Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2015 в 22:52, аттестационная работа
Краткое описание
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелеткетолған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Содержание
Кіріспе: Негізгі бөлім:Отбасы және неке 2.1 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары 2.2 Некенің жарамсыздығы 2.3 Ерлі – зайыптардың құқықтары мен міндеттері 2.4 Ата – аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар Қорытынды бөлім: Пайдаланылған әдебиеттер
Неке шарты
мына жағдайларда жарамсыз деп
танылады:
1. кәмелет жасқа толмағандар арасындағы ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының келісімінсіз жасалаған неке шарты; ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының сотқа арызы бойынша. Яғни ол тек соңғылардың талабы бойынша, жарамсыз деп танылады. Мұндай талапсыз ол өз заңдылығын сақтайды.
2. егер неке шарты психикалық ауру немесе ақыл-есінен айрылған адамдар арасында жасалса; ақыл-есінен айрылған тұлғалар арасында жасалған неке шарты, егер оның қамқоршысы сол уақытта психологиялық аутқу жағдайында болды деп сотқа арызданса. Өйткені мұндай тұлғалар өз іс-әрекеттерінің мәнін білмейді және өз-өздерін басқара алмайды. Сәйкесінше неке шартын жасауда өз еркін толық білдіре алмайды. Сонымен қатар неке шарты жасалғаннан кейін, бұл адам емделіп, дұрыс халге келіп, сот оны іс-әрекетке қабілетті деп танығанда, ол некені жалғасуына өз еркін білдірсе, неке шартының жарамсыздығы туралы жағдай есептен шығады. Мұндай жағдайда сот неке шартын жарамды деп таниды.
3. сот шешімі бойынша іс-әрекеті шектеулі тұлға арасында жалған неке шарты оның қамқоршысының арызы бойынша жарамсыз деп танылады. Бұл алкогольді заттарды пайдаланатын, есірткімен шұғылданатын тұлғалардың, қамқоршысының келісімінсіз неке шартының жасалуы. Мұндай жағдайда қамқоршысының сотқа берген талап, арызы бойынша жарамсыз деп танылады.
4. егер тұлға іс-әрекетке қабілетті болып, бірақ дәл келісімді жасау сәтінде өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын халде болса, бұл неке шарты сол тұлғаның тала-арызы бойынша жарамсыз деп танылады. Бірақ өмір бойына сотқа арыз беруге оның мүмкіндігі болмаған болса, бұны мүдделі болған адам жасай алады.
Егер неке шарты жасалғанннан кейін ерлі-зайыптылардың бірі іс-әрекетке қабілетсіз деп танылса, онда оның қамқоршысы неке шартының жарамсыздығы туралы сотқа арыздануға құқылы. Егер неке шартын жасау барысында қамқорлықтағы тұлғаның өз іс-әрекетін басқаруға және түсінуге қабілетсіз болғандығы дәлелденсе, қамқоршының талабы қанағаттандырылуы тиіс.
5. жаңылысу нәтижесінде құрылған неке шарты адасу негізінде іс-әрекет еткен тұлғаның, сотқа шағымы бойынша, жарамсыз деп танылады. Егер жаңылысу екі тараптың бірінің дөрекі қатесі негізінде жасалса, онда сот екі тараптың көзқарасын ескере отырып, неке шартын жарамсыз деп танитын арызға теріс жауап қайтаруы мүмкін. Жаңылысу түрінде жасалған деп Азаматтық кодекс бойынша, келісім ымыра жасау сияқтыларды айтады. Егер екі тараптың еркін басқа келісім жасаушылар белгілі бір жағдайлардың әсері нәтижесінде неке шартын жасаса, ол жаңылысу жағдайы болып есептеледі. Жаңылысу әсері негізінде іс-әрекет еткен тарап неке шартын сот бойынша қайта қарастыруға беруге құқылы.
6. өтірік, зорлық-зомбылық, үркіту негізінде, сонымен қатар ауыр жағдай нәтижесінде, өзіне қолайсыз жағдайда жасалған неке шарты жарамсыз болып табылады. Неке шартын жасау барысында өз еркін толық білдіре алмаған, сол үшін өз көзқарастарының мүддесі үшін іс-әрекет ете алмаған тараптың сотқа талап-арызы бойынша, неке шарты жарамсыз деп танылады. Ескере кететін жайт, зорлық-зомбылық, үркіту тек екі тараптың болуымен қатар, тағы да мүдделі тарапқа да жасалуы мүмкін. Жалған неке шартын жасауда белгілі бір мақсатпен басқа тарапты жаңылысқа әкеледі. Жалған айту – белсенді іс-әрекет ету (жалған ақпарат тарату) және әрекетсіздік (неке шартына әсер ететін маңызды фактілер туралы үндемеу) түрінде болады. Зорлық-зомбылық – шарт мүшесіне денелік немесе моральдік зорлық жасап, оған неке шартын жасауда күш көрсету, яғни бұл заңға қарама-қайшы іс-әрекет болып есептеледі. Қорқыту – шарт мүшесіне психологиялық әсер ету. Неке шартын жарамсыз деп тану үшін қорқыту болжамалы түрде емес, нақты түрде болуы керек.
25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану
1. Осы Кодекстің 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
2. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
Ерлі – зайыптардың
құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыпты - Өзара некеге тұрған адамдар. Ерлі-зайыптылардың және және мүліктік құқықтары мен міндеттері отбасы заңнамасымен айкындалады. Ерлі-зайыптылар тен құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінін баска да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамкорлық жасауға міндетті.
30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
31-бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы
1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.
34-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену,
пайдалану және оған билік ету
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екінші жұбайдың тек қана оның талап етуі бойынша оның келісімі болмаған себептері бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екінші жұбайдың келiспеуі туралы бiлгендiгi немесе көрінеу бiлуге тиiс болғандығы<span
style=" font-family: 'Tahoma', 'Arial'; font-size: 20pt; font-weight: normal;