Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 14:00, реферат
Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропажәне Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды. Ол көне адамдардың едәуір алға баскан түрлері неандерталдықтарға бастама болды.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік
1.1 Адам эволюциясының негізгі кезеңдері.......................................................6
1.2 Питекантроптартар эволюциясының қалыптасуы.......................................12
Қорытынды..........................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттертізімі....................................................................22
Шамамен 400—200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.
Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.
Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы — қазіргі типтегі адамдар — неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.
Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз» .
Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.
I Адамның қалыптасуында
еңбектің ролі. К. Маркс пен
Ф. Энгельс адам мен жануарлардың
арасындағы физикалық та, пси-хикалық
та тұрғыдағы түбегейлі
Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.
Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа-саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.
Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.
Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» .
Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.
Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.
4 Сананың қалыптасуындағы
сөз бен қарым-қатынастың ролі.
Ф. Энгельс сананың қалыптасуында
сездің қаншалықты үлкен
Сейлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.
Марксизм-ленинизм классиктері сөйлеу мен сананы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын атап көрсеткен болатын. Сөйлеу, сөз — біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Сөйлеудің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жи-нақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды. Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,— деп жазды И. М. Сеченев,— есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) — бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады». Күрделі психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды».
Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.
Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.
Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге кемектеседі екен
Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады». Кейбір ғалымдар питекантроптар өз құралдарын мүмкіндігінше тартымды етіп жасауға тырысқан деп есептейді. Соған орай олар өнерлі болды деуге болмайды. Оның есесіне питекантроптар топтасып аң аулауға жетті. Олар өмір сүрген үңгірлерден өлтірілген бұғы, жылқы және өзге жануарлардың сүйектері табылды. Оны тек найза және таяқты пайдалану аркылы жалғыз-жалғыз ұстап алу, әрине, мүмкін емес еді. Демек бұл тайпа қажетті жабайы аңдарды аулау үшін үңгірге айдап енгізуді немесе бағытты ерт қоюды пайдаланған.
Алайда питекантроптардың өмір сүру құралдарының мәдениетін көрсететін ешқандай дерексіз ойлау белгілері қалмаған. Оларда өлген тумаларын қадірлеу ұғымы болған жоқ. Тайпаластар қалдығын жерлеместен, сол орнында жай қалпында қалдыра салды. Көбінесе өлген адамдардың сүйектерін қолайлы құрал немесе үйге қажетті аспап ретінде пайдаланды. Питекантроптардың ең кейінгі және ең алға басқандары синантроптар (қытайлық адам) деп аталады. Олардың қалдықтары Қытай аумағынан табылған. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік