің 95-98% қоныс табады. Сонда, олардың бір бөлігі суда еріп, оны да ластайды.
Биологиялық тұрғыда аса қауіпті ұзақ ғұмырлы радионуклидтер жайлы айта кететін болсақ:
Стронций – 90 (Sr-90). Қуаты 1 мегатонналық (МТ) бомбаның жарылысынан 1*10 Ки мөлшерінде стронций -90 радионуклиді түзіледі. Оның жартылай бөлініс кезеңі 29 жылға жуық. Ол адам ағзасында сүйекке жиналады, нəтижесінде сүйек ұлпаларымен бірге сүйек миын жəне қан жүру жүйелерін зақымдайды. Ал ағзадан сырқа шығуы өте ауыр түрде жүзеге асады. Оның жартылай сыртқа шығу кезеңі 1,8*10 тəулікті құрайды.
Цезий-137 (Cs-137). Ядролық жарылыс кезінде 1 МТ бомбадан 1,7*10 Ки мөлшерінде цезий -137 радионуклиді түзіледі. Оның жартылай бөлініс кезеңі 30 жылға жуық.. Адам ағзасына тамақтық өнімдермен, əсіресе етпен бірге түседі. Ағзадағы цезийдің басым бөлігі бұлшықет ұлпаларында жиналады.
Плутоний-239 (Pu-239). Қуаты 1 МТ бомба жарылысынан 3,6*10 Ки плутоний-239
радионуклиді түзіледі. Оның жартылай бөлініс кезеңі 24 мың жылға жуық. Ол негізінен
сүйекте, бүйрек, бауырда жинақталады. Оның жартылай сыртқа шығу кезеңі 7,3*10 тəулікті құрайды Басқа радионуклидтерден өзгешелігі - оның бөлініс өнімдерінің активтілігі уақыт озған сайын ұлғая береді.
Тритий -3 (Н-3). Сутегі изотопы тритий-3 термоядролық жарылыстан 4,7*10
туындайды. Қуаты 1 МТ термоядролық бомба жарылысынан Ки мөлшерінде тритий-3
радионуклиді түзіледі. Оның жартылай бөлініс кезеңі 12,3 жылға жуық. Дененің барлық
бөлігіне тарайды
Көміртегі -14 (С-14).Қуаты 1 МТ бомба жарылысынан 2,2*10 Ки мөлшерінде көміртегі -14 радионуклиді түзіледі. Оның жартылай бөлініс кезеңі 5600 жылға жуық Дененің майлы ұлпаларында жинақталады.
Йод-131 (I-131). Ядролық жəне термоядролық жарылыстар нəтижесінде пайда болады. Ол қысқа ғұмырлы радионуклидтер тобына жатқанмен, радияциялы қауіп туғызатын радионуклид болып саналады. Оның жартылай бөлініс кезеңі 8 тəулік ішінде аяқталады. Сүт жəне сүт өнімдері құрамында болады /1/.
Радионуклидтердің топырақта сіңірілуі жəне қозғалу мүмкіндіктері көптеген сырт
факторлардың əсеріне тəуелді. Солардың ішінде төмендегідей орта ерекшеліктерінің ықпалы
əжептəуір:
а) радионуклидтердің əртүрлі топырақта сіңірілу ерекшелігі
Уранның негізгі бөлініс өнімдері болып саналатын стронций-90 мен цезий-137
радионуклидтерін сіңіруде топырақ жəне топырақ минералдарының жоғары сорбциялау
қабілеттерініің ролі зор. Сондай-ақ топырақ құрамындағы органикалық заттар мен
балшықты минералдардың
сыйымдалағы шағын шамаға ие. Топырақтың мұндай қасиеті – ауылшаруашылық
мамандарына аян.
б) радионуклидтердің ерітінді реакциясы мен аналог элементтерінің
концентрациясына байланысты топыраққа сіңірілу ерекшелігі.
Қандай да болмасын химиялық элементтердің ,соның ішінде радионуклидтердің
миграциялану қабілеті, олардың ерітіндіде төзімді пішіндерінің болуымен сиппатталады.
Мысалға, суда ауырлау еритін радионуклидтер (кобальт, стронций жəне цезий) үшін,
мұндай пішін кейпі ретінде иондық пішінде болуы саналса; жеңіл еритін
радионуклидтер(теміп, тритий) үшін, иондық пішінмен қатарлас жұқа шашырамалы
коллоидтар күйінде болуы да белгілі дəрежеде сіңірілуіне əсер етеді.
в) топыраққа радионуклидтер сіңірілуі процесінде өсімдік қалдықтары мен
жасанды комплексондардың алар орны.
Жасанды комплексондар деп кейбір химиялық элементтердің катиондармен жеңіл
еритін ішкі комплекстік қосылыстар түзе алатын заттарды айтады. Олар, топырақ қабатын
жəне су қоймаларын ластайтын радтонуклидтерге тиімді ықпал жасаушы қосылыстар
ретінде, радиоэкологиялық зерттеу жұмысында табысты қолданылады /8, 9/.
Осы бағытта жүргізілетін зерттеу жұмыстарының нəтижесінде, өсімдік қалдықтарының
шіру процесі кезінде
қойнауындағы табиғи суларға жəне ерітіндіге қосылуы байқалады. Сол арқылы, олар
топырақ құрамындағы радионуклидтердің қозғалғыштық қабілетін арттыратындығына көз
жеткізеді. Сөйтіп, өсімдік қалдықтарының осы құбылысқа ықпалын сөз еткенде , шіру
нəтижесінде түзілетін органикалық
жəне минералдық заттар кейбір химиялық
элементтерді ерігіштік күйге түсіру
қабілеті арқылы, радионуклидтердің
миграциясын арттыратындығын
г) Топырақ ылғалдылығы режимінің радионуклидтер миграциясында атқарар ролі.
«Топырақ – ерітінді » жүйесінде радионуклидтердің қозғалғыштық қабілетіне тигізр
əртүрлі режимдегі топырақ
өткен радионуклидтер мөлшерінің үлесіне көбірек тиеді. Топырақ қабатының бойымен