Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 09:44, курсовая работа
Өсімдіктің әр түрлі мүшелерінде алуан түрлі заттар түзіледі, мысалы, а) тамыр жүйесінде амин қышқылдары пайда болады; б) тұқымдарда қор заттары – көмірсулар мен ақуыздар жиналады; майлы дақылдардың тұқымдарына келсек, липидтер (майлар) жиналады. Сондықтан, фотосинтез нәтижесінде пайда болған заттар осы мүшелерге тасымалдану керек. Тасымалдану алдында заттар тасымалданатын түрге айналады, тек осыдан кейін ғана басқа мүшелерге қарай жылжиды. Тасымалданатын түрлеріне суда жақсы еритін төмен молекулалық қосылыстар: моносахаридтер, дисахаридтер, амин қышқылдары, органикалық қышқылдар жатады.
Кіріспе............................................................................................................
1 Өсімдіктің минералдық қоректену физиологиясы...............................
1.1 Өсімдіктегі минералдық элементтер мөлшері....................................
1.2 Күкірт негізгі күкіртті қосындылар, олардың зат алмасудағы маңызы. Калий, кальций, магний және темір элементтерінің физиологиялық маңызы................................................................................
1.3 Өсімдіктердің микроэлементті қосындылары. Жеке микроэлементтер бор, марганец, мыс, мырыш, молибден және кобольттың физиологиялық маңызы...........................................................
1.4 Өсімдіктегі заттардың тасымалдануы.................................................
1.5 Заттардың жиналуы (көмірсутектер,органикалық қышқылдар, майлар, белоктар, тұздар). Өсімдіктердің экскреторлық системасы
Заттардың бөліну жолдары. Тұздардың бөлінуі.........................................
2 Өсімдіктерде заттектердің бөлініп шығу ерекшеліктері.......................
2.1 Өсімдікте органикалық заттардың алмасуы......................................
2.2 Өсімдік заттарының айналымы. Заттар айналымының биологиялық маңызы.....................................................................................
2.3 Астық дақылдарының дәніндегі олардың пісіп-жетілуінде кейбір қоректік заттары мөлшерінің өзгеруі...........................................................
3 Өсімдіктің қоректенуі және оны реттеу тәсілдері..................................
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Қосымша.................................................................................................
Өсімдіктердің қоректік заттарға жетіспеушілігі немесе артықшылығы жас, алғашқы даму кезеңдерінде қатты сезіледі. Өсімдік өзінің алғашқы даму кезеңінде фосфорды қажет етеді.
Жас өсімдіктердің алғашқы даму кезеңінде қоректену жағдайларына қоятын талабы, осы уақыттағы синтетикалық процестердің қарқынды өтуі мен тамыр жүйелерінің әлсіз жетілуі не байланысты.
Өсімдіктің қоректік элементтерді барынша көп пайдалану кезеңі – бұл уақытта өсімдік қоректік элементтерді өз бойына ең қарқынды сіңіреді.
Бұл кезең өсімдіктің кештеу даму фазаларына сәйкес болады және олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталады.
Сыртқы ортадағы қоректік заттарды қабылдайтын уақыт аралығын, өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығы дейді. Өсімдік алғашқы өсу кезінде тұқымның құрамындағы қоректік заттарды пайдаланады. Ал вегетациялық дәуірінің аяқ кезінде бұрынырақ қабылдаған қоректік заттарды пайдалануды жалғастырады.
Қорытынды
Заттардың өсімдік бойымен алыс аралыққа тасымалдануы өткізгіш шоқтар арқылы іске асады. Ксилеманың сосудтары мен трахеидтарымен су ағынымен бірге заттар тамырдан өркен төбесіне дейін тасымалданады. Ксилемдік тасымалдың қозғаушы күштері – тамыр қысымы және транспирация. Жапырақ пен қор жинаушы мүшелерден ассимиляттар флоэманың елек тәріздес түтікшелері арқылы келеді.
Заттардың ксилемдік (тамырда) және флоэмдік тармақтарға (жапырақта) кіруі белсенді мембраналық сораптардың (Н+ - помпалардың) көмегімен жүреді. Олар сосудтар мен елек тәріздес түтікшелерді қоршап тұратын тірі клеткалардың плазмалеммасында орналасады. Осмостық белсенді заттар сосудтар мен елек тәріздес түтікшелерге кірген соң осмос заңдылықтарына сәйкес су сіңіріледі және заттардың әрі қарай жылжуы жоғары гидростатикалық қысымының нәтижесінде іске асады.
Өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығын тыңайтқыш қолдану әдісін белгілеуде ескеру керек.
Вегетациялық дәуірінде өсімдіктер қоректік заттарды бірқалыпты қабылдамайды.
Астық дақылдары түтіктену мен масақтану кезеңі аралығында қоректік заттарды мейлінше мол қабылдайды. Мәселен, азот, фосфор, калий элементтерінің жалпы мөлшерінің бидай 76%- ын, арпа 67%-ын, сұлы 47%-ын масақтану кезеңінде қабылдаған.
Өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіру қарқыны да түрліше болып келеді. Мысалы, мақта өсімдігі бастапқы кезде азотты, гүлдеу-жаппай пісу фазаларында фосфор мен калийді көбірек сіңіреді.
Өсу кезеңінде қоректендіру режимі дұрыс сақталып, тиісті мөлшер бойынша қоректендіріліп тұрса барлық ауыл шаруашылығы дақылдары жақсы өсіп, мол өнім береді.
Өсімдіктердің қоректену жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі зор.
Тыңайтқышты беру мезгіліне қарай енгізудің үш тәсілі бар: негізгі тыңайту (себер алдында), тұқымды себу кезінде тыңайту (себумен бірге), үстеп қоректендіру (сепкеннен кейін).
Негізгі тыңайту – өсімдіктің бүкіл вегетациялық кезеңінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығын арттыру үшін тыңайтқышты енгізудің тәсілі.
Себумен (тұқыммен) бірге – өсімдіктің алғашқы даму кезеңінде қоректенуін күшейту үшін тыңайтқышты енгізудің тәсілі.
Үстеп қоректендіру – өсімдіктің белгілі бір кезеңінде қоректенуін күшейту және өнім сапасын жақсарту үшін тыңайтқышты енгізудің тәсілі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Глоссарий
Авенин – спиртте еритін қарапайым ақуыздар тобы.
Аденин – азоттық зат, нуклеопротеидтердің құрамында болатын пурин.
Аденозин – аденин мен рибозадан құралған органикалық зат.
Акропеталдық градиент – заттар концентрациясының жоғарылауы.
Ақпараттық РНҚ – рибонуклеин қышқылдарының бір түрі. Оның негізгі атқаратын қызметі – ДНҚ молекуласындағы тұқым қуалау мағлұматтарын ақуыз түзілу орны – рибосомаларға жеткізу.
Алейрон қабаты – дән қабығындағы алейрон түйіршіктері шоғырланған қабаты.
Алейрон түйіршіктері – өсімдіктер дәнінің қабығында болатын қоректік ақуыз түйіршіктері. Дән өнгенде ондағы қоректік заттар өскіннің тез дамуын қамтамасыз етеді.
Альбуминдер – астық дақылдарының суда еритін ақуыздары.
Амин қышқылдары – ақуыз құрамына енетін және бос күйінде де көп кездесетін, амин және карбоксил топтары бар азоттық органикалық қосылыстар.
Аминоацил-тРНҚ – активтенген амин қышқылы мен тРНҚ-ның эфирі.
Аминоацил-тРНҚ-синтетаза – амин қышқылының активтенуін катализдейтін фермент.
Аминоацил учаскесі (рибосоманың А-учаскесі) – полипептид биосинтезінде рибосоманың жаңа аминоацил-тРНҚ қосып алатын бөлігі.
Антикодон – ақуыз биосинтезінде матрицалық (ақпараттық) РНҚ-дағы кодонды “тауып алатын” тРНҚ молекуласының бөлігі (триплеті).
Апопласт – судың және ондағы еріген қоректік заттардың сақталуын және өсімдік бойымен тасымалдануын жүзеге асыратын, барлық клетка қабықшаларындағы талшық аралық және клетка аралық қуыстардың тұтасып байланысқан жүйесі (бос кеңістік).
Ассимиляттардың апопластық тасымалдануы – заттардың цитоплазманың сыртқы мембранасы арқылы ассимиляциялық клеткалардың сыртқы қабықшасына өтуі. Осы клеткаларды қоршаған ерітінділер мен ассимиляттар өткізгіш шоқтарға жетіп адсорбцияланып, біраз қашықтыққа дейін тасымалданады.
Аттракциялау аймақтары – фотосинтез өнімдерін қабылдайтын акцептор.
Аттракциялау күш – мүшелердің сіңіргіш қабілеті. Жедел дамып келе жатқан мүшенің (өсу нүктелері, гүлшоқ, жеміс, бүршік т.с.с.) органикалық және бейорганикалық заттарды өз бағытына қарай тартқыш қабілеті.
Ауыстырылмайтын амин қышқылдары – адам және басқа омыртқалылар организмінде түзілмейтін, тек қоректік заттармен бірге қабылдануы қажет амин қышқылдары, оларға валин, изолейцин, лейцин, метионин, гистидин, треонин, лизин, триптофан, фенилаланин жатады.
Ауыстырылатын амин қышқылдары – ұлпа клеткаларында басқа заттардан түзіледі.
Аяқтаушы кодондар – полипептид тізбегі синтезінің аяқталғанын білдіретін үш кодон: УАА, УАГ, УГА.
Базипетальды градиент – жоғарғыдан төмен қарай негізгі зат концентрациясының өсуі.
Белсенді тасымалдау – молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы бағытта, клетка мембранасы арқылы энергия жұмсай тасымалдануы.
Белок, ақуыз – тірі организмдерге тән, азоттық, күрделі органикалық қосылыс. Тіршілік негізі.
Белок биосинтезі – тірі организм клеткаларындағы амин қышқылдарынан белок синтездеу үдерісі. Бұл өте күрделі үдеріс клеткадағы ұсақ бөлшектер – рибосомаларда жүреді. Қашан, қанша және қандай белок түзілуі керектігі туралы мағлұмат клетка ядросындағы дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) рибонуклеин қышқылдары (РНҚ) арқылы жетеді.
Белок синтездеуші кешен – цитоплазмада түзіледі, мРНҚ молекуласы рибосоманың 40S кіші суббөлігімен және инициациялаушы аминоацил-тРНҚ-мен байланысқаннан кейін рибосоманың 60S үлкен суббөлігімен қосылады, нәтижесінде ақуыз синтездеуші кешен түзіледі.
Белоктың бірінші реттік құрылымы – ақуыз құрамындағы амин қышқылдарының кезектесуін және тізбек ішіндегі дисульфидтік байланыстарын қамтитын ақуыздың құрылымы.
Белоктың изоэлектрлік нүктесі – ақуыздағы оң және теріс зарядтары тең болғандағы ортаның рН-ы (қышқыл көрсеткіші). Бұл нүктеде ақуыздың электр өрісіндегі қозғалғыштығы төмендеп, тұнбаға түседі.
Биополимерлер – жоғары молекулалы табиғи қосылыстар, барлық тірі организмдердің құрылымдық негізі.
Гексокиназа – гексозаның (глюкозаның) АТФ фосфаты есебінен фосфорлануын катализдейтін, трансфераза класына кіретін фермент.
Гемицеллюлоза – әр түрлі 200-ден аса моносахаридтерден құралған полисахарид, клетка қабықшасы құрамына кіреді.
Глиадин – бидай мен қарабидай дәніндегі негізгі ақуыз түрі.
Глицеридтер – глицерин мен май қышқылдарынан құралған күрделі эфирлер (майлар).
Глобулалы ақуыздар – құрылымы шағын, полипептидтік тізбектері сфера немесе эллипсоид тәрізді тығыздала бүктелген ақуыздар, ақуыз молекуласының бетіне негізінен амин қышқылдарының полярлық тобы және зарядталған атомдары жинақталады.