Онтогенздік дамудағы макромолекулалық бірліктер. Гормондар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 14:36, курсовая работа

Краткое описание

Жоғары сатылы өсімдіктердің онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік жасушаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.

Содержание

Жоспары:
І. Кіріспе................................................................................................................2
ІІ. Негізгі бөлім....................................................................................................5
ІІ.1. Жыныссыз көбею, ерекшеліктері және әдістері....................................7
ІІ.2. Жынысты көбею, оған тән ерекшеліктер..............................................16
ІІ.3. Бөлшектену, оның маңыздылығы және мағынасы................................18
ІІI. Онтогенез – организмнің жеке дамуы.....................................................21
IIІ.1. Адамдағы онтогенез кезеңдері...............................................................21
III.2. Онтогенездің сатылары мен дәуірлері…………………………….......23
ІV. Гормондар......................................................................................................27
IV.1. Гормондардың жіктелуі...........................................................................29
V. Қорытынды.....................................................................................................33
VI. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................35
VII. Қосымша материалдар..............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

молекулалық биология.doc

— 795.50 Кб (Скачать документ)

 Кейбір планцеталық  сүтқоректілер эмбриогенезде кездесетін  аблигатты паузалар, олардың күйлеу  мен төлдеу кезеңі жылдың ыңғайлы маусымында өтумен байланысты. Мысалы, бұлыңғырдың (Mates zibellina) күйлеуі мен ұрықтауы шілде айында өтеді. Зигота бластоциста сатысына дейін бөлінеді де, осы қалпында 7-7,5 ай бойы, келесі жылдың наурыз айына дейін сақталады, сосын диапауза аяқталып бластоциста жатырға бекінеді.

 Жұмыртқадан жарып  шығу немесе туу биологиялық түрлерде дамудың түрлі сатыларында өтеді, ерте шығады да дәрнәсілге айналады. Оларда дамудың негізгі процестері ұрықтан кейінгі дәуірге өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Гормондар

Гормондар (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, ұйқы безі, бүйрек үсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.

Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен  мүшелерге әсер ететін биологиялык  белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.

Организмде белгілі  бір әрекеттерді (функцияларды) реттейтін өзіндік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар .

 Ішкі секреция бездерінің  өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон  т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Парагормондар деп ұлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп, физиологиялық белсенділік көрсететін заттарды (мысалы, көмір қышқыл газы, мочевина) атайды. Ішкі секреция бездерінен тыс, басқа мүшелер мен ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген физиологиялық әрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық құрылымы жағынан әртекті физиологиялық белсенді заттарды (мысалы, гастрин, серотонин, гепарин, секретин, гистамин, ацетилхолин т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, ұлпа белоктарымен қосылып кетеді немесе тез бұзылады.

Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа  дарақтарға әсер ететін физиологиялық  белсенді заттарды (ферромондар, алломондар т.б.) телегрондар дейді.

Метаболизмдік гормондар  организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Зат алмасу процесіне  гормондар қажетті ферменттердің  түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин  гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады. Олар организм мүшелерінің, бөліктерінің, белгілерінің дамуындағы реттілікті қамтамасыз етеді.

Үйлесімдік гормондар  жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады.

 

IV.1. Гормондардың жіктелуі

Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді: 1)Эффекторлық гормондар — олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді. 2)Троптық гормондар — эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады. 3)Рилизинг гормондар — гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.

Гормондарға оларды биологиялық  белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән:

1. Алшақ (дистанциялық) әсер — гормондар өздері түзілген бездер-

 ден алшақ орналасқан  мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер — әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір

 процеске ғана әсер  етеді. Дегенмен, жеке мүшелер  қызметіне немесе

 белгілі бір процесті  реттеуге бірнеше гормон қатысуы  мүмкін. Олар-

 дың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін

3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі

 үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн

 бақаның оқшауланған  жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын

 жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.

4. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар ка-

 пиллярлар қабырғасынан  оңай өтеді.

5. Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән бол-

 майды, сондықтан  олардың практикада қолданылу  аясы кең болады.

6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан

 ішкі секреция бездері  оларды толассыз бөліп отырады.

7. Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері

 тірі торшалар мен  құрылымдарға ғана бағытталған.

Гормондар өз бетінше жеке реттеуші жүйе құрамайды. Олардың түзілуі мен қанға бөлінуі организм функцияларын реттейтін біртұтас нервті-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады.

Гормондар нысана мүше торшаларына  не тікелей, не нерв жүйесі арқылы әсер етеді. Олардың жеке мүшелер мен зат алмасу процесіне тікелей әсері ферменттік жүйе арқылы атқарылады. Гормондар ферменттер концентрациясы мен белсенділігіне әсер ете отырып, торша мембранасының ферментке деген өтімділігін өзгертеді, ферменттің субстратқа әсерін жандандырып, не тежеп, рибосомалар мен поли-рибосомалар белсеңділігін өзгертеді, митохондриялар мен лизосомаларға ықпал етеді.

Бір гормон бір мезгілде бірнеше ферменттерге ықпал етеді. Мысалы, кортизон митохондриялардағы а-кетоглютаратоксидазаның әрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-р-фосфотазаның түзілуін жандандырады, аталық жыныс безінде тестостерон мен гиалуронидазаның белсенділігін күшейтеді, қуық безінде қышқыл фосфотазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттерінің белсенділігін арттырып, ұлпалық тынысты жақсартады.

Гормон әрекетінің механизмі  олардың өздерінің құрылым ерекшеліктеріне, қасиеттеріне молекулаларының мөлшеріне  және әсер ететін нысана торшалардың  ферменттік жүйелері мен беткейлік  мембранасының құрылым ерекшеліктеріне  байланысты. Гормондар әсері мембраналық және торшалық болып бөлінеді.

Мембраналық әсер белок  тектес гормондарға тән. Олар торша  ішіне енбей, оның мембранасындағы  рецепторлық аппаратқа бекиді де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге  мембрананың ферменттік жүйелері, простагландиндер, кальций иондары т.б. элеметтер арқылы әсер етеді, Гормоңдардың бұл тобы торша мембранасындағы аденозинциклаза (АЦ) ферментінің белсеңділігін арттырады. Осы фермент пен торша ішіндегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған әсерінен аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) циклдік аденозинді -3-5 — монофосфатқа (цАМФ) айналады. Бұл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің әмбебап реттеушісі болып табылады және екінші медиатордың ролін атқарады (бірінші медиатор болып гормондар саналады). цАМФ белсенділігін магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденозинциклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен біріге отырып ядро қызметіне және торша ішінде жүретін процестерге әсер ететін аденилциклазалық жүйе құрайды.

Торшалық әсер стеройдты  гормондар мен рилизинг — гормондарға тән. Олар торша қабығының беткейлік құрылымдарымен әрекеттесіп, мембрананың ішілік қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесінде суды тартатын қосылыстар мембранасының липидтік қабатын ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен байланысқан соң, торшада жүретін әр түрлі процестерге әсер етеді. Стероидты гормондар торша ішіндегі РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың түзілуін реттейді, қуат алмасуын және биосинтездік процестерді күшейтеді, торша мембранасының амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады.

Гормондар әрекеті антигормондар  мен антагонист гормондар әсерімен шектеледі. Организмде олар бауыр мен  басқа мүшелер торшаларында жойылады. Олар күкірт және глюкурон қышқылдарымен байланысады да, қосылыс түрінде әр түрлі экскреттер құрамына енеді. Кейбір гормондар ешқандай өзгеріссіз де бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбриональды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэмбриональды).

 Тұқымды өсімдіктерде  онтогенез әдетте тұқымның өсе  бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады.

 Онтогенездің ұзақтығы  өсімдіктердің әртүрлі систематикалық  топтарыңда бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал баобалар мен секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады. Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дән байлауышының арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бір-ақ рет дән байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын — поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер). Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің бұл тобының вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады.

 Онтогенездің барысыңда  өсімдіктер жүйелі түрде белгілі  бір фазалардан өтеді. Өсімдіктердің әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі болуы мүмкін, сол топқа ғана тән болуы мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда мынадай фазаларды белгілейді: дәннің өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз жапырақтың алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда болуы, бітеу гүлдің (бутон) түзілуі, гүлдеуі, дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында -тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы, түптенуі, түтіктің түзілуі, бас байлауы, гүлдеуі, дәннің толысуы және дәннің пісуі. Жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық организмнің бөлінуінен немесе маманданған клетканың пайда болуынан немесе клеткалардың тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері) басталады. Олардан жаңа организмнің бастамасы (зачаток) пайда болады.

 Себілетін өсімдіктер  үшін, онтогенезде олардың жекелеген органдарының пайда болуының заңдылықтары мен қалыптасуының мезгілін білудің маңызы үлкен. Ф.М.Куперман мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің жекелеген органдарының пайда болуы мен қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын, басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін фундаменталдық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған. Осы тәсілді пайдалана отырып, агроном астықтың түсімінің қалыптасуы туралы мәліметтер алады және оргоногенездің қарқыңдылығын жеделдетуге немесе тежеуге қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Ұрықтанғаннан кейінгі жасушаны зигота деп атайтындығы баршамызға белгілі. Ағзаның жеке дамуы немесе - онтогенез ұрықтанудың соңынан жүретін күрделі әрекет. 

Информация о работе Онтогенздік дамудағы макромолекулалық бірліктер. Гормондар