ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2015 в 22:52, аттестационная работа

Краткое описание

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелеткетолған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.

Содержание

Кіріспе:
Негізгі бөлім:Отбасы және неке
2.1 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары
2.2 Некенің жарамсыздығы
2.3 Ерлі – зайыптардың құқықтары мен міндеттері
2.4 Ата – аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар
Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Маратова Еркежан 131-топ ОМФ.ppt

— 172.50 Кб (Скачать документ)

 

 

БӨЖ

 

            Семей мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

 

Кафедра меңгерушісі: Сергазина Г.М. 
Пән: Құқық негіздері

Тақырыбы: ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі

 

 

Орындаған: Маратова Е.М.

Тексерген: Байгундинов Е.Н.

 

2015 жыл

 

 

Жоспары:

 

Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:Отбасы және неке

2.1 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары

2.2 Некенің жарамсыздығы

2.3 Ерлі – зайыптардың құқықтары мен міндеттері

2.4 Ата – аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар

Қорытынды бөлім:

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері

 

  • Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

 

 

  • Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.

 

 

  • Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелеткетолған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.

 

 

  • Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақөкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшіналимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

 

 

Некеге тұрудың  тәртібі мен шарттары 

 

  • Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.

 

 

  • Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс — әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

 

 

  • Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органы 1 ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға,бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұхсат етіледі. Ерекше мән-жайлар болған кезде неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі.

 

 

  • Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

 

 

  • 10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы
  •       1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 
          2. Мынадай дәлелді себептер болған: 
          1) жүкті болған; 
          2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді. 
          3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. 
          4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі. 
          5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

 

 

  • 11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты 
                  болуына) жол берілмейтін адамдар
  •       Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға): 
          1) бір жынысты адамдардың; 
          2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың; 
          3) жақын туыстардың; 
          4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың; 
          5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

 

 

Некенің жарамсыздығы

 

  • Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде мәмілердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануымүмкін. (Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы  туралы» Заңының 42 бабы).

 

 

  •  25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану
  •       1. Осы Кодекстің 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда: 
          1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде; 
          2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде; 
          3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды. 
          2. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті. 
          3. Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз деп танылады.

 

 

  • 26-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп 
                  тануды талап етуге құқығы бар адамдар
  •       1. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап етуге: 
          1) егер неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), кәмелетке толмаған жұбайы, оның заңды өкілдері немесе прокурор; 
          2) неке қиюмен (ерлі-зайыпты болумен) құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ, егер мәжбүр ету, алдау, қателесу нәтижесінде немесе неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс-әрекеттерінің мәнін түсінбеген және өзін-өзі билей алмаған жай-күйінің салдарынан ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), прокурор; 
          3) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбайы, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, алдындағы бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы; 
          4) прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлі-зайыпты болу) жағдайында, некенің (ерлі-зайыптылықтың) жалғандығы туралы білмеген жұбайы; 
          5) осы Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбайы құқылы. 
          2. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган тартылады.

 

 

  •  27-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын 
                   жоятын мән-жайлар
  •       1. Егер некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезіне неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтірген мән-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некені (ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы. 
          2. Сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты), егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кезде жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін. 
          3. Егер мұндай некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды. 
          4. Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмайды.

 

 

  • 28-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп 
                  танудың салдары
  •       1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сот жарамсыз деп таныған неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды. 
          2. Некесі (ерлі-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларымен реттеледі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады. 
          3. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді. 
          4. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарылған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылған мән-жайлар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде өзіне белгілі болмаған жұбайдың (адал ниетті жұбайдың) екінші жұбайдан осы Кодекстің 148 және 149-баптарына сәйкес қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты осы Кодекстің 33, 37және 38-баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы. 
          Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. 
          5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану кезінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезіндегі өзі таңдаған тегін сақтауға құқылы.

Информация о работе ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі