Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 17:46, реферат
Молекулалық биология тіршілікті, өмірдің негізгі қасиеттері мен көріністерін Молекулалық деңгейде зерттейді. Молекулалық биологияның негізгі бағыттарына клетканың генетикалық аппаратының құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуын зерттеу,тұқым қуалаушылық ақпараттың жүзеге асу механизмдерін зерттеу(молекулалық генетика) вирустардың клеткалармен қарым қатынасын әрекеттесуін зерттеу(молекулалық вирусология) организмнің иммундық реакцияларының заңдылықтарын зерттеу(молекулалық иммунология)организмнің жеке даму барысында клеткалардың әртүрлі сапалық өзгерістерге ұшырауы мен мамандану заңдылықтарын зерттеу(дамудың молекулалық биологиясы ) т.б. бағыттар жатады. Молекулалық биологияның негізгі зерттеу обектілеріне вирустар, (бактериофаг) клеткалар мен субклеткалық құрылымдар (ядро, митахондрия, рибосома,хромосома,клеткалық мембрана) және макромолекулалар белоктар мен нуклеин қышқылдары жатады.
А.А Зильбер қатерлі ісіктің туындауын вирусогенетикалық теориясын тұжырымдады А.А Баев РНК дағы нуклеотидтер кезектілігін анықтады.А.С. Спирин информосомаларды ашып зерттесе оның шәкірті қазақ ғалымы Айтқожин өсімдіктердегі информосаларды ашты.