Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 14:00, реферат

Краткое описание

Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропажәне Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды. Ол көне адамдардың едәуір алға баскан түрлері неандерталдықтарға бастама болды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік
1.1 Адам эволюциясының негізгі кезеңдері.......................................................6
1.2 Питекантроптартар эволюциясының қалыптасуы.......................................12
Қорытынды..........................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттертізімі....................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

Питек..docx

— 139.35 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе......................................................................................................................3

І. Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік

1.1 Адам эволюциясының негізгі кезеңдері.......................................................6

1.2 Питекантроптартар эволюциясының қалыптасуы.......................................12

 

Қорытынды..........................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропажәне Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды. Ол көне адамдардың едәуір алға баскан түрлері неандерталдықтарға бастама болды.

Кәдімгідей тік жүруге байланысты питекантроптардың каңқасында маңызды өзгерістер болды. Аяқ басында күмбез пайда болды. Жамбас пішіні табақка көбірек ұқсас бола бастады. Питекантроптар шапшаң жүріп, алыстау қашықтықка жете алды. Осыған орай питекантроптар homo erectus немесе тік жірретін адам деп аталды. Питекантроптар ұзақ, орын ауыстыру кезінде уақытша үй-жай - қоныс жасады. Бірақ. әрқашан үңгірлерде тұрақты өмір сүрді. Олар аң аулап, өздеріне қорек тапты. Атап айтқанда питекантроптар отты ең алғаш пайдалана бастады. Бастапқыда олар табиғи отты пайдаланды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшкенде тастан қашалған ыдыстарға салып алып жүрді. Кейінірек, шамамен бұдан 300-400 мың жыл бұрын, отты өздері жағуды үйренді.

Бәлкім қарапайым сөйлей де білген тәрізді, оған мидың сәйкес бөлігінің дамуы дәлел бола алады. Ақпарат берілудің жанама дәлеліне құралды жақсарту себеп болған. Өйткені сараттардың берілуін аға ұрпақтан іні ұрпақка берілуінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

Кейбір ғалымдар питекантроптар өз құралдарын мүмкіндігінше тартымды етіп жасауға тырысқан деп есептейді. Соған орай олар өнерлі болды деуге болмайды. Оның есесіне питекантроптар топтасып аң аулауға жетті. Олар өмір сүрген үңгірлерден өлтірілген бұғы, жылқы және өзге жануарлардың сүйектері табылды. Оны тек найза және таяқты пайдалану аркылы жалғыз-жалғыз ұстап алу, әрине, мүмкін емес еді. Демек бұл тайпа қажетті жабайы аңдарды аулау үшін үңгірге айдап енгізуді немесе бағытты ерт қоюды пайдаланған.

Алайда питекантроптардың өмір сүру құралдарының мәдениетін көрсететін ешқандай дерексіз ойлау белгілері қалмаған. Оларда өлген тумаларын қадірлеу ұғымы болған жоқ. Тайпаластар қалдығын жерлеместен, сол орнында жай қалпында қалдыра салды. Көбінесе өлген адамдардың сүйектерін қолайлы құрал немесе үйге қажетті аспап ретінде пайдаланды. Питекантроптардың ең кейінгі және ең алға басқандары синантроптар (қытайлық адам) деп аталады. Олардың қалдықтары Қытай аумағынан табылған.Зерттеудің өзектілігі: Питекантроп

Зерттеудің мақсаты: Питекантроп биологиясы және эволюциясы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Зерттеудің міндеті:

  • Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік
  • Адам эволюциясының негізгі кезеңдері
  • Питекантроптартар эволюциясының қалыптасуы

 

Зерттеу әдістері :

1.  Теориялық зерттеу  әдістері: ғылыми және арнайы  әдебиетті – эволюциялық, әдістемелік, дидактикалық әдебиетті зерттеу  мәселесі бойынша талдау және  жинақтау; салыстыру, жалпылау, жобалау, болжау.

Зеттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: жеке білім беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бұл курстардың ерекшелігін айқындау.

Зерттеудің базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасы, Тараз қаласының Шоқан Уалиханов атындағы орталық кітапханасы.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік

1.1 Адам эволюциясының  негізгі кезеңдері

Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.

  • Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
  • ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
  • қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.

Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)

Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладамдеген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.

          

Питекантроп

Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай,Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.

           Архантроп

Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды.

1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген.Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысыҚызылту елді мекенінен де табылды.

 Осындай зерттеулер  нәтижесінде ғалымдар Қазақстан  жерінде ежелгі адамдардың қоныс  мекендері шоғырланған бірнеше  аймақты анықтады. Ондай аймақтарға  Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы  Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы  Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс  маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыпталу басты рөл атқарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Питекантроптартар эволюциясының қалыптасуы

Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропажәне Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды. Ол көне адамдардың едәуір алға баскан түрлері неандерталдықтарға бастама болды.

Кәдімгідей тік жүруге байланысты питекантроптардың каңқасында маңызды өзгерістер болды. Аяқ басында күмбез пайда болды. Жамбас пішіні табақка көбірек ұқсас бола бастады. Питекантроптар шапшаң жүріп, алыстау қашықтықка жете алды. Осыған орай питекантроптар homo erectus немесе тік жірретін адам деп аталды. Питекантроптар ұзақ, орын ауыстыру кезінде уақытша үй-жай - қоныс жасады. Бірақ. әрқашан үңгірлерде тұрақты өмір сүрді. Олар аң аулап, өздеріне қорек тапты. Атап айтқанда питекантроптар отты ең алғаш пайдалана бастады. Бастапқыда олар табиғи отты пайдаланды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшкенде тастан қашалған ыдыстарға салып алып жүрді. Кейінірек, шамамен бұдан 300-400 мың жыл бұрын, отты өздері жағуды үйренді.

Бәлкім қарапайым сөйлей де білген тәрізді, оған мидың сәйкес бөлігінің дамуы дәлел бола алады. Ақпарат берілудің жанама дәлеліне құралды жақсарту себеп болған. Өйткені сараттардың берілуін аға ұрпақтан іні ұрпақка берілуінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

Кейбір ғалымдар питекантроптар өз құралдарын мүмкіндігінше тартымды етіп жасауға тырысқан деп есептейді. Соған орай олар өнерлі болды деуге болмайды. Оның есесіне питекантроптар топтасып аң аулауға жетті. Олар өмір сүрген үңгірлерден өлтірілген бұғы, жылқы және өзге жануарлардың сүйектері табылды. Оны тек найза және таяқты пайдалану аркылы жалғыз-жалғыз ұстап алу, әрине, мүмкін емес еді. Демек бұл тайпа қажетті жабайы аңдарды аулау үшін үңгірге айдап енгізуді немесе бағытты ерт қоюды пайдаланған.

Алайда питекантроптардың өмір сүру құралдарының мәдениетін көрсететін ешқандай дерексіз ойлау белгілері қалмаған. Оларда өлген тумаларын қадірлеу ұғымы болған жоқ. Тайпаластар қалдығын жерлеместен, сол орнында жай қалпында қалдыра салды. Көбінесе өлген адамдардың сүйектерін қолайлы құрал немесе үйге қажетті аспап ретінде пайдаланды. Питекантроптардың ең кейінгі және ең алға басқандары синантроптар (қытайлық адам) деп аталады. Олардың қалдықтары Қытай аумағынан табылған. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған.           ..

Информация о работе Питекантроп эволюциясы туралы жалпы түсінік